Каспий өңірінің экологиялық мәселелері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.ЖАРЫЛЫСТАР НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
КІРІСПЕ

Қоғам дамуда, онымен қатар шаруашылық та, өндіріс те дамуда. Қазіргі қоғамдағы адамның сұранысы өте жоғары. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық прогресс те қарқынды сипатта, ал ҒТП-ң өнімдерін жүзеге асыру үшін жаңа өндірістер салынуда. Әрине, мұның бәрінің адамзат дамуында пайдасы зор екені сөзсіз, бірақ, артымызға қарайықшы. Біз өз ұрпағымызға, келешекке не қалдырамыз? Қарасақ, көретініміз тау-тау қалдықтар, ауаның көмірқышқыл газымен ластануы, теңіздерге мұнай және басқа да зиянды заттардың төгілуі, осы экологиялық мәселелердің нәтижесінде ондағы флора мен фаунаның зардап шегуі. Ал егер сол жердің флорасы мен фаунасы бүлінетін болса, онда көп кешікпей бұл жердің экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, дүниежүзілік мұхиттар қарапайым ғана өзендерді арқылы ластанады. Сонымен қатар мұнай өнімдері мұхитқа балласт суларын төккенде, кемелердің апаты кезінде, теңізде мұнай мен газ өндіргенде түседі. Мұнаймен ластанған теңіздер мен мұхиттардың биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Мұнай судың бетін қабықшамен жауып, оттегінің өтуіне кедергі жасайды, суда оттегі мөлшері азаяды, соның нәтижесінде тірі организмдердің өміріне қауіп төнеді.
«Қайран елім – өз елім!..» демекші алысқа бармай-ақ, өз туған жерімнің экологиялық проблемасына тоқталғым келіп отыр. Өкінішке орай, біздің елімізде де экологиялық проблемалар жеткілікті. Ол дүниежүзіліс сипат алған Арал теңізінің апаты, сондай-ақ Семей полигонының орнындағы радиоактивтілік мәселесі, Каспий теңізінің зауыт қалдықтары мен мұнай өнімдері әсерінен ластануы, Байқоңыр ғарыш станциясының проблемалары, азон қабатының тесілуі, қалаларда ауа ластануы, айта берсек қағаз жетпес. Соның ішінде өзіміздің туған жеріміз киелі өлке Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларына шолу жасағымыз келеді.
Маңғыстаудың бұл тұрғыдан жағдайы нашар. Оған біз Каспий теңізінің ластануын, кезінде уран өндірілген кен орнының жағдайын, Қошқар-ата көлінің проблемасын, Үстірттегі жарылыстар нәтижелерін және т. б. жатқызамыз. Енді осы мәселелерге толығырақ тоқталып кетсек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Экология и устойчивое развитие» газета, 10.2005;
2. «Егемен Қазақстан» газеті, 14 қаңтар 2004;
3. «Промышленность Казахстана» журнал, 08.2004;
4. Акбасова А.Ж.,Санкова Т.Ә., «Экология», Алматы, 2003;
5. «Экология пәні бойынша» СПОӘК, ҚазҰТУ, Алматы,2005.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
2.ЖАРЫЛЫСТАР
НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17

КІРІСПЕ

Қоғам дамуда, онымен қатар шаруашылық та, өндіріс те дамуда. Қазіргі
қоғамдағы адамның сұранысы өте жоғары. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін
ғылыми-техникалық прогресс те қарқынды сипатта, ал ҒТП-ң өнімдерін жүзеге
асыру үшін жаңа өндірістер салынуда. Әрине, мұның бәрінің адамзат дамуында
пайдасы зор екені сөзсіз, бірақ, артымызға қарайықшы. Біз өз ұрпағымызға,
келешекке не қалдырамыз? Қарасақ, көретініміз тау-тау қалдықтар, ауаның
көмірқышқыл газымен ластануы, теңіздерге мұнай және басқа да зиянды
заттардың төгілуі, осы экологиялық мәселелердің нәтижесінде ондағы флора
мен фаунаның зардап шегуі. Ал егер сол жердің флорасы мен фаунасы бүлінетін
болса, онда көп кешікпей бұл жердің экосистемасының өзгеруіне әкеп соғады.
Мәселен, дүниежүзілік мұхиттар қарапайым ғана өзендерді арқылы ластанады.
Сонымен қатар мұнай өнімдері мұхитқа балласт суларын төккенде, кемелердің
апаты кезінде, теңізде мұнай мен газ өндіргенде түседі. Мұнаймен
ластанған теңіздер мен мұхиттардың биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына
алып келеді. Мұнай судың бетін қабықшамен жауып, оттегінің өтуіне кедергі
жасайды, суда оттегі мөлшері азаяды, соның нәтижесінде тірі организмдердің
өміріне қауіп төнеді.
Қайран елім – өз елім!.. демекші алысқа бармай-ақ, өз туған жерімнің
экологиялық проблемасына тоқталғым келіп отыр. Өкінішке орай, біздің
елімізде де экологиялық проблемалар жеткілікті. Ол дүниежүзіліс сипат алған
Арал теңізінің апаты, сондай-ақ Семей полигонының орнындағы радиоактивтілік
мәселесі, Каспий теңізінің зауыт қалдықтары мен мұнай өнімдері әсерінен
ластануы, Байқоңыр ғарыш станциясының проблемалары, азон қабатының тесілуі,
қалаларда ауа ластануы, айта берсек қағаз жетпес. Соның ішінде өзіміздің
туған жеріміз киелі өлке Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларына
шолу жасағымыз келеді.
Маңғыстаудың бұл тұрғыдан жағдайы нашар. Оған біз Каспий теңізінің
ластануын, кезінде уран өндірілген кен орнының жағдайын, Қошқар-ата көлінің
проблемасын, Үстірттегі жарылыстар нәтижелерін және т. б. жатқызамыз. Енді
осы мәселелерге толығырақ тоқталып кетсек.

1 КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Каспий аймағының мұнай және газ өндіру көптеген мәселелердің ішіндегі
ең негізгісі болып табылады. Бұл тек қана жеке мемлекеттерге ғана емес,
сонымен қатар бүкіл адамзаттың проблемасы болып саналады, өйткені Каспий
теңізі құрлықпен шектелгендіктен табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбасақ,
бұл өңірдің сұлу табиғаты апатқа әкеп соғуы мүмкін.
Балығымызға белгілі болып отырғандай, Каспий мұнай өндіргіш аймағы өз
құрамына Каспий теңізін, сонымен қатар оны қоршаған мұнай мен газ өндіргіш
Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Ресей және Иран территорияларын жатқызады.
Соңғы мәліметтер бойынша Каспий өңірінің қоры 5,1 млрд. т, ал газ қоры – 8
трлн. м3. 1998 жылдан 2004 жылға дейінгі өңірдің дүниежүзілікке сәйкес
мұнайдың қоры 2,6-дан 3,3%-ке дейін өсті. Осыған байланысты өңірдің бөлігі
бүкіл әлемдік газ қопының дәлелі бойынша шамамен 5%-ті құрайды.
90-шы жылдардың соңдарынан бастап Каспий өңірінің мұнай мен газ
өндіру тез қарқында өсіп келуде. Мұнай өндіру 1992 жылдан 2003 жылдар
аралығында шамамен екі есеге өсті: мұнай бір жылда 40,3-тен 76,8 млн. т
дейін; одан да тез қарқынмен газ өндірісі дамыды: 1998 жылдан 2003 жылға
дейін үш еселенді: бір жылда 23,7-ден 77,1 млрд. м3 дейін. Сөйтіп жаңа
мұнайгаз өндіруші өңір әлемдік нарыққа шықты.
Қазіргі уақытта Каспий өңірінде үш негізгі мұнай өндірушілер бар.
Олар: Қазақстан (дәлелденген қордың өндіру көлемі бойынша бірінші орында
тұр), Әзірбайжан және Түркия. Ал газды осы өндірушілерден басқа Ресей де
өндіреді. Солардың ішіндегі газ өндіруден негізгі өндіргіш Түркия болып
табылады.
Мұнай өндіруді арттырған сайын Каспий өңірінің табиғи ортасы
экологиялық жағдайы нашарлап бара жатыр. Сонымен қатар ең басты проблемасы
бұл Каспий акваториясының және оның айналасындағы территорияның ластануы
болып табылады.
Ресей ғалымдарының зерттеуі нәтижелері бойынша 10-12 скважиналары бар
3-4 платформаның жұмысы кезінде әр платформада ластану кем дегенде 1 ПӘК-ке
артады. Бұл тіпті өзін-өзі тазарту процесі жүргеннің өзінде жылына
Каспийдің солтүстік акваториясының төрттен бір бөлігі ластанады. Қазіргі
кездің өзінде Каспийдің үстінен ұшақпен өткенде мұнай дақтары көрінеді. Осы
ластанған аймақтың көзін тауып, жеке экологиялық экспертизалар істеу өте
қиынға соғады, себебі мұнай компанияларының объектілеріне 5-10 км
қашықтыққа шейін жақындау тиім салынған.
Мұнаймен ластану кен орындарында апаттардың болуымен байланысты.
Қазақстан ғалымдарының мәліметтері бойынша Каспий өңірінің солтүстік
бөлігінде мұндай апаттардың болуы артып келуде, өйткені мұнда Тенгиз,
Королдік, Қашаған және т.с.с. кен орындарының болуымен байланысты. Апат
кезінде, мысалы 1985 жылы Тенгизде болғандай, үлкен көлемді мұнай өнімінің
төгілуі нәтижесінде санаулы айлардан кейін теңіздің жойлуына әкеп соғады.
Теңіздің мұнаймен ластануы оның генофондын азаюына және
деградациялануына әкеледі. Соның ішінде ең көп көзге түсетіні бұл бекіре
тұқымдас балықтардың өлімі болып табылады. Осыған байланысты тіпті совет
заманы кезінде Каспийдің солтүстік бөлігі қорғауға алынған болатын. Бұған
қарамастан бұл балықтардың түрі жылдан жылға азаюда. Егер 80-ші жылдардың
ортасында СССР кезінде Каспийде осы балық тұқымының 25 мың т ауласа, ал
2001 жылы СНГ-нің Каспий жағалауындағы мемлекеттердің барлық өнімі 764 т
дейін азайды. Соның ішінде балықты браконьерлік жолмен аулауын қоспағандағы
өнімі алынған. 2003 жылы тіпті кейбір балықтардың түрлері мүлдем жоғалып
кетті. Бұл мәселелер тек қана үздіксіз аулауға байланысты ғана емес,
сонымен қатар Каспидің солтүстік өңірінің кен орындарында әр түрлі
сейсмобарлау жұмысын жүргізуімен байланысты. Тіпті бәрімізге белгілі килька
балығының өзіне аулау кеміп келеді. Астрахань облысында 1998 жылдан 2002
жылға дейін оны аулау 5 есеге азайды. Кильканың жойылуы оның қорек ететін
планктондарының азаюымен тікелей байланысты. Ал егер килька балығы
жойылатын болса, онда бұл Каспийдің бүкіл экосистемасын өзгертеді. Бұл
балық ең бірінші бекіре тұқымдасына жататын балықтарының және каспий
итбалықтарының негізгі қорегі болып табылады. Негізінде каспий
итбалықтарының кемуі тек қана кильканың санына байланысты емес, сонымен
бірге мұнай ластануымен байланысты. 1997-2000 жылдары аралығында
итбалықтардың көп көлемде жағалауға лақтырылуы болды. Жағажайға мұндай
лақтырулардың шыңы 2000 жылы болды. Сол кезде шамамен 30 мыңдай жануар
жойылды. Бұлардың өлімінің басты себебі мұнай мен түрлі пестицид заттардың
нәтижесінен болған токсикоз болып табылады.
1998 жылдан бастап Каспий өңірінде халықаралық табиғатты қорғау
ұйымының негізі Каспий экологиялық бағдарламасы (КЭБ) болды. Бұл
бағдарламаның мақсаты – Каспийді құтқаруға бағытталған Каспий жағалау
мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың күштерін жұмылдыру.
1921 және 1940 жылдары болған совет-ирандік шарт бойынша Каспий теңізі
тұйықталған ішкі су көзі, шетелдік кемелерге жабық және белгілі бір үшінші
елдердің оның өнімдерін өндіру үшін тиым салынған теңіз болып табылады.
Алайда бұл екі мемлекет тек қана Каспий теңіз жағалауының 11-шақырымдық
аймағын құрайды, ал акваторияның қалған бөлігі басқа елдердің қолдануына
ашық болды. Каспийдің акваториялық аймағының бөлінуіне байланысты бұл
жасасқан шартта тек қана Иран мен совет мемлекеттерінің секторларына
қатысты болды және ол жай ғана табиғатты қорғаудың бір әдісі еді. Қазіргі
уақытта осы Каспий өңірінің жағалау мемлекеттері екеу емес бес болғанымен
де жаңа келісім шарт жасағанша дейін ескісі өз күшін жоймайды.
Қазірдің өзінде көріп отарғанымыздай осы Каспий жалауындағы
мемелекеттердің іс-әрекеттері бұл міндетке сәйкес келмейді. Оған мысал бола
алатын Каспийдің солтүстік территориясында Ресей мен Қазақстан мұнайгаз
өнімін өндіруге бастады. Бұл өңір СССР кезінде бекіре тұқымдас балықтарының
қорғауға алынған аймағы болып табылады. Бір кездері Әзірбайжан және
Қазақстан Каспий теңізіндегі өз секторларын дербес бөлік қылғысы келді.
Егер осы мемлекеттер қазір бұл ойды жүзеге асырған болса, онда әр мемлекет
өз жерінде не істегісі келсе, соны істеп, соның нәтижесінде Каспийдің
экологиялық мәселесі одан бекер нашарлап кететін еді.
Кейініректе жағдай жақсы жаққа бет бұрды. 2002 жылдың күзінде Ресейдің
белсенділігімен Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан мемлекет аралық келісім
жасады, яғни олар Каспийдің түбін секторларға бөлуге келісті, алайда теңіз
акваториясы бәріне ортақ болып қалды. Егер Иран Каспий акваториясының тең
бөлікке бөлу туралы талабын орындағанда, онда теңіз баяғыда тұйқталған
теңіз көзі болар еді. Тұйықталған теңіз көзі дегеніміз теңіздің көлденең
ортасынан бөлінген сызықтан бастап, мемлекеттердің шекараларымен
шектелінуі, ал акватория территориясы шекарасының ар жағындағы бөлігі ортақ
болып табылады. Каспий акваториясын ортақ деп мойындауы бірігіп Каспий
өңірінің табиғатын қорғау және сол мемлекеттердің кез-келген біреуі теңіз
ортасына зиян әкелетін әрекет жасау мүмкіндігін шектейді.
Өкінішке орай, бұл мемлекеттердің қай-қайсысы болмасын Каспий теңізі
ортасының табиғатын сақтап қалуға емес, ал мұнай мен газ өдірісіне көп
көңіл бөледі. Міне, осының өзінен аймақтың қоршаған ортасын қорғау туралы
халықаралық келісімдердің іске асуда әлсіз екендігін дәлелдейді. 90-шы
жылдардың басында Әзірбайжан, Қазақстан және Түркия мемлекеттері өз басынан
экономикалық кризисті өткізгендіктен, шетелдердік ТНК бірігіп мұнайгаз
өнімдерін өндіруде қызығушылық білдірді. Басты экономикалық мәселелерін
шешу үшін олар шетелдік мұнай өндіру компанияларын қызықтырудың барлық
амалын жасады. Осы компаниялардың жұмыс жасаудағы заң бойынша қаралған
Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау туралы мәселесі, өкінішке орай,
толығымен қолданылмайды. Осыған байланысты басқа мұнай өндіргіш өңірлер,
мысалы, Солтүстік теңіз, Мексика шығанағы, Аляска сияқты аймақтармен
салыстырғанда, құқықтың дұрыс іске аспауы, шетелдік инвесторлар істерін
толығымен өз еркінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны
Маңғыстау өлкесінің экологиялық проблемалары
Арал экологиясының ахуалы
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы
Арал экологиясы
Пәндер