Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
Мамандық атауы:
Пәні
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
Курстық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі
Хаттама № 20___ ж.
Көкшетау, 2016
Мазмұны
Кіріспе3
1. 1 Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі4
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдердің әсері6
1. 3 Қазіргі кездегі қазақ мультфильмдері21
Қорытынды24
Қолданылған әдебиеттер26
Қосымша А
Қосымша Ә
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие - балалардың адами сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік пен кішіпейілдік, қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамзат тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.
Бүгінде көгілдір экранның, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда аталмыш дүние адам психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай әсер етуде. Шетелдің мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай.
Мамандардың пікіріне сүйінсек, балалар мен жасөспірімдер теле-аудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Мультфильм - жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Балаларымыз теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да содан үйренеді. Сондықтан қазіргі кезде заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері өзекті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - кезде заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мультфильмдердің тәрбиелік мәнін анықтау;
- Заманауи мультфильмдерді зерттеу және олардың мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсерін сипаттау.
Мультфильм немесе мультипликациялық фильм (лат. mult , лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - таспа) - көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм. Мультипликацияны алғаш рет 20 шілде күні 1877 жылы Францияда Эмиль Рейно жасап шығарды. Кейін инженер 1892 жылы 28 қазанда жазу-сызудың көмегімен таспаға басылатын апаратын дүниеге әкелді. Міне осы күннен бастап мультфильм жасауға алғашқы қадамдар жасалған болатын.
Мультфильм - әйтеуір бір оқиғалардың балаларға арналған көркем суретті жиынтығы емес, ол - білім, ғылым, таным және отаншылдық бастауы. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Көптеген елдерде бала тәрбиесіне, соның ішінде балаларды мультипликациялық кино арқылы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Мәселен, Жапонияда балаларға салт-дәстүрін, өзара қарым-қатынас этикасын, адамның ортада өзін ұстау мәдениетін мультфильм арқылы үйретсе, АҚШ бұл әдіспен математика, география, физика пәндерінің негіздерін оқытуды мақсат ететіні байқалады. Ал Қытай болса анимация өнері бойынша бірінші орында. Олар ұлттық мүддені ғана көздейтін мультфильмдерді шығару арқылы бала санасына Отанға деген сүйіспеншілігін оятуға тырысады. Оған қоса, Қытайда шетел мультфильмдерін көруге тыйым салынған. Неге? Себебі әр ел өздерінің фильмдері арқылы өздерінің саясатын, салт-санасын, идеологиясын жас көрермендер назарына сіңіретінін назарға алу қажет. Осы орайда біздің елде ұлттық дәстүрді насихаттайтын, ұлттық тәрбиеге негізделген, әлемдік бәсекеге қабілетті анимациялық фильмдер жасала қоймағаны жұртшылық арасында қынжылыспен айтылып жүр.
Ресейде ертегі мультфилімдері арқылы өз балаларын Отанын, халқын сүюге, батырлыққа тәрбиелейді екен. Олар көбінесе Крыловты мысалдарын немесе тарихта болған батырларын кейіпкер ретінде алып, тамаша мультфилімдер жасап шығарды. «Три богатыря», «Илья Муромец», «Алеша Попович», «Добрыня Никитич» сияқты батырларынқ дәріптеу арқылы өздерінің «орыс деген халық» екенін, олардың мемлекеттері айбынды екендіктерін ұрпағының саналарына құйып отырады. Демек, бұдан шығатын қорытынды, мультфильмдер ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, тарихымызды насихаттап, жас баланы санасына сіңіретін бірден-бір құрал.
Мультфильм - жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жас балалар теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да сол көгілдір экраннан үйренеді. Еліктеу механизмі қалай жүреді? Әлеуметтік үйрету концепциясы баланың қазіргі әлемге қалай бейімделетінін және қазіргі қоғамның әдеттері мен нормаларын қалай меңгеретінін сипаттайды. Бұл бағыттың өкілдерінің пікірі бойынша классикалық шарттандырумен және оперантты үйретумен қатар имитация, еліктеу арқылы үйрету де белгілі орын алады.
. . . Қай заманда да балаларға айтып беретін ертегілерде, метафизикалық (мейірімділік пен зұлымдық категорияларына байланысты) күштердің тартысы ақырында мейірімділік күшінің жеңісімен аяқталатын. Қазіргі бала осы күштердің көрінісін әр түрлі әсер ету құралдардан кездестіреді: кино, театр, теледидар, видеоөнім, музыка, кітап, компьютер ойындары, көркемсурет және т. б.
Валлонның айтуы бойынша ең бір үлкен өтпелі кезең, қимыл-әрекеттен ойға өтуде көрінеді және ол еліктеуге байланысты жүзеге асады. «Адамдар өз қажеттілігінен бір-бірімен жұмыс істеуіне қарым-қатынас жасауына байланысты, оларда еліктеу және басқа адамның үлгілі қимыл-әрекетіне орай ерекше қимыл әрекет дамиды».
. . . Еліктеу, идентификация, интроекция-кейіннен әлеуметтік ересектердің қоғамдастығына кіруге дайындайтын қажетті, ада тұратын жағдайлардың бірі болып келеді.
Н. Миллер мен Дж. Доллард экспериментінде лидерге еліктеудің алғашқы шарттары анықталынды. Эксперимент тышқандарға және балаларға қатар өткізілді, соңында алынған нәтижелер бірдей болып шықты. Түрткі күшті болған сайын, соғұрлым стимул мен жауап байланысын бекіту күшейетін. Түрткі болмаса, үйрету жүзеге аспайды. Егер адамның немесе жануардың мінез құлқының репертуарында тітіркенуге сәйкес келетін жауап реакциясы жоқ болса, онда бұл реакцияны үлгінің мінез құлқын бақылау кезінде меңгеруге болады. Байқап көру және қателесу жолымен болған үйрену үрдісіне ерекше мән бере отырып, Миллер мен Доллард еліктеудің көмегімен байқап көру мен қателесуді азайтып, басқа адамның мінез құлқын бақылау арқылы, дұрыс жауапқа жақындауға болатынын зерттеген . . .
А. Бандура-әлеуметтік үйрету концепциясының екінші ұрпағыныңедәуір белгілі теоретиктерінің бірі - Миллер мен Доллард идеясын дамытқан. З. Фрейд психоанализін және Скинердің бихевиоризмін сынға алған болатын. Оның пікірі бойынша адамның мінез-құлқындағы көп нәрселер, басқа адамның мінез-құлқын бақылау негізінде пайда болады.
Алдыңғы әріптестерінің көзқарастарына қарағанда, А. Бандура еліктеу негізінде жаңа реакцияларды меңгеруге болады, ол үшін бақылаушының қимыл әрекетінің немесе үлгі қимыл әрекетінің бекітілуі міндетті емес және еліктеу арқылы қалыптасқан мінез құлықты күшейтіп сақтап қалуда бекітудің орны маңызды. А. Бандура мен Р. Уолтерс белгіленгендей, көру арқылы зерттеу процедурасы (яғни бекітілу қолданбаған жаттықтырулар немесе бір ғана үлгінің жанама бекітілуі) жаңа әлеуметтік тәжірибенің меңгерілуі үшін тиімді болып келеді. Бұл процедурадан кейін зерттелінушілерде бұрын аз байқалған «бихевиоралды бейім тұру»реакциялары көбейе түседі. Бандураның айтуы бойынша бақылау арқылы үйретудің орны ерекше, өйткені ол арқылы авторитетті бейнелерге еліктеу мүмкіндігін бере отыра, балалардың мінез құлқын реттеуге және бағыттауға болады. Мысалы, «Алдар көсе мен шайтандар»мультфильмінен балалар Алдар көсенің, шайтандардың айтқан сөздерін, қимыл әрекеттерін қайталап, ақылмен зұлымдықты жеңуге болатынын түсінеді, ал «Батырлар»туралы мультфильмдерге кіші мектеп жастағы балалар тез еліктейді. Орыс тіліне аударылып көрсетіп жүрген «Мадагаскар», «Сезон охоты», «Панда»сияқты мультфильмдердің балаларға әсері күшті. Балалардың көзайымына айналған «Смешариктер» көп топтамалы мультфильм қазірде ерекше орын алуда: балалар қауіпсіздік шараларын үйреніп, өмірден алынған әртүрлі құбылыстардың мәнін түсінеді және әртүрлі болуы ықтимал жағдайларды бақылауға мүмкіндік алады.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдердің әсеріТүрлi спецификалық әдiс-тәсiлдi қолданып, заманауи құрал-жабдықтар мен соңғы технологиялық жетiстiк арқылы жарық көрген шетелдік мультфильмдер жас талғамайды, жалықтырмайды. Сол себепті, кәрі демей жас демей тамашалап өзге елдiң тәрбиесi мен психологиясын сiңдiріп үлгірді. Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көкжәшікке телміріп, сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі мультфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп екен. Бұл - мамандардың пайымы.
Үлкен экранға жол тартатын мультфильмдер көркемдік тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да баланың санасына кері әсер етеді екен. Психологтардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана мультфильмдер баланың дамуын тежеп, бірнәрсеге тәуелді етіп қояды. Ал ең сорақысы, кейбір мультфильмдер баланың бойында психологиялық ауытқудың алғашқы белгілерін қалыптастырады екен. Сонымен қатар психологтар бала өздігінен жүріп, сөйлеуді меңгермегенше оны пассивті көрермен ретінде экран алдына отырғызуға болмайтынын айтады. Өйткені теледидарға телмірген баланың қимыл-қозғалысы, сөйлеп үйренуі тежеледі. Тағы бір қызық жайт, мамандардың пайымдауынша, екі жарым-үш жасар балақайлар көбіне қанық түсті мультфильмдерді емес, ақ-қара түсті туындыларға зер салуы тиіс. Себебі қанық түстер баланы алаңдатады әрі сана-сезімі енді ғана дамып келе жатқан бүлдіршін экрандағы қозғалыстардың жылдамдығына ілесе алмай қалады екен. Ал есейіп келе жатқан балаға оқиға желісі жылдам өзгеретін мультфильмдерді де көруге болмайды. Мұның да өзіндік себебі бар, әртүрлі атыс-шабыс пен түрлі эмоционалдық өзгерістерді бақылап отырған баланың бойында эпилептикалық құбылыстар орын алуы мүмкін.
Бала психологиясы мен физиологиясын жақсы білетін мамандар бұл жастағы бүлдіршіндерге кез келген бейнеөнім зиян екенін айтқан. Киноның ғана емес, кез келген жарнаманың, мультфильмнің де қатері үлкен. Үшке толмаған балалар медиматериалдың мазмұнына емес, оның «жыбырлаған» әрекеттеріне мән береді. Былайша айтқанда, оларда сенсорлық қабылдау процесі жүреді. Ал бұл балаға өте зиян. Мұндай жағдайда бүлдіршін миының дамуға тиіс қыртысты бөлімдері мен нейрондық құрылымдары жетілмей тоқтап қалады. Баланың қозғалу қабілетіне де теледидар өнімдері айтарлықтай қауіпті. Тіпті, осы жастың өзінде балада тәуілділік деген жаман әдет пайда болатыны тағы бар.
Бұл кезде бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созып, ұстауға тырысады. Бұл тектес қимыл белсенділігі баланың дұрыс жетілуі үшін өте керек. Солардың себебімен бала көптеген қимыл дағдыларына үйренеді. Ал мультфильмдер осылардың дамуына кедергі жасайды.
Негізінде, үш жасқа толмаған бала әрі-бері шапқылап жүгіріп жүруі керек. Айналадағы адамдармен қысқа болса да, қарым-қатынасы болуға тиіс. Заттарды ұстап, сипап қабылдау қабілеттері дамуға тиіс. Осының ұрпағын ойлайтын әрбір ата-ана дұрыс түсінуі керек.
Кейбіреулер: «Бұл мультфильм ғой, балаларға арналған ғой…» деген пікірлерді айтуы мүмкін. Қандай әдемі немесе қызықты, мазмұнды мультфильм болса да, ол балаға зиян. Ол мультфильм көру барысында барлық қабылдау қабілеттері қосылғанмен, ондағы шапшаң қимылдарды таразылап, игеріп үлгермей қалады. Ал Құдайдың жаратқан табиғи дамуында ол өзін қоршаған заттарды асықпай ұстап, балалық деңгейде себеп-салдарлық байланысты үйренеді. Әр нәрсенің көлемін, формасын қабылдайды. Бәріне өзінің көзін жеткізеді. Ал көздің ғана жұмысы осыларды тоқтатып тастайды. Нәтижеде, баланың табиғи даму процесі бүлінеді.
Қысқасы, кейінгі кезде балаларды теледидар хабарлары мен әртүрлі бағдарламалары тәрбиелеуде. Осыған байланысты белгілі жазушы С. Елубаевтың “Егемен Қазақстан” газетінде (2006 жыл 6 қаңтар) жарияланған мақаласына назар аударсақ: “ . . . Бүгінде экран - әсіресе, телеэкран адамзаттың негізгі ақпарат көзі. Газет, кітап ондаған, жүздеген мыңға жетпей шаршап-шалдығып жатса, заманауи экран құлашы кең, ол ондаған, жүздеген миллионды бір-ақ қармайды. Демек, қазіргі ұлт үлкен экранды игермей, замана додасына төтеп бере алмақ емес. Тілден бастау алатын ұлттық санаға ие болғыңыз келсе, үлкен экранға ие болыңыз. Кино мен телевидениеге ие болыңыз”, дейді. Бұл пікірден түйетін бір ой - бүгінгі күні телеарналардағы кейбір бағдарламалар балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отырғандығы.
Бір қарағанда қарапайыым суреттерден тұратын экрандық туындының баланың санасына ешбір әсері жоқ сияқты. Алайда теледидар алдында мультфильмге зер салып отырған баланың қимыл-қозғалысы мен эмоционалдық күйінен өзгерістерді аңғаруға болады. Мәселен, бүгінгі таңда балалар арасында кеңінен танымал «Маша и медведь» туындысын Ресей мен Украинада көрсетуге тыйым салынды. Айтылған сөзге құлақ аспау демекші, осы жағымсыз қасиетті насихаттайтын бас кейіпкер Маша өте тынымсыз, ересектердің қарауынсыз қалған, өзімшіл және дегенін істетуге еті үйренген қыз бала. Ал оның жанындағы аю Машаның барлық қылықтарына төзіп, сұрағанын беріп, тіпті үйдің астан-кестенін шығарып жатса да сес қатпайтын жануар. Осы орайда «Маугли және оның достары» мультфильмін салыстырып көрелік. Маугли де жануар тәрбиесінде болған, алайда Машаға қарағанда қоршаған ортасына жақын, адам мен табиғат үндестігін, биологиялық ортаның маңыздылығын нұсқап, көрген балаға жағымды ой салады. «Маша мен аюдың» ондаған серияларын көруден жалықпайтын, тіпті кейбір сандарын жатқа білетін бала ата-анасы үйде жоқта асыр салып, ойына келгенін істеуі ғажап емес. Мультфильмде қандай жағдай болса да аюдың кешіріммен қарайтынына көзі үйренген бала ата-анасынан да сондай әрекет күтеді.
Кішкентай ғана Машаның басынан өткен хикаялар баланың бойында әртүрлі мінез-құлықтың қалыптасуына сеп болады екен. Мәселен, Машаның қиғылақ салып, өзінен үлкен аюдың мазасын алуы баланың бұзықтық жасауына жол ашуы мүмкін. Әртүрлі құбылыстарды бойына тез сіңіретін бүлдіршін Машаның іс-қимылын қайталамайды деу тағы қиын.
Кеңес Одағының тұсында мультфильмдер қатаң қадағалаудан өткен. Әрбір эпизод, әрбір көріністің балаға қалай әсер ететіндігін мамандар егжей-тегжейлі қадағалайтын. Соның арқасы шығар, бала кезімізде көрсетілетін мультфильмдер жақсылық жасауға үгіттейтін еді. Кеңестік мультфильмдердің бейкүнә кейіпкерлері баланың өмірге ашық әрі таза қаруына жол ашатын. Соңғы жылдары кез келген елдің экранын батыстық туындылар жаулап алды. Жасыратыны жоқ, мол қаражат табу мақсатында әрқилы көріністен тұратын мультипликаторлық өнімдерді жалма-жан нарыққа шығаратын пайдакүнемдердің саны артты. Бұл күнде мультфильмнің баланың санасы мен дамуына қалай әсер ететіндігн зерттеп жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі мультөнімдер қастандық пен талғамсыздыққа, надандық пен арам пиғылға тұнып-ақ тұр. Атыс-шабыс пен жеккөрушіліктен тұратын көріністер балаға оң әсер ете қоймайтыны тағы белгілі.
Ұрыс-соғыс тақырыбындағы дүниелерді көп көретін балалардың өзге құрбыластарына қарағанда жанжалшыл, ашушаң, қыңыр, сабырсыз, қырсық болады. Дамытушы мазмұндағы материалдардың рөлі екі есе артық, өйткені бала кейіпкердің қимылына мұқият назар салып отырады. Кейіпкерлерді шатастырмас үшін олардың саны 5-6-дан аспағаны жөн.
Баланы теледидар алдына отырғызып, мультфильмге алданғанын демеу санайтын ата-ана оның адам психологиясына қаншалықты зиян келтіретінін елеп-екшемейді белгілі. Алайда экраннан көрсетілген әрбір туынды арқылы бүлдіршіннің мына әлемге, өмірге көзқарасы қалыптасатынын психологтар әлдеқашан дәлелдеп кеткен. Мультөнімді шығарушылар түрлі атыс-шабыс экшн баланы еріксіз баурайтынын жақсы біледі. Сондықтан да ешбір мән-мағынасы жоқ көріністен құралған мультфильмдер де жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай қаптап кетті. Англия, Автралия, Норвегия, Канада сынды елдерде кері әсері бар мультөнімдермен күрес басталды. Дәл қазіргі кезде авторлық анимацияға ден қойып, әдеби сюжеті мен талғамды графикасы бар туындылар экранға жол тартады. Көршілес Ресей де балаларға арналған мультипликациялық өнімдерді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Мамандар психологтарға бірқатар шетелдік мультфильмдерді көрсеткен. Психологтардың шығарған үкімі көптің көңілін көншітпеген. Мультфильмдегі қыз балалардың образы романтика мен құпия-сырдан жұрдай. Мұндай образды тамашалаған бүлдіршіннің бойында қатігездік қалыптасады. Психологтар мультфильмдер балалардың интеллектуалдық дамуына да кедергі болатынын айтып, дабыл қаққан.
Шетелдік мультфильмдердің немесе бағдарламалардың жасалу технологиясы өзгеше, балаларды қызықтыру өте жақсы ойластырылған. Шетелдік дүниелер балалардың орнынан тапжылмай көруіне арналып жасалған деуге болады. Ата-аналардың айтуына қарағанда, балалар түгілі әлгі мультфильмдердің ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті. Балаларға арналған мультфильм деген дүниенің ішінде кәмелетке толғандар ғана білуге тиісті бірталай ақпарат айтылады. Оны бала бірден түсіне алмағандықтан, оны ата-анасынан, болмаса өзінен ересектерден сұрайды. Алған жауабына байланысты балаларда әртүрлі түсінік қалыптасуы мүмкін және сол түсінік балалардың өмірінде кей жағдайда шешуші рөл атқарып жатады. Мысалы, телеарналардағы мультфильмдерді көретін сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген балаларда бірнеше жағымсыз мінез-құлықтың белгілерін байқауға болады:
- олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің (мысалы, ұсқынсыз Арнольд, Хельгалар) терминдерімен сөйлеуге ұмтылады. Және өздеріне қызық көрінгендіктен сол әрекеттерін дұрыс деп ойлайды.
- бала ағзасына пайдалы болып табылатын таза ауада серуендеу, спортпен айналысу сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығын теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы ойын мен спортты теледидардағы түрі ұсқынсыз мультфильм кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге болады.
- теледидарды тапжылмай көру баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер етеді.
- отандық телеарналар әзірлеген бағдарламалардағы ерекшеліктерді байқамайды, себебі ол арналарды мүлде қарамайды, тіпті елімізде қандай арналар бар екенін білмейтін балалар да аз кездеспейді.
Тағы бір айта кетерлігі, балалардың көпшілігінің кеңестік, кейін қазақстандық мультипликаторлар, киногерлер жасаған мультфильмдерді, балаларға арналған фильмдерді, яғни гуманизмге басымдық берілген туындыларды көруге құлықтарының төмендеп кеткені. Оған басты себеп - тәрбиенің дер кезінде берілмегендігі салдарынан батыстың арзанқол дүниелерінің бала санасын жаулап үлгеруінде. Екіншіден, БАҚ-тың қандай жағдайда да, оның ішінде жеткіншек тәрбиесінде ең ықпалды күш екенін әлі де толық мойындамауымызда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz