Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі



Кіріспе 3
1 Дәстүрлі емес сабақтар . мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру құралы 5
1.1 Дәстүрлі емес сабақтар 5
1.2.Дәстүрлі емес сабақтың түрлері 9
2 Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі 13
2.1 Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы
2.2 Саяхат сабағы . дәстүрлі емес сабақтың бір түрі 15
3 Тәжірибелік бөлім 17
3.1 Сабақтың түр өзгерістері тақырыбында дәстүрлі емес оқыту технологиясын пайдаланып оқыту әдістемесі. 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.
Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.
Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа
оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.
1. М.М. жанпейісова «Модульдік окыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» А-2002 ж.
2. Н.Р. Юсуфбекова «Общие основы педагогической инноватики» М-1991.
3. В.Монохов «Проектирование и внедрение новых технологий обучения» М-1990 г.
4. М.В.Кларин «Педагогическая технология в учебном процессе», М-
1989.
5. ¥ Төленова. Білім беруде жаңа технологияны қолдану- өмір талабы. |Бастауыш мектеп №5, 2005ж.
6. Байғазиева Г. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру. |Бастауыш мектеп №106 2005ж.
7. Қ. Нағымжанова. Қазіргі педагогикалық технологиялар- объективті қажеттілік. Бастауыш мектеп №7, 2005ж|.
8. Қ. Ыбараимжанов. Педагогикалық технология |Бастауыш мектеп №8, 2005ж.
9. Байғазиева Гүлнүр «Педагогикалық технологияларды меңгеру- міндет» Қазақстан мектебі №1, 2006ж|.
10. Мусина Сапура "Оқыту технологияларын енгізу жолдары", Қазақстан мектебі№86 2002ж|.
11. Бүзаубақова Клара «Жаңа педагогикалық технолиялар», ЦҚазақстан мектебі №4, 2005 ж.
12. Байғазиева Г. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру. |Бастауыш мектеп №106 2005ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Дәстүрлі емес сабақтар . мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру құралы 5
1.1 Дәстүрлі емес сабақтар 5
1.2.Дәстүрлі емес сабақтың түрлері 9
2 Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі 13
2.1 Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы 13
2.2 Саяхат сабағы - дәстүрлі емес сабақтың бір түрі 15
3 Тәжірибелік бөлім 17
3.1 Сабақтың түр өзгерістері тақырыбында дәстүрлі емес оқыту технологиясын пайдаланып оқыту әдістемесі. 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.
Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.
Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа
оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.
Оқу құралының мазмұнында технология, педагогикалықтехнология, оқытудың технологиясы ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік негіздері қарастырылған.
Қазіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту технологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана, жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық процестің мақсатты құбылысына бет алады.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде биология курсын оқытуда дәстүрлі емес сабақ технологиясын пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.
дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын;
мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында дәстүрлі емес сабақ технологиясын қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.

1 Дәстүрлі емес сабақтар . мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру құралы
1.1 Дәстүрлі емес сабақтар
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі.
Сабақ құрылымы:
:: үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут;
1. Жаңа сабақ;
2. Бекіту;
3. Үйге тапсырма.
5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тындап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
:: оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;
:: мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді;
:: әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
:: мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
:: жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
:: егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді;
:: нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді.
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады.
Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады.
Танымдық іс-әрекетті топта ұйымдастыру:
Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезендері:
:: топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі;
:: топта оқу міндеттерін орындау жоспарын талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу;
:: оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
:: мұғалімнің бақылауы мен топтың және жеке оқушылардің жұмыстарын түзету;
:: оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі;
:: мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен пікір таласын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау;
:: топтың, сыныптың жұмысына баға беру;
:: үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады.
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады.
Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді.
Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы.
6. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
:: бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
:: бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
:: тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
:: негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
:: сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
:: тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
:: сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
:: сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
:: техникалық оқыту құралдарын тексеру;
:: мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
:: сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
:: білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
:: білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
:: үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
:: сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
:: тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
:: сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.
Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды.
Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді.
1.2.Дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат - сабақтың құраушылары деп қарау керек.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар - қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады.
Семинар сабағы - Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Қосар сабақ - іліктестірілген сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланыста қарап, 2 мұғалім береді.
Модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетәін ескере отырып, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары - дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан, тап!, аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.
Жұлдызды сағат сабағы қайталау-пысықтау сабақтарында, әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін дәстүрлі емес сабақтың көптеп тараған түрі. Жұлдызды сағат сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады. Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы Жұлдызды сағат төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді. Ойын оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды.
Театр сабағы - сабақтағы өтілетін материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Тренинг сабақ - белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі - тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар
оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады, арттыра түседі.
Саяхат сабағы - белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ.
Ойлан, тап! сабағы - ойын сабағының ең маңыздысы. Ойлан, тап!
сабағы - білімді жүйелеу, қайталау және тексеру с абақтарын пайдаланған ұтымды. Сабақтың еркшелігі - сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардың терең білімді талап етеді.
Осындай Ойлан, тап! сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушлықтарының артуына жол табады.
Аукцион сабақ. Аукцион сабақ дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, артындағы тапсырмаларды орындаулары керек.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Ғажайыптар алаңы - дәстүрлі емес сабақтардың ерекше түрі. Ғажайыптар алаңы сабағы көбінесе қайтала-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғры, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын сыйлықтар күтіп тұрады. Сабақ 3 турдан және ақтық ойыннан, көрермендерден (тыңдаушылармен, жанкүйерлекрмен) ойындардан тұрады. Әр турға 3 оқушыдан қатысқанда, бір сабақта оқушылардан түгел сұрауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Физиологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу әдістемесі
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Пәндер