МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ. ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым.қатынас ерекшеліктері мен негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Балабақшадағы ойынның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ. ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Қарым . қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын
зерттеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынастарында тренингін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Зерттеудің өзектілігі. Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету – біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында ең көп кездесетін проблема – балалардың топтастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы.
Қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне спаттама беруге болады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, қасындағы құрдастарымен, топтастарымен, айналасындағы адамдармен араласу қыйынға түседі.
Қорыта келе берілген бағыттардан алынған материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.
Конфликттердің алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым – қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын зерттеу.
Зертеу міндеттері:
- ойынның тәрбиелік мақсатын анықтау,
- ойынның дамытушылық мақсатын анықтау,
-ойын кезінде балалардың қарым- қатынасын қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу болжамы: балабақшада ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, балалар арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми – әдістемелік материялдарды пайдалана отырып, ондағы және басқа да әдебиеттердегі ойын және қарым – қатынас туралы ғылыми деректерді салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, Сциометрия әдісін қолдану.
1. Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С.Т, Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы,1994.
2. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. — Алматы, 1996.
3. Мухина B.C. Детская психология. — М., 1992.
4. Урунтаева Г.А. Диагностика психологических особенностей дошкольника. - М., 1999.
5. Буланова М.В. «Педагогические технологии», Ростов-2002.
6. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии». Ростов, 2003.
7. Сущенко С.А. Социальная поихология. Ростов, 2005.
8. Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. 2001.
9. Ж.Қ.Дүйсенова, Нығметова Қ.Н. Балалар психологиясы. Алматы,2012
10. «Қазақстандағы Мектепке дейінгі білім» №3(47)қыркүйек/қазан 2013ж
11. Бала мен балабақша. №12,2012ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ.

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Балабақшадағы ойынның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Қарым – қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын
зерттеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 11
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынастарында
тренингін ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас
екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп
қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам
психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас
сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында
туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан
оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық
конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек
іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау
технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету – біздің зерттеу жұмысымыздың
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында ең көп кездесетін проблема –
балалардың топтастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы.
Қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық
психологиялық өзгешеліктеріне спаттама беруге болады. Ақыл-ойы енжар
балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл
балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, қасындағы құрдастарымен,
топтастарымен, айналасындағы адамдармен араласу қыйынға түседі.
Қорыта келе берілген бағыттардан алынған материалдар жоғарыда айтылған
проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер
ашады.
Конфликттердің алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып
табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға
өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым –
қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын зерттеу.
Зертеу міндеттері:
- ойынның тәрбиелік мақсатын анықтау,
- ойынның дамытушылық мақсатын анықтау,
-ойын кезінде балалардың қарым- қатынасын қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу болжамы: балабақшада ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ,
балалар арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие
болатынына көз жеткізе аламыз.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми – әдістемелік
материялдарды пайдалана отырып, ондағы және басқа да әдебиеттердегі ойын
және қарым – қатынас туралы ғылыми деректерді салыстырмалы талдау, зерттеу
нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, Сциометрия
әдісін қолдану.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым –
қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын зерттеу және қарым – қатынасқа түсу
жолындағы қыйындықтарды шешу жолдары.
Зерттеудің теориялық негізі: Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да
білмейді, Ойында озған, өмірде де озады деген аталы сөздер сырына
жүгінсек, мектеп жасына дейінгі баланың ойынға деген құлқы, ынтасы,
қызығушылығы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде
де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған ортада үлекендер
сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Сонымен қатар балалардың писхикасы
дамыйды.
Зерттеу кезеңдері:
Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша психология – педагогикалық,
этногеграфиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің
ғылыми аппараттары айқындалды; зерттеудің теориялық және әдіснамалық
негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.
Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және
этнопедагогикалық материялдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыс
ұйымдастырылып, жүргізілді.
Қортындылау: тәжірибелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделіп,
ғылыми жүйеге келтірілді. Негізгі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар
құрастырылып, ғылыми – әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі
тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, №45 Нұрсәт
бөбекжайы, Шуақ аралас тобы.

1-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ЫҚПАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ.

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен
негізі
Қазіргі заманда қарым-қатынас туралы мәселелерді көптеген ғалымдар
зерттеуде. Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына
қатысты еңбектер ерекше. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және
өзара қатынас жасауының ерекше құралы болып табылады. С.И.Ожегов сөздігінде
қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық ретінде
қарастырылады.
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста субъект-субъект
жазықтығында қарастыруды негіздейді, зерттеуге балалардың ересектермен және
басқа балалармен қарым-қатынас жасауын қарым-қатынас сферасының
ерекшеліктері мен қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық
компоненттерін анықтау қажет.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі
(А.Г.Ковалев, М.И.Лисина, А.В.Петровский,М.И.Лисина, А.Г.Рузская,
С.Ю.Мещерякова, және т.б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві затталған
психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының
сипаттамалары, жүйелері берілген. М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының
үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік түрлерін
бөліп көрсетеді.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды,
тұтас құрылым пайда болады. Ал М.И.Бобнева қарым-қатынас барысында жеке
адамның ішкі жан дүниесі зерттеген.
Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б.Ф.Ломов
бойынша макро деңгей.
Макро деңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға,
дәстүрге, салтқа негіздеген тақырып мазмұнымен анықталады. Микродеңгей –
мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ым-ишара т.б.)А.Б.Добрович
қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті реттейтін, таным мен сананы
қалыптастырудың қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық
эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен педагог-ғалымдардың қарым-
қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт береді.
В.А.Сухомлинский еңбектерінде оптималды (тиімді) қарым-қатынас оқыту мен
тәрбиенің басты құралы.
Зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары
М.В.Елагина, А.И.Сорокина, В.В.Ветрова, Н.Н.Подьяков, Е.О.Смирнова,
Д.Б.Годовикова, Л.Н.Абрамова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцова жүргізген.
Әрбір қарым-қатынас формасының сипаттамасы М.И.Лисина еңбектерінде
беріледі.
Басқа адамдарда қалыптасқан түсінік сияқты әрекеттің саналы кескіні адамның
қарым-қатынас ұғымы көп мәнділер қатарына жатады.Қарым-қатынас субъектің
әрекеті, оның объектісі басқа адам, қарым-қатынастағы серігі.
Шет елдерде қарым-қатынастың көптеген дефинициялары, яғни анықтамалары
ұсынылған. А.А.Леонтьев,М.И.Лисинаның пікірінше қарым-қатынас дегеніміз екі
немесе одан да көп адамдардың қарым-қатынас кезінде маңызды сипаттамасы:
оған қатысушы әрбір адам.
Сол себепті М.И.Лисина бір жақты белсенділікті қарым-қатынасқа жатқызбайды.
Мысалға, қарым-қатынас пен әрекеттің байланысын әртүрлі түсінуге болады.
Г.М.Андреева әрекет пен қарым-қатынасты өзара байланыстырады.
Қарым-қатынас, баланың ересектермен қарым-қатынас орнатуы жайында
қалыптасқан пікірлердің дамуының тарихы
Алайда біртіндеп басқа көзқарас қалыптасты. К.Лоренц қалыптасқан түсінікті
жоққа шығарып біртіндеп баланың да ересектің да қарым-қатынаста
белсенділігі бірдей деген. Баланың психикалық дамуындағы проблемаларды
зерттеп жүрген ғалымдар олардың қарым-қатынасы ересекпен қарым-қатынас
орнатуы баланың даму бағыты мен шапшаңдығын анықтайды.

1.2 Балабақшадағы ойынның маңызы
Ойын бала өмірінде маңызды роль атқарады.Әрекет барысында ойынды қолдану
ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға жол ашады. Баланың
ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін
бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса
отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында
баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды
мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Тәрбиешілер ұйымдастырған
ойындар мен жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас
мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын
жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте
қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді
дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау
үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін,
сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті
арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз
ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтауын, қалыптастырады. Ойынға зер
салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы
істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын
жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы
қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың бірінші әрекеті
ойын,сондықтан оның мәнісі ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басардағы
алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы  А.Құнанбаев Ойын ойнап ән
салмай,өсер бала болар ма,-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады.
Ойын - баланың жан серiгi. Қай бала болмасын ойнап өседi. Әрбiр елдiң
ойыны бол елдiн қоғамдық идеологиясына, тұрмыс - тiршiлiгiне, айналысатын
кәсiп - шаруашылық ерекшелiктерiне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау
айтқандай қиындықы жоқ, оп - оңай тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ал iс жүзiнде
бала үшін ойынға қатысты басқалармен тiл табысып, өзiнiң ойлаған ойын iске
асыру оңай емес. Сондықтан тәрбиешiнiң мiндетi - балаларды ойынға өз
қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз
мақсатына жетiп, тәрбиелiк мәнi арта түседi. Айталық, тәрбиешiнiң ұжымдық
ойынды тартымды ұйымдастырып өткiзуi балалардың бiр - бiрiмен достық .
Қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екенi сөзсiз. Ойын кезiнде
жолдасының айтқанымен келiсiп, оны құрмет тұтудың өзi адамгершiлiкке
бастайтын жол. Тәрбиешi ойын арғылы әр баланың игi бастамасын қолдап, оның
бойындағы жақсы қасиеттердi өрбiтеді, өзiндiк мiнез - құлқын
қалыптастырады. Мәселен, Әлiм құмнан неше түрлi құрылыстарды өзi ойлап сала
алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан құрылыс салудың жолдарын бар
ынтасымен айтып түсiндiредi. Болашақта осы Әлiмнен талантты құрылысшы шағуы
әбден ықтимал. Әр баланың бойында өмiрге деген белгiлi бiр бейiмдiлiгi,
сүйiктi iстерi болады. Әне соны дер кезiнде байқап, жан - жақты дамыта
тәрбиелеу қажет.
Баланың әдептi, көргендi, қайырымды болып өсуi қоршаған ортасына,
үлкендерге байланысты екенi мәлiм. Бала өмiрде көрген - бiлгендерiн, ойға
түйгендерiн ойын арқылы қалай бейнелесе, бiздердiң, яғни үлкендердiң,
көрсеткен үлгi өнегемiз қандай дәрежеде болса, балалардың да төлiмдiлiгi
соны айқын бейнелейдi.
Балалардың мейiрбандық қасиетi отбасындағы үлкен адамдардың өнегесiне,
балабақшадағы тәрбиешi - апайының олармен күнделiктi қарым - қатынасы мен
тәрбие жұмысын ұтымды жүргiзуiне байланысты қалыптасады. Үлкендердiң
мейiрiмдiлiгi баланың сәби жүрегiн куаныш сезiмiне бөлейдi. Бала жаңа
елiктегiш, ол үлкендердiң әсрекетiн үлгi ретiнде қабылдайда да, оны ойын
кезеңдi айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бiр - бiрiмен достық қарым -
қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргiзiлген жүйелi ойын процесiнiң
тәрбиелiк мәнi мол. Балалардың достық сезiмi ойын кезiнде шыңдала түседi.
Кiшкентайлар тобындағы сәбилердiң екi - үшеуден бiрiгiп ойнауы келе - келе
ұжымдық бағыт алады.
Бала табиғатының өзi тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашғы
қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгiлiк сезiмiн оятады да, әрi қарай
өрбiте түседi. Мұндай iзгiлiк сезiм құрбылар арасындағы достық қатынастың
қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын жеке - дара ойнағаннан
көрi, бiрiгiп ойнаудың әлде қайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезiне
бастайды. Соның нәтижесiнде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып,
достықтары беки, нығая түседi.
Ересектер тобының балалары алған бiлiмдерiне, өмiрден жинаған азды -
көптi тәжiрибелерiне сүйене отырып, тәртiптерiн, мiнез - құлықтарын
жағдайға қарай бейiмдей алады. Балалардың өзара қарым - қатынастары тұрақты
қажеттiлiкке айнала бастайды. Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды
бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап
кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің
бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп
отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін
қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш
қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста
Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер
бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол
қорқыныштан, уайымнан арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде
көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар
тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін
айналадағыны танып білу тәсілі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала
жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым
–қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер
алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын
немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра
білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті
қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады.
Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар,
көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс.
Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын
ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты
өзгереді. Ойындар мазмұнына өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті -
рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты
ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-
рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес
әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ
та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен
ойын әрекеттері болып табылады.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби
шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті -
рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын
тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан тірлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-
әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті -
рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар
көзі біреу - қоршаған өмір. Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың,
құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге
өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін
енгізеді.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы
болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі.
Мысалы: Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық деген ойында ересек топтарда
тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу
қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не
бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың
білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда
жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың
алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды
жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар
балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын
қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар
айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданады. Дидактикалық
ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық
ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті
тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар (Қайда не өседі?
Бұл кімге керек т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті
талап ететін ойындар. (Ұшатын қақпақтар, Қаздың балапаныт.б) мозайка
типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел
үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің
алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?)
бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарында балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу
т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары
барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының
қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді ұйымдастырушы
роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-
қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта
жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де
өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде
болады.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын
педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар
жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас
құралы қызметі.Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі
ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі
ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым
аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан:
интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін
диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін
нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын
өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында
туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен
түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды
өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс
басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

2 – ТАРАУ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Қарым – қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын зерттеу
әдістері.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым –
қатынастың қалыптасуына ойынның ықпалын қарастыру.
Зертеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым – қатынастарына ойынның қалай
ықпал ететіндігін зерттеу;
- Балалардың өмірінде ойынның алатын орның, оның теориялық – әдіснамалық
мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым – қатынастарын қалыптастыру және
сол жолда туындайтын қыйындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін
зерттеу;
- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, қарым – қатынасты дамыту,
балаларды ойынға қызығушылықтарын жетілдіруге бағдарланған псхологиялық
көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми – әдістемелік
жүйесін ұсыну.
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, №45 Нұрсәт
бөбекжайы, Шуақ аралас тобы.
Мен мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым – қатынастың қалыптасуын
зерттеу барысында социометрия әдістемесін пайдаландым.
Социометрия әдісі – саяси психологияда кішігірім топтар мен оның
ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс.
Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық
өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғасырда әлеуметтік
үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда
болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін
қалаушы – Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен,
аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б әдістерден
тұрады. Топ мүшелерінің социометрияық мәртебесін оң және бұрыс таңдауда
есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен
социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі
қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Өткізілген әдіс
Әдіс мақсаты: Балалардың айналасындағы адамдармен, топтастарымен қарым –
қатнастарын анықтау.
Әдіс мазмұны: Қарым – қатнастарын анықтау үшін балаларға жеке – жеке
сұрақтар қойылады.
Қойылатын сұрақтар:
1. Саған достарынмен далаға шыққан ұнайды ма?
2. Сен ең жақсы көретін ойыншықтарынды достарына бересін бе?
3. Саған топтастарынмен бірге тамақтанған ұнай ма?
4. Жалғыз тамақтанған ұнай ма?
5. Досын жылап жатса оған көмектесесін бе?
6. Саған топпен ойнаған ұнайды ма?
7. Сен жалғыз ойнағанды ұнатасын ба?
8. Балабақшаға барған ұнай ма?

Жүргізілген әдістеме бойынша алынған көрсеткіштер кестесі

№ Аты - жөні Көрсеткіштері
иа жоқ
1 Амирова Аружан 6 2
2 Амиров Арон 5 3
3 Мернияз Айбол 6 2
4 Айбекқызы Мариям --------
--------
5 Мақсот Карина 4 4
6 Ибрашева Эльдана 6 2
7 Хисмет Мұстахим 4 4
8 Исатай Махамбет
-------- --------
9 Бердашев Арсен -------- --------
10 Хайруллин Алдияр 6 2
11 Ғалым Нұрхат 5 3
12 Айдынғали Нұрдаулет 5 3
13 Күнтуған Гаухар 6 2
14 Игизова Аяжан -------- --------
15 Сабыр Хамза 4 4
16 Сабыр Хасан 4 4
17 Демеу Жасмин 6 2
18 Темірболат Расул 6 2
19 Сейтжанова Данагүл 6 2
20 Боранбай Еркеназ -------- --------

Алынған көрсеткіштер бойынша 7 бала жақсы, 4орташа, 3 төмен
көрсеткіштер көрсетті. Жалпы балалардың көпшілігінің айналасындағы
топтастарымен қарым – қатынастары жақсы. Төмен көрсеткіш көрсеткен
балалармен қарым – қатынастарын жақсарту үшін трейнингтар мен ойындар
ұйымдастырып дамыту қажет.

2.2 Қарым-қатынаста қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен тренинг
жаттығулар
Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте оқшауланып,
балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенімсіздік пен
ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшін қандай қиын. Бала әрдайым басқа
балалармен төбелесіп, өкпелетіп, таласып ойнауға кедергі жасайды деген
сияқты шағымдарды балалар мен үлкендерден есту де оңай емес.
Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың
қоршаған ортаға нашар бейімделуінің белгісі. Келешектегі сезімдік-тұлғалық
мәселелердің маңызды себептері.
Балабақша психологының қызмет көрсету сферасы балалар, тәрбиешілер, ата-
аналар, әкімшіліктер, яғни кез-келген адамдар арасындағы қарым-қатынас
қиыншылықтарын шешу болып табылады. Себебі ортадатағы қарым-қатынас сипаты
баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне едәуір әсер етеді. Егер тәрбиеші
балаларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең
бірінші кезекте балалардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ тәрбиеші мен
бала арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.
Олай болса, біз бұл тарауда балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін,
басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларға
сипаттама беруге, сондай-ақ оны тиімді қолданудың жолдарын көрсетуге
тырысамыз.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория
мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал баланың   психикалық
қасиеттерін, танымдық үрдістерін және психикалық қалып-кейіптерін тұтас
қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор
болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы болып
табылатыны әйгілі.
Қарым-қатынас адамдардың   өзара   әрекеттестік    және өзара қатынас
жасауының ерекше формасы.
С.И.Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және
достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеумет-танулық, психологиялық,
педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара  әрекеттестік,
байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар  қарым-
қатынас   контексінде   өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге
асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері
жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия,
психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы
ғылымдар әр жақты зерттейді.  Мысалы, Л.П.Буева  іс-әрекет пен қарым-
қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С.Каган
қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән
деп қарастырады, М.В.Соковин дамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-
әрекет, қатынас, өзара сіңу және өзара әсер ретінде қарастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық
тренинг жаттығулар арқылы дамытып, қалыптастыруға болады. Әлеуметтік -
психологиялық тренингтің өзара әрекеттесі және оқытушы мен оқушылар
арасындағы үрдісінің нәтижесінде бірлескен пікірлестік танымдық іс - әрекет
қалыптасатындығын С.М.Жақыпов көрсеткен. Ғалым мұндағы қарым - қатынас
құрылымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен
байланыстырады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда,
оның тиімділігін      бірлескен  пікірле стік, танымдық іс-әрекеттің
қалыптасуымен анықталады.
Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың
көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз
балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен
бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен
жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүртізетін орындарды ұйымдастырып алған
жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып,
оларға көбірек көңіл бөлу -тәрбиеші іс-әректін жандандыра түседі.
Енді мектеп жасына дейінгі мекемелер мен балабақшада сабақ
тақырыптарына орайластырып ұйымдастыратын балалардың өзара қарым-қатынасын
жақсартуға, топтан оқшауланған баланы топқа әлеуметтендіруге арналған,
сондай-ақ қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар тренингтерді,
ойындарды және жаттығуларды ұсынайық. Әрине бұл психологтың ұжымнан
оқшауланған балаға коррекциялық қызмет көрсетуге зор үлесін қосады деп
сенеміз.
Мәдениаралық өзара әрекет тренингке жаттығулары
Мақсаты: Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлқы
қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың
жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтарымен,
сенімдерімен адамды тез таныстыру. Топ мүшелерінің талап ететін тұлғаралық
қатынастағы мәдениетаралық айырмашылықтарымен оқытылатындарды таныстыру.
Топта сенімді және ашық атмосфера құру. Қарым-қатынастағы кеңістіктің
маңызын жете түйсінуге көмек беру. Серіктестердің қатынас барысындағы
кеңістікте орналасуының әсерін орнату.
Жаттығу: "Амандасу"
Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы,
дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу
қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен,
фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.
Жаттығу: "Тұсаукесер " ("Презентация ")
Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог (жетекшіден) бастап, топқа
өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен,
бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Балалар психологиясының дамуына қарым- қатынастың рөлі
Ойын баланың әлеуметтік қарым - қатынас ортасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формалырын қоладану
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Пәндер