Танымжорық



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Танымжорық туралы жалпы сипаттама
2.2 Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы
2.3 Танымжорық өткізілуіне орай жоспар құру
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиалық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады
XVII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа танымжорық жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л.Н.Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде пайдаланды.
Б.Е.Райков оқушыларға білім берудегі танымжорықтың орнын анықтай отырып, былай деді: “Мұғалім кешенді түрде, шын ықыласымен ұйымдастырғанда ғана, мектептегі танымжорық ісі толығымен өзіндік тәрбиелік және білімділік күшіне ие болады”.
Мектепте танымжорықтарды ұйымдастыру қажеттігі туралы алғашқы пікірді айтқан педагогтардың бірі Александр Яковлевич Герд болатын. Ол өз еңбектерімен жаратылыстануды оқытудың ғылыми әдістемесінің негізін қалады. Танымжорықтардың мәні олардың көрсету және әңгімелеу тәсілдерімен органикалық үйлесімімен көрінеді. Мұғалім оқушыларға нысандарды көрсете отырып, оларға талдау жасайды және түсіндіреді. Егер қандай да бір тақырыпты ашатын табиғи нысандар болмаса , танымжорық та болмайды. Нысандарды көрсете отырып, мұғалім оқушыларға көргенін дұрыс қабылдауға, көрнекті заттар мен құбылыстарға дұрыс баға бере білуге үйретеді.
1. Гуглпарақшалары.http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=442
2. УМКД. «Биологияны оқыту технологиясы», ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ. Семей, 2013ж.
3. Мырзабаев А.Б., Биологияны оқыту әдістемесі, Қарағанды, 2006.
4. http://ansya.ru/health/topti-rekette-dialogtik-oitu-disin-oldanudi-tiimdiligi-jalpi-b/pg-2.html
5. http://sabaqtar.kz/bayandama/1849-topty-zhmysty-timd-trler.html

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
І КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиалық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады
XVII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа танымжорық жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л.Н.Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде пайдаланды.
Б.Е.Райков оқушыларға білім берудегі танымжорықтың орнын анықтай отырып, былай деді: "Мұғалім кешенді түрде, шын ықыласымен ұйымдастырғанда ғана, мектептегі танымжорық ісі толығымен өзіндік тәрбиелік және білімділік күшіне ие болады".
Мектепте танымжорықтарды ұйымдастыру қажеттігі туралы алғашқы пікірді айтқан педагогтардың бірі Александр Яковлевич Герд болатын. Ол өз еңбектерімен жаратылыстануды оқытудың ғылыми әдістемесінің негізін қалады. Танымжорықтардың мәні олардың көрсету және әңгімелеу тәсілдерімен органикалық үйлесімімен көрінеді. Мұғалім оқушыларға нысандарды көрсете отырып, оларға талдау жасайды және түсіндіреді. Егер қандай да бір тақырыпты ашатын табиғи нысандар болмаса , танымжорық та болмайды. Нысандарды көрсете отырып, мұғалім оқушыларға көргенін дұрыс қабылдауға, көрнекті заттар мен құбылыстарға дұрыс баға бере білуге үйретеді.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Танымжорық туралы жалпы сипаттама

Танымжорықтар биология пәнінің тұтастығын бұзбай отырып, оны оқыту мен тәрбиелеу процесіне білім беру формасы ретінде органикалық енгізілуі тиіс. Әр бір жеке танымжорықтың тақырыптағы орны мен ритмі мақсаттар мен міндеттер көмегімен анықталады. Оқу танымжорығының мазмұны мен әдістемесі бір - бірінен ерекшеленген болуы тиіс, себебі олардың әрқайсысы тақырыпта немесе тарауда белгілі бір орынға бағытталады.
Мұғалімнің жетекшілігімен табиғат құбылыстарын үздіксіз бақылау оқушыларда әлемнің материалдылығы, кез - келген табиғи кешендердің компоненттерінің өзара байланысы мен дамуы, табиғат байлықтары және олардың халық шаруашылығындағы маңызы жайында дұрыс түсініктер қалыптастыруға жағдай жасайды.
Биологияны оқыту танымжорықтарсыз мүмкін емес. Алғашында сыныптан тыс және мектептен тыс оқытудың міндетті емес формаларының бірі ретінде пайда болған биологиялық танымжорықтар, уақыт өте келе білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде танымжорықтар оқу - тәрбие процесінің негізгі тірегі болып табылады.
Танымжорық жұмысың мақсаты -- оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Биология пәнінің бағдарламасы бойынша күз және көктем мезгілдерінде оқу танымжорықтарын өткізу керек. Өсімдіктану курсы бойынша - төрт рет, ал жануартану курсы бойынша -- бір рет жүргізіледі.

2.2 Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы

Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы деген- мұғалім оқушыларға танымжорықтың тақырыбы мен жоспарын айтады, сыныпты 6-7 оқушыдан бірнеше топтарға бөледі, топ басшысын тағайындайды, керекті заттардың тізімін, уақытын, жиналу орнын, қандай киім және қалай киіну керектігін т.б айтады.
Танымжорықтың жақсы өтуі оның ұйымдастырылуымен байланысты, оны келесі жоспар арқылы жүргізуге болады:
А) әңгімелесу (табиғатта әңгімені мұғалім жүргізеді, өнеркәсіпте - сол жердегі әкімшілік) ;
Б) танымжорықтың бағдарламасы бойынша тапсырмаларды орындау.
В) қорытынды жасау.
Оқушылар танымжорықтан кейін әрқайсысы берілген тапсырма бойынша мұғалімге жазбаша есеп береді. Есеп ішінде танымжорық тақырыбын, мақсатын, тақырыптың маңызын ашып көрсетеді.
Кез - келген танымжорық секілді оқу танымжорығы да мынадай бірнеше кезеңнен тұрады.
* Дайындық;
* Жүргізу;
* Қорытынды.
Танымжорықтарды биологияны оқыту процесінде енгізуді жүздеген жылдар бойы мұғалімдер өздерінің мақсаттары ретінде қарастырып келді. Нәтижесінде, танымжорықтарды пайдалану мұғалімдерге білімді игеруге таптырмас дидактикалық құралға айналды. Танымжорықтар аса мол танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Орта мектептің жаратылыстану пәндері бойынша өткізілетін танымжорықтар оқушылардың танымын, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Танымжорық барысында оқушылардың тірі және өлі табиғат туралы, жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі адамдардың еңбектері туралы жергілікті жерде өсетін өсімдіктер туралы, үй және жабайы жануарлар туралы бастапқы мәліметтерді және табиғаттағы маусымдық құбылыстарды бақылауды ұйымдастыру қарастырылады.
Танымжорықты ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
* Қоршаған әлемде іс жүзінде бағдарлауға арналған қажетті икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру;
* Әлеуметтік дағдылар мен құзыреттілікті дамыту және қалыптастыру;
* Табиғаттағы зерттеу мүмкіндігін тудыру және табиғатқа деген жауапты қатынасты қалыптастыру.
Мұғалім жоспарлаудан бастап, танымжорықтың түрі мен әдісін өз бетімен таңдайды. Бұл жағдайда ол келесі дидактикалық қағидаларды пайдаланады:
* Баланың жан-жақты білімі және оған тиімді де, арнайы көмек көрсету;
* Педагогикалық тәсілдерді оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне және қоршаған орта жағдайына қарай бейімдеу;
* Әдістердің, дидактикалық құралдардың, жұмыс қарқынының даралығы;
* Оқытылатын материалдардың қолжетімділігі;
* Қиындықтың біртіндеп өсуі;
* Үйрену - оқу үдерісіндегі баланың белсенді және саналы түрде қатысуы;
* Көрнекілік пен мысалдардың жан - жақтылығы;
* Интегралды әсер ету (ішкі және пәнаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар
Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты
Биoлoгия сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырy
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
6-сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Пәндер