Деректер қорын басқару жүйесі



1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.
3. Кестелер және оларды құру.
Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.
Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:
1)иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
1. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.
2. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.
3. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.
4. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.
5. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.
6. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Деректер қорын басқару жүйесі
Орындаған: Нуралы Нурпате





Жоспар:
1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.
3. Кестелер және оларды құру.

1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.
Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:
1)иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек - жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ - да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі - бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
2. Microsort Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.
MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: ПускПрограммы MS Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда 1-суретте көрсетілген сұхбаттық терезе шығады.

1-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе.
Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан бар ДҚ-рын ашу.
ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-рын құру жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады (2-сурет)

2-сурет. Жаңа ДҚ құру терезесі.
Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ терезесі көрінеді (3-сурет).
MS Access-тің объектілері.
MS Access-тің командалық батырмалары.

3-сурет. БҚ терезесі.

Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер.
Кесте - жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс - берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.
Қалып (форма) - кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) - кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос - макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.
Модуль - Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.
ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма (2.3-сурет) орналасқан:
1) Ашу - таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады;
2) Конструктор - таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет;
3) Құру - жаңа объектілерді құру үшін керек.
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі .mdb болып келеді.

3. Кестелер және оларды құру.
Кесте- жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі. Кестелерде берілгендер сақталады. ДҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады.
Кесте (Таблица) объектісін шерткенде - кестені Конструктор, Шебер немесе Деректерді енгізу тәсілінің бірімен құру ұсынылады (4-сурет).

4-сурет. Кесте объектісін құру тәсілдері.

Кестені Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) режимінде құрғанда - қажетті өріс аттарын өзіміз енгіземіз. Ол үшін Поле1 өріс тақырыбына тышқан нұсқағышын алып барып, сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз. Сонда үнсіздік бойынша берілген өріс аты ерекшеленеді (5-сурет). Delete пернесінің көмегімен бастапқы өріс атын жойып өзімізге қажетті өріс атауларын пернетақтадан енгіземіз.

5-сурет. Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) режимі.

Мұндағы:
- N - нөмірлі жазбаға өту, мұндағы нөмір пернетақтадан енгізіледі;
- ең бірінші жазбаға өту; - ең соңғы жазбаға өту;
- курсор алдындағы жазбаға өту; - курсордан кейінгі жазбаға өту;
- жаңа жазбаға өту.
Жабу (Х) батырмасын басқаннан соң объект макетінің құрылымындағы өзгерісті сақтау керек пе, жоқ па деген сұхбаттық батырмасы шығады (6-сурет,а). Да батырмасын басқаннан соң үнсіздік бойынша Таблица 1 деген атауды ұсынады (қажет болса өзгертуге болады) (6-сурет,ә). ОК батырмасын басқаннан соң кілттік өрісті анықтайтын сұхбаттық терезе шығады. Бұл сұхбаттық терезеде де Да батырмасын шертеміз (6-сурет, б). Сонда кестеде кілттік өріс пайда болады. Оның атауы Код деп анықталады да, онда жазбалар нөмірлері сақталады. Кестеге жаңа жазбалар енгізгенде кілттік өрістің мәндері автоматты түрде толтырылады.

а)

ә)

б)
6-сурет. Құрылған кестені сақтау жолдары.

Құрылған кестені (Таблица 1) тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы жүктейміз.
1
2
3
4
5
6
7
Кестені Конструктор көмегімен құрғанда болашақ кестенің өріс аттары және олардың типтері, қасиеттері сипатталады (7-сурет).

7-сурет. Конструктор көмегімен құрылған кесте.

Мұндағы:
1 - кесте аты; 2 - өріс аты; 3 - өріс типі; 4 - өріс сипаттамасы; 5 - өрістер қасиеті;
6 - өрістер қасиетінің жалпы бөлімі; 7 - анықтама бөлімі.
Құрылған кестені (Таблица 2) тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы жүктейміз (8-сурет).

8-сурет. Таблица 2 кестесінің жүктелгеннен кейінгі көрінісі.

Конструктор режимінде өрістің типін анықтау үшін өріс типі бағанындағы сәйкес ұяшықты , оның оң жақ шетіндегі символды шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдау керек. Таңдалған типтің қасиеттері өрістер қасиетінің жалпы бөлімінде анықталады. Өрістің берілген қасиеттеріне байланысты өріске қандай мәліметтер енгізуге болатындығы анықталады. Кез-келген өрістің қасиеті - оның ұзындығы. Осы ұзындыққа байланысты өріске қанша ақпарат сиятындығы анықталады.
Кез-келген өріске тән өзіндік қасиет - оның қолтаңбасы (подпись). Қолтаңба - өрістің тек қана қалыптарда (формаларда) бейнеленетін арнайы атауы. Әртүрлі өрістерге бірдей қолтаңба берілуі де мүмкін. Өріс атаулары әртүрлі болғандықтан, компьютер жұмысына кедергі жасамайды.
Өрістің әртүрлі типтеріне сәйкес әр түрлі қасиеттер анықталуы мүмкін. Типтер тізіміндегі әрбір типке қысқаша түсініктеме берейік:

Өріс типі
Сипаттамасы
Мәтіндік тип (үнсіздік бойынша) (текстовый)
Мәтіндік ақпараттарды енгізу үшін қажет. Оның негізгі қасиеті - өлшемі. Ол 256 символдан аспайды.
Сандық тип (числовой)
Сандық мәліметтерді енгізу үшін керек. Осы типтегі өрістің өлшемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады:
-
Күніуақыты (Датавремя) типі
Күні мен уақытын енгізу үшін қажет. Өріс форматының мүмкіндіктері:

Ақшалай тип (Денежный тип)
Ақшалай көрсетілген ақпараттарды енгізу үшін қажет. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың шаблонын беруге болады.
Есептегіш типі (Счетчик)
Жазбалар кодын анықтау үшін қажет. Олар кәдімгі сандық тип, бірақ оның мәндері автоматты түрде өсіп отырады.
MEMO типі
Өлшемі 256 символдан артық мәтіндерді енгізу үшін қажет. Мұндай типтегі өрісте 65535 символға дейінгі ақпаратты сақтауға болады. Бұл типтің ерекшелігі, өрістегі ақпараттар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол ақпараттардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады.
OLE типі
Басқа программалардағы объектілерді енгізу үшін қажет. Ол үшін OLE хаттамасын пайдаланып, таңдалған объектіні алмасу буфері арқылы өріске кірістіру керек. Мұндай объектілер қатарына графикалық файлдар жатады.
Логикалық тип (логический)
Тек қана екі логикалық мәні бар - ия жоқ немесе ақиқатжалған немесе 01 т.с.с. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы берілген тізімнен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да кестеде логикалық өріс қанатбелгілерімен кескінделеді. Қанатбелгіні тышқан нұсқағышымен шертіп Иә мәнінде белгісін орнату арқылы, ал Жоқ мәнін бос қалдыру арқылы енгізіледі.
Гиперсілтеме (гиперссылка)
Әріптер мен сандардан тұратын және гиперсілтеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорын басқару жүйелері
Деректер базасына сұраныс құру
Диспетчердің теміржолдық вокзалдардағы жолдық билеттерді шапшаң дайындауға арналған АЖ жетілдіру
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Құрылыс заттар сататын дүкеннің деректер қорын құру
Деректер қоры объектілері
Деректер базасы теориясының даму тенденцияларын зерттеу
Мәліметтер қорының түрлері
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Қорды басқарудың танымал жүйелері
Пәндер