Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Кіріспе 3
1 Информатиканы оқытуды ұйымдастыру 5
1.1 Информатиканы оқытудың ақпараттық пәндік ортасы 5
1.2 Жалпы білім беретін мектепте информатика курсын оқытудың бағыттары 9
2 Информатика пәнін оқыту әдістемесі 13
2.1 Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі 13
2.2 Информатика сабағын өткізу әдістемесі 19
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 23

Қазіргі таңда әрбір мұғалім өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
- Сабақтың мазмұны;
- Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1. оқыту;
2. жаттықтыру;
3. бекіту;
4. қайталау;
5. дамыту;
6. шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
7. бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: диктант;
өзіндік және бақылау жұмыстары;
• тестік тапсырмалар;
• әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.

1. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
2. Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
3. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.
5. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.
6. Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.
7. «Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.
8. А.Шәріпов. Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
9. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика. Астана, 2004 жыл.
10. идайбеков Е.Ы. Жалпы білім беретін оқу орындарында информатика курсын оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы. Материалы II меж.научно-метод конференций Матем.моделидов. информ. технологии в образовании и науке» (ММИТОН) II-том. -Алматы, 2003. –Б.389-392.
11. Қазақстан Республикасының информатикадан мемлекеттік білім стандарты. – Алматы, 2003
12. Каймин В.А. Научные основы и методика преподования информатики. П., 1992. 159 с.
13. Семакин И. Базовый курс по информатике общеобразовательной школы. – М., 2000.

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Информатиканы оқытуды ұйымдастыру 5
1.1 Информатиканы оқытудың ақпараттық пәндік ортасы 5
1.2 Жалпы білім беретін мектепте информатика курсын оқытудың бағыттары 9
2 Информатика пәнін оқыту әдістемесі 13
2.1 Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі 13
2.2 Информатика сабағын өткізу әдістемесі 19
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 23
Кіріспе
Қазіргі таңда әрбір мұғалім өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
- Сабақтың мазмұны;
- Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1. оқыту;
2. жаттықтыру;
3. бекіту;
4. қайталау;
5. дамыту;
6. шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
7. бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: диктант;
өзіндік және бақылау жұмыстары;
* тестік тапсырмалар;
* әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты - оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
б) Бақылау жұмысы - алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.
Мақсаты - - - Үй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесі бойынша түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
oo информатиканы оқытуды ұйымдастыру туралы мәлімет беру;
oo информатика сабағын өткізу әдістемесі туралы түсіндіру;
1 Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
1.1 Информатиканы оқытудың ақпараттық пәндік ортасы
Көптеген мектептерде оқыту үдерісіне және оқудан тыс іс-әрекет кезінде ақпараттық және программалық ресурстар мен қызмет көрсететін медиатекалар бар.
Информатиканы оқыту үдерісінде заманауи орталары маңызды роль атқарады, оқыту үдерісіне және мектеп информатикасына толықтай сыртқы қатынастар әсер етеді, оның ішінде Интернет және жалпы ақпарат құралдары (масс-медиа).
Интернет ауқымдық желісі заманауи білім берудегі кеңінен қолданылатын интегралды құрал болып табылады.
Қазіргі кездегі тәжірибе Интернет құралдарын оқытуда пайдаланудың кейбір болашақтарын анықтады .
Мұғалімдерге арналған Интернет:
- мұғалімді даярлау және қайта даярлау жүйелері (қашықтықтан өткізетін семинарлар, педагогикалық қорларының жиыны, әр түрлі әдістемелердің мәліметтер қоры, мұғалімдерді қашықтықтан аттестациялау);
- ғылыми шығармашылықты шыңдау (жаңа ақпараттарды ғылыми журналдардың электрондық түрінен алу, ғылыми мәселелер жөніндегі конференцияларға қатысу, жаңа қорытындыларды электрондық журналдарда жариялау, әртүрлі елдердің ғылыми кітапханаларына қолжетімділігі);
- оқыту іс-әрекетінің жетілдірілуі (басқа оқу орындарындаға оқыту әдістемелері мен оқыту технологиялары туралы мәлімет алу, оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар туралы мәлімет алу, сабақта қолданылуға болатын түрлі дайын материалдар алу, оқыту үдерісінде қолданылатын оқулықтар мен кітаптар туралы мәліметтер алу, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану туралы мәлімет алу);
- тәжірибелік жұмыста мектеп веб-сайтын пайдалану (әрқашан толтырылып отыратын, оқу жоспарына кіретін материалдар, бағдарламалар, сабақтың конспектілері мен сабаққа дайындалуға қажетті материалдар, өзінің оқу материалдарын жариялау және т.б.);
- телеконференция арқылы оқыту іс-әрекетін жетілдірудегі өзінің тәжірибесімен бөлісу;
- оқыту үдерісінің сапасы мен оқушыларды ынталандыру жайлы басқа мұғалімдермен әдіс-тәсілдермен алмасу;
- жеке байланыстар орнату;
- оқытушы және ғылыми іс-әрекеттер туралы басқа мұғалімдердің ой-пікірін білу мақсатында және өзінің пікірлерін жариялау үшін жеке Web-құжаттары мен сайттар құру.
Оқушыларға арналған Интернет:
- оқып жатқан пән бойынша оқыту материалдарын қолдану: оқулықтар, педагогикалық программалық құралдар, зертханалық практикум модельдері және т.б.;
- басқа мектептердегі оқушылардың оқытушы-зерттеушілік және жобалық жұмыстарымен танысу (өз жұмыстарының қорытындыларын жариялау, ақпарат алмасу, ортақ ойлы әріптестерімен достық қатынас орнату);
- жеке дайындық кезінде және өзін-өзі оқыту кезінде, сыныпта орындалған немесе жеке орындалған жұмыстардың журналдарда және электрондық басылымдарына қолжетімділігі;
- алыстағы оқыту-ғылыми орталықтарынан қашықтықтан білім алу мүмкіндігі (қашықтықта оқытылатын курстар: қосымша, базалық, ЖОО-ға дайындалу, виртуалдық сыныптар және кешенді қашықтықтан оқыту, қабылдау емтихандарын қашықтықтан тапсыру мүмкіндігі).
Оқушылар мен мұғалімдерге арналған Интернет:
- жаңа ақпараттық жағдай жасайтын ақпарат алу көздерінің жектелмеуі;
- мектеп аралық жобаларда ақпарат алмасудағы оқушылар мен мұғалімдердің коммуникациясы;
- оқушылар мен мұғалімдердің жобалары (конкурстар мен олимпиадалар, мектеп шығармашылық жобалар, оқытушы семинарлар және т.б.).
Ата-аналарға арналған Интернет:
- өзінің баласының оқу үлгерімі, жетістіктері жайлы мұғалімдер мен мектеп психологынан ақпарат алу;
- оқу орындары туралы ақпарат, сонымен қатар жарнамалық түрде берілетін балаларға қосымша білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдар туралы, ата-аналардың шағымдары мен келісімшарттары туралы, басқа да көптеген қажетті ақпарат алу мүмкіндігі;
- мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен хабарласу мүмкіндігі.
Әйтседе Интернет дәстүрлі оқыту үдерісін жоққа шығара алмайды, оның мүмкіндіктері тек қана оқыту үдерісінің түрлері және әдістемелерін өзгертеді.
Интернетті білім беру үдерісінде қолдану заманауи оқушылардың ойлау қабілеттіліктеріне жаңа бағыт береді. Оқушы барлық ақпараттық үдерістерді жүзеге асыра алатындығы арқылы, өзінің алдына мақсат қоя және оларға жету жолындағы мәселелерді шеше алатын, оқу үдерісінде педогикалық үдерістің белсенді субьектісі болып табылады.
Бұл үдерістің жағымсыз жақтары да жеткілікті. Әлемдік торлардың ішінде әрине оқушылар мен жасөспірімдер көрмесе екен деген ақпараттар өте көп. Бұл сол ақпаратқа қатаң тиым салу проблемасын тудырады. Екінші жағынан, Интернетте жарияланған ақпараттық ресурстардың ғылыми растылығының жоқтығы және онда ақпараттарды жариялаудың оңайлығы.
Телекоммуникация оқыту үдерісіне және оқушыларды тәрбиелеуге жаңа қатынас орнатады.
- ортақ жобалары бар оқушылар арасындағы шектеуді жойып, олардың өзара ақпарат алмасып, ой бөлісіп, сын-пікір алмасып жақындасуына көмектеседі;
- өзінің зерттеу әдістерінің нақты негізінде (ғылыми және шығармашылық зертхана), оқушылардың табиғатты тану, техника, технология, әлеуметтік құбылыстарды, түрлі шығармашылық жұмыстарының маңыздылығын тану мүмкіндігі;
- басқа елдердің мәдениетінен, басқа адамдардың тәжірибесінен ақпарат алу мүмкіндігінің кеңдігі;
- гуманитарлық білім берудің дамуын арттырады, адам өміріндегі іс-әрекетті әдеп-ғұрыптық өмір аспектілеріне бағыттайды, табиғатты қорғауға және қалыпты күйіне көңіл бөлуге бағыттайды;
- өз ана тілінің үйреніп дамытуына, еларалық жобалар жасау кезінде шет тілдерді де меңгеруіне әсер етеді;
- алдағы өмірде қажет болып қалатын біліктілік пен дағдыны тек ғана оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге де меңгеруге септігін тигізеді, соның ішінде компьютерлік техниканы және технологияларды қолдану дағдылары;
- оқушыларда керекті білім деңгейін қалыптастыруға көмектеседі, қабылданған ақпаратты салыстыру, толықтыру, өңдеу, қойылған сұрақтармен байланыстыру дағдысын қалыптастырады, яғни оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
Оқу орнының Интернет желісіндегі білімдік веб-сайты - жаңа ақпаратты-әдістемелік құрал. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде білім сайттарының мектеп арасында маңызы артып отыр. Сайттың мазмұны, ұйымдастыру құрылымынан мектептің қоршаған ортамен байланысы ғана емес, сонымен қатар оқу орнының ішінде болып жатқан білім беру үдерістерінің қатынастарымен байланысты.
Сайт (немесе веб-сайт) - ұйымның серверінде немесе жеке адамның серверінде жарияланған өзара байланысқан веб-беттер жиыны. Олар әдетте белгілі бір бағытталған және жеке адресті болады. Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің интернеттегі адресі - www.kaznpu.kz, ал информатикадан әдістемелік нұсқаулардың, көмекші құралдардың сайты - www.metod-kopilka.ru, жалпы білім беру әдістемелері туралы сайт - www.pedsovet.ru.
Веб-бет - Интернет желісіндегі жеке құжат.
Веб-сайттардың бірегейлігі білім беруі үдерісінің көптеген мәселелерін шешуде көмектесетін әмбебап құрал болып табылады: оқушыларға, мұғалімдерге және мектептерге, басқада әртүрлі әдістемелер мен танысқысы келетіндерге ақпаратты беру, кейбер кітапханаларда қолдану және оларды өзінің әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен талықтыру мүмкіндігі, коммуникацияның интерактивті формалары - чаттар, веб-форумдар, телеконференциялар.
Білім сайтының негізгі жасағы оқу орнының бірізді педагогикалық тұжырымдамасы болып табылады. Мектеп сайты мәселелердің бір бөлігін шешіп қана қоймай, мектеп іс-әрекетінің тиімділігін барлық жағынан арттыру қажет. Мектептің педагогикалық тұжырымдамасы және оның құрылымының элементтері сайттың базалық негізін құрайды және мұқаба бетте орын алады.
А.В. Хуторский жасалып жатқан мектеп сайтының екі аспектісін қарастырады: сыртқы және ішкі. Біріншіден, сайт сырттан келген қонақтарға қызықты болуы тиіс. Екіншіден, сайт оқу орнының ішінде болып жатқан мәселерде шешуде сапалы және тиімді құрал болуы мүмкін: сабақ өткізу, қашықтықтан өткізілетін педагогикалық кеңес және ата-аналар жиналысын, конкурстар, оқытудың ақпараттық қамтамасын ұйымдастыру.
Білім сайтын жасаудағы негізгі принциптер - адрестігі, интерактивтігі және сайтқа кірушілердің көптігі, үдерістерді ұйымдастыратын мұғалімдер мен оқушылардың (қатысушылардың) болуы.
Веб-квест - басқа беттердегі нақты тақырыпқа байланысты гиперсілтемелері бар Интернет желісіндегі беттер.
Білім веб-квестер деп білім сайттарында жарияланған, басқа сайттардан сілтемелері бар веб-беттері құрайды. Әйтседе веб-бет өзінің мазмұны, мақсаты, мәселелері, бақылау қызметтерін жүзеге асыратын білімдік болып жасақталады.
Орыстілді Интернет ресурстары қазіргі таңда білімдік веб-квесттарды жасау үшін жақсы дамыған. Білім веб-квесттері кез келген оқу пәні бойынша, соның ішінде гуманитарлық бағытта да, жаратылыстану бағытында да, жасалуы мүмкін.
Медиа білім беру - оқушылардың жалпы коммуникация құралдарының заңдылықтарын оқытуға бағытталған: теледидар, пресса, радио, кино, бейне және т.б. медиа білім беру құралы ретінде ақпараттық ортаның төмендегідей элементтері пайдаланылады: оқулық, жалпы ақпарат ортасы (теледидар, басылымдар, радио), бейне, компьютерлік оқытушы программалар және ойындар, Интернет ақпараттық желісі.
Медиа білім беру мен базалық білім беру сабақтастырыла отырып мынадай құрамалар береді (Л.С. Зазнобина):
:: жаппай ақпараттандыру құралдары арқылы берілетін ақпаратты қабылдау және өңдеу;
:: критикалық ойлау, беріліп жатқан ақпараттың дұрыстарын қабылдап, жалған ақпараттардың бойға сіңдірмеу дағдыларын дамыту;
:: ортақ базалық білім беруге, жеке білім саласы бойынша білім мен дағдының бүкіл мектептік ақпараттарды қосу;
:: түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып (компьютер, факс, модем, мультимедиа және т.б.) қажетті ақпаратты іздеу, дайындау, жіберу, қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының медиа білім беру үдерісін пайдалану келесідей дағдыларды дамытады (А.В. Хуторской):
:: әртүрлі ақпарат көздерінде керекті ақпаратты табу;
:: әртүрлі ақпараттық мәліметтердің арасындағы байланысты орнату;
:: ақпараттардан керекті мәліметтерді алып, оны жүйелі түрде реттеп, негізгілерін анықтау;
:: коммуникация мақсаттарын, ақпараттық ағынның бағытын түсіну;
:: қабылдап жатқан ақпараттың қателерін, жалғандығын табу;
:: бір ақпарат көзінен алынған ақпаратты бірнеше түрлі көзқараспен көру;
:: алған мәліметі бойынша өзіндік аргументтелген пікір беру, сын-пікір жазу;
:: бір типтегі ақпаратты екінші типке ауыстыру (вербальдіні визуалдыға) және кері қарай;
:: тыңдаушыларға байланысты ақпаратты түрлендіру;
:: мазмұны бойынша сәйкес ақпаратты беру түрлерін анықтау;
:: ақпаратты алу, өңдеу және жіберудің ең аз деген инструменттерімен қамтамасыздандырылуы.
Мультимедиа, компьютерлік технологиялардың жаңа түрлендірілуі болса да, соңғы кезде мектепте білім беру үдерісіне қарқынды еніп келе жатыр. Терминнің өзі компьютердің пайда болуынан бұрын білім беруде орын алды және оқытушы ақпараттың түрлі әдістерінің қосындысын анықтайтын. Ал компьютер пайда болғалы сол ақпараттардың жиынтығын беру құралдарымен қосу, сонымен қатар оларды бақылауды анықтайды.
Көптеген зерттеушілер мультимедиялы визуализацияны қосымша құрал ретінде қабылдап және ол білім беру үдерісіне тек қажеттілігіне сәйкес пайдалану керек деп ойлайды.
Ал психологтар болса бейнелі ақпарат беріліп жатқан ақпаратты тестілеу түрінен гөрі оқушы санасында тез сақталып, ұмытпауына кепілдік береді дейді. Сонымен қатар, мультимедиалық программалық құралдардың оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, ынталандырушы және пәндік-тәжірибелік дағдыларының дамуына әсер етеді.
1.2 Жалпы білім беретін мектепте информатика курсын оқытудың бағыттары
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерісі, кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту ақыл-ойды дамыту деген мағынаны білдіреді. Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, қандай дәрежеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесінде алатын орнымен анықталады.
Жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды, 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ - дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленген. 1985 жылы Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні бағдарламасы түзілді. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылдары А.П.Ершов, В.Н. Монаховтың Информатика және есептеуіш техника негіздері атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі.
Информатика пәні 1985-1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз вариантта оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатыла бастады. Мұндай жағдайда информатика мұғалімдерінің білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтың мазмұнын, құрылымын және әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.
Елбасының 1997 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы құжаты мектеп информатикасының мазмұнына үлкен өзгеріс әкелді. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты оқушының әлемдік - ақпараттық білімдік кеңістікке ену дағдысын қалыптастыруға негізделген. Ал оны жүзеге асырудың негізгі көзі - мектеп информатикасы.
Қазірігі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелу керек.
Информатиканың маңызды ерекшелігі - оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында қоршаған ортаны қорғауда, криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы. Сондықтан оның мазмұнын жан-жақты өзгертіп, оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыратындай етіп, өзгерту қажеттілігі туындады. Аталған қажеттілікті шешу бағытында профессор Ж.Қараевтың және доцент Н.Ермековтың ғылыми басшылықтармен Алматы қаласы мұғалімдерінің шығармашылық тобынан құрылған топ Информатика пәнінің 7-11 сыныптарда оқытудың мемлекеттік құжат негізінде оқу әдістемелік кешені құрастырылды. Құрастырылған информатика курсының мазмұны ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету мен жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамы болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерін түсіндірумен қамтамасыз етілді.
Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым. Информатика - ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазіргі кезде мектептегі информатиканың проблемаларын қарастыратын сала мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жалпы білім беретін орта мектепте Информатика және есептегіш техника негіздері курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс болып саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның жалпыілімдік мәнін ұғынуға немесе оның негіздерін мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл қала берді, бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады, жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады.
Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыілімдік пәндер құрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады.
Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала - (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен мағлұматтардың (білім инженериясы) тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және т.б. осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай бағыттың басым екендігі туралы айту қиын, бірақ соның қажеті де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz