Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар



Кіріспе 3
1 Access мәлiметтер базасы 4
1.1 Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар 4
1.2 МҚБЖ АССЕSS жайлы негізгі түсініктер 8
2 Практикалық бөлім 11
2.1 Мәлеметтер базасын құру 11
2.2 №1 Зертханалық жұмыс 26
Қорытынды 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
Қазіргі уақытта мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелерді пайдалану адамзат қызметі мен түрлі саланы басқарудың ажырамайтын құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған байланысты сәйкес технология мен программалық өнімдерді тиімі қолдану мен оның құрылу принциптерін меңгерудің қажеттілігі туып отыр. Мысалы, мәліметтер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйелері және т.б.
Мәлiмеmmер қоры (МҚ) - белгiлi бiр пәндiк аймаққа жататын объектiлердi (процестердi, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерiн және өзара қатынастарын бейнелейтiн, өзiндiк аты бар мәлiметтер жиыны. Пәндiк аймақ дегенiмiз мәлiметтер базасын қамтуға тиiстi нақты дүниенiң бiр бөлiгi болып табылады.
Мәліметтер базасы ұғымы мен мәліметтер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МҚБЖ) байланысты.
Мәлiмеmmер базасын басқару жүйесi (МҚБЖ) – мәлiметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуiн қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеyге арналған программалық кешен (комплекс).
МҚБЖ- жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация).
- түс және графика - экран көрнекiлiгiн қамтамасыз ете алатын әр түрлi қарiптердi, түстердi, белгiшелердi (пиктограммаларды) және одан да басқа графикалық элементтердi пайдалана отырып, экранға көптеген мәлiметтер шығару;
- программа шеберлерi (Wizards) - тұтынушымен қарапайым, әpi логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-келген элементтерін тез құру;
- оқиғаларды программалау - программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тiкелей байланыса алады және солардан кейiнгi мeнюдeн команда таңдау, кез-келген бiр батырманы шерту сияқты әрекеттердi тез жүзеге асыру;
- SQL – мәлiметтерге тез қол жеткiзу тәсiлi ретiнде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасын меңгеруге керекті негiзгi түсiнiктердi енгiзу, Access терезесiмен, негiзгi менюiмен, саймандар тақтасымен және қасиеттерімен танысу арқылы оқушыларға тиімді түрде Access ортасында жұмыс істеу негіздерін үйрету.
Жұмыстың міндеті: Access бағдарламасының құрылымымен таныстыратын теориялық және практикалық жұмыстармен тест сұрақтарымен қосымша тапсырмалармен қамтылған электрондық лабораториялық құрал жасау.
1. Мұхаметжанова С.Т., М.Ж.Балабекова Информатика. Жалпы білім
беретін мектептің 7 сыныбына арналған байқау окулығы. Алматы, Сгеёо,
2000.
2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дэулетқұлов А.Қ. Жаңа ақпараттық
те,хнологиялар: Информатикадан 30 сабақ. Алматы: Шартарап, 2001. 436 бет.
3. Бөрібаев Б. Информатика жэне компьютер. Алматы: Білім, 1995.
4. Дэлбекова Қ.С. Информатика. Оқу құралы. Алматы , 1999 ж.
5. Н.Т.Ермеков, Ж.А.Қараев, Н.Ф.Стифутина. Информатика жэне
есептеуіш техника негіздері. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған байқау оқулығы. Алматы, Мектеп, 2001.
6. Н.Т.Ермеков, Ж.А.Қараев, Н.Ф.Стифутина. Информатика және
есептеуіш техника негіздері. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына
арналған байқау оқулығы. Алматы, Мектеп, 2001.
7. С.Ә.Исаев, А.Н.Мұхамади, О.С.Ахметова. «Компьютерлік
технология негіздері курсына арналған практикум». Әдістемелік оқу құралы.
Алматы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2000.
8. Анықтама басқарушысы ІВМ РС. Әдістемелік материалдар.2 бөлім.
ТГШ"СФЕРА". Мәскеу. 1991 жыл.
9. Савельев А.Я., Сазонов Б.А., Лукьянов С.Э. "Барлық адамдарға
арналған дербес компьютерлер".1 Кітабы. Мэскеу., ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП,
1991 жыл
10. Брябрин В.М. "Дербес ЭЕМ бағдарламамен қамтамасыз ету".
11. Мәскеу. "ҒЫЛЫМ", 1990 жыл.
12. Фигурнов В.Э. "ІВМ РС пайдаланушыға арналған"
13. Уфа қаласы, НПО "Информатика және Компьютерлер", 1993 жыл.
14. Громов А.И., Сафин М.Я. «Информатика негіздері және есептеу
техникасы». - Мэскеу.: Ресей халық достастық университетінің, баспасы
1994 жыл.
15. Фигурнов В.Э. «ІВМ РС пайдаланушыға арналған». - Мэскеу.:
Финанс және статистика, 1994 жыл.
16. Герхард Франкен, Сергей Молявко «М8-ОО8 6.2 «, Киев, ВНУ, 1994,
Мэскеу, БИНОМ, 1994 жыл.
17. «ОО8 3.3. Техникалық басқару». Әдістемелік материалдар.
18. Фигурнов В.Э. "ІВМ РС Пайдаланушыға арналған ' Уфа қаласы,
НПО "Информатика жэне Компьютерлер", 1993 жыл.
19. ІВМ РС бойынша анықтамалық басқару Әдістемелік материалдар. 1
Бөлім ТПП "СФЕРА". Мэскеу. 1991 жыл.
20. Брябрин В.М. "бағдарламамен қамтамасыз ету ДЭЕМ". Мәскеу.
"ҒЫЛЫМ", 1990 жыл.

Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Access мәлiметтер базасы 4
1.1 Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар 4
1.2 МҚБЖ АССЕSS жайлы негізгі түсініктер 8
2 Практикалық бөлім 11
2.1 Мәлеметтер базасын құру 11
2.2 №1 Зертханалық жұмыс 26
Қорытынды 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Кіріспе
Қазіргі уақытта мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелерді пайдалану адамзат қызметі мен түрлі саланы басқарудың ажырамайтын құрамдас бөлігі болып отыр. Осыған байланысты сәйкес технология мен программалық өнімдерді тиімі қолдану мен оның құрылу принциптерін меңгерудің қажеттілігі туып отыр. Мысалы, мәліметтер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйелері және т.б.
Мәлiмеmmер қоры (МҚ) - белгiлi бiр пәндiк аймаққа жататын объектiлердi (процестердi, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерiн және өзара қатынастарын бейнелейтiн, өзiндiк аты бар мәлiметтер жиыны. Пәндiк аймақ дегенiмiз мәлiметтер базасын қамтуға тиiстi нақты дүниенiң бiр бөлiгi болып табылады.
Мәліметтер базасы ұғымы мен мәліметтер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МҚБЖ) байланысты.
Мәлiмеmmер базасын басқару жүйесi (МҚБЖ) - мәлiметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуiн қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеyге арналған программалық кешен (комплекс).
МҚБЖ- жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация).
- түс және графика - экран көрнекiлiгiн қамтамасыз ете алатын әр түрлi қарiптердi, түстердi, белгiшелердi (пиктограммаларды) және одан да басқа графикалық элементтердi пайдалана отырып, экранға көптеген мәлiметтер шығару;
- программа шеберлерi (Wizards) - тұтынушымен қарапайым, әpi логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-келген элементтерін тез құру;
- оқиғаларды программалау - программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тiкелей байланыса алады және солардан кейiнгi мeнюдeн команда таңдау, кез-келген бiр батырманы шерту сияқты әрекеттердi тез жүзеге асыру;
- SQL - мәлiметтерге тез қол жеткiзу тәсiлi ретiнде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасын меңгеруге керекті негiзгi түсiнiктердi енгiзу, Access терезесiмен, негiзгi менюiмен, саймандар тақтасымен және қасиеттерімен танысу арқылы оқушыларға тиімді түрде Access ортасында жұмыс істеу негіздерін үйрету.
Жұмыстың міндеті: Access бағдарламасының құрылымымен таныстыратын теориялық және практикалық жұмыстармен тест сұрақтарымен қосымша тапсырмалармен қамтылған электрондық лабораториялық құрал жасау.

1 Access мәлiметтер базасы
1.1 Access мәлiметтер базасы жөнiнде негiзгi мағлұматтар

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МҚБЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
* Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
* Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
* Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
* Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МҚБЖ-нің тағы бір функциясы- мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамассыз ету түсініледі.
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктердің бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер қоры (МҚ)- белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты реттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым МҚ мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студеттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МҚ-ның басты қасиеті- ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиді. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынанан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.
Атрибут- объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.
Мәліметтердің басты элементтері деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт- обьектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастырытын атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші реттегі кілт- бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.
Мәліметтер қорын жіктеу Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МҚ.
Реляциялық МҚ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МҚ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляцияляқ алгебра.
Осы типтегі МҚ жасауға американдық ғалым Е.Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МҚ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МҚ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МҚ қарау қажетті болуы мүмкін.
Иерархиялық және желілік МҚ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МҚ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік ұшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салуды қанағаттандырмайды.
Аты айтылған кемшілік желілік МҚ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) бәрімен барлық жағынан байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы әйтеуір ресурстар талап етіледі.
Кейбір МҚБЖ туралы мәліметтер 6-кестеде келтірілген.
6.МҚ жіктеу

МББЖ атауы
МБ типі
MS Access
Реляциялық
Clipper
Реляциялық
Dbase
Реляциялық
FoxBase+
Желілік
FoxPro
Желілік
IMSVS
Иерархиялық
Oracle
Реляциялық
Paradox
Реляциялық
Мәліметтер қорымен жұмыс режимі. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады..
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі- нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
Мәліметтер қорының 3 архитектурасы бар:
ANSSPARC комитеті ұсынған 1978 жылы мәліметтер қорының жалпылама құрылымын ұсынған болатын. Ол құрылым 3 деңгейлі архитектура деп аталады. Оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың 3 түрі болады: сыртқы, тұғырнамалық, ішкі. Ұсынудың тұғырнамалық деңгейі- мәліметтер қорының дайындалу деңгейі. Мысалы: ORIENT мәліметтер қорына арналған тұғырнамалық сұлбасы келесі түрде болады
Microsoft Access МҚБЖ-ны Windows ортасында жұмыс iстейтiн 32-разрядты реляциялық мәлiметтер қорының басқару жүйесiнің буыны болып табылады. Оның Wiпdоws-технологиясының барльқ жақсы қасиеттерiн сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсi бар. Access кесmелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәлiметтер базасының объектiлерiмен жұмыс iстейдi. Кестелер ─ мәлiметтердi сақтау үшiн жасалған, өрiстерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәлiметтер.
Кесте (Tables) - мәлiметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негiзгi объект, мәлiметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба (Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ал МҚБЖ мәлiметтерiн сақтайтын негiзгi блок болып табылады. Жазба сипатталатын бiр объект туралы толық мәлiмет бередi.
Өpic (Field) - кестедегi бағана немесе тік жол Access-те өріс мәлiметтерiн сипаттайтын оның бiрсыпыра қасиеттерi болады. Енгiзу өpici деп басқару элементi ретiнде мәлiмет енгізiлетiн бiр бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгiзiледi.
Объектiнiң әрбiр сипаты (қасиетi) белгiлi бiр өpic мәні болып табылады. Әрбiр кесте үшiн басmапқы түйiндi мәнді, яғни негiзгi (Кiлттi) өpicmi анықтауға болады, ол әрбiр жазбаны басқаларынан бөлiп идентификциялау үшiн пайдаланылады (әрбiр жазба үшiн бiрегей мағынаны бiлдiредi) және ол бiр немесе бiрнеше өpicтeн тұруы мүмкін.
Түйiндi өpic (ключевоe поле) - кестедегі жазбаларды таңдап алу үшiн
мәндерi қолданылатын негiзгi өpic.
Кiлт (ключ) немесе түйiн - кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бiр немесе бiрнеше түйiндi өpicтep.
Санауыш - кестедегі жазбалардың нөмiрлерi орналасатын өpiс. Сұраныс (Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәлiметтердi бiр немесе бiрнеше кестеден белгiлеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсiлi.
Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәлiметтердi жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негiзiнде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Acсess-те сұраныстардың бiрнеше түрі бар.
Форма (Forms) - мәлiметтердi экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкiндiктерi, яғни өзара байланысқан мәлiметтердi тұтынушығa ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгiзуге арналған тәсілдер. Формалар - әртүлі мақсатта пайдаланылатын, әсірессе, кестеге мәліметтерді енгізу және кестедегі жазуларларды көру үшін пайдаланылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалардың өзара байланысқан бірнеше кестелермен бір мезгілде жұмыс істеу үшін де құруға болады. формаларды қағазға басып шығаруға болады.
Басылым (отчет) - мәлiметтердi баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсiлi, яғни қағазға басып шығруғa арналған нәтижелiк құжаттар.
Индекс ─ индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы ─ кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймағы ─ өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.
Конструктор ─ мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
SQL ─ құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндіктерінің шектеулігі оны бірсыпыра программаларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.
Шебер (Wizards - Мастер) ─ белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын бiртiндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сухбаттасу (диалог) iсін атқара отырып, қойылған мәселенi шешетiн керекті мәлiметтердi программаға енгiзудi қамтамасыз етедi. Жұмыс жасауды жеңiлдету үшiн Шебер жұмысы бiрнеше адамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында еткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсiз кезеңдi аттап кетуге болады. Программаға шебер мүмкiндiгiн енгiзу программаларды жетiлдiрудiң бiр жолы болып табылады. Accessтe бiрсыпыра Шебер программалар тобы бар, олар:
1.2 МҚБЖ АССЕSS жайлы негізгі түсініктер
Access-тi iскe қосу Пуск - Программалар - Мiсrоsоft Access командаларымен орындалады немесе жұмыс үстелiндегi Access белгiшесiн eкi рет шерту қажет. 1-суретте мәлiметтер қорын ашуға мүмкiндiк беретiн терезе керсетiлген. Осы терезедегi "Жаңа мәлiметтер базасы" (Новая база данных) жолы немесе мәлiметтер базасы бұрын құрылған болса, онда "Мәлiметтер базасын ашу" (Открыть базу данных) пунктiн таңдау қажет.

1-сурет.мәлiметтер базасын ашуға мүмкiндiк беретiн терезе керсетiлген.

Негiзгi меню ағымдағы жұмыс режiмiне байланысты өзгерiп отырады, оның құрамында келесi пункттер болуы мүмкін Файл (File), Тузету (Edit), Түр (View), Кipicтipy (Insert), Сервис (Tools), Терезе (Window), Пiшiм (Format), Жазбалар (Records), Сұраныс (Query), Іске қосу (Run), Байланыстар (Relationships), Сүзгi (Filter), Анықтама (Help). Меню пунктiн Alt пернесiмен бiрге команда атында асты сызылған әрiптi бiр мезетте қатар басу жолымен немесе тышканның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдауға болады.

2-сурет. Access терезесiнiң жалпы көpiнici
Осы экранда көрiнiп тұрған меню пункттерiн қарастырайық: Файл,Түзету, Түр, Кipicтipy, Сервис, Терезе, ?.
Файл менюi файлдармен жұмыс iстеуге арналған, оның құрамында мынандай iшкi командалар бар:
Мәлiметтер базасын құру (New Database) - мәлiметтер базасы файлын құру үшiн;
Мәлiметтер базасын ашу (Ореn) - МБ файлын ашу үшiн;
Сыртқы мәлiметтер (Get External Data) - мәліметтерді импорттауға (сырттан енгiзуге) немесе басқа базалардағы кестелермен байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi; .
Жабу (Close) - файлдарды жабу үшiн;
Сақтау (Save) - файлдарды сақтау үшiн;
Басқаша сақтау Экспорт (Save as Export) - файлды басқа атпен сақтауға немесе мәлiметтердi экспорттаyға (сыртқа шығаруға) мүмкiндiк бередi;
HTML форматында сақтау - МҚ файлын HTML форматында сақтау үшiн;
Парақ параметрлeрi (Page Setup) - парақ үлгiciн көру үшiн;
Алдын-ала (Print Preview) - баспаға шығарудың алдында парақ құрылымын көріп шығу үшін;
Баспаға шығару (Print) - файлды баспаға шығару үшін;
Автоауыстыру (Auto correct) - мәтiндердi автоматты түрде түзету кезiнде қолданылатын стандартты мәтiндер тiзiмiн бередi;
Оffiсе-пен байланыстар (Office Links) - Word және Ехсеl-де мәлiметтер өңдеудi жүргiзyге, байланыс орнатуға мүмкiндiк беретiн iшкi (бағыныңқы) менюдi ашады;
Мәлiметтер схемасы (Relationship) - кестелер жәненемесе сұраныс - тар арасында байланыстарды анықтауға, өзгертуге және қарап шығуға мүмкiндiк беретiн терезе ашады;
Талдау (Analyse) - толық базаның, сонымен қатар оның объектiлерiнен өнiмдiлiгiн бағалайтын тез әрекеттесу анализаторын іскe косура, кестелердiн кешiрмесiн алyrа жане кателiктерiне талдау жасауға, МҚ бiр немесе бiрнеше объектiлерiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасын жасайтын МҚ Архивариус программасын іскe қосуға мүмкiндiк бередi;
Қызметтiк программалар - қызметтiк программалардың бiреуiн icкe қocyғa мүмкiндiк бередi;
Қорғаныс (Security) - МҚ-мен жұмыс icтey үшiн пароль жасауға жоюға, қатынас жасау құқықтарын анықтауға, қорғаныс шеберiн iскe қоcyғa мүмкiндiк бередi;
Репликация (Replication) - репликалардың белгiлi бiр бөлiмiне арналrан синхронизация жасауға, қосымша реплика жасауға, келiспеушiлiктi жоюға арналған қызметтiк программаны icкe қосуға, негiзгi репликаны қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi;
Іске қocy параметрлері (Startup) - базаны ашқан кезде әрекет ететін параметрлердi орнату мүмкiндiгiн жасайды;
Макрос (Macros) - аты көрсетiлген макросты iскe қосады;
ActiveX элементтерi - қандай арнаулы басқару элементтерiн iскe
қосуға ажыратуға балатынын анықтайды;
Қондырмалар (Add-Ins) - Батырмалық формалар диспетчерiмен, қондырмалар диспетчерiмен, жасаған кестелер диспетчерiмен жұмыс iстесе, МҚ-ын белyге мүмкiндiк бередi, меню жасайтын құралды iске қосады;
Параметрлер (Options) - бiрнеше iшкi беттерi бар параметрлермен
жұмыс icтey терезесiн ашады.
Терезе менюі тереземен жұмыс iстеудi басқаруға арналған және оның құрамында келесi командалар бар:
жоғарыдан төменге (Тilе Vertically) - көрiнiп тұрған барлық терезелердi вертикаль бағытта тік орналастырады (қабаттамайды);
Солдан оңға (Тilе Horisontally) - көрiнiп тұрған барлық терезелерді горизонталь бағытта көлденең орналастырады (қабаттамайды);
Каскадты (Cascade) - барлық терезелердi қабаттастырып, каскадты түрде орналастырады;
Белгiшелердi реттеу (Arrange Icons) - жасырылған МҚ объектiлерiнiң барлық белгiшелерiн терезенiң төменгі өрнегiнде реттеп орналастырады;
Жасыру (Hide) - екпiндi (активтi) терезенi жасырады;
Бейне- (Unhide) - жасырылған терезенi экранға шығарады;
Менюдiң төменгі жағында ашық, терезелердiң тiзiмi орналасқан ? (Анықтама) менюi анықтамаларды алуға арналған, құрамында келесi командалар бар:
Анықтаманы шақыру (Мiсrоsоft Access Help Topics) - қажеттi анықтамалық информацияны табуға мүмкiндiк беретiн, Мазмұн, Пәндiк көрсеткiш, Iздеу бөлiмдерi бар терезе ашады;
2 Практикалық бөлім
2.1 Мәлеметтер базасын құру
Программа туралы (About Microsoft Access) - ағымдағы МҚБЖ орнатылған операциялық жүйе және ақпараттық конфигурация туралы информация беретiн терезе ашады. Негiзгi менюдiң қалған пункттерi лабораториялық жұмыстарды орындау барысында кейiн түсiндiрiледi. Негiзгi менюдiң төменгі жағына саймандар тақтасы орналасқан. Сай - мандар тақтасындағы батырмаларды солдан оңға қарай атап өтейiк:
Мәлiметтер базасын құру
Мәлiметтер базасын ашу
Сақтау
Баспаға шығару
Алдын-ала көру
Кipicтipy
Yлгi бойынша формат болдырмау
Оffiсе-пен байланыстарды талдау
Үлкен белгiшелeр
Кiшi белгiшелер
Тiзiм
Кесте
Программа
Қасиеттер
Мәліметтер схемасы
Жаңа объект көмекшісі
Одан ары қарай Access негiзгi объектiлерiне сәйкес келетiн Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Басылымдар, Макростар, Модульдер бөлiмдерi бар мәлiметтер базасының терезесi және Ашу, Конструктор, Жасау батырмалары орналасқан. Access МҚБЖ-сімен жұмыс тәсiлдерi Windows ортасындағы графикалық объектiлермен (терезе, тiзiм, ауыстырғыш қосқыш, жалауша, батырма, т.с.с.), жұмыс істеу тәрiздi орындалады. Access-тен шығу үшiн Access терезесiн жабу керек немесе файл Шығу командаларын орындау қажет. Егер оған дейiн жасалған объектiлер сақталмаса (ФайлСақтау меню командасын орындау немесе Caқтay батырмасын басу), онда диалог терезесiне ол туралы сұрақ қойылады.
Мәліметтер типтері
- мәтіндік (текстовой)- 255 символдан тұратын форматы шағын мәнді сақтау үшін қолданылатын мәліметтер қоры
- Memo өрісі (поля Memo ) - 65536 символдарға дейінгі үлкен мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі. Мәтін өрісте сақталмайды.
- Сандық (числовой) - сандық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Дата (уақыт(дата)время)- күн, ай, жыл формаларында мерзімді және сағат минут форматында уақыт мөлшерін сақтауға арналған мәлімет типі.
- Санауыш (Счетчик - Counter) - жазбалар нөмiрiн анықтау үшiн қолданылады. Автоматты түрде бiрден басталып, жазбалардың қайталанбайтын осы өpic мәнi арқылы анықтап отыру үшiн қажет (бұл өpic мәндерiн теруге, өзгертуге болмайды;
- Ақшалай (Денежный - Currency) - ақшалай көрсетiлген информациялардың енгiзу үшiн қажет. Жалпы, олардың сандық типтегi өpicкe де енгiзуге болады дегенмен осы типте жұмыс icтеу ыңғайлы. Өpic форматындағы тiзiмнен қажеттi ақша бiрлiктерiн таңдауға, олардың үлгiсiн беруге болады. Үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшiн ( - 900 триллион) жиi қолданылады;
- Логикалық (Логический - yesno) - логикалық мәлiметтердi (Ияжок, 01, ақиқатжалған, т.с.с.) сақтау үшiн керек;
- OLE объектiсi (Объект OLE - OLE object) - Windows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтiн құжаттарды, кестелердi, графиктердi және басқа объектiлердi сақтау үшiн арналған мәліметтер типі. Оның мәндерiнiң жазылу түpi өpic форматындағы мәлiметтер тiзiмiнен таңдап алынады. l ай формат таңдалса да, кестеде логикалық өpic жалаушалармен кескiнделедi. Жалаушаны тышқанмен шертiп Ия мәнін белгiсiн орнату арқылы, ал Жою мәні өрісті бос қалдырy арқылы енгiзiледi.
Бұдан басқа, "Жалпы" ("Общие") iшкi бетiнде өрiстiң бiрсыпыра қасиеттер жиыны берiледi, "Алмастыру" ("Подстановка") iшкi бетiнде басқару элементiнiң типi көрсетiледi. Олар Access өрiстердiң 11 түрлi сипаттамаларын яғни қасиеттерiн көрсете алады, бiрақ қасиеттердiң нақты тiзiмi өpic типiмен анықталады. Ендi өрiстердiң негiзгi қасиеттерiн қарастырып шығайық:
1) өpicтің eнi (размер поля) - мәтiндер үшiн алдын-ала келiсiм бойынша 50 символ болып алынған, сандық өpicтep үшiн мына типтердiң бiреyi алынады Байт (Байт), Бүтiн сан (Целое), Ұзартылған бұтiн сан (Длинное целое), Жылжымалы нүкте (С плавающей точкой) eнi 4 немесе 8 байт, Репликация коды (Код репликации);
2) формат (формат) - қағаздағы және экрандағы информация түрін анықтайды.
3) Енгiзу қалқасы (маска ввода) - онда мәлiметтердiң енгiзiлу түрін анықтайтын формат көрсетiледi;
4) Oндық таңбалар саны - сандық және акшалай өpicтep үшiн үтiрден кейiнгi разрядтар саны;
5) қолтанба (подпись) - формалар мен басылымдарға арналған өpicтep сипаттамасы (өpiстep аты ретiнде қолданылады);
6) алдын-ала бекiтiлген үнсiз келiсiм мәні (значение по умолчанию) - өpiстe автоматты түрде бiрден пайда болатын мәндер, бiрақ олардың кесте немесе форма режимiнде өзгертуге немесе жаңадан енгiзуге болады;
7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) - Ассеss-тiң енгiзiлген мәнге реакциясын анықайтын логикалық өрнек;
8) қате туралы хабарлама (сообщение об ошибке) - өpiстeгi информация мәнге қойылған шарты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын хабарлама;
9) мiндеттi түрде толтырылатын өpic (обязательно поле) - өpicкe мән беру қажеттiлiгiн анықтайды;
10) бос жолдар (пустые строки) - өрiстердiң нөлдiк мәндерiн тағайындайды олар бос жолдардан басқаша болып саналады;
11) индекстелген өpic (индексированное поле) - мәлiметтер iздеуді жеделдету үшiн осы өpic бойынша индекс құру қажет пе, жоқ па соны анықтайды.
Мәндердiң енгiзiлу форматын беретiн олардың бетперде (маска) құруға арналған негiзгi символдар 1-кестеде келтiрiлген.
(Маска) мысалдары:
1) (###) - ### - ### - 325477370 санын енгiзгенде, ол өpicтe келесi
түрде көрiнедi (325)-477-370;
2) Алматы мeнің енгiзгенде ол АЛМАТЫ сөзiне түрленедi.
Бет перде (Маска) құру үшiн бет перде құру шеберiн қолдануға болады, ол үшiн Енгiзу бет пердесi қасиеттерiнен тұpатын (көп нүктесі бар квадрат) батырмасын шерту керек.
Access индекстiң eкі түрін сүйемелдейдi:
- индекс - алғашқы кiлт - бұл әрбiр жазбаны бiр мәндi түрде анықтайтын өpic немесе өpicтep комбинациясы;
- индекс - екiншi реттегi кiлт - сұрыптау немесе iздеу барысында қолданылатын өpic немесе өpicтep комбинациясы.
Индекстер құру үшiн өрiстердi алдын-ала белгiлеп, Кiлт белгiшесiн немесе ТүрИндекстер меню командасын қолдануға болады. Соңғы команда индекс атауы, индекстеу өpicтepi және сұрыптау peтi көрсетiлуi тиiс сұхбат терезе шығарды.
Кесте немесе форма өpicтepi өpic түрiнде көрінуі керек пе, тiзiм түрiнде ме, әлде тiзiмi бар өpic түрiнде көрінуі керек пе осыны анықтайтын басқару элементiнiң Tүpi "Алмастыру" iшкi бетiнде сипатталады. Егер өpic үшiн Тiзiм (List Вох) немесе Тiзiмi бар өpic (Сотто Вох) басқару элементтерi таңдалса, онда тiзiмнiң жолдары үшiн мәлiметтердiң шыққан жерiн және тiзiмнiң басқа да бiрқатар белгiлерiн анықтайтын қосымша қасиеттер шығады. Мәлметтердiң шыққан кезi кесте болып табылады, онымен жұмыс барысында үздiксiз байланыс орнатылатындықтан, ол тiзiмнiң ең соңғы нұсқа екендiгiн, яғни өзектiлiгiн қамтамасыз етедi.
Егер өpic Tүpiн анықтау кезiнде Алмастыру шеберi таңдалса, онда "Алмастырулар" iшкi бетiндегi қасиеттер мәні Шебер арқылы толтырылады.
Кесте режимiнде жұмыс iстey
Кестелер - МҚ-ның негiзгi объектiлерi. МҚ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өpicтepi және сол өрiстердiң типтерi мен касиеттерi анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсiлi бар:
1. Режим таблицы (кесте режимі)- бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өріске мәліметтер енгізе отырып, кесте құру.
2. констуктор - әрбір өріске ат беріп, мәлімет типін және оның сипаттамасын беріп, кесте құру.
3. мастер таблиц (кесте шебері) - үлгі бойынша кесте құру.
4. импорт таблицы (кестелерді енгізу).
5. связь с таблицами (кестелермен байланыс).
Кесте iшкi бетiн ашып, Құру (Создать) батырмасына шертсек, 3-суретте көрсетiлген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесi шығады.
Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бiрнеше тәсiлдерi көрсетiлген.

3-сурет. Мәлiметтер базасын құру режuмiн таңдау терезесi
Кесте режимiн таңдағаннан кейiн бiрiншi жолда өpic атауын берiп, ал төменірек әрбiр өpicтің мәлiметтерiн енгiзе отырып, Кесте құру мүмкiндiгiне ие боламыз. Бұл режим Ехсеl-де кесте құру тәсiлiне ұқсас.
Кестеде 20-ға дейiн өpic болуы мүмкін.
MS Access ашылғаннан кейін экранда Мәліметтер базасын ашу стандартты терезесі тұрады, оны жабыңдар. Жаңа мәліметтер базасын құру үшін:
Файл - Құру (Создать) командасын орындау немесе Ctrl+N пернелерін қатар басу қажет;
Ашылған терезедегі Жалпы (Общие) ішкі бетіне көшіп, Мәліметтер базасы деген белгішені екі рет шерту керек (1.3 сурет);

Жаңа мәліметтер базасы файлы атты жаңадан ашылған терезедегі Файл аты өрісіне жаңа база аты енгізілуі тиіс. Оған П (дербес компьютер) сөзін теріп, Құру (Создать) батырмасын шерту керек (1.4 сурет).Алғашқы кестені жасау

Мәліметтер базасы терезесіндегі объектілер өрісінен Кестелер (Таблицы) жолын тышқанмен шертіп таңдап алып, оның оң жақ бөлігінен
КОНСТРУКТОР режимiнде кесте құру
Kecтeнi құру барысында КОНСТРУКТОР режимiн таңдап кесте
өpicтерінен сипаттамасын анықтайық. Мұнда әрбiр өpiскe ат берiп мәлiметтер типiн және оның сипаттамасын берiп, бұл өрістің қасиеттерiн анықтау керек.
Конструктор режимінде кесте құру жолын таңдап немесе Конструктор
батырмасын шертіп, ОК-ны басу қажет.

жобалау терезесі
Енді экранға кесте құруға арналған бос терезе шығады, ол екі бөліктен тұрады. Терезенің жоғарғы бөлігіне - өріс атаулары, мәлімет типтері және түсініктемелер (комментарийлер) жазылады да, төменгі бөлікке - өріс қасиеттерін сипаттау параметрлері (1 қосымша) енгізіледі. Осы терезенің жоғарғы және төменгі бөліктерінің бірінен біріне жылдам ауысу үшін F6 пернесін немесе тышқанды пайдаланамыз.
Енді кестені құру (конструкциялау) терезесіне керекті өріс атауларын енгізу керек.
ИМЯ ПОЛЯ (ӨРІС АТЫ) бағанасының бірінші жолына пернелерден КОД МОДЕЛИ (МОДЕЛЬ КОДЫ) сөзін енгізіп Enter пернесін басыңыздар. Осы жолдың ТИП ДАННЫХ (МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ) бағанасындағы тізім шығару батырмасын шертіңіз де, шыққан тізімнен ТЕКСТОВЫЙ (МӘТІНДІК) сөзін таңдап алу керек.
Енді кестенің төменгі жағындағы Свойства поля бөлігінің Размер полдеген жолына 6 санын енгізіңіз, ол мәлімет ені алты символдан аспайтынын білдіреді. Обязательное поле жолындағы тізім шығару батырмасын шертіп, шыққан сөздерден ДА тіркесін таңдап алыңыз. Осы сияқты Индексирован - ное поле жолының да ДА (Совпадения не допускаются) сөзін көрсету керек.
Кесте аралық байланыстар
Сұхбаттасудың 4-шi қадамында кесте құрылып бiткеннен кейiн, тұтынушының кестемен қандай ic-ерекет орындаймын деп отырғанын көрсету қажет. Практикада кестенің құрылымын өзгерту ic-әрекетiн. Дайын (Готово) батырмасын басқаннан кейiн құрылған кестенің сипаттау терезесi Конструктор режимiнде ашылады, мұнда кесте құрылымына қажеттi өзгерiстер енгiзуге болады.
СЕРВИС менюінің СХЕМА ДАННЫХ пунктін таңдаңыз.
ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ терезесіндегі КЛИЕНТЫ сөзін белгілеп алып, ДОБАВИТЬ сөзін шертіңіз. Енді МОДЕЛИ КОМПЬЮТЕРОВ кестесін белгілеп алып, ДОБАВИТЬ батырмасын шертіңіз.

ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ терезесін жауып, көрініп тұрған СХЕМА ДАННЫХ терезесіндегі керекті өріске курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды Клиенты кестесінің КОД МОДЕЛИ өрісіне жеткізген соң, батырманы босатыңыз.
Экранға БАЙЛАНЫС (Связи) диалог терезесі шығады. МӘЛІМЕТТЕР ТОЛЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (Обеспечение целостности данных) жалаушасын көтеріп, қатынасу типін БІРДЕН КӨПКЕ (Один ко многим) деп алып ҚҰРУ (Создать) батырмасын басыңыз.
Кестелер бір-бірімен байланысты болды, енді МӘЛІМЕТТЕР СХЕМАСЫ (Схема данных) терезесін жабу керек. Бұдан былай бір кестедегі мәліметтер онымен байланысқан екінші кесте мәліметтерімен байланыста болады да, оларды екі кестеде де қолдануға мүмкіндік бар.
Кестелердi енгiзу (Импорт таблиц) шеберi және кестелермен байланыс (Связь с таблицами) шеберi басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәлiметтер базаларынан кестелер құруға мүмкiндiк бередi. Кестелерді енгiзу шеберiн қолданғанда сыртқа файлдан жұмыс iстеп тұрған ағымдағы МҚ-на мәлiметтер мен объектi - лердi енгiзу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен байланыс шеберiн қолданғанда, ағымдағы мәлiметтер базасында сыртқы файл кестелерiмен байланысқан кестелер құрылуы жүзеге асады.
6- сурет. құрып отырған Kecmeнің байланыстарын анықтау
Кесте құруға арналған тапсырмалар Мәлiметтер қорын құрған кезде кестелердi жобалаудың төмендегiдей ережелерiне сүйену керек:
oo кестедегi бар өpicтep мәні арқылы есептелiп шығатын өрістер құрмау қажет;
oo қайталанатын өpiстеp құрмау керек;
oo әрбiр жазба үшiн бiр мәндi қайталап сақтайтын өpicтep құрамыз - әрбiр жазба қайталанбайтын бiрегей (уникальный) болуы керек;
oo қайталанбайтын бiрегей түйiн (уникальный ключ) болуы тиiс;

Конструктор режимінде сұраныстар құру.
Сұраныстар жасау режимінің конструктор режимін таңдап алып, ашылған сұхбат терезесінде сұраныс құрылатын терезені белгілеп алып, Добавить батырмасына басу керек. Содан соң терезенің төменгі бөлігінде өріс (поле) қатарында керекті өрістерді көрсету қолданылады. Условие отбора (таңдау шарттары) қажетті мәліметтерді таңдап алатындай шарттарды енгізу қажет. Таңдау шарттары салыстыру операторы мен мәндерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасының обьектілері
Мәліметтер қорымен жұмыс режимі
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасының теориясы
«Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)»
Access бағдарламасын меңгеру
Деректер базасына информациялық талдау
Microsoft Visual basic 6-ең жаңа программалау тілі
MS Access
MS Access программасын оқып үйрену және оны қолдану
Пәндер