Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі



Кіріспе 3
1 Сабақты оқыту формалы және түрлері 5
1.1 Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру. 5
1.2 Биология сабақтарының түрлері. 8
2. Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі 12
2.1 Биология пәнінен оқушылардың өздігінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 12
2.2 АҚТ.ны қолдана отырып биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру 13
3 Тәжірибелік бөлім 18
3.1 6 сынып биология пәнінен «Жапырақта органикалық заттардың түзілуі», «Фотосинтез» тақырыбында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 18
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 21
Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет. Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізуге мүмкіндік жасалып отыр. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Биология ғылымының өзіне тән ерекшелігінің мектептегі биология пәнінде тапқан көршісінің бірі - ол осы ғылымның зерттеу әдістерінде кең колданылатын зертханалық зерттеу жұмыстары мен табиғаттағы тірі нысандарды бақылау. Осы зерттеудің екі әдісі де биолог студенттердің алғашқы күнінен басталып әрі қарай кәсіби мамандығында жалғасып жататын ғылыми танымның негізгі жолы. Мектеп биологиясындағы бағдарламалар мен жоспарларда осы зертханалық жұмыстар мен танымжорықтарға арнайы сағат бөлініп немесе тақырыптарда қоса өтілуі көрсетіледі.
Зертханалық сабақ -бұл да негізінен жаңа материал өтілетін сабақ түрі. Басқа сабақ түрлерінен біраз айырмашылығы бар. Зертханалық сабақта пәндік көрнекілік пайдаланылады, уақыттың көп бөлігін оқушылардың биологиялық нысандарымен жұмысы алады (бақылау, тәжірибе). Зертханалық сабақтар кезінде окушылардың практикалық және интеллектуалдық біліктігі әсіресе пәрменді қалыптасады, өйткені олар табиғи нысандармен немесе олардың нобайларымен жұмыс үрдісі кезінде пәндік талдау, құрау және тұжырым жасайды. Зертханалық сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда жаңа білім игеруде және біліктілікті қалыптастыруда оқушылардың жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін дербестік дәрежесіне, ұстаздың балалардың танымдық әрекетін шебер басқаруына байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесін үйрету .
Жұмыстың міндеттері:
- жапырақта органикалық заттардың түзілуі туралы түсінік беру;
- фотосинтез тақырыбын өту методикасы
- фотосинтез бойынша методикалық білім қалыптастыру.
1 Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. // Биология және салауаттық негізі.
2006. №3 (21), -Б. 39-42.
2.Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы . -Қарағанды, ЖШС «САНАТ-Полиграфия» баспасы, 2006. -344 б.
3.Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту (биология, экология, валеологияны оқыту мысаланда). -Қ.: Санат. 2002.
4.Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии. –М.: «Просвещение», 1987.
5. Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу
Әдістемелік құрал
6. Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. Биология және салауаттық негізі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сабақты оқыту формалы және түрлері 5
1.1 Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру. 5
1.2 Биология сабақтарының түрлері. 8
2. Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі 12
2.1 Биология пәнінен оқушылардың өздігінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 12
2.2 АҚТ-ны қолдана отырып биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру 13
3 Тәжірибелік бөлім 18
3.1 6 сынып биология пәнінен Жапырақта органикалық заттардың түзілуі, Фотосинтез тақырыбында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 18
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 21

Кіріспе
Биология ғылымы - эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет. Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізуге мүмкіндік жасалып отыр. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Биология ғылымының өзіне тән ерекшелігінің мектептегі биология пәнінде тапқан көршісінің бірі - ол осы ғылымның зерттеу әдістерінде кең колданылатын зертханалық зерттеу жұмыстары мен табиғаттағы тірі нысандарды бақылау. Осы зерттеудің екі әдісі де биолог студенттердің алғашқы күнінен басталып әрі қарай кәсіби мамандығында жалғасып жататын ғылыми танымның негізгі жолы. Мектеп биологиясындағы бағдарламалар мен жоспарларда осы зертханалық жұмыстар мен танымжорықтарға арнайы сағат бөлініп немесе тақырыптарда қоса өтілуі көрсетіледі.
Зертханалық сабақ -бұл да негізінен жаңа материал өтілетін сабақ түрі. Басқа сабақ түрлерінен біраз айырмашылығы бар. Зертханалық сабақта пәндік көрнекілік пайдаланылады, уақыттың көп бөлігін оқушылардың биологиялық нысандарымен жұмысы алады (бақылау, тәжірибе). Зертханалық сабақтар кезінде окушылардың практикалық және интеллектуалдық біліктігі әсіресе пәрменді қалыптасады, өйткені олар табиғи нысандармен немесе олардың нобайларымен жұмыс үрдісі кезінде пәндік талдау, құрау және тұжырым жасайды. Зертханалық сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда жаңа білім игеруде және біліктілікті қалыптастыруда оқушылардың жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін дербестік дәрежесіне, ұстаздың балалардың танымдық әрекетін шебер басқаруына байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесін үйрету .
Жұмыстың міндеттері:
- жапырақта органикалық заттардың түзілуі туралы түсінік беру;
- фотосинтез тақырыбын өту методикасы
- фотосинтез бойынша методикалық білім қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
Мектепте биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда көрнекі құрал туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу болжамы - егер, оқушыларға фотосинтез тақырыбын оқыту келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:
- білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
- сабақ өткізген кезде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
- білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеу нысаны: 6 сынып биология пәнінен "жапырақта органикалық заттардың түзілуі" фотосизтез тақырыбында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 Сабақты оқыту формалы және түрлері

1.1 Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру.
Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды.4 Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизация- ластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я. Гальперин, А.Талызина, Ю.К. Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған, - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең - қазіргі кезең, оқыту технология- сына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
Оқыту технологиясы деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич,
У. Куписевич оқыту технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. Біздің - дейді олар, оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді.
Қазіргі кезде 50 - ден артық педагогикалық технологиялар бар. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.). Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: жаңа технологиялар, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, авторлық технология жəне т.б. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.6 Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы[1;25].
Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы. Осы технологияға тоқталып, сипаттама берейік[2;56].
Оқытудың мазмұнын талдау
1. Оқу-тәрбиелік мақсаттарды қалыптастыру мен талдау. Мұнда әскери-педагогикалық үрдістің соңғы мақсаттары мен нақты сабақтың мақсаттарына да талдау жасау керек.
2. Сабақ үрдісіндегі оқыту әрекеттерінің негізі қызметін атқаратын оқыту тұжырымдамаларын таңдау.
3. Оқыту технологиясын жасау. Бұл саты әрекеттердің анықталған тізбегінен тұрады:
1) Оқу материалын үйымдастыру (оны таңдау, құрылымдау, аргументтерді, дәлелдерді, есептердің анықтамаларың мысалдарды, дағдыларды қалыптастыруға, үйренуге арналған тапсырмаларды таңдау);
2) Сабақты өткізу формасын таңдау;
3) Сабақтарда қолданылатын оқытудың рационалды әдістерін таңдау;
4) Оқыту құралдары мен оқу-лабораториялық жабдықтарды (оқулықтар, көрнекі құралдары, қондырғылар, оқытудың техникалық құралдары) таңдау;
5) Қатысушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру тәсілдерін таңдау.
Көрсетілген жіктеуге сәйкес оқыту сабақтарын жүргізу технологияларын қалыптастыру мысалдарын қарастырамыз.
Бастапқы саты оқыту жұмысын ұйымдастыру бойынша құжаттарда қарастырылған оқытудың мазмұнын талдаудың қажеттілігімен сипатталады. Алынған қорытындылар негізінде білім беру үрдісінде басымдық берілуге тиісті мақсаттарды анықтау жүргізі леді. Анықталған мақсаттарға сәйкес оларға жиынтық түрінде немесе олардың біреуінің басымдығының арқасында жетуді қамтамасыз ететін мазмұнды дидактикалық өңдеу жүзеге асырылады.
Келтірілген мәліметтер жасалатын технологияның негізін құрайды. Жасалатын технологиялық үрдістің өзіне оқыту материалын ұйымдастыру, сабақтың түрі мен өткізу формасын таңдау, оқыту құралдарың әдістерін, және оқыту-материалдық базасын таңдау кіреді.
Осылайша, оқыту технологиясы -- әрекеттердің анықталған тізбектілігі мен белгілі бір мақсатқа жетуді қарастыратын оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша шаралар жүйесі. Оны келесі параметрлер сипаттайды:
-- оқыту мақсаттары нақты әрі өлшемді болуы керек;
-- операциялар орындалады;
-- операциялар мақсатқа жету бойынша аяқталған үрдіс ретінде болады;
-- педагогтың субъективизмі барынша азайтылады. Оқушының еркіндігі мақсатқа жуықтауды қамтамасыз ететін әрекеттер аумағында болуы мүмкін. Технологияны жүзеге асыруға педагогикалық үрдіс жүзеге асатын шарттармең педагог пен оқушылардың ерекшеліктерімен байланысты көптеген айнымалылар әсер ететіндіктен, педагогтың шығармашылығы болмауы мүмкін емес. Ол кез келген технологияда оны жасау сатысында да, оны жүзеге асыруда да болады. Оқыту технологиясын келесі параметрлер бойынша жіктеуге болады:
-- әсер ету объектісі бойынша (курсанттарды, тыңдаушыларды оқыту, қосымша кәсіби білім беру жүйесінде кәсіби қайта дайындау мен біліктілігін жоғарылату, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби дайындау жүйесінде кәсіби дайындау):
-- пәндік орта бойынша (бейне техникалық, ақпараттық, мәселелі-әрекеттік, рефлексті т.б.);
-- оқу әрекеттөрін ұйымдастыру бойынша (жеке, топтық, ұжымдық, аралас);
-- әдістемелік есеп бойынша (бір пәннің, пәннің бір тарауының, бір тақырыптың, оқыту сабақтарының бір түрінің (бір сұрақтың), бір әдістің, бір құралдың т.б. технологиясы);
-- инновациялық технология бойынша (жобалық -- жаратушы, оқытуды дамытатың компьютерлік, қашықтықтан оқыту, мультимедия, ақпаратты модульдік, интегралдық, графиктік.
Прогресс үнемі алға жылжиды, оның ішінде білім беру әрекетте-ріне де өз түзетулерін енгізеді. Қайтадан жасалған оқыту формалары, әдістері, құралдары, оқыту-материалдық база элементтері потенциалды мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын көтерудің мүмкіндіктеріне ие болады. Осындай жаңартулар оқытудың жаңа түрін -- инновациялық түрін анықтады.
Педагогикада инновация деп білім берудің сапалық параметрле-ріне айтарлықтай өзгерістер енгізетін әртүрлі жаңалықтарды енгізу мен жасауды айтады.
Сапалық параметрлер мұнда модернизациялайтын және реформа жасайтын педагогикалық инновациялардың типіне байланысты ерекшелене алады. Бірінші жағдайда бұл білім беру үрдісін технологияның бар элементтерінің сапасын жақсарту арқылы, ал екінші жағдайда сабақ өткізу жүйесін түбірімен өзгертетін жаңалықтар енгізу көмегімен жетілдіру.
Дәстүрлімен салыстырғанда оқытудың инновациялық техно-логиялары білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасын басқару жүйесінің құрылымдық элементтерімен сипатталатын параметр-лерге, оқыту мақсаттарына, оқушы мен педагогтың көзқарастары мен функцияларына, оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру спецификасына сәйкес арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғары әскери-кәсіби білім беру жүйесіндегі бұрын тексерілген оқыту технологияларын жасап және қолданып, білім беру үрдісі болашақ әскери мамандар білім алуға, дағдылануға, болашақ кәсіби әрекетінің құрылымын қалыптастыруға өз бетімен үйренетіндей етіп жасалуы керек.
Ары қарай оқытудың негізгі инновациялық технологияларын қарастырамыз.

1.2 Биология сабақтарының түрлері.

Окыту - оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі - дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық "Трампа жоспары" бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% - топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы - сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
- сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
- әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
- оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз-ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
- сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру - әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат - білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен - биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары ашык аспан астында - мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап - оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой-пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
- жаңа білімді оқып игеру;
- оларды бекіту мен тексеру;
- үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабак типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
- жаңа материалды оқып үйрену;
- білімді бекіту сабағы;
-талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
- аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы - барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат - игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат - тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық сабақты өткізудің ерекшеліктері
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Биология оқыту әдістемесі
Пәндер