4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)

Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

Педагогика, психология және

жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

4-7 жас аралығындағы балалардың мазасыздық деңгейін диагностикалау жолдары

Мамандық атауы:

Пәні

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі

Хаттама № 20___ ж.

Көкшетау, 2016

Мазмұны

Кіріспе3

Негізгі бөлім5

1. 1 Мазасыздану мәселелерінің зерттелінуі5

1. 2 Балабақшадағы мазасыздану проблемасын қарастыру8

1. 2 Мазасызданудың себептері13

1. 3 Балалардың мазасыздық деңгейін диагностикалау жолдарын18

Қорытынды30

Қолданылған әдебиеттер32

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Балабақшада оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларда ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қорқынышын күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.

Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата - аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз - өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады. Мамандық таңдау бұл адам үшін өзін сәтсіздікке ұшырауға сақтану бағытына негізделген, құрдастары және мұғалімдермен қатынас жасау - қуаныш емес, ауыртпашылық . . . , және де мазасыздық бойын алып тұрған оқушының интеллектуалдық дамуы, оның ойлау бірегейлінімен, құмарлығымен, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сәйкес келмейді, өйткені шығармашыл адам - ол ерікті және тәуелділікке бел буатын адам. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлы.

Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз - ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. Бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, 4-7 жас аралығындағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, корекциялық - дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.

Курстық жұмыстың мақсаты - 4-7 жас аралығындағы балалардың мазасыздық деңгейін диагностикалау жолдарын зерттеу.

Міндеттері :

- қарастырылып отырған мәселе бойынша теориялық бастауларды талдау және жүйелеу.

- 4-7 жас аралығындағы балалардың мазасыздық деңгейін диагностикалау жолдарын зерттеу және жоғары мазасызданудың себебін орнату.

Негізгі бөлім

1. 1 Мазасыздану мәселелерінің зерттелінуі

Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.

Сонымен, тұлғалық сипат ретiнде өтпелi кезеңiн және динамикасын ескере отырып, дифференцияциялы қарастыру қажеттiлiгiн атайды. Р. С. Немовтiң анықтамасы бойынша, мазасыздық - спецификалық әлеуметтiк жағдайларда беймазалық, қорқыныш, үрей қалпына әкелетiн адамның үнемi немесе ситуативтi көрiнiс беретiн қасиетi [15] .

А. М. Прихожан мазасыздықты сәтсiздiктi күтумен, қауiп-қатердi алдын- ала сезумен байланысты эмоционалды жайсыздықты сезiну деп анықтайды. Сонымен қатар, мазасыздықты эмоционалды қалып және тұрақты тұлғалық сипат немесе темперамент қасиетi ретiнде екiге бөледi. Мазасыздық балалық шақта ұзақ уақыт бойы сақталатын тұрақты тұлғалық құрылым болып табылады. Мазасыздықтың өзiндiк ұлғайтушы күшi, қылықта компенсаторлық және қорғаныс механизмдерi арқылы жүзеге асатын тұрақты формалары бар. Баланың мазасыздық деңгейiнiң өсуi өте жиi жанұядағы қарым-қатынастың бұзылуы нәтижесi болып табылады [14] .

А. А. Китаев-Смык психологиялық зерттеулерде мазасыздықты екi түрге - «мiнез мазасыздығы» мен «ситуативi мазасыздыққа» дифференцияциялау орын алғандығын көрсетедi. Бұл жiктеудi ұсынған шетелдік зерттеуші - Спильбергер.

А. В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтін қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған (Петровекий, 1990) .

Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану - бұл кез - келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған.

Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты (Аракелов, 1997) .

Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М. З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады (Неймарк, 1963) .

Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.

Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін - өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.

Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата -ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.

М. С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» - өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.

Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігіне бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.

Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т. В. Драгунов, Л. С. Славина, Е. С. Макслак, М. С. Неймарк атап өткен.

Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу, немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы - бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.

Сонымен балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін, Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі.

Бұған қоса, отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.

Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өміріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қтынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.

Мазасыздану мәселесі басқа да аспектті қамтиды - психофизиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.

Көптеген авторлар, үрейленуді қатты психологиялық қысымдағы күй - «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген, отандық психологтар, оның анықтмасына түрлі дәлелдеулер енгізді.

Сонымен, А. А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын, күй ретінде анықтайды.

В. С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындатын жүйкелік қысым емес психологиялық деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке-жүйесі. Стрессті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтардан негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс -жүйке - жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес.

Осыдан стресс кезіндегі үрейді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсізідікті күтушілік. Бірақ үрей субъект сәтсіздікті кімнен күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен) объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.

Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі үрей, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл үрей шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И. В. Имедадзе үрейді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады.

Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрусктрация өзіне үрейді қосады.

Жүке - жүйесі қасиетінің физиологиялық қасиеті тұрғысынан алып қарасақ, біз үрейге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И. П. Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған.

Б. М. Тепловтың берілгеніне қарасақ, үрей күйі жүйке жүйесі күшіне байланысты. В. Д. Небылиц жүйке жүйесінің әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін зерттеулерінде ұсынады.

Мазасызданудың симптомокомплексі мәсілісін қарастырған В. С. Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасызданудың В. В. Белоус екі жолмен тексерді - физиологиялық және психологиялық.

Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын, А. В. Петровскийдің жетегіндегі В. А. Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады (Бакеев 1970) . Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В. В. Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоциональді уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады.

1. 2 Балабақшадағы мазасыздану проблемасын қарастыру

Балабақша ең бірінші болып бала алдында әлеуметтік - қоғамдық өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен қатар өзіне бала тәрбиесіндегі басты ролдерді алады. Осылайша балабақша баланың жеке тұлға болуына белгілі бір фактор болады. Оның көптеген негізгі қасиеті және жекелік сапасы өмірінің осы кезеңінде қалыптасып, олар қалай салынғанынан байланысты оның алдағы дамуы көбіне тәуелді, әлеуметтік қатынастардың ауысуы бала үшін маңызды қиындық екені белглі.

Мазасыз күй, эмоциялық кернеу, басты түрде балаға жақын адамдардың болмауымен, өмір қозғалысы мен үйреншікті шарттардың, қоршаған орта жағдайының өзгерісімен байланысты (Макшанцева 1998) .

Зерттеушiлердiң басым бөлiгi мазасыздықты ситуативтi құбылыс және

Психологиялық сөздiктерде мазасыздық - тұлғалық деңгейде субъектiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету функциясын атқаратын эмоционалды қалып түрi. Балалардың психологиялық денсаулығының бұзылғандығының алғашқы белгiсi мазасыздық деңгейiнiң жоғарылауы деп айтып өттiк. Оның келесi белгiлерiн бала қылығында байқауға болады: 1) үйренiшiктi өмiр ортасының өзгеруi баланың эмоционалды қалпында жағымсыз өзгерiстерге әкеледi. Бұл кезеңге эмоционалды қысылу, беймазалық, енжарлық тән. Бала ересек адаммен эмоционалды қарым- қатынасқа талпынады, немесе басқаның қарым-қатынас жасау талпыныстарына ашу-ызамен жауап берiп, тұйықтала түседi; 2) баланың эмоционалды жағымсыз қалпы оның ұйқысына, тәбетiне әсерiн тигiзедi, тамақтан бас тартып, ұйқысы жайсыз болады; 3) заттық, қоршаған ортаға қатысты баланың белсендiлiгi төмендейдi, тұйықталып, көп сөйлемейдi, енжарлық, селқостық танытады; 4) жалпы жағымсыз эмоционалды күйiнен көпшiлiк ортадағы вирустық флораға иммунитетi төмендеп, инфекциялық ауруларға жиi шалдығады. Мазасыздық эмоционалды жайсыздықты, қауiп төндiрген қатердi сезiну ретiнде адамның маңызды қажеттiлiктерiнiң қанағаттанбауын көрсетедi. Бұл қажеттiлiктер ситуативтi мазасыздану жағдайында актуалды, ал тұрақты мазасыздық жағдайында доминантты болады. Мазасыздық - бiршама ұзақ уақытқа дейiн сақталатын тұрақты тұлғалық құрылым. Оның өзiн-өзi күшейтетiн әсерi болады. Мазасыздық қылықта компенсаторлық және қорғаныс механизмдерiн күшейтедi, әдетте осылайша константты формада қылықта жүзеге асады. Басқа да күрделi психологиялық құрылымдар тәрiздi, мазасыздық күрделi құрылымымен ерекшеленедi. Оған когнитивтi, эмоционалды, операционалды аспектiлер кiредi. Әдетте эмоционалды аспектiсi доминантты болады.

Мазасыздықтың пайда болуы және бекiтiлуi балалық шаққа сәйкес жетекшi қажеттiлiктердiң қанағаттанбауымен байланысты [14] . Тұрақты тұлғалық құрылымға мазасыздық жеткiншек кезеңде айналады. Оған баланың «Мен-концепциясы», өзiне-өзiнiң қатынасы әсерiн тигiзедi. Ал осы кезеңге дейiн мазасыздық балада кең спектрдегi жанұядағы қарым-қатынастың бұзылуынан туады. Мазасыздықтың бекiтiлуi мен күшейуi «жабық психологиялық шеңбер» механизмi бойынша жүредi, яғни, негативтi жағымсыз эмоционалды тәжiрибенiң тереңдеуiне және жинақталуына әкеледi. Негативтi тәжiрибе өз кезегiнде негативтi болжау бағаларын тудырып, актуалды ойлардың, сезiмдердiң модальдылығын анықтайды, мазасыздықтың күшейуiне және сақталуына әкеледi.

Мазасыздық жас кезеңiне сәйкес анық байқалатын сипатымен ерекшеленедi. Бұл ерекшелiк мазасыздықтың шығу көздерiнен, мазасыздану мазмұнынан, компенсация мен қорғаныс формаларынан байқалады. Әр жас кезеңiне сәйкес көптеген балалардың жоғары мазасыздығын тудыратын, нақты қауiп-қатердiң орын алуынан, немесе тұрақты құрылым ретiнде мазасыздықтың болуынан тәуелсiз, объектiлер болады. Мазасыздықтың жас кезеңдерiне сәйкес жоғарылауы маңызды социогендi қажеттiлiктердiң нәтижесi болып табылады.

Үрей мен мазасыздық қоғамдық өмiрдiң тарихи кезеңдерiмен байланысты. Ол қорқыныштардың мазмұнынан, жас кезеңiне сәйкес мазасыздықтың шарықтау сипатынан, мазасызданудың жиiлiгiнен, жайылуынан, интенсивтiлiгiнен, соңғы 10-15 жылдың iшiнде елiмiздегi мазасыз балалар мен жеткiншектер санының күрт өсуiнен байқалады. Мазасыздық тұлғалық құрылым ретiнде балалар мен жеткiншектердiң тұлғалық дамуы мен қылығында, басқа мотивтер мен қажеттiлiктерге қатысты әрекеттердiң орнын басып, мотивациялық функцияны атқарады. Бала мен жеткiншектiң жеке тұлғасының, қылығы мен iс-әрекетiнiң дамуына мазасыздықтың әсерi негативтi де, әрi белгiлi бiр деңгейде позитивтi де болады, алайда соңғы жағдайда бұл құрылымның (мазасыздықтың) адаптивтi табиғатымен байланысты шектеулерi бар.

Көптеген авторлар мазасыздық пен қорқыныштың байланысы туралы айтады [2] . Мазасыздық балада жоғары болғанда қорқыныштар да орын алады. Психологиялық денсаулығы ассимилятивтi-аккомодативтi деңгейдегi балаларға қорқыныштар да тән.

Үрейдің мұндай психикалық күйін нақты емес анықталмаған қатер сезімі ретінде анықтау қабылданған.

Келе жатқан қауіпті күту белгісіздік сезімімен үйлеседі: бала, ереже бойынша, неден қауіптеніп тұрғанын айта алмайтын күйде болады. Осыған ұқсас қорқыныш эмоциясынан ерекшелігі, үрейдің белгілі бір бастауы болмайды. Ол араласқан және жалпы бұзылған іс-әрекетте, оның өнімін және бағытын бұзатын әрекет болып көрінуі мүмкін.

Балабақша баланы мазасызданудан айырып қорқыныш тұтқынынан шығара алады. Тәрбиеші, балабақшадағы оқиғаларды бағыттаушы мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу керек. Өйткені, оның қолында көптеген құрал: марапаттау ғана емес, «емдейтін де» баға, қоғамдық ұжым өмірі, сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар

Үрей мен мазасыздану туралы түсінік. Үрей - уайым қайғының өте ауыртпашыл түрі. Белгісіз бір жақтан келе жатқан қатер, алақан терлеу, жүректің соқпай қалуы, «бір нәрсені лезде істеу керек» деп қалмайтын сезіну сиқты бәрімізге таныс сезімдер бір орында отырғызбайды. Ал, бірақ нақты нені және неден қауіптену, қашу керектігін - біз білмейміз.

Үрей - белгісіз нәрседен қорқыныш. Неміс философы Пауль Тилих жазды, үрей - болмыстың жоқтығына қорқыту реакциясы. Бір нәрсеге үрей, аты, бейнесі, жоқ, бірақ адамның өзін, «менің» жоғалтуға қауіптендіреді.

Үрейді нақты емес анықталмаған, бағытталмаған қауіп, түсініксіз қатер сезімі ретінде анықтайды. Бұл белгісіз сезімімен сай келеді. одан қайдан қатер келетінін білмейді. Қорқыныш эмоциясынан айырмашылығы белгілі бір бастауы болмайды.

Қорқыныш пен үрейдің біріктіруші басы алаңдаушлық сезімі болады. Адам қатты алаңдаған (беспакойство) кезде сасқалақтап, қажетті жауап таппай, толқыннан дірілдей сөйлеп, және көбіне мүлдем сөйлемейді, қорыққан кейіпте болады. Ішінде бәрі «түседі» салқындайды, дене ауырлайды, аузы құрғап алақан ылғалданады, жүзі бозарып, адам түгелімен «терге батады». Бір уақытта ол көп қозғалыс жасайды, аяқты қайта - қайта айқастырып, тынымсыз киімін түзулеп немесе мүлдем қозғалыссыз қалыпқа енеді. Қатты алаңдаушылықтың осы көріністері ағза қызметінің психофизиологиясын қысымын айтады.

Мазасыздану басым болып алаңдаушылық күй мен қоса қозғалыс қозуы көрінеді. Яғни адам өзін кез-келген және керек емес жұмыспен де шұғылдануға тырысады. Қиын басқарылатын сөздер ағымы (логария) түрінде көрінетін, күтуге шыдамы жоқ сипат тән және де көп сөзділік түсінудегі артық байымдылық, жалғыздық қорқынышын жоятын нәзіктік сезімі, жұмыс бастылықты көрсететін үздіксіз қоңырау шалулар жаңа терістеліп тәуелділікке бел буу жойылады, барлық жаңалық белгісіз болып қабылданған соң, құлық кертартпа (консервативный) сипатқа ие болады. Бұл қатынас одан да көп үрейленуді туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытқу себептері
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТУРАЛЫ
Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz