Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Кіріспе 3
1 Деңгейлеп оқыту технологиясына жалпы сипаттама 5
1.1 Деңгейлеп оқыту технологиясы. 5
1.2 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі. 12
2 Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану 20
2.1 Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары. (оқушылардың даму мониторингі , бағалау рейтингісі) 20
2.2 Биология сабақтарын деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүргізу жолдары.
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 Тұқым.Қосжарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы тақырыбында деңгейлеп оқытудың технологиясын пайдаланып оқыту әдістемесі. 26
Қорытынды. 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31

Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу –тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды , оқушылардан танымдық , шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып , үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым – саты »,- деп В .Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт , жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес , танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал – тәсілдердің жиыны , іс – қимыл , қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе , Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал жасау»,В.П.Беспалько «Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер», деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог ғалымдар:
Ә . Жүнісбек, А. Таубаева , Ж. Қараев , М. Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кең қолданылады. [ 5].
Педагогика ғылымдарының докторы , профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мұнда баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде , 1999ж.
2. Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы . // Қ.М,28 қазан , 2000ж.
3. Қазақстан Республикасының 20158 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қ.М, №1, 2004 ж.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. – М.: «Педагогика»,1989ж. 21-38 бет.
5. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. –Ақтөбе : РИПК:СО, 1999ж.
6. Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация как
теория и практика нововедений в системе образавания : научный фонд и перспективы развитие . /Книга 1/- Алматы: Научно –издательский центр «Ғылым » 2001.
7. Мұхамбетов С.Қ. Педагогика .Ақтөбе, 2001.
8. Педогогика . Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003, /Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті/ .
9.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.
10. Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика , -Алматы ,2000.
11.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
12. Ахметова А. К. Принципы технологий и содержание образовательной программы . – Алматы , 1995.
13. Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред.В.Я. Ляудие. – М. , 1994.
14. Керимбаева М. Р. Инновационные процесс в школе : проблемы перспективы , поиск, - Алматы, 1995.
15.Сабыров Т.А Оқушылардың өз белсенділіктерін арттыру жолдары. Алматы «Мектеп»,1978ж. 110-бет.

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Деңгейлеп оқыту технологиясына жалпы сипаттама 5
1.1 Деңгейлеп оқыту технологиясы. 5
1.2 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі. 12
2 Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану 20
2.1 Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары. (оқушылардың даму мониторингі , бағалау рейтингісі) 20
2.2 Биология сабақтарын деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүргізу жолдары. 24
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 Тұқым.Қосжарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы тақырыбында деңгейлеп оқытудың технологиясын пайдаланып оқыту әдістемесі. 26
Қорытынды. 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу - тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды , оқушылардан танымдық , шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып , үздіксіз ілгері жылжи береді. Ғылым - саты ,- деп В .Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт , жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес , танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал - тәсілдердің жиыны , іс - қимыл , қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе , Б.Т. Лихачев Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал жасау,В.П.Беспалько Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер, деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог ғалымдар:
Ә . Жүнісбек, А. Таубаева , Ж. Қараев , М. Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кең қолданылады. [ 5].
Педагогика ғылымдарының докторы , профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты - жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мұнда баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.
Ал, В.П.Беспалько деңгейлік технологиясы :
1. Міндетті, оқушылық.
2. Алгоритмдік .
3. Эвристикалық .
4. Шығармашылық ,- деп төртке бөлді. Ж. А. Қараевтың технологиясында төрт деңгейлік тапсырмалар кездеседі.Онда:
1. Жаңа өтілген тақырыпты қайталау, пысықтау , ереже жаттау.
2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Танымдық іздену.
4. Ұғым , түсінік , қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.
Деңге йлеп оқыту технологиясының төрт деңгейлік тапсырмаларын барлық оқушылардың толық орындауы талап етіліп, әр деңгей ұпаймен белгіленіп, рейтингті жүйелеп есептелінеді , мониторинг бойынша баға қойылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді . Яғни мықтылар өз қабілеті мен икемдігін бекіте түседі. Әлсіздер өзіне сыни көзбен қарауға дағдыланып сенімсіздіктен арылып , белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген құлшыныс ұлғайып , білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді.[4]
Зерттеудің мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның ішінде Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу.
Биология пәндерін жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.
2.Биология пәнін деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып , оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау жүйесін жасау, шеңберін кеңейту.
3.Білім берудегі педагогикалық инновациялық әдістемеліктерге сүйене отырып , сынақ (тест) , сауалнама және сабақ жоспарының үлгілерін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін биология пәнінің ерекшелігіне , мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп , яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық - педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді , себебі деңгейлеп оқыту биология пәнінің деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді.
1 Деңгейлеп оқыту технологиясына жалпы сипаттама
1.1 Деңгейлеп оқыту технологиясы.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой - тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.[8].
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. [19].
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын , оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру - жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр. [1].
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) - эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей - түсініктерді жүйелеу деңгейі . 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[19].
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл - ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. [19].
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін салмақтыңартуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.[4].
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
Базалық деңгей - мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
*жеке тұлға ерекшеліктеріне;
*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне , ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
*пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [11].
Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дайындық кезең
Оқушыларды оқу материалын базалық , бағдарламалық күрделенген деңгейлер бойынша игеруін анықтау.
Диогностикалық кезең.
Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау . Оқушылардан сауалнама алу.Сынып жетекшілерімен оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқу деңгейі таңдалады.Оқушы өзіндік таңдау жасайды.
Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру : әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау . Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.
Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.
Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі.
Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.
Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Деңгейлеп оқыту жағдайына білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі.
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. Кері байланыстың дұрыс орнауы , жүзеге асыру.
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.
Бастапқы ғылыми идеялар :
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей - мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне , ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек ).
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші - тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші - қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші - материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші - материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші - практикум сабақтар.Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына , жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.
Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады . [34].
Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың , В.Шейманның , Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты - оқушының оқу танымдық қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік ) деңгейінде жан-жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В.Беспалько).
-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.
-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.
-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап - пікір таластыру деңгейіне жетіп , даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:
-оқушыға сенімділік білдіру;
-пәнге қызығушылығын арттыру;
-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген [4].
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойып отыру .Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі сабақта қарастырылды.
(Қосымша №2-3 кесте ).
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге , ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын Даму мониторинг кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
oo жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.
oo оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
oo дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
oo әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
oo жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
oo тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
oo өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
oo бақылау жұмысы алынады.
oo бақылау парағы жасалады.
Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең . Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл - ойы дамиды , ойлануына жан - жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп , ізденіп, талап - пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.
1.2 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда , академик В.М. Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық тәсілі.[30].
Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:
-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру
Принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:
білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;
оқыту сапасын арттыруға;
басқару тиімділігін жетілдіруге;
оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр[19].
Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да , бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік - сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы [4].
Педагогикалық технология
Педагогикалық жүйеде
Әдістемелік жүйе
Педагогикалық жүйе
Педагогикалық технология
Тәжірибеде Дпр
жүзеге асыру
+
Бұл жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар}Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}
Тқ
Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгеруін талап етеді.
Тқ - оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Түз.ж. - түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Басқ . - педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі басқарады)
Жалпы , педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті- оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.
1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы оқыту әдістемесі деп отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.
3. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет деп отырмыз ғой. Ол - оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек
4. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда - оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [29].
- Қалайша ?!
- Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші - оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар сұрақ-жауап диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші- оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.
Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, ойлау барысында ойлау берік объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық негіз бар-деген ойыннан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.
Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория
- Л.С. Выготскийдің оқыту процесінде оқушының ақыл - ойының дамуы актуальды дамуаймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей- міндетті, оқушылық, екінші - алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау [4].
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші - оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек:
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Математика мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т.с. с.
2) Оқушының ойлау қабылетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше топтастырдық:
1) танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т .с. с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
2) Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындау берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген теорема дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығарды.
2) Олимпиадалық есептер.
3) Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.
Демек , бұл тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [19].
Сонымен , қорытып айтатын болсақ, бұлар:
Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға, ережелері мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі басқаруға ыңғайсыз-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары: оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады-дейді.
Мүмкін , дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz