Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану. 6

1. 1 Оқу процесінде оқыту принциптерін ісе асыру ерекшеліктері. 6

1. 2 Мұғалімнің дидактикалық принциптер мен заңдылықтарды қолдануы. 14

2 Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі24

2. 1 Биологияны оқытудағы жалпы және жекелеген дидактикалық принциптер21

2. 2 8-сынып биология курсында оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі24

Қорытынды. 30

Пайдаланған әдебиеттер31


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принциптерiн, негiзгi қағидаларды белгiлеуге көп күш салды. Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп (табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру) . Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына, мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға, ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады. Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз. Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi: - ғылымилық, - саналылық пен белсендiлiк, - көрнекiлiк, - жүйелiлiк пен бiрiздiлiк, - берiктiлiк, - тиiмдiлiк, - теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.

Ал А. В. Иващенко, В. П. Пустовойтов зерттеулерiнде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде дидактикалық принциптердің тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н. Ф. Талызина, В. М. Монаховтың, А. Я. Савельевтің және т. б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, көрнекілік принципті жүзеге асыру әдiстемесi - Ю. А. Первин, А. А. Кузнецов, Ю. А. Шафрин, Я. Ваграменский, С. Гримм, В. М. Заворыкин, А. П. Ершов, Ә. Бүркіт және т. б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.

Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде биология курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде биология курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, оқушылардың потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Биология сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын бірізділік принципі негізінде ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай әдістемені ұсынамыз. Бұл мәселенің техникалық тұрғыдағы шешімі - елiмiздің барлық мектептерiнің компьютермен толық жабдықталынып, компьютерлік технология көмегімен көрнекілік принципті толығымен жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ дидактикалық принциптерді пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. Орта мектептерде информатика курсын оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптерді пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.

Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде биология курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.
  • дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын; дидактикалық принциптердегі өзгешеліктерін; әдіс-тәсілдеріндегі өзгешеліктерін; мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.

Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай дидактикалық материалдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т. б. ) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.


1 Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану.
1. 1 Оқу процесінде оқыту принциптерін ісе асыру ерекшеліктері.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670) . Оның “Великая дидактика” кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

ΧVI I ғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.

ΧIX ғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.

К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамытуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская , П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов , Л. В. Занков, М. Н. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов т. б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол[1; 256] .

Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қалада зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1922 жылы Ташкент қаласында («Түркістан ббаспасөз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі днп қарастырған. Оның 1917-18 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-20 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жумабаевтің шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотелдің, сол кездің атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннің (1889-1960), А. А. Смирновтың (1894-1975), т. б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой - пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек[2; 56] .

Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау керек. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтары дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту прблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесін енгізуге байланысты.

Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәсәлелер қарастырылады.

  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
  2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет[3; 196] .

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Балалардың өзіндік дамытуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекетті. Сөйтіп, оқыту процесі -мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынас, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқару) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту-бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл -ойы мен творчестволық қаблетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі -оқушларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктер -мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айланасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екінші қызметі -тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұнымен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбиемен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі-дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шындалып, қабілеттерінің артынуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады) .

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.

Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау керек. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтары дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту прблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесін енгізуге байланысты.

Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәсәлелер қарастырылады.

  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
  2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастардың жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулақтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларға ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», - деп мектеп реформасында жазылған[4; 456] .

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің 03 пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу працесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі.

Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күшқайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту- таным процесі . Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамытуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым ьарихы мен, оның әдістері мен танысу, ұлы ғалымдар мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту- даму негізі . Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Информатика курсын оқыту
Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Электронды оқулық дәріс
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz