Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Кіріспе 3
1 Бағдарлы мектептерді ұйымдастыру 4
1.1 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері
1.2 Бағдарлы оқыту 7
1.3 Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары 11
2 Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар
2.1 Ақпараттық технологияны қолдану методологиясы. 18
2.2 Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25

Тақырыптың өзектілігі: XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми – техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр.
Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – объектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеудегі аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынады.
Ақпарат жүйесінің теориясын меңгеру барысы ғылыми, қолданбалы және танымдық жайларды қамтитын болса, осы рефератта жоғарыдағы шаралар жайындағы теориялық материалдар, мәліметтердің синтаксистік және семантикалық үлгілері, ЭЕМ арқылы мәселелік есептерді шешугдегі ақпаратты өңдеу технологиясын жүйелік ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады.
Қызмет ететін объектілердегі үрдістердің сандық және сапалық жақтары объектілердің ақпараттық жүйесін үлгілеу үшін негізгі болып табылады. Үлгілеу – шынайы құбылыстар мен үрдістерді тұспалдаудың тиімді әдістерінің біріне саналып, үрдістерді сипаттаушы айнымалылардың өзара сандық байланысын бекітуге қызмет етеді. Үлгілеу әдісін жүйені зерттеу құралына немесе таным құрална жатқызғанда, үлгі қаншалықты деңгейде шынайы құбылысты сипаттауы мүмкін деген сұрақ қалыптасады. Егер үлгіні тұрғызуға бастапқы ақпарат қате болса, немесе үлгілік есепті шешудегі әдістер жеткілікті қатаң болмаса, ол үлгі қалыпты болмайды, әрі іс жүзінде қолдануға қызығушылық туғызбайды.
Мақсаты: Ақпарат туралы білімдерін толықтыру барысында, ақпараттық жүйенің құрылымымен таныстырып,пайдалану мүмкіндіктерін айту.
Міндеттері:
- Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру ақпараттық жүйенің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктілігін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуын қалыптастыру.

1. Базы данных А.Д.Хомоненко, В.М.Цыганков, М.Г.Мальцев Санкт-Петербург КОРОНА принт 2007г.
2. www.intuit.ru
2. Delphi 7 Хомоненко А.Д. БХВ-Петербург 2008г.
3. Базы данных С. В. Глушаков, Д. В. Ломотько АСТ 2002г.
4. Базы данных. Разработка приложений Л. В. Рудикова БХВ-Петербург 2006г.
5. Баскаков С.И. Радиотехнические цепи и сигналы Учебник для вузов.- М. Высшая школа, 1988.
6. Сергиенко А.Б. Цифровая обработка сигналов. – СПб.: Питер, 2003. – 608 с.
6. Семенов М.И. и др. Автоматизированные информационные технологии в экономике. - М.: Финансы и статистика, 2000
7. Чоговадзе Г.Г. Персональные компьютеры – М.: Финансы и статистика, 1989
8. Информационные технологии управления: Учебное пособие/ под ред. Ю.М. Черкасова. – М.: ИНФРА- М, 2001.
9. Новые информационные технологии (30 уроков по информатике:учебник;/Е.К.Балафанов, Б.Бурибаев, А.Б.Даулеткулов. 3-е изд.,испр.и доп.-2004:ИНТ,2004-400с.)

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Бағдарлы мектептерді ұйымдастыру 4
1.1 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері 4
1.2 Бағдарлы оқыту 7
1.3 Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары 11
2 Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар 18
2.1 Ақпараттық технологияны қолдану методологиясы. 18
2.2 Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми - техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр.
Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану - объектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеудегі аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынады.
Ақпарат жүйесінің теориясын меңгеру барысы ғылыми, қолданбалы және танымдық жайларды қамтитын болса, осы рефератта жоғарыдағы шаралар жайындағы теориялық материалдар, мәліметтердің синтаксистік және семантикалық үлгілері, ЭЕМ арқылы мәселелік есептерді шешугдегі ақпаратты өңдеу технологиясын жүйелік ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады.
Қызмет ететін объектілердегі үрдістердің сандық және сапалық жақтары объектілердің ақпараттық жүйесін үлгілеу үшін негізгі болып табылады. Үлгілеу - шынайы құбылыстар мен үрдістерді тұспалдаудың тиімді әдістерінің біріне саналып, үрдістерді сипаттаушы айнымалылардың өзара сандық байланысын бекітуге қызмет етеді. Үлгілеу әдісін жүйені зерттеу құралына немесе таным құрална жатқызғанда, үлгі қаншалықты деңгейде шынайы құбылысты сипаттауы мүмкін деген сұрақ қалыптасады. Егер үлгіні тұрғызуға бастапқы ақпарат қате болса, немесе үлгілік есепті шешудегі әдістер жеткілікті қатаң болмаса, ол үлгі қалыпты болмайды, әрі іс жүзінде қолдануға қызығушылық туғызбайды.
Мақсаты: Ақпарат туралы білімдерін толықтыру барысында, ақпараттық жүйенің құрылымымен таныстырып,пайдалану мүмкіндіктерін айту.
Міндеттері:
oo Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру ақпараттық жүйенің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктілігін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
oo Оқушыларды жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуын қалыптастыру.
1 Бағдарлы мектептерді ұйымдастыру
1.1 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері
Әрбір мектеп бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың өздеріне неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет. Ол үшін біріншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері дегеніміз не соған тоқталайық. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА қызметкерлері бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі мен бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісін ұсынып отыр.
Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.
Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде:
- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;
- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;
- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;
- сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;
- бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;
- мектептің материалдық-техникалық базасы ескерілуі қажет.
Енді біріншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісіне тоқталайық. Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің қай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығына:
- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;
- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді жатқызсақ, кемшіліктері ретінде:
- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;
- біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;
- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіруді атауға болады.
Келесі бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;
- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін;
- оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;
- қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы.
Екіншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісіне тоқталамыз. Ол
- ресурстық орталық негізінде немесе;
- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме - ресурстық орталық төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады. Ресурстық орталық үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық жәненемесе материалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.
Ал кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі,
- мұқият үйлестірудің қажеттілігі,
- оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы.
Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кіші-гірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:
- бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;
- тәжірибеден өткізуді;
- жобалық және зерттеу жұмыстарын;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады. "Әлеуметтік серіктестік" үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды:
- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын,
- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын,
- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.
Кемшіліктері мыналар:
*
ұйымдастырудың күрделілігі
*
қаржымен қамтамасыз етудің күрделілігі
*
оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің күрделілігі.
Шағын қала және ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ресурстық орталық немесе әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру қазіргі біздің жағдайымыз үшін қолайлы. Жалпы ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың жоғарыда айтылған екі үлгісін де алуға болады.
Енді біз ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру формаларына толығырақ тоқталсақ дейміз, себебі республикадағы жалпы білім беретін мектептердің жартысынан астамы ауыл мектептері.
Ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру оның типтері мен түрлерінің және формаларының алуан түрлілігімен байланысты.
Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда әртүрлі факторлар қамтылуы тиіс. Солардың ішінде ауылдағы барлық мектеп саны, мектептің статусы, оқушылар мен параллель сыныптар саны, педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, географиялық орналасуы негізгі факторлар болып есептеледі.
1.2 Бағдарлы оқыту
Бағдарлы оқыту ауылдағы барлық мектеп санына, яғни бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) орналасқан мектептерге, оның білім беру сатылары мен оқыту жағдайына байланысты (1 кесте).
1 кесте
Мектеп саны
бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір немесе екі орта мектеп орналасқан
бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір негізгі мектеп орналасқан
бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір шағын жинақталған мектеп орналасқан
Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда ескерілетін келесі факторға мектептің статусы жатады (2 кесте).
кесте
Мектептің статусы
білім беру сатылары бойынша: негізгі;
орта
оқыту жағдайына қарай: толық жинақталған; шағын жинақталған;
меншік түрлеріне қарай: мемлекеттік, жеке меншік
ұйымдастыру формасы бойынша: гимназия, лицей,
дарынды балалар мектебі
Сондай-ақ ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен параллель сыныптар саны, педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, мектептің географиялық орналасқан орны есепке алынуы тиіс (3 кесте).
3 кесте
Оқушылар мен параллель сыныптар саны
Педагогикалық кадрлармен қамтылуы
Қосымша білім беруді ұйымдастыру
Ресурстық мүмкіндіктері
Географиялық орны
бағдарлы оқытатын мектепсынып оқушыларының саны
(20-25 );
қатар сыныптардың болуболмауы;
мектепсынып
тардағы оқушылар санының толықтығы
кәсіби білікті кадрлармен қамтылуы;
бағдарламаларды жүзеге асыруда кадрлардың біліктілігін көтеру;
білім беру мекемелері мен мұғалімдердің бағдарлы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру құқығына иелігін дәлелдейтін құжаттары
арнайы (музыка, спорт, өнер, т.б.) мектептер
мен қамтылуы;
кружок, секция, клубтар және т.б. қамтылуы
сынып бөлмелерінің саны;
мектептің компьютермен және т.б. құрал-жабдықтармен қамтылуы;
компьютерді оқу-тәрбие процесінде пайдалануы;
интернет байланыстары
ның болу-болмауы;
оқу-әдістемелік кешендермен (бағдарлама, оқулық, әдістемелік оқу-құралдар) қамтылуы
Осы факторларды ескере келе, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытудың төмендегідей қосымша түрлерін ұсынуға болады:
- оқытудың интернаттық жүйесі;
- пәндерді қарқынды жүйеде оқыту;
- жалпы білім беретін және бағдарлы пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада);
- қашықтықтан оқыту;
- бағдар бойынша жас шамалары әртүрлі оқушыларды біріктіріп оқыту (10-11 сынып оқушылары).
Оқытудың интернаттық жүйесі. 2003-2006 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасына сәйкес 04.02.03 ж. ҚР БжҒМ-нің №128 бұйрығымен Ауыл мектебі бағдарламасы бекітілді. Осыған орай біздің республикамызда орта жалпы білім беретін мектептері жоқ қашық елді мекендердегі балалар үшін мектеп жанындағы интернаттар мен жалпы білім беретін мектеп-интернат желілерін кеңейту шаралары қарастырылуда. Бүгінгі күні ҚР БжҒМ-ң мәліметтері бойынша мектеп жанындағы интернат саны, соның ішінде интернаты бар ауыл мектептерінің саны 276-ға жуық, ал интернатта тұрып оқуды қажет ететін оқушылар саны - 13596, соның ішінде нақтылы интернатта тұрып оқып жатқан оқушылар саны - 9981. Ауылдық елді мекендерде интернат орындарын ең қажет етіп отырған Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарын атауға болады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 2303 оқушының 495 ғана интарнатта жатып оқиды.
Аудан орталықтарында интернат мекемелерін ашу үшін оның экономикалық тиімділігімен қатар балалар мен ата-аналардың сұраныстары да ескеріледі. Мектеп-интернаттардың ашылуы шағын жинақталған ауыл мектептерінің санының азаюына, сондай-ақ балалардың күнделікті бірнеше қашықтықта орналасқан елді мекендерге тасымалданып оқуларына әсер етеді.
Пәндерді қарқынды жүйеде оқыту. Оқытудың бұл формасы базалық мектеп шеңберінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, педагогикалық десант түрінде құрылған мұғалімдер тобынан тұрады. Бұл жағдайда мұғалімдер алдын-ала белгіленген ретпен жер-жерге барып жалпы білім беретін пәндер мен бағдарлы пәндерді алмастыра оқытады. Мысалы, оқытудың осындай формасы кеңестік мектептерде 50 жылдары Қазақстан мен Түркіменияда тәжірибеден өткізілген. Онда арнайы құрылған педагогикалық топ алыс елді мекендерде орналасқан мектептерге барып сабақ өткізген. Оқытудың бұл формасын Ресейлік ғалымдар Жылжымалы лаборатория түрінде ұсынып жүр.
Жалпы білім беретін және бағдарлы пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада). Ұсынылған оқыту түрінде жалпы білім беретін пәндер мен бағдарлы пәндерді оқыту ұзақтығы әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Оқытудың бұл формасы республика мектептерінде шому әдісі бойынша тәжірибеден өткізілуде. Бұл әдіс Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте қолданылып жүр (директоры Е.С.Сағымбаев). Бұл мектеп академияның эксперименттік алаңы болып саналады. Ондағы оқыту процесі пәндерді апта ішінде алмастыра оқыту ұзақтығымен еркешеленеді, мысалы 4,5 күн жалпы білім беретін пәндер оқытылса, қалған 1,5 күн бағдарлы пәндерді оқытуға арналған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей осы оқыту формасының тиімді жақтары көп. Мысалы, мектеп оқушыларының 80%-ға жуығы Біріңғай ұлттық тестілеуде жоғары балға ие болып келеді.
Қашықтықтан оқыту. Географиялық орнына сәйкес алыс елді мекендерде орналасқан мектептің оқушылары үшін қашықтықтан оқыту тәсілін қолдануға болады. 2001 жылы ЮНЕСКО-ң білім беруді ақпараттандыру институтымен бірге Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығы ҚР ауыл мектептерінде қашықтықтан оқыту жобасын ұсынған болатын. Оның негізгі мақсаты жергілікті жерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын жасау, сонымен қатар ауыл мектептері оқушыларын і қашықтықтан оқыту идеяларымен таныстыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге үйрету болып табылады. Мінеки, осындай бар дүниені қолдана отырып, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуда қашықтықтан оқыту формасын пайдалануға болады. Бұл жерде міндетті түрде жергілікті басқару органдарының көмегі қажет.
Қашықтықтан оқытудың тиімділігі:
- мұғалім мен оқушы (немесе оқушылар тобы) арасындағы ақпарат алмасу;
- қазіргі телекоммуникация құралдарының көмегімен орындалатын оқушылардың іс-әрекеті арқылы анықталады.
Ал қашықтықтан оқыту сабақтарының түрлері педагогикалық процестің ерекшеліктері арқылы, сондай-ақ мектепте немесе оқыту орталықтарында бар ақпарат көздері мен телкоммуникация құралдарының жиынтығы арқылы анықталады. Елімізде орта жалпы білім беретін мектептерді ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына (1997-2002 жж.) сәйкес Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығының көмегімен қала мектептерімен қатар ауыл мектептері де қарқында түрде компьютермен жабдықталды. Орта жалпы білім беретін мектептер 10+1, толық емес орта мектептер 5+1, шағын жинақталған мектептер 2+1 үлгілерімен негізінен компьютер сыныптары жабдықталды. Қазір осы орталықтың мәліметі бойынша Қазақстанның 46%-ға жуық мектептері Интернет жүйесіне қосылған.
Бағдар бойынша жас шамалары әртүрлі балаларды біріктіріп оқыту (10-11 сынып оқушылары). Оқытудың бұл формасында жалпы білім беретін пәндер жас шамалары бірдей топта немесе сыныпта оқытылса, бағдарлы курстар мен таңдау курстары уақытша құрылған жас шамалары әртүрлі топтарда оқытылуы мүмкін. Мұндай жағдайда білім беруді ірі блоктарға бөліп жоспарлау және бірнеше бағдарламалар, соның ішінде жеке арнайы бағдарламалар құру ұсынылады. Оқытудың бұл тәсілі оқу материалдарын тиімді игеруді қамтамасыз етеді.
Осы ұсынылған ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру формалары алдағы оқу жылында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Ол үшін қалған аз уақыт аралығында облыстық, қалалық білім беру департаменттері мектептің бағдар алды және бағдарға бөлу жұмыстарын жүргізу үшін білім беру мекемелерін анықтап алуына және аймақтың білім беру картасын құрастыруына; бағдарлы, қолданбалы және таңдау курстарын таңдауына және т.б. іс-шараларды жүзеге асыруына жағдай жасауы қажет.
1.3 Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары
Өндірістік және шаруашылық мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, банктер өздігінше күрделі объектілерді көрсетеді. Ақпараттық жүйе түсінігі өзара және элементтердің сыртқы ортасымен байланысқан жиынтық түсініледі. Олардың жұмыс істеуі нақты мақсатты немесе пайдалы нәтижені алуға бағытталған. Осы анықтамаға сәйкес әрбір экономикалық объект (мекеме) немесе оның бөліктерін қойылған мақсатқа жетуге ұмтылатын жүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйе үшін келесі негізгі қасиеттер сәйкес: күрделілік, бөлінгіштік, бүтіндік, элементтердің әртүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы, құрылымдылық. Жүйе күрделілігі оған кіретін элементтер жиынына, олардың құрылымдық әрекеттесуіне, сонымен қатар сыртқы және ішкі байланыс күрделілігіне қатысты. Кәсіпорын немесе мекеменің маркетинг қызметі осындай элемент мысалы болып табылады, яғни күрделі сыртқы және ішкі байланыстарды өндіреді. Жүйе бөлінгіштігі нақты мақсат пен міндеттерге жауап беретін, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленген ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Бұл қасиет мыналарды талдау кезінде ерекше маңызды: экономикалық объектілердің жұмыс ерекшеліктері, олардың басқарушылық қызметін ұйымдастыру, құжатайналымды қалыптастыру мен жүргізу, ақпаратты қайта өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі және т.с.с.
Жүйенің бүтіндігі жүйе клиенттерінің көбісінің жұмыс істеуі бір мақсатқа бағыныштылығын білдіреді, онымен модельдеу процесінде талап етілетін және анықталатын нақты экономикалық объекті қызметінің нәтижелілігіне қол жеткіземіз. Жүйе құрылымдылығы жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы орнатылған байланыстар мен қатынастардың бар болуын анықтайды. Бұл материалдық, қаражат және ақпараттық ағымдардың қозғалысын қалыптастыруға арналған шартты құрады. Жүйе кез келген объект болып түсініледі. Ол бір бүтін ретінде, сонымен қатар қойылған мақсатқа жету негізінде біріктірілген әр түрлі элементтер жиынтығы болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Әртүрлі элементтерден тұратын және әртүрлі мақсаттарды өндіруге бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.
Компьютерлендіру объектілеріне қойылатып жалпы талаптар:
1. Басқару мақсаты үшін алынатын ақпарат сапасының қажет деңгейімен берілген мерзімде, толық көлемде басқармалы функцияны өндіру;
2. Ақпаратты жинау, тіркеу, беру, сақтау, өңдеу, көрсетудің тиімді технологиясын қолдану;
3. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің сенімділігі;
4. Ақпаратты қорғау;
5. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің бейімделуінің жоғары деңгейі.
Басқару жүйе компоненттері арасындағы, сонымен қатар қоршаған ортамен ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесі уақыттың әрбір моментінде жүйе жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық жүйе деп аталады.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.
Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
1. Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
2. Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
3. Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
4. Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.
Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) -- бұл экономикалық объекттің түзу және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы. Ақпараттық жүйелер миссиясы. Ақпараттық жүйелер ақпарат және ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған ақпарат қажет. Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы - оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру. Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде - ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.
АЖ классификациясы оқыту пәнін жақсы түсінуді қамтамасыз етеді. Белгілі бір мақсатты көздейтін әртүрлі классификациялар бар.
Deloitte & Touch компаниясымен орындалған классификациямен сәйкес АЖ төрт топқа бөлінуі мүмкін:
1. Локальды.
2. кіші интегралданған.
3. орташа интегралданған.
4. ірі интегралданған.
Басқа авторлар АЖ-ні ERP-жүйелермен ұқсастығыерекшелігі принципі бойынша бөледі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшелейді:
1. локальды автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - жеке жұмыс орнында басқарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен.
2. Басқару функциясын толық көлемде өндіретін ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО кешені.
3. Мекеме масштабында басқару функциясының интеграциясын қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық базаға ненізделген АЖО компьютерлік желісі.
4. Ірі масштабты мекемемен толық функционалды үлестірілген басқаруды қамтамасыз ететін корпоративті АЖ.
АЖ үшін басқа классификациялық белгі - функционалды компоненттер ақпаратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz