Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуЫ мен дамуы
Мамандық атауы:
Пәні
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
Курстық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі
Хаттама № 20___ ж.
Мазмұны
Кіріспе3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ3
1. 1 Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері3
1. 2 Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі кезеңдегі дамуы13
1. 3 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда күтілетін нәтижелер21
Қорытынды24
Қолданылған әдебиеттер26
Қосымша
КіріспеЗерттеу өзектілігі: Бір ғана құбылыс немесе затты зерттей отырып, әр ғылым өз зерттеу объектісін бөліп алады, яғни қоғам мен табиғат даму үрдісінің белгілі бір жағын, объективті дүние болмысының формасын. Тәрбиені объективті өмір сүретін қиын құбылыс ретінде көп ғылым зерттейді. Мысалы, тарихи материализм тәрбиені қоғам дамуының, оның өндіруші күші мен өндірістік қатынастар жеке моменті ретінде; тарих - тарихтың таптық күресі мен таптық саясат жеке моменті ретінде; психология - дамушы адам тұлғасының қалыптасуын зерттеуге байланысты қарастырады. Кез келген ғылымның тәуелсіздігі ерекше және өзінің, басқа ғылым зерттемейтін зерттеу объектісінің болуымен анықталады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бастауышқа дейінгі білім беру - ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы) - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі. Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті.
Шын мәнісінде, әр ғылымның өз тарихы бар өзі зерттейтін қоғамдық немесе табиғи құбылыс нақты объектісі және оның теориялық негізін түсіну үшін маңызы бар білім. Онсыз ол ғылым дами алмайды. Сол себепті оқу - тәрбие орындары саны өсуде, балаларға қажетті дайындық беретін халық балабақшалары жүйесі кеңеюде, тәрбиешілер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылуда, мектепке дейінгі педагогика ерекше ғылым пәні ретінде оқытылуда. Осының барлығы мектепке дейінгі педагогикалық ғылымның дамуына себепші болды.
Бала мен жастар тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде пайда бола отырып, тәрбие шекарасының және қоғам өміріне субъективті факторлар әсер ету аймағының өсуіне байланысты педагогика барлық жастағы адамдарға тәрбиелік әсер ету жалпы заңдылықтары жайлы ғылымға айналуда.
Әрбір ғылым, дами отырып, өз теориясын толықтырады, жаңа мазмұнға ие болады және өз зерттеуінің көлемін ұлғайтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасуын зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:
- Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасуын зерттеу зерттеу;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту туралы ойларды талдау;
- қазіргі кездегі Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің даму деңгейін сипаттау.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығымен күтімін жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту Қазақстан Республикасының Қаулы-қарарларынан қаға беріс қалған емес. Еліміздегі тұңғыш Балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. 1918-20 жылдары Қызылорда, Орал, Торғай қалаларында 115 балабақша, ал 1932 жылы 441 бақша ашылып, оның 35-і қазақ тілінде жұмыс істесе, 1939-40 жылдары Қазақстандағы балабақшалар саны (маусымдық балалар алаңдарын қоса есептегенде) 550-ге жетті, оның ішінде 60-тан астамы тәрбие жұмысын қазақ тілінде жүргізді. Әлі іргесі нығайып, буыны бекімеген еді. Балабақшаларда отбасында сәбилерді тәрбиелеу олардың денсаулығын, күтімін жақсарту, сәбилі аналарға жәрдем керсету мақсатында сол көз дегі «Әйелдер теңдігі» (1926 жылы редакторы С. Есова) журналы «Ана мен бала тәрбиесі» деген бөлім ұйымдастырды. Бұл бөлімді педагог, жазушы, журналист Нәзипа Құлжанова басқарды. Журнал бетінде қазақ ауылындағы отбасында бала күтімін, денсаулығын жақсарту жайында мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1928 ж. ) «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927 ж. ) екі еңбегі жарияланды. Осының өз і сол көз дегі ауыл-селодағы шалғайдағы қызыл отауларда ашылған маусымдық және тұрақты жұмыс істейтін балалар мекемелері мен отбасы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен күтімін жақсарту жұмысына басшылық жасады.
Н. С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі керінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтерге, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған. Ол Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді. Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл беледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.
Назипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, керсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс кеп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтің бақылауында болуы қажет дейді. Сол көз дің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Нәзипа Құлжанова бәланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, керуге, байқауға, өз інше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мумкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінөз дің әр түрлі қубылуын дәлелдеп керсеткен, Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар. балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.
Оның еңбектерінде мектеп жасына толмаған бәла тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».
Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.
Балалар мекемелерінің жыл санап қанат жая бастауы, бұл мекемелерде жұмыс істейтін педагогтер мен тәрбиешілерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету, ғылыми білім негіздерімен қаруландыру сияқты маңызды проблемаларды шешу қажеттігін туғызды. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Халық ағарту Комиссариатының жанынан Академорталық, 1932 жылы республикалық методикалық кабинет құрылды. Осындай игілікті істер Қазақстанда педагогика ғылымының негізін қалауға, тәрбиешілер қауымына ғылыми-педагогикалық, әдістемелік басшы құралдар әзірлеуге мумкіндік жасады. Алғаш рет 1924-30 жылдары Орынбор қаласында ғылыми-педагогикалық мақалалар жинақтары басылып шықты. 1929-1936 жылдар аралығында балабақшалар Уставы және «Руководство для воспитателя детского сада», мектепке дейінгі балалар үйлерімен балабақша тәрбиешіперіне арналған практикумның жұмысы туралы нұсқау хат, т. б. материалдар қазақ тіліне аударылып, шалғайдағы ауылдарда жаңа ұйымдаса бастаған маусымдық бөбекжай (ясли) , балабақша тәрбиешілері үшін басты құрал ретінде таратылды.
Осындай игі істер сөз болғанда, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі Әміржан Сыздықовтың Б. Мұхамеджановпен жасаған «Жас шебер» деген еңбегі де назар аударарлық. Бұл кітапша мектеп жасына дейінгі сәбилер мен бастауыш мектептің бірінші класс оқушыларын қол еңбегіне үйрету, тілін дамыту жұмыстарына арналған. Кітапшада заттың сапасы, ненің неден жасалатыны, қайда болатыны, адамдар ол затты қайдан алатыны туралы мәселелерге көңіл бөлініп, тіл дамыту, қол еңбегіне үйрету, айналадағы өмірді бақылату жұмыстары кешенді түрде қарастырылған.
Алғаш жарық көрген әдістемелік оқу-құралдар, ғылыми мақалалар жинақтары балабақшадағы тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруда тәрбиешілерге бағыт беріп, жәрдем көрсетіп отырды.
Ежелден тәлім-тәрбие құралы балаларға арналған ауыз әдебиеті мұралары, қазақ жазушыларының өлең әндері, әңгімелері көркем суретті кітапшалар көптеп жарияланды. Дәлірек айтсақ, 1929-36 жылдар аралығында І. Жансүгіров (1929 жыл), «Алтын сандық» (1935 жыл), «Шәркей», «Жұмбақтар» (1930 жыл) Б. Майлин «Өтірікке бәйге», С. Сейфуллин «Қазақ әдебиеті», «Билер дәуірінің әдебиеті». С. Бегалин өлеңдер, әңгімелер жинағы (1932 жыл) ауыз әдебиеті мұраларын мол қамтиды; Күлдіргі ертегілер жинағы (1938 жыл), т. б. балалардың жасына қарай таңдап аларлық еңбектер жарияланды. Сондай-ақ, орыс халқының классик жазушылары С. Маршактың «Бұл не деген жаңғалақ», К. Чуковскийдің «Кір қоймас», А. Бартоның «Жылауық» тәріздес бала психологиясына сәйкес келетін, ойлануға мәжбүр етерлік әңгіме-өлеңдері қазақ тіліне аударылып, сол көз дегі бала тәрбиесін жүзеге асы ру ісіне үлес қосты.
1947 жылы «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жұмысының 4-ші бесжылдықтағы мақсаттары мен міндеттері» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияда үш бесжылдыққа қорытынды жасалды. «Қазақстан» жазушылары балаларға», «Қазақстанның табиғи байлықтары», «Жас бөбекті қазақтың ою-кесте өнерлеріне үйрету», «Қазақ фольклорының тәрбие жұмысындағы маңызы», т. б. тақырыптарда баяндамалар жасалған.
Республика экономикалық және ғылым жағынан нығайып, өркендеген сайын баланы отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу, оларды болашақ оқу-ісіне дайындау міндеті айқындала түсті. Балабақшалардың жедел дамуы, ондағы тәрбиеші педагогтерді ғылыми-әдістемелік, әдеби-оқу құралдарымен қамтамасыз етуді қажет ете бастады. Яғни, 1956 жылы республикада 888 балабақшада тәрбиеленуші бала саны 48 мыңға жетті.
Бесжылдықтар ішінде жүзеге асырылған ғылыми теориялық мәдени жұмыстар нәтижесінде және де бұрынғы КСРО-ның Педагогика ғылымдары Академиясының мектепке дейінгі педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының кернекті психолог-педагог ғалымдар (А. В. Запорожец институттың бұрынғы директоры Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. П. Усова, Е. И. Тихеева, О. И. Соловьева, т. б. ) жүргізген ғылыми зерттеулер негізінде Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика жеке ғылым ретінде дами бастады.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтындағы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей байланысты. Бұл бөлім 1958 жылы ашылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Анциферова Аэлита Александровна (1958-1964) және үш ғылыми қызметкер Баймұратова Бәшен, Андросова Вера Никифоровна, Давиденко Лидия Алексеевналар қызмет атқарады. 1966-1976 жылдары мектеп жасына дейінгі педагогика секторы құрылып, оны Б. Баймұратова басқарды, 1976-1980 жылдары осы институтта бастауыш білім беру және мектепке дейінгі әдістемелік бөлімінде аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 1980 жылдан бастап сол бөлімнің меңгерушісі болды. 1958-1964 жылдар аралығында мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөз қорларын дамыту, балабақшадағы нәрестелерді бөбекжайдағы сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде «Балалар бақшасында тәрбиелеу» бағдарламасының тіл дамыту, әдеби шығармалар оқу деген бөлімдері түпнұсқа материалдар негізінде жасалып, қазақ балабақшалары үшін алғашқы бағдарлама 1964 жылы іске қосылды.
Тіл дамытудан оқу әдістемелік еңбектер (Б. Баймұратова) жазылып, ойының еңбекке тәрбиелеудегі рөлі туралы А. А. Анциферова кандидаттық диссертация қорғады. Нәрестелерді сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері туралы әдістемелік құрал дайындалды. (Л. В. Давиденко) .
1965-1970 жылдары «Ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық мәселелері» деген тақырып бойынша төмендегідей зерттеулер жүргізілді: «мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру» (В. Н. Андросова. «Сәбилердің сөз қорымен сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері» жайында (Б. Б. Баймұратова) . «Нәрестелердің қимыл-қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі» (Л. А. Давиденко) .
Бұл тақырыптарды зерттеуде көзделген негізгі мақсат: балабақшалардағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының жалпы жағдайын; балалардың білім-білік деңгейін анықтау. Озат тәрбиешілердің тәжірибесімен танысу, тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру, балабақша бағдарламасы мазмұнын жетілдіру. Зерттеу нәтижесіне сүйеніп ғылыми-методикалық құралдар дайындау.
Аталған тақырыптар қорытындысы бойынша үш монографиялық еңбек, төрт оқу-методикалық құралдары жазылды.
2-ден 4 жасқа дейінгі топтар үшін күн режимі тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарлары жасалып бағдарламасы жетілдірілді. Аталған еңбек «Мектеп» баспасы арқылы (1967-1970) жарияланды.
Зерттеу негізінде А. В. Андросова «Развитие интереса к поэзии у детей старшего дошкольного возраста» (1969), Б. Баймұратова «Сәбилердің сөз дік қорымен сөз игеру ерекшелігі» деген тақырыпта (1971) дисертация қорғады. Л. А. Давиденко «Нәрестелердің ойыншықтармен қимыл-қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі деген тақырыпта монографиялық еңбек жазды.
Зерттеу жұмыстары бойынша, әсіресе қазақ тілінде жарияланған бағдарламалар, ғылыми-әдістемелік құралдар жаңа ашылған қазақ балабақшаларында тәрбие жұмысының сапасын жақсартуда, тәрбиешілердің білімін жетілдіруде, айрықша маңызды болғанын атап айту керек. Осы жылдары бөлім қызметкерлері зерттеу жүргізген екінші мәселе Қазақстандағы ауылдық балабақшалар туралы. Зерттеудің мақсаты: ауылдық балабақшалардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру, басқару ерекшелігін, күн режимінің орындалуын, бала күтімін және баланың ойлау, сөйлеу, іс-әрекет процестерінің дамуын анықтау. Ауыл балабақшаларына басшылық жасау бағытында оқу-әдістемелік құрал дайындау.
Зерттеу қорытындысы бойынша «Қазақстанның ауылдық балабақшалары» деген еңбек жазылды. Бұл еңбек екі тілде орыс, қазақ тілдерінде кітапша болып шықты (1967) . Қазақ тіліндегі нұсқасын Б. Баймұратова жазды. Зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындылары бойынша 1969 жылы мамыр айында қазақ балабақшалары қызметкерлерінің республикалық семинар-кеңесі өткізілді. Ол кеңесте «Республикадағы балалар бақшаларының жағдайы және оны жақсарту шаралары жөнінде» «мәселелер қаралып, Қазақ ССР Оқу министрлігінің сол көз дегі орынбасары, кейінен (1974-1984) Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Д. Есенжолова, «Ана тілін үйретудің негізгі формаларымен әдіс-тәсілдері» туралы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б. Баймұратова баяндама жасады. Алдыңғы қатарлы балалар мекемелерінің меңгерушісі, тәрбиешілері Н. Бақтықұлова (Орал облысы, Казталовка селосы), О. Ешпанова (Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы), Ж. Сәпиева (Гурьев облысы, Махамбет ауданы), т. б. баяндамалар жасап, озат тәжірибелер жайында пікір алысты. Жаңа бағдарлама іске қосылған 1964 жылдан бергі уақыт ішінде (1964, 971, 1972, 1974, 1976, 1979, 1980, 1981, 1982) республикалық облыстық семинарлар, айлық курстар өткізіліп, бақшадағы оқу тәрбие жұмыстарын замана талабына сәйкес қайта құру, тәрбиелеу, білім берудің сыналған әдіс-тәсілдері туралы сөз болды. Осындай жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Республика көлемінде жұмыс істейтін көптеген бақшалардағы тәрбие мазмұны біршама алға басып, тәрбиеші-педагогтердің білім дәрежесі жетіле түсті. Алдыңғы қатарлы тәрбиешілер тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыру деңгейіне көтерілді.
1971-1975 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде үш ғылыми қызметкер Б. Баймұратова, Г. С. Галеева және Р. М. Жұмағожина жұмыс істеді.
Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарында бекітілген мәселеге сәйкес мына тақырыптар зерттелді.
- Әдеби шығармалар оқу процесінде балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту. (Б. Б. Баймұратова)
- Ауыз әдебиеті адамгершілікке тәрбиелеу құралы; Қазақстанда балабақшалардың дамуы (1941-1945) . (Р. Жұмағожина)
- Ересек балаларды азаматтыққа тәрбиелеу. (С. Галеева)
Зерттеуде көзделген басты мәселе: Балабақшалардағы тәрбие мазмұнын жетілдіру, оның даму кезеңдеріндегі тәрбие жұмысының қойылысын, балалардың білім, мінөз -құлық дағдыларының қалыптасу деңгейін байқау.
Бұл бағыттағы жұмыс қорытындысында бөлім қызметкері Р. М. Жұмағожина «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы» (1941-1945) жайында ғылыми-монографиялық еңбек жазды. Төрт оқу-әдістемелік құрал, қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, әдеби шығармалар және тіл дамыту бағдарламасы жасалды. (Б. Баймұратова) .
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің рөлі. (Р. Жұмағожина) жарияланды. 1976 жылы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш бөлімдері біріктірілуіне байланысты бөлім ішінде мектепке дейінгі тәрбие жөнінде ғылыми қызметкерлер тобы құрылды. Онда Б Баймұратова, Г. Дукенбаева, М. Сәтімбекова қызмет істеді. Топтың қызметкерлері 1975-1980 жылдар аралығында 6 жастағы балаларды балабақшадағы даярлық топтарда және мектептің даярлық кластарында мектепке даярлау мәселесін зерттеді, Зерттеу жұмысы қалалық және облыстық (Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстары) балабақшаларында жүргізілді. Осы зерттеу нәтижесінде 6 жастағы даярлық топтар мен кластар үшін бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешені (суретті әліппе, математика, сауат ашу, тіл дамыту методикасы, хрестоматиялар, баланы мектепке дайындау мәселелері, күн режимі, үйдегі еңбек, тіл дамыту, т. б. ) жасалып тәжірибеге енгізілді.
А. Қ. Аймағамбетова 1961-1980 жылдарда Ы. Алтынсарин атындағы пелагогикалық ғылыми-зерттеу институтында алдымен ғылыми қызметкер, ал соңғы 1970-1980 жылдар аралығында он жыл бойы «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып» бөлімінің меңгерушісі ретінде зерттеу жұмыстарына басшылық жасады, Ол 1980-1984 жылдары қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика» кафедрасында доцент, 1984-2001 жылдар аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім» факультетінің деканы қызметін атқарды. Бүгінде аталған кафедраның меңгерушісі, Республика келемінде мектепке дейінгі тәрбие мамандарын дайындауға зор үлес қосты.
Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде 1980-1989 жылдары 10 ғылыми қызметкер, бір лаборант болды. Оның ішінде, үш қызметкер Б. Б. Баймұратова, Г. Х. Дүкенбаева, М. С. Сәтімбекова мектепке дейінгі тәрбие жұмысымен шұғылданды.
Бұл мерзімде жедел шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі 6 жасқа қараған балаларды мектепке даярлау еді. Оған себеп қазақ тіліндегі балабақшалардың аздығынан балалардың көпшілігі балабақшаға қамтылмай, отбасы тәрбиесінен келетін. Ал мұндай жағдай 6 жастағы баланы бірінші сыныпта оқыту процесін дұрыс ұйымдастыруға қиындықтар келтіретінін керсетті. Сол себепті бөлім қызметкерлері 6 жастағы балаларды мектепке дайындау мәселесімен шұғылданды.
Зерттеу қорытындысында балабақшадағы даярлық топтар үшін бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешені, суретті әліппе, оқитын суретті мәтіндер, суретті математика, нұсқаулар, әдеби хрестоматия, сюжетті суреттер, сауат ашу нұсқауы, дидактикалық материалдар, диафильмдер жасалып, балабақша және мектеп тәжірибесіне енгізілді.
1981-1985 жылдары бөлім қызметкерлері «Мектепте және балабақшада баланы 6 жастан оқытудың педагогикалық мәселелері» деген тақырып бойынша 6 балабақша мен 11 мектепте зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша жаңа бағдарламалар, оқу-методикалық құралдар кешені жасалып, ғылыми-методикалық еңбектер жинағы «6 жастағы балаларды оқыту мәселелері» дайындалып, «Мектеп» баспасы арқылы таратылды.
Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтында (директоры, профессор Н. Н. Нұрахметов) 1992 жылдың қаңтар айында мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен шұғылданатын лабораторияда сегіз ғылыми қызметкер еңбек етті. М. С. Сәтімбекова п. ғ. к. (лаборатория меңгерушісі) . 1986-1990 жылдарда мектепке дейінгі ғылыми-қызметкерлер «Қазақ балабақшаларында оқыту және тәрбиелеу» мазмұнын жетілдіру» женінде зерттеу жүргізді. Жеке тақырыптар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz