Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану



Кіріспе 3
1 Дидактика туралы ұғым 5
1.1 Дидактика және жеке әдістемелер. 5
1.2 Дидактикалық материалдарды жасаудың теориялық негізі 10
2 Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану 13
2.1 Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы. 13
2.2 Биологияны оқытудағы жалпы және жекелеген дидактикалық принциптер 20
3 Тәжірибелік бөлім 23
3.1 6 сыныпта «Қос жынысты және дара жынысты гүлдер» тақырыбын оқыту әдістемесі
Қорытынды. 26
Пайдаланған әдебиеттер
Дидактикалық жүйелер уакыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841)дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Комменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтер болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл –ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ -жауап тәсілдері қолданылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы –тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі- тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.
Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар – үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады [6, 5 б]. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде биология курсын оқытуда дидактикалық материалдарды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Әбенбаев С. «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі». – А., 1999.
2. Лернер И. «Дидактические основы методов обучения». Москва, Педагогика,1981.
4.«Биология» журнал №1, 2010
5. Аквилева Г.Н. «Методика преподавания естествознания в средней школе» – М., 2004 г.
6. Булашбаева А. «Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі». 2006. №6, 39-40 б.
7. Богданова Т.Л. «Биология», Москва, 1998
8. Бозбаева Г. «Оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз». 2006. №5, 48 - 51 б.
9. Булашбаева А. «Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз». 2006. №6, 39 - 40 б.
10. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы, 2006
11. Исманбетова М. «Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер». 2006. №3, 30 – 34 б.
12. Кеңесбаев С.М. «Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері». Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
13. Меңжанова А.К. «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі». 1996ж. 160 б.
14. Г. Жүнісқызы. «Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіздері». 2003. №4, 9 – 17 б.
15. Қуанбаев Б. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технолгиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері». Автореферат канд. дисс. 2006.
16. Жылыбаев Ж. О. «Педагогические условия формировние здорового образа жини учащихся инновационных школ». Автореферат канд. дисс. Астана 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Дидактика туралы ұғым 5
1.1 Дидактика және жеке әдістемелер. 5
1.2 Дидактикалық материалдарды жасаудың теориялық негізі 10
2 Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану 13
2.1 Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы. 13
2.2 Биологияны оқытудағы жалпы және жекелеген дидактикалық принциптер 20
3 Тәжірибелік бөлім 23
3.1 6 сыныпта Қос жынысты және дара жынысты гүлдер тақырыбын оқыту әдістемесі 23
Қорытынды. 26
Пайдаланған әдебиеттер 27

Кіріспе
Дидактикалық жүйелер уакыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841)дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Комменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтер болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл - ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ -жауап тәсілдері қолданылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы - тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі- тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.
Дидактикалық материал - сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар - үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады [6, 5 б]. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде биология курсын оқытуда дидактикалық материалдарды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:
оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.
дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын; дидактикалық принциптердегі өзгешеліктерін; әдіс-тәсілдеріндегі өзгешеліктерін; мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай дидактикалық материалдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады

1 Дидактика туралы ұғым
1.1 Дидактика және жеке әдістемелер.
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
:: Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
:: Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
:: Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда больп дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
:: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
:: оқушыларды сыныптарға бөлу;
:: әр сыныпқа бір бөлме беру;
:: күніне 4 сабақ өткізу;
:: әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
:: қоңыраудық соғылуы;
:: тәртіп;
:: бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;
:: сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік.
Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді2.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
:: Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
:: Қысым жасамай оқыту. Ынтымаңтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне
еендіру.
:: Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
:: Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
:: Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
:: Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
:: Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы бір сабақта оқылады.
:: Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
:: Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
:: Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" -- деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
:: мұғалімнің қатты сөйлеуі;
:: суреттердің бояуының ашықтығы;
:: әсердің күштілігі;
:: затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
:: І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;
:: аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;
:: білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
:: мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;
:: мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
:: ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
:: білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
1.2 Дидактикалық материалдарды жасаудың теориялық негізі
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. didaktikos - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканыңүйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменскийөзінің Ұлы дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII - XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды. И.Г.Пестолоций пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы,Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы оқытушылардың қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған білімгерлер іс-әрекетін танытады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) оқытушы мен оқып-үйренушінің бірлескен ескен іс-әрекеті; 3) басқару оқытушы тарапынан; 4)жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6)білімгерлердің жас ерекшелік даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) білімгерлердің дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары, нәтижесі. Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да, ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым .

2 Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану
2.1 Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы.

Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады. Кеібір автор оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуды ұсынып келеді. Заманауи принцитер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтіжелерді жоспарлау мен талдау) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принціптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал - тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтіжелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принйіптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтіжелі болары сөзсіз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларды оқытудың мақсаты сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен - бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
* ғылымилық,
* саналық пен белсенділік,
* көрнекілік,
* жүйелік пен бірізділік,
* беріктілік,
* тиімділік,
* теория мен тәжірібесін байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжіребелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжіребеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдарану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцитерге сүйеніп шығармашылық танытсақойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелр принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактикалы принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат - міндеттерін іске асырады.
Біздің оқулықта ранайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық рөлі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеубірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.
Ғылымилық принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптердің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны мұғалімнің іс - әрекетіарқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесінесәйкестендіру, жаңа әдістер мен жаңашыл ұстаздардың тәжіребесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми деалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
- Шәкірттеге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістерімен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітәппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру .
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қапайым ұғымдармен берік тірде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан - жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- белгілі ғалымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Оқушылардың білімін бақылау
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін іске асыру
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Кейс- стади технологиясының биология пәнінде пайдаланудың тиімділігі
Пәндер