Франция туралы


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Франция

Ауданы- 544 мың км

Халқы- 60, 9 млн. адам(1998ж)

ЖІӨ- 1, 45 трлн. долл. (1998) ж

Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 24, 7 мың долл.

Франция - экономикалық қуаты жөнінен әлемдегі алтыншы мемлекет - ғылыми сиымдылығы үлкен өнеркәсіпке, жоғары интенсивті ауыл шаруашылығына және дамыған инфрақұрылымға ие. Оның экономикасында туризмнен түсетін табыс үлкен роль атқарады - жылына 74, 5 млн. туристер келеді.

Өнеркәсіпте машина жасау кешені басым(автомобиль жасау, авиағарыштық индустрия) . Агроөнеркәсіптік кешенді де ерекше атауға болады: ел - ауылшарупшылық өнімдерінің ірі экспортері. Жоғары ғылыми- техникалық деңгейіне келесідей мысал келтіруге болады: Ұлыбританиямен бірлесе отырып дыбыстан жылдам «Конкорд» жолушы лайнері және басқа мемлекеттермен бірлесіп «Ариан» ғарыш кемесі жасалған; Франция электр энергиясын өндірудегі АЭС үлесі жөнінен әлемде екінші орын алады(75%) . Экономикалық қуаттылығы Францияның «Үлкен Жетіліктегі» және Еуропалық одақтағы алдынғы позициясын айқындайды.

Франция - НАТО-ның мүшесі, бірақ бұл блоктың тек саяси ұйымына ғана кіреді. Франция - ядролық және ғарыштық держава. 1996 жылы оның әскери бюджеті НАТО-ның европалық елдерінің ішіндегі ең үлкені болған(38, 4 млрд. долл. - әлемде төртінші орын) . «Томсон» және «Лагардер» тобы әскери өнім өндіруден алғашқы ондықта.

БҰҰ жүйесінде Франция - Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, Парижде көптеген халықаралық ұйымдар және әлемдік ірі банктердің 25 астам басқару орталықтары орналасқан. Париж - ЮНЕСКО-ның негізгі резиденциясы.

Кезіндегі қуатты колониалдық империяның қалдықтары - Францияның теңіздік департаменттері(Гваделупа, Мартиника, Реюньон және Француздық Гвиана), теңіздік территориялары(Француздық Полинезия, Жаңа Каледония, Уолис және Футуна, Оңтүстік және Антарктикалық аралдар) және теңіздік территориялық бірлестіктер(Майотта, Сен-Пьер және Микелон) . Олардың жалпы ауданы - 135мың км, ал халқы - 1, 9млн. адам. Француздық Гвианада басты француздық Куру ғарыш айлағы орналасқан.

Географиялық-геосаяси орналасуы. Франция Европаның ең шеткі батыс бөлігінде орналасқан. Оны атланттық, жерортатеңіздік, пиренеймаңылық ел деп атайды. Теңіздік шекарасының ұзындығы(жалпы ұзындығы 3100 км) құрлыққа қарағанда үлкен. Францияда теңіздік шекараның екі фронты бар: білі - Атлант мұхиты және Бискай шығанағы, екіншісі - Жерорта теңізі.

Елдің құрамына оның оңтүстік жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Корсика аралы кіреді. Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары арқылы Солтүстік теңізге шыға алады, сондықтан оны солтүстік теңіздік ел деп айтуға болады. 1994 жылы Ла-Манштың астынан Дувр-Кале автомобиль және теміржол жерасты туннелі іске қосылды. Францияның мұхиттағы экономикалық зонасы 11млн. км құрайды.

Францияның картадағы көрінісі алты бұрышқа ұқсағандықтан француздықтар оны «экзагон» деп атайды. Каролинг империясы құлаған кезден бастап оның құрлықтағы шекаралары анық байқалатын табиғи шектермен өтеді - Пиреней, Альпі, Юра таулары және өзендер. Солтүстік, оңтүстік және орталық европа аймақтарына еркін шыға алуы Францияның батыс европадағы шешуші орнын айқындайды, ал Париж барлық Батыс Европаның коммуникация желісінің транзиттік орталығы болып табылады.

Теңіздік және құрлықтық байланыстардың қолайлылығы, халықаралық жол қиылысында орналасуы ежелден бері елдің экономикалық позициясына, басқа елдермен мәдени және сауда байланысының өсуіне, шаруашылығының дамуына күшті ықпалын тигізеді. Елдің бірқатар аймақтары, соның ішінде Солтүстік, Арденны, Лотарингия, Эльзас және Лион Европалық мегалополиске кіреді.

Африка континентінің жақын орналасуы Магриб елдерімен кең байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Елдің территориясы Бельгия мен Швейцарияның франктілді бөліктерімен түйісіп жатыр, ол өз кезегінде олардың «мәдени интеграциясына» ықпал жасайды. Шекарада сонымен қатар Монако және Андорра микромемлекеттері орналасқан.

Германиямен корші болуы ерекше геосаяси роль атқарады.

Табиғи жағдайлар және ресурстар. Францияның табиғи жағдайлары мен ресурстары өте әртүрлі.

Жазықтар ел аумағының 2/3 бөлігін алып жатыр, ең ірілері - Солтүстік-Француздық, Аквитан және Жерортатеңіздік жазық. . Тау жоталары: Альпі(Монблан 4807м, барлық Батыс Европаның ең биік нүктесі), Пиреней, Юра, Арденны, Орталық массив, Вогезы және Арморика массиві.

Климатында Атлантикалық ауа массасының әсері басым. Оның үш типін атауға болады:теңіздік, жерортатеңіздік және теңіздіктен қоңыржай континетальдыға өтпелі. Тауларда әсіресе Альпі мен Пиренейде климат биіктік белдеулігі бойынша өзгереді. Қоңыржай температура(қаңтарда -3 С, шілдеде +13 С дейін) және жауын-шашын мөлшерінің жеткілікті болуы ауыл шаруашылығының дамуына өте қолайлы, ал климаттық айырмашылықтардың үлкен диапазоны әрі қоңыржай, әрі субтропиктік өсімдік түрлерін өсіруге жағдай жасайды.

Франция ауылшаруашылық ресурстарға бай. Топырақтың көп бөлігі құнарлы, әсіресе Париж бассейнінде. Территориясының көп бөлігі мәдени және антропогендік ландшафтар. Олар: «опенфельд» - солтүстік және солтүстік-шығыстағы Аквитония, Рона, Сена аңғарындағы ашық кеңістіктер, «бокаж» - әдемілеп кесілген ағаштар мен бұталардан тұратын қорғандар және алма бақтары тән солтүстік-батыс ландшафты, «кампань» - Париж бассейніндегі ландшафтар.

Ормандар территориның 26% құрайды, ал орман массиві Европалық одақта Швеция мен Финляндиядан кейінгі үшінші орында, жылына 55млн. м ағаш береді. Орман- Францияның рекреациялық ресурстарының маңызды көзі. Негізгі орман массиві Ланды елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Одан басқа Орлеан, Фонтенбло, Рамбуйе орманын атауға болады. Франция орманының 75% жеке меншік, 15% коммуналды, 10% мемлекетттік

Францияның өзендері гидроэнергияның үлкен қорына ие. Гидроресурдың жартысы Рона және оның таулы салаларына, 1/5 бөлігі орталық массив өзендеріне тиеслі. Гидроресурстардың масштабы бойынша Франция Батыс Европада Норвегия, Испаниядан кейінгі үшінші орында.

Франция түрлі рекреациялық ресурстарға ие. Олар жағажайлар, таулар және орман массивтері, тарихи ескерткіштер.

Франция белсенді экологиялық саясат жүргізеді: жағалаулардың қорғалмалы бөліктері, қорықтар, ұлттық және табиғи аймақтық парктердің үлкен жүйесі құрылған. Бұған қоса көптеген экологиялық мәселелер сақталып отыр. Металлургия, мазутқа негізделген ЖЭС және мұнай химиясы атмосферадағы күкіртті газдың жоғары концентрациясына әкеліп соғуда. Мұндай жағдай Фос-Сюр-Мер, Гавр, Страсбург қалаларында байқалады.

Франция пайдалы қазбаларға бай емес. Уранның неғұрлым маңызды қоры Орталық массив, Вандей және Бретаньда. Оның жалпы қоры 70мың тонна, әлемдік қордың тек 3% құрайды. Тас көмір қоры көп емес - 139млн. тонна. Қазіргі кезде екі көмір бассейні бар - Лотарингия және Орталық-оңтүстік.

Францияда екі мұнай бассейні бар. Бірі - Аквитанияда, 1950 жылдан бастап қолданылады; екіншісі - Лак және Парантис. Екіншісі Бриде 1980 жылдан бастап өндіріле бастады.

Табйғи газды өндіретін жалғыз аймақ Лак.

Руданың кен орындары бар, соның ішінде темірдікі - Лотарингия, Төменгі Нормандия және Анжуда. Руда темірге бай емес(30%) құрамында фосфоры көп. Бокситтің кен орындары Прованс, Лангедок және Арьежде. Бұл минералдың атының өзі Француздық Бокс қаласымен байланысты.

Химиялық шикізаттан Эльзастағы поташ, Лотарингия, Юра тауы және Рона атырауындағы тас тұзын атауға болады.

Халқы. Дамыған басқа мемлекеттердегі сияқты халықтығ қартаюы - француз қоғамының маңызды проблемасы. 15 жасқа дейінгілер халықтың 18, 5%, ал 65 жастан үлкендер 15, 6% құрайды.

Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға 12, 6 адам, өлім деңгейі 1000 тұрғынға 9, 2 адам.

Елдің солтүстігі үшін туудың жоғары, өлімнің төменгі көрсеткіштері тән және жастардың үлесі басым. Оңтүстікте(Лимузен, Лангедок-Русильон, Пиреней-Оңтүстік және Пуату -Шаранта) қарттардың үлесі басым, сондықтан, өлім көрсеткіші жоғары, ал туу төмен. Соңғы жылдары балалардың өлімі төмендеді - 4, 8% - Европадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бұл француздық денсаулық сақтаудың жетістіктерін көрсетеді. Мемлекет туу көрсеткіштерінің жоғарылауына жағдай жасауда, оған ұлттық табыстың 4% жұмсалады, бұл басқа европалық елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Өмір сүрудің орташа ұзақтығы ерлер үшін - 74, 6жыл, әйелдер үшін- 82, 2жыл.

Халықтың тығыздығы - 1 км 106 адамнан.

Франция халқының этникалық құрамы жағынан екі түрлі көзқарас қалыптасқан, бірі- Францияда тұратын этникалық аздықтар- француздар, ал олардың тұратын аудандары этнолингвистикалық ерекшеліктері бар облыстар болып табылады, екіншісі - жеке этностардың болуын көрсетеді, бретондықтар(1млн), корсикандықтар(280мың), эльзастықтар (1, 2млн), басктар(130мың), валлондықтар(60мың), каталондықтар(250мың) .

Францияда үнемі иммиграция басым болады. Екінші Дүнйежүзілік соғыстан кейін негізгі иммигранттар итальяндықтар, испандықтар, поляктар. Қазіргі кездегі негізгі иммигранттар - португалдықтар мен Магриб елдерінен келгендер: португалдықтар-375мың, алжирліктер- 246мың, мароккалықтар- 198мың, курдтар- 120мың, қара Африкадан келгендер-115мың. Олар, яғни иммигранттар көбінесе қызмет көрсету саласында(23%), құрылыста, қоғамдық жұмыстарда (22%), ауыл шаруашылығында(13%), өнеркәсіптің автомобиль жасау саласында жұмыс істейді.

Ішкі миграциялар негізінен қалалар деңгейінде. Кризистік аймақтарда теріс сальдо байқалады- Солтүстік, Лотарингия, Шампань, Марсель, Лион агломерациялары. Ол үнемі жүретін субурбанизация және рурбанизация процестерімен түсіндіріледі.

Позитивті баланс Иль-де-Франс және оған көршілес жатқан облыстарға тән, бұл Парижді деорталықтандыру саясатымен байланысты.

Қазіргі кезде жұмысшылар мен орта деңгейдегілер көбіне шағын қалалар мен ауылдық коммуналарға ұмтылады. Бұл феномен периурбанизация деп аталады.

Қала халқының 74% (Францияда 2мыңнан астам халқы бар коммуна қала деп есептеледі) . Территориялық-урбандылық құрылым қалалардығ теңіз жағалауына, ірі өзендер аңғарына және қуатты шикізат базасы бар аудандарға шоғырлануымен сипатталады.

Францияда 800 астам агломерация бар, олар «қалалық өнеркәсіп зоналары» деп аталады, мұнда қала халқының 75% тұрады. Француздық агломерациялардың 19 халықаралық. Мысалы, үш мемлекеттің шекаралары түйіскен жердегі агломерациялар: Лонгви(Лотарингия) - Атюс(Бельгия) - Эш(Люксембург), Сен-Луи-Мюлуз(Эльзас) - Базель(Швейцария) - Леррих және Вейль(ГФР), Тьонвилль(Лотарингия) - Люксембург- Мерцинг(Саар)

Францияның 10 ірі қаласының халық саны, 1990ж., млн. адам

Париж

Марсель

Лион

Тулуза

Ницца

2

0, 8

0, 4

0, 4

0, 8

Старсбург

Нант

Бордо

Монпелье

Ренн

0, 3

0, 2

0, 2

0, 2

0, 2

Францияның 10 ірі агломерациясының халық саны, тығыздығы, 1999ж.

Агломерация
Халық саны, млн.
Тығыздығы, 1км адам
Агломерация:

Париж

Лион

Марсель-Экс-эн-Прованс

Лилль

Бордо

Тулуза

Нант

Страсбург

Ницца

Гренобль

Халық саны, млн.:

10, 6

1, 6

1, 4

1, 1

0, 8

0, 9

0, 7

0, 6

0, 6

0, 5

Тығыздығы, 1км адам:

3920

1544

1309

2456

848

1052

1080

2127

1331

Франция- ертеден келе жатқан білім беру мен салттары бар ел. 90 француздық университеттердің көп бөлігі, мысалы Сорбонна әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Елде әрбір 1000 тұрғынға 34 студентттен келеді, білім беруге бюджеттің 37, 2% жұмсалады.

ҒТР технополистердің құрылуымен қатар жүреді:технополистердің «доғасы» ел территориясының шеткі бөліктері бойынша батыстан оңтүстікке, шығысқа, солтүстікке созылып жатыр. Ең ірілері: Канны ауданында орналасқан София- Антиполис(160 өнеркәсіп орны), Моблан(Гренобль маңында, 140 өнеркәсіп орны), Монпелье(65), Аннеси(20) .

Халықтың әлеуметтік құрылымы келесідей: чиновник, интеллигенция- 36, 9%, жұмысшылар-14, 7%, ауыл шаруашылығында істейтіндер-1, 7%, зейнеткерлер21, 1%, белсенді емес топ-(студенттер, әскери адамдар, жұмыссыздар) - 25, 6%.

Франция халқының 81, 4%-католиктер, 1, 9%-протестанттар, мұсылмандар -3млн., иудаистер- 0, 6%.

Француздық қоғам үшін өмірдің жоғары деңгейі тән: әлеуметтік қамсыздандыруға ЖІӨ-нің 30, 5% жұмсалады. Өмірдің жоғары деңгейімен қатар жұмыссыздар саны да көп-11, 8%. Бұл көрсеткіш бойынша мемлекет ЕО-та 5-орын алады.

Шаруашылығына сипаттама.

Алғашқы ондықтағы өнеркәсіптік топтар, 1995ж

Компания
Сала

Оборот, млрд.

франк

Жұмысшылар

Саны, мың. ад

экспортқа

шығ. өнім, %

Компания:

Эльф- Акитен

Рено

Алкатель

Женераль

дез о

ПСА

Тоталь

Лионнез

дез о

Пежо

Рон-Пуленк

Буге

Сала:

Мұнай, химия

Автомобиль

Телекомуникац, транспорт

Су шаруш.,

қызмет көрсету

Автомобиль

Мұнай, химия

Су шаруш.,

қызмет көрсету

Автомобиль

Химия

Құрылыс

Оборот, млрд.франк:

210

170

156

147

143

135

94

90

80

76

ЖұмысшыларСаны, мың. ад:

94

140

196

204

144

50

120

73

82

90

экспортқашығ. өнім, %:

42

52

70

28

58

70

42

54

79

29

Францияның негізгі банк топтары. 1995ж

Компания

Әлемдік рейтингтегі

орны

Активтері, млн. долл
Компания:

Креди Агриколь мютюэль

Париж ұлттық банкі

Сосьетэ Женераль

Креди Лионнэ

Париж-Нидерланды банкі

Әлемдік рейтингтегіорны:

3

12

15

19

22

Активтері, млн. долл:

479, 963

357, 322

341, 867

311, 747

292, 320

Францияның басты коммерциялық топтары, 1995ж

Компания
Сала
Оборот, млрд. ф

Жұм-р, мың

адам

Экспорт, %
Компания:

Каррефур

Промод

Леклерк

Интермаршэ

Ошен

Сала:

Гипермаркет

Тауарды тарату

Гипермаркет

Супермаркет

Гипермаркет

Оборот, млрд. ф:

139

138

119

117

90

Жұм-р, мыңадам:

81

55

56

70

59

Экспорт, %:

30

26

-

-

14

Өнеркәсіп. Басты орынды энергетика, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері алады.

Энергиясы, машинамен қарулану және еңбектің өнімділігі жөнінен француздық индустрия АҚШ, Жапония, ГФР-дан кейінгі орында.

Отын- энергетикалық кешен . Францияның энергетикалық балансы келесідей: көмір-6, 4%, газ-13, 7%, мұнай- 39, 7% электроэнергия- 35, 5%, энергияның жаңа түрлері-4, 7%. Франция- электроэнергияның Европадағы ең ірі экспортері- 37, 6%(65млрд. кВт/сағ), негізгі тұтынушылары- Италия, Ұлыбритания, ГФР. Француздық электроэнергияда немістің ірі БАСФ фирмасының зауыттары жұмыс істейді. Энергетиканың даму жоспарында мұнайды пайдалануды қысқарту есебінен оның импортына тәуелділікті төмендетіп, атом энергиясын, теңіз толқынын, күн, жел энергиясын қолдануды дамыту қарастырылған.

Францияның өзін-өзі қамтамасыз етуі 48, 5% құрайды. Оның ескі саласы- көмір өнеркәсібі, бірақ қазір Лотарингия бассейнінде тек 4, 8млн. т және Орталық-Оңтүстік бассейнінде 2 млн. т көмір өндіреді. Көмір пласттарының ыңғайсыз орналасуы және қуаттылығының аз болуына байланысты оны өндіргеннен гөрі басқа елдерден, тіпті АҚШ, Жапония, Австралия, ОАР сияқты қашықта орналасқан мемлекеттерден тасымалдаған тиімдірек. Негізгі көмір өндіруші фирма- «Шарбонаж де Франс».

Мұнай да өте аз өндіріледі. 1, 7млн. т өндіріледі, 90, 5млн. т импортталады. Негізгі мұнай компаниялары - «Эльф-Акитен», «Негізгі француздық мұнай компаниясы» және «Тоталь». Негізінен импорт Таяу Шығыс елдерінен (Сауд Арабиясы, Иран) және Солтүстік теңізден мұнай өндіретін елдерден келеді. Ирак 1990 жылдан бастап Францияға мұнай экспортын тоқтатты.

Француздық компаниялар да шет мемлекеттерден мұнай өндіреді: Норвегия, Ұлыбритания, Алжир, Конго, Габоне, Нигерия, БАӘ. Мұнайды өңдеу экспортқа негізделгендіктен, ол Марсель және Гавр қалаларының жанында орналасқан.

Газ Лакта өндіріледі (жылына 3, 6млрд м), сонымен қатар Нидерланды, Ұлыбритания, Норвегия, Алжир елдерінен импорттайды. Газ өндіретін негізгі фирма- «Газ де Франс»

Жалпы барлығы 487 млрд. кВт/сағ энергия өндіріледі. Электроэнергияда АЭС басты рольде, оның үлесі 75% құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Франция әлемде бірінші орында. Париж жанындағы Шатийон және Сакле қалаларында бірінші синхрофазотрон және шетелдік Европадағы бірінші атомдық реактор орналасқан. Атом энергетикасындағы ірі компаниялар: «Кожема» және «Фраматом».

Атом станциялары елдің барлық аймақтарында бар. Технологиялық цикл үшін көп мөлшерде су қажет болғандықтан АЭС-тар негізінен Рона және Луара өзенінің аңғарында шоғырланған. СЭС-ның үлесі 14, 3% құрайды. Францияның Шығысы, Альпі, Рона, Рейн гидроэнергияның ¾ бөлігін береді. Орталық массив-15%, Пиреней 10-%. Дәстүрлімен қатар энергияның альтернативті көздері пайдаланылады: геотермалды энергия Иль-де-Франс және Аквитаниядағы 170мың тұрғын үйді, күн энергиясы 100мың тұрғын үйді жылытады.

Қара металлургия жақсы дамыған. Негізгі аудандар: Солтүстік және Лотарингия, мұнда солтүстік және лотарингиялық кокс пен лотарингиялық темір рудасы өте тиімді территориялық үйлесім тапқан. Одан басқа ескі металдық аудандар Лье Крезо және Каэн (Нормандияда) . 1970 жылдың ортасынан металлургия кризисті басынан кешіріп, өндіріс қарқыны қысқарды. Қазіргі кезде 13, 6 млн. т шойын мен 20, 2 млн. т болат өндіріледі. Металлургиялық зауыттарды қайта құру мен модернизациялау іске асырылуда. «Конверсия полюстерінің» (мемлекет көмек көрсететін кризисті аудандар) көбі металлургиялық аудандарға сәйкес келеді. Франция металлургиясына ГФР, Италия, Оңтүстік Корея, Бразилия өте күшті бәсекелестік көрсетуде. Қазіргі кездегі дамудың негізгі линиясы ел аумағында біркелкі таралған машина жасау орталығына бағытталған шағын зауыттардың құрылысымен байланысты. Басты металлургиялық компания- «Юзинор- Сасилро».

Түсті металлургияда негізгі орынды алюминиді балқыту иеленеді (870 мың т) . Альпі мен Пиренейде бұл энергияны көп қажет ететін саланың тиімді территориялық үйлесімі қалыптасқан: Прованстың бокситы және таулы өзендердің арзан электр энергиясы. Альпі мен Пиренейде басқа түсті металлургия зауыты Иссуарда (Орталық массив) орналасқан. Басты алюминий компаниясы- «Пешинэ- Южен- Кюльман».

Машина жасау француздық индустрияда алдыңғы орнды алады. Соңғы кезде электротехника мен электрониканың өндірісі қарқынды дамып, ал металл кесуші станоктарды жасау күрт қысқарды. Париж және Рона- Альпі аудандарында машина жасау өнеркәсіптері неғұрлым тығыз орналасқан. Машина жасау саласындағы тереңдетілген мамандану Франшконте провинциясында дамыған.

Елде аэрокосмостық кешен басым бағыт болып табылады. Францияда ұшақ, тікұшақ, спутниктер жасалып шығарылады. Басқа мемлекеттермен біріккен кооперациялар алдыңғы қатарлы технологияны қолдануға, сапасын көтеріп, өнімнің бағасын төмендетуге, сол арқылы фирмалардың әлемдік рынокқа шығуына мүмкіндік береді. Француздық аэробустарды жасау « Эрбас Индустри» жобасына француздық СНЕКМА, « Аэроспасияль», «Месье», немістің « Даймлер- Бенц», ағылшындық «Бритиш Эрспейс», испандық « Каса», голландық « Фоккер» фирмалары қатысты. Аэробустар Тулуза және Париж агломерацияларында жасалады. Франция ЕО елдері спутник ұшыруда пайдаланатын Ариан» ғарыш кемелері өндірісінің 59, 3% қаржыландырады. Одан басқа екі ірі « Дассо Авиасьон» және « Сектант Авионик» фирмалары табысты жұмыс істейді. Аэрокосмостық техника өндірісінің басты орталығы - Тулуза, бұнда « Аэроспасияль» зауыттары орналасқан. СНЕКАМА мекемесі Париж агломерациясында.

Франция ірі әскери- өнереәсіптік кешенге ие. Қару - жарақтың экспорты бойынша әлемдегі алғашқы бестіктің құрамында. « Матра» фирмасы әскери мақсаттағы авиағарыштық өнімдермен қатар, зымыран және снарядтар жасап шығарады. Әскери техниканың электронды өзегін « Томсон - КСФ» фирмасы шығарады. Ірі әскери зауыттар Париж маңында Сен - Этьенне, Тарбе, Роанне қалаларында орналасқан.

«Алкатель», « Альстом», « Томсон», « Шнейдер» дамыған электронды өнеркәсіп фирмалары. Ақпараттық құралдар өндірісінде американдық фирмалар басым (бұл саладағы шетелдік фирмалар үлесі 80% құрайды) . Мұндағы ірі « ИБМ - Франс», « Бюль», « Хюльетт - Паккард- Франс» фирмаларының компьютерлерін өндіретін ненгізгі зауыт Монпелье қаласында орналасқан.

Автомобиль индустриясы - француздық машина жасаудағы маңызды салалардың бірі. Жылына 4 млн. автомобиль жасалып, оның жартысынан көбі экспортқа шығарылады. Ірі фирмалары - « Рено», « Пежо- Ситроен», «Фиат- Франс», «Форд - Франс». Басты зауыт - «Рено» Париж жанындағы Бульон - Бийанкур қаласында, онда 45, 8 мың адам жұмыс істейді, ал басқа зауыттары Лион ауданы мен Нормандияда. Бұл ірі ТҰК, оның шетелдегі зауыттарында 400 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Реноның» өндіріс орталықтары Испания, Португалия, Словения, Бельгия, Марокко және тағы басқа елдерде бар. «Рено Вейкюль Индустри» фирмасы автобустар мен жүк машиналарын шығарады, оның басты зауыты Лион ауданында. «Пежо» фирмасының басты зауыты Монбельяра - Сошо қаласында, онда 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Ситроеннның» басты зауыты Шартрье - де- Бретань қаласында.

Француздық кеме жасау кезінде өте қуатты болған. Гаврда әлемдегі ең ірі «Франция» жолаушылар кемесі жасалған. Алайда бәсекелестік салдарынан, әсіресе Жапония, Оңтүстік Корея тарапынан, кеме жасау күрт қысқарды. Басты кеме жасау орталықтары - Гавр, Нант, Сент- Назер және т. б.

Атомдық машина жасау жақсы дамыған. «Фраматом» атомдық реакторларды өндіреді. Атом өнеркәсіп орталықтары - Пьерлат және Маркуль - Рона аңғарында орналасқан.

Химиялық өнеркәсіптің негізгі бағыттары - парфюмерия, фармацевтика, органикалық синтез химиясы. Ірі фирмалар - «Рон - Пуленк», «Сен - Гобен», «Эльф Атошем», «Эр Ликид». Парфюмерия мен фармацевтикада «Ореаль», «Руссель», УКЛАВ, «Ив Роше» және «Сандоз» фирмаларын ерекше атауға болады. Химиялық өнеркәсіптің басты орталығы - Клермон - Ферран, бұнда резина бұйымдарын өндірудің ірі орталықтары шоғырланған. Химияның басқа аудандары - Лотарингия ( комірхимия және сода өндіру), Ланды ( орман химиясы), Париж ауданы (парфюмерия мен фармацевтика) . Мұнай химиясы Марсель, Гавр, Бордо қалаларында орналасқан.

Тоқыма өнекәсібі - ескі саланың бірі, қазіргі таңда дағдарыс үстінде, жоғары дамыған мемлекеттер және Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдері тарапыынан күшті бәсекелестік байқалуда. Бәсекелестікке тігін өнеркәсібі мен жоғары сән үлгілері бұйымдарының атақты өндірісі төтеп беруде.

Тоқыма өнеркәсібі үш ауданда шоғырланған:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция туралы жалпы мағлұмат
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Франция мемлекеті жайлы
Елдердің сыртқы саясаты
Ядролық әріптестік мәселелері
Франция 1945 - 2004 жж
Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz