Зертханалық жұмыстар [ медицина ]



1. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау.
2. Тізе рефлексін зерттеу
3. Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі
4. Терінің штрихті тітіркенуі.
5. Көрудің жітілігін анықтау.
6. Адам қанының микроскоптық құрылысы
.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.
2.Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:
А)көлденең жолақты бұлшық ет;
Ә) көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;
Б) бірыңғай салалы бұлшық ет;
В) эпителий (әртүрлі эпителий);
Г) сүйек;
Ғ) жүйке ұлпалары.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқанба?
Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе Ұлпалардың құрылысы атты электрондық нұсқаны қарау.

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоптар, әртүрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бірыңғай салалы бұлшық ет, эпителий (эпителийдің әртүрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.

Жұмыс барысы.
1.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.
2.Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:
А)көлденең жолақты бұлшық ет;
Ә) көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;
Б) бірыңғай салалы бұлшық ет;
В) эпителий (әртүрлі эпителий);
Г) сүйек;
Ғ) жүйке ұлпалары.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқанба?
Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Тізе рефлексін зерттеу.

Мақсаты: тізені бақылап,көру
Құрал-жабдықтар: резеңке балға.

Жұмыс барысы.
Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.
Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер. Бұл жұмысты түрлі түсті қағаздан аппликация (жапсырма) түрінде де жасауға болады.

Қорытынды.
Біліміңді тексер:
Сәйкестендір: Рефлекстік доға
Нейронның түрлері:
1. Сезгіш
2. Байланыстырғыш
3. Қозғалтқыш
Нейрондардың қызметі:
А. тітіркендіргіштерді қабылдап, қозуды сезім мүшелерінен ОЖЖ не өткізеді;
Б. қозуды орталық жүйке жүйесінен (ОЖЖ) жұмыс мүшесіне жеткізеді;
В. сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Нейрондардың орналасуы:
Г. нейронның денесі жұлында, ал оның ұзын өсінділері одан тыс жерлерде орналасқан.
Д. нейронның денелері ОЖЖ не баратын жолдарда жүйке түйіндерінде орналасқан.
Е. нейронның денесі мен оның өсінділері орталық жүйке жүйесінде жинақталған.

Айтылған нейрондарды суреттен тауып,
олардың қандай сандармен белгіленгенін көрсет.

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі.

Мақсаты: көз құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: жыпылықтату рефлексінің рефлекторлық доғасының схемасы

Жұмыс барысы.
1.Жыпылықтату рефлексі дегеніміз не?
2. Жыпылықтату рефлексінің түзілу механизмін сипаттап жазу.

Жыпылықтату рефлексі - көзге қандай да бір затқа жақындатқан кездегі қабақтың рефекторлық жыпылықтатылуымен білінетін ағзаның туылғаннан бастап пайда болуы қорғаныш реакциясы. Ол 1896 жылы сипатталған және де жоғарғы көз нервінің механикалық тітіркенуі кезіндегі көздің айналасындағы бұлшық еттің қысқартылуына әкеледі.
Берілген қорғаныш рефлексінің орталығы басқа да көптеген рефлекстері сияқты (түшкіру, жөтелу, құсу, жастың бөлінуі) бас миының бөлімінде орналасқан.
1.Рецепторлар (көздің ішкі жағында орналасқан) қозу пайда болады.
2. Сезімтал нейрондар - нерв импульстерін жүйке жүйесінің орталығына береді.
3. Жүйке жүйесінің орталығына қойылу нейроны ақпаратты өңдейді.
4. Қозғалмалы немесе орындаушы нейрон (ақпаратты береді және орындаушы ағзаны қозғалысқа келтіреді).
5. Жұмыс жасау ағзасы (көз айналысындағы бұлшық ет), қабақтың жанасуы.

Рефлексті сипаттау
Көздің ішкі бұрышына тиген кезде рецептордың тітіркенуі пайда болады. Олар қозады, яғни сезімтал нейронға берілетін нерв импульсін түзіледі. Жүйке жүйесінің орталығына сезімтал нейронның қозуы беріледі, жүйке жүйесі нерв импульсін атқарушы нейронға жібереді, ал ол көздің айналасындағы бұлшық етке қозу жібереді. Бұлшық еттер жиырылып, қабақтар жанасады (яғни қозғалыс пайда болады).

Бұлшық етке берілетін нерв импульсінің механизмі.
1.Атқарушы нейронның аксоны
2. Синаптикалық тесік
3. Ацетилхолин көпіршіктері
4. Ацетилхолинді қабылдайтын бұлшық ет жасушаларының рецепторлары
5. Митохондрия
Атқарушы нейронның қозуы нәтижесінде жарылатын биологиялық белсенді сұйықтық көпіршектері атқарушы нейронның аксонында орналасқан. Ацетилхолин синаптикалық тесікке шығады (бұлшық ет жасушалары және аксон арасындағы кеңістік) берілген затқа жауап ретінде қозатын және қысқарылатын бұлшық ет жасушаларының жасушалық қабығына әсер етеді. Осылай рефоекторлық қабақтың жанасуы өтеді. Жыпылықтату рефлексі тек қана көздің ішкі бұрышында орналасқан анықталған рецепторлар қозуы нәтижесінде көрінеді. Жанасу бірнеше рет өткеннен кейін жыпылықтату рефлексі жойылады, себебі қозудың шексіз таралуына мүмкіндік бермейтін тежелу рефлексі өтеді.
Себебі: тітіркенудің қайталана беруі медиаторлар қорын көпіршіктерде азаяды және олардың қалыпқа келуіне уақыт керек.

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Терінің штрихті тітіркенуі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырларының тарылуы байқалады (теріде ақ жолақтар көрінеді), ал одан кейін парасимпатикалық бөлімнің әсеріне байланысты қан тамырларының кеңейуі жүреді (теріде қызыл жолақтар пайда болады).

Мақсаты: терінің құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: плакаттар.

Жұмыс барысы.
1.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің алғашқы нейрондарының денелері қайда орналасқан?
2. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?
3. Жұлынның қандай бөлімдерінде парасимпатикалық бөлімнің алғашқы нейрондарының денелері орналасқан?
4. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №5
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Ветеринарлық шекарада бақылау бекеттерін ұйымдастыру
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Зертханалық жұмыс құрылымы. Пиязды зерттеу
Пәндер