Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі



Кіріспе 3
1.Биологияны оқыту әдістері 5
1.1 Биологияны оқыту әдістерінің даму тарихы
1.2 Биология сабақтарының ерекшеліктері 9
2. Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі. 14
2.1 . Биологияны оқытудағы әдістер 14
2.2 Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі 21
Қорытынды 25
3. Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сынып биология пәнінен "жапырақтың суды буландыруы" тақырыбында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі.
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді жан-жақты тереңдетіп беру. Мұндай жағдайда мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім – білік дағдылары , пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл,қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын,ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін»дейді.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды» деп жазған. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше «Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынасжасайды».Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:Қажеттілік → мотив → мақсат → ойын іс-әрекеті → нәтиже
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "Игра-мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся"
Егер биология сабағында : ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Берілген уақытты тиімді пайдаланса;Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе. Күтілетін нәтиже:Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Тәуелсіз Қазақстанның әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Өскелен, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, логикалық ой тұжырымдап, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор. Соның ішінде жаратылыстану саласында биология-химия пәндерінің орны ерекше. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды талап етуде.
1. Керімбаева Р. Ойынның психологиялық-педагогикалық мәні // Қазақстан мектебі. – 2008. - №2. – Б. 60-70.
2. Конышева А.В. Игровые методы обучения. – Минск, 2004. – 130 с.
3. Жұмағалиева Р. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. – №5. – Б. 48-51.
4. Жалғас Н. Ойын іс-әрекетінің тәрбиесі // Қазақстан мектебі. – 2009. – №4
5. Меңдаяқова Қ. Ойын – жаттығулардың тіл дамытудағы маңызы // Қазақстан мектебі. – 2009. – №5. – Б. 60-68.
6. Макаренко А.С. Лекции о воспитание детей. – М., 1957. – 126 с.
7. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Наука, 1978. – 120 с.
8. Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік стандарты
9. «ХХІ ғасыр оқытудың жаңа технологиясы» М.Жанпейісова

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1.Биологияны оқыту әдістері 5
1.1 Биологияны оқыту әдістерінің даму тарихы 5
1.2 Биология сабақтарының ерекшеліктері 9
2. Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі. 14
2.1 . Биологияны оқытудағы әдістер 14
2.2 Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі 21
Қорытынды 25
3. Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сынып биология пәнінен "жапырақтың суды буландыруы" тақырыбында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі. 26
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді жан-жақты тереңдетіп беру. Мұндай жағдайда мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім - білік дағдылары , пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл,қытай философы Конфуций Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын,ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінеміндейді.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынасжасайды.Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:Қажеттілік -- мотив -- мақсат -- ойын іс-әрекеті -- нәтиже
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "Игра-мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся"
Егер биология сабағында : ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Берілген уақытты тиімді пайдаланса;Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе. Күтілетін нәтиже:Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Тәуелсіз Қазақстанның әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Өскелен, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, логикалық ой тұжырымдап, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор. Соның ішінде жаратылыстану саласында биология-химия пәндерінің орны ерекше. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды талап етуде. Оқушылардың іс-әрекетін белсенді мен тиімділігін арттыру мақсатында В.Ф.Шаталов және Е.И.Пассовтың коммуникативті әдістемелерін (ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбаларын) биология сабақтарында пайдалану өте тиімді. Ойын - қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін - өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.
Жұмыстың мақсаты: Биология пәнін оқытуда ойын технологиясын пайдаланып өткізу.
Жұмыстың міндеттері:
- жапырақтың суды буландыруы туралы түсінік беру;
- биология сабақтарын өту методикасы
- фотосинтез бойынша методикалық білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Мектепте биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға ойын технологиясын пайдаланып сабақ өткізуді ұйымдастыруда көрнекі құрал туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу болжамы - егер, оқушыларға фотосинтез тақырыбын оқыту келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:
- білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
- сабақ өткізген кезде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
- білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеу нысаны: 6 сынып биология пәнінен "жапырақтың суды буландыруы" тақырыбында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1.Биологияны оқыту әдістері
1.1 Биологияны оқыту әдістерінің даму тарихы
Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы - ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.
Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып үйрену мақсаттарының мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін таңдап алуда туды.
XVI-XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан-қолга бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилығының толық , жойылуына себеп болды.
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф. Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымының әдіснамасы әсерінен болды.
Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік Үлкен Гай Плини Секунданың атақты еңбегінде айтылған. Онда нысандар тобына байланысты -- -облыстарға бөлінеді. Жаратылыс денелері - минералдар (минералогия), өсімдіктер (ботаника) және жануарлар (зоология).
Жаратылыстану пән ретінде Рссейде алғаш рет XVIII ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш құрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды.
Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер кыста
үсіп кететіндер деп аталған).
- жануарлар патшалығы (зоология).
Алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.
XIX ғасырдың басында жаратылыс тарихы жөніндегі оқулықтарда тараулардың реті зерттеу құрылымдарын берді; жаратылыс денесінің жеке бөліктерге бөлшектенуі (анатомия), олардың санының сипатталуы, орналасу орындары мен сәйкестіктері (морфология).
Жаратылыс тарихының оқытылуында: дидактикалық революция жасаған А. Любен (1804-73) болды. Ол жаратылыс тарихын оқу мақсатын түжырымдады, яғни органикалық дүние жүйесін оқушылардың өздерінің ашуы. Сонымен коса Я.А. Коменский пікірі негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырды.
Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектері жаратылыстың ғылыми танымы әдіснамасына түбегейлі өзгерістер әкелді. Дарвинизмнің әсерінен жаңа пәндер -экология мен генетика пайда болды, морфология. физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды. XIX ғасырдың соңында цитология пайда болды, оның нысаны жасуша теориясымен жасап шығарылды.
Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы Я. А. Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға карай, яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.
Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар: сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда, табиғаттағы әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына, зерттеушілікке деген құлшынысының оянуы, және осыдан туындайтын өзбетілік құтқарушылық және өздігінен істеушілік.
А.Я. Герд (184Ы888) XIX ғасыр соңындағы жаратылыстанудың ірі әдістемешісі болып есептеледі, еңбектері жаратылыстанудың ғылыми әдістемесіне бастама салды. Александр Яковлевич Герд окыту мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болып ғылыми дүниетаным тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. А. Я. Герд мектептің оқу жоспарында пәндердің мынадай ретпен бөлінуін ұсынады:
1. Бейорганикалық әлем;
Өсімдіктер әлемі;
Жануарлар әлемі;
Адам;
Жердің тарихы.
Сонымен XIX ғасырдың соңына қарай А.Я. Гердтің және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарының нәтижесінде педагогикада ерекше ғылыми сала -жаратылыстануды оқыту әдістемесі айқын көріне бастады.
1853 жылы ботаникадан, зоологиядан және минерологиядан оқулықтар шығарылды.
Зоологиядан оқулықты Юлиан Иванович Симашко (1821 - 1893) жазды, онда жануарлардың ұсақ суреттерімен қоса берілген 400 тұкымдас және 2000-нан астам жануарлар түрлері сипатталды. Жануарлар систиматикасынан көп номенклатура келтірілгендіктен балалардың түсінуіне, оқуына аса қиын болып, оларды қызықтырмады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде жаратылыстануды окыту біраз жақсарды. Ч. Дарвиннің пікірін алғашқылардың бірі болып насихаттаған - ғалым-ботаник, Петербор университетінің профессоры Андрей Николаевич Бекетов (1825-1902) және оның оқушысы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920) болды, олар жалпы ғылымды насихаттаушылар болып табылады.
А. Н. Бекетов эдістеменің ең маңызды проблемаларын атаған:
өз бетімен ойлай алуьн тәрбиелеу;
осы үрдістегі жаратылыстану пәнінің рөлі;
А.Н. Бекетовтың айтқандарының көпшілігі немістің жаратылыстанушы -педагогы, еңбектері Германияда XIX ғасырдың 30-40 жылдары жарық көрген Август Любеннің пікірлеріне сәйкес келеді (1804-1873). А.Н. Бекетовтың және басқа да ғалымдардың ықпалымен А Любеннің әдістемесі және оқулықтары алпысыншы жылдары Ресей мектептерінде кеңінен таралып жаратылыстануды оқыту әдістемесінде жаңа бағыт дамытып, Б.Е. Райков оны любендік бағыт деп атады.
1907 жылы Ресейде В.В. Половцовтың Жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістемесі деген жаратылыстануды оқыту әдістемесінің алғашқы кітабы жарық көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған.
Валериан Викторович Половцов өзінің әдістемесінде алғаш рет жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпак бойы жинақталған ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін топтап жинады, біраз әдістемелік ережелерді негіздеді және дамытты. Ол алғаш рет жаратылыстанушы - әдістемешілердің -зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән менірнеше мэанушы - э нсгіздеді жэ оқу пәнінің арасындағы айырмашылық жөнінде мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәніндегі болжамның рөлі жөнінде, зволюциялық теорияны оқып үйрену жөнінде, жұмыс мәселесіне қатысты сауаттылық, мұғалімді дайындау жүйесі жөніндс жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және тағы басқа. Ғалым - ботаник ретінде В. В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным кажеттігін белсенді түрде жақтады.
XX ғасырдың алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне көптеген ғалым-биологгар мен әдістемешілер елеулі үлестерін қосты. Олардың ішінде: В.А. Герд (1870-1926). И.И. Полянский (1872-1930), Д.Л. Судовский (1873-1942), Г.Н. Боч (1871-1942), К. П. Ягодовский (1877-1943), В.Ю. Ульянинский (1876-1945), М.Я. Цузмер (1884-1946), С.А. Павлович (1884-1866), А.А. Яхонтов (1879-1973), М.М. Беляев (1880-1955), В.Ф. Натали (1890-1965), Б.Е. Райков (1880-1966), П.И. Боровицкий (1896-1966), В.Ф. Шалаев (1890 - 1969), И. В. Козырь (1905 - 1973), О. В. Казакова (1909 - 1975), Н. М. Верзилин (1903-1984), Н.А. Рыков (1908-1984), В.М. Корсунская (1900-1991).
Біздің мемлекетіміз ұзак жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болғандықтан мектептер оқыту үрдісін біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша жүргізді.
Қазақстанда тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ Қазақ бөлімшесінің (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясы) ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғалым-әдістемешілерінің бірі Мағиза Шаймарданова болды.
М. Шаймарданованың жалпы білім беру саласындағы көпжылдық тәжірибесі, биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт - ұлттык, этномәдени және баска ерекшеліктерді ескере отырып, биологиялық білімді халқымыздың өміріне барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны мен құрылымын аймақтың накты жағдайына келтіру болу керек екенін атап қөрсетуге мүмкіндік берді.
Көпжылдық әдістемелік жұмыс тәжірибесі негізінде 1984 жылы ол; зоология оқулығына суретті терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбек бұрынғы СССР-дің ірі ғалым-әдістемешісі Р. Маш тарапынан, және Алматы облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институты мамандары жоғары баға алды.
Биология пәні бойынша орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы: РИК) 1998 ж. К. Жүнісова, Қ. Жүмағұлова т. б. ғалымдардың қатысуымен жасалды.
Соңғы жылдары Республикамызда мектеп оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдер тиімділігін арттыру мақсатында елеулі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстарға мына ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады: И.Н. Нұғыманов, Ж.А. Қараев. М.Ж. Жадрина, Қ. Аймағанбетова, Р.Әлімқүлова, А.К. Абылқасымова.Т. С. Сабыров, Г. Н. Алимухамбетова, 3. Ибрагимова, Ғ.М. Құсайынов, А. Тамаев, Қ. Қайым, А.Е. Дайрабаева және басқалар.

1.2 Биология сабақтарының ерекшеліктері
Оқыту -оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы оқушы мен мүғалім арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Оқыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны оқыту әдістемесінде көп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану қажеттілігі негізделген.
Осы уакытқа дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екенін айттық, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді. Биологиядан және экологиядая берілетін білім жүйесі мен біліктілікті игеру үшін оқытудың басқа да формаларының маңызы зор.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың танымдық әрекетін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді, ол таным әрекетін белсендіру деген сөз.
Таным әрекетін белсендіру - бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер етуі қажет. Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру сияқты белсендіру құралы.
Сабақта мүғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту мазмұнын-меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұстаздың міндеті: оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде білім-білік игеруге қалыптастыру болып табылады. Ұстаз шеберлігінің мәні оқушының оқу материалының алдынан шығуы кезінде және және оқушымен оку мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы делдал болуында.
Оқушылардың топтық, жалпысыныптық, жекелеген жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың таным әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Оқьпу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін, қызығушылығын дамытатын, ұжымды ұйымшыл ететін, жеке тұлғаның өзін танытуына ықпал ететін оқушылардың ұжымдық әрекетінің негізінде құрылады. Оқытудың ұжымдық сипаты оқушылардың жекелеген мүмкіндіктерін ескеруді талап ететін жіктелген ыңғайлы қарастырады. Сынып тобы шегінде жіктеп оқытуды жүзеге асыруға оқушылардың жұмыс әрекетін ұйымдастырудың, жекелей, топтық және жалпысыныптық түрлерін жүргізу жолдары ықпал етеді. Жалпысыныптық және топтық әрекетті ұжымдық жұмыс түріне жатқызады, өйткені осы кезде оқушылар бірге жұмыс істеудің ортақ мақсатын сезініп, өзара жұмыстарды бөлісіп, жауапкершілікті сезініп топтың әрекетін өздері бақылап отырады.
Биологияны және экологияны оқытуда тегіс қамтитын, жалпысыныптық жұмыс түрі (фронталдық) жиі қолданылады, өйткені мұғалімнің басқаруымен барлық сынып ортақ тапсырманы шешуде жұмыс атқарады. Бұл кезде, әрине, жұмыс барысы кезеңдерге жіктеледі. Жұмыстың бір кезеңі аяқталған соң, барлық оқушылар келесіге көшеді. ал мұғалім олардың әрекетін бақылайды.
Жалпысыныптық жұмыс үрдісі кезінде әрбір оқушы тұтас ұжымның бір мүшесі ретінде еңбек етеді, өйткені әркімнің жұмыс қарқыны мен пәрменділігінен барлық сыныптың тапсырманы орындау сәттілігі байланысты болады.
Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі дидактикалық мақсаттар үшін
пайдаланылады: жаңа материалды оқу үшін, білім тексеру барысында, оны
бекітуде. Сонымен жалпысыныптық жұмыс өсімдіктер мен жануарлар
систематикасынан, цитологиялық, гистологиялық, анатомиялық - морфологиялық оқу материалынан микропрепараттар даярлау мен оларды көру кездерінде жүргізіледі.
Оқыту құралдары - оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, кұбылыстар деректер және оқытушы бағдарламалар. Осы себепті оқыту құралдарының негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи (натуралды) нысандар мен үрдістер, нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілер, сөздік немесе вербальды құралдар.
Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың даму сатыларына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекілік, әрекеттік, практикалық ойлау, жетекші болып саналады. Екінші кезең оқушылар тәжірибелерімен жинакталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын кернекі-бейнелі ойлау . Үшінші, жоғарғы кезеңде ойлау әрекетінің жетекші рөлі болып абстракциялық-теормиялык ойлау есептеледі.
Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетті ұйымдастырудың және биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.
Табиғи немесе нақты нысандар - оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруендер кезінде пайдаланатын және карым-қатынаста болатын микропрепараттар, тірі немесе сақталынған ағзалар, кіші немесе үлкен және ағзадан жоғарғы биологиялық жүйелер (орман, көл, т.б.). Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.
Нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілерге сурет салынған кестелер мысалға, жасуша құрылысы, ағзалар, экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер жатады. Осыған сызбанұскалар, фотосуреттер үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары, мысалы, ДНК нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың қақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық (көпканалдық) оқыту құралдары есептеледі.
Сөздік немесе вербальды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе теле көрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар, жетістікті тексеруге және бақылауға арналған бағдарламалар), тестілер және жұмыс дәптерлері.
Биологияны оқытудағы көрнекі құралдардың маңызы ерекше, өйткені тірі табиғатты кандай да бір көрнекіліксіз оқыту аса қиын. Биологияны оқытуда көрнекі құралдарды олардың сипатына және маңызына карай екі топқа бөлуге болады: негізгі және көмекші. Негізгілердің ішінде нақты (табиғи), суретті және сөздік құралдар, ал көмекші құралдар ішінде - оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) және зертханыде - оқытудың техникалыкалық құралдар (ЗҚ).
Өз кезегінде, биология сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдар тірі және тірі емес немесе препаратталған болып екіге бөлінеді. Суретті құралдарды салынған (жазыкы) және көлемді деп екіге бөледі. Табиғи құралдар. Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған өсімдіктер (бөлме өсімдіктері, оқу-тәжірибе алаңынан немесе танымжорықтан әкелінген), тірі табиғат мүйісіндегі аквариумдегі, инсектариидегі, террариумдегі және тордағы жануарлар саналады.
Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңкалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады.
Таратпа материалдар ретіндегі көрсетілетін тірі өсімдіктер жануарларды алдын ала дайындап алган дұрыс. Бұл нысандарды таңдап бағдарламаға, жергілікті жағдайға және табиғатты қорғау талаптарына байланысты болады. Табиғатта нысандарды жинағаннан басқа, мысалы өсімдіктерді, таратпа материалдар дайындау үшіп оқу-тәжірибе алаңында арнайы себуге болады, ал оку-тәжірибе алаңында өсімдіктерге түс: зиянкестерді зоологиядан таратпа материал ретінде колдануға коллекция жинап алуға болады.
Гербарийлермен және коллекциялармен жұмыс істегенде материалдардың тірі ағзалар жөнінде толык мәлімет бермейтіндігін ескеру қажет. Сол себепті оларды басқа да, оқылатын ағзалардың қасиеттерін түсінуге көмектесетін құралдармен бірге пайдаланған орынды.
Технологиялық коллекциялар табиғи материалдардан алынған өнімдерді көрсетеді, мысалы, Тас көмір және оны өңдеу өнімдері, Астық тұқымдастар. Олардан алынатын жармалар т. б.
Омыртқалы жануарлардың құрылысын оқып үйрену үшін сабақтарда препаратталған қаңқалар (балықтардың, бақаның, кесірткенің, жыланның, тауықтың және мысықтың) және олардың бөлшектері пайдаланылады. Сабаққа жануарлардың тұлыптары да пайдаланылады. Жануарлар тұлыптарына ерекше күтім керек, әйтпесе олар кеуіп кетуі немесе каракүйе түсіп жарамсыз болуы мүмкін. Олар арнайы қораптарда не шыныланған шкафтарда сақталуы керек, сонда өздерінің табиғи түр-түстерін жоғалтпай үзақка шыдайды, тек сабақтарда көрсету үшін ғана алып пайдалану керек, тұлыптарды биология кабинетін безендіруге пайдаланған дұрыс емес екенін мектеп тәжірибесі көрсеткен сондықтан олар тек кабинеттің екінші, препараторлық (ұстаздың жұмыс бөлмесінде) бөлмесінде сақталуы керек.
Бейнелі құралдар алуан түрлі болады. Оларға көлемді нақпішіндер мен нобайлар; салынған немесе құрастырылған таблицалар, географиялық карталар ғалымдар портреттері, дидактикалық таратпалы материалдар жатады.
Нақпішіндер - бұл табиғи нысанды дәл көшірме етіп жасаған құралдар. Фабрикадан жасалып шықкан муляждар: Гибридтік және полиплоидтық өсімдіктер жемістерінің жиынтығы, Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі т. б. Олар табиғи нысандардың көлемін, формасын, түр-түсін көрсетеді. Осындай нақпішіндерді табиғи нысанды көрсету мүмкіндігі жоқ кезде пайдаланады.
Нобайлар табиғи нысандардыц бейнелері болып табылады, бірақ олар нысанның тікелей көшірмесі емес, олардың басты қасиеттерін сызбанұсқалар түрде көрсетеді.
Нобайлар жазықтықтық және көлемді, статистикалық және динамикалық болуы мүмкін. Мысалы, жүрек қақпакшаларының жұмысын көрсететін немесе қоңыздың ішкі кұрылысын көрсететін нобай сияқты жазықтықты. Жүректің фабрикада дайындалған көлемді нобайы оның ішкі және сыртқы кұрылысымен толық танысуға мүмкіндік береді. Көпшілік қозғалмайтын нобайлар бөлшектеніледі. Бұл мүшенің сыртқы және ішкі құрылысын (мысалы, гүл құрылысының, көздің, құлақтың, адам бүйректерінің нобайлары) оқуға мүмкіндік береді.
Динамикалық нобайлар әдетте ағзада жүретін үрдістермен таныстырады. Оларға магнитті Белок биосинтезі, Мендель заңдары, Мүктердің көбею циклі, Биогеоценоз нобайы сияқты нобайлар жатады.
Биологияны оқытуда кестелер жиі қолданылады. Олар бедерлі және баспалық болады.
Бедерлі кестелер - пластиктен жасалған жануарлардың түрлі-түсті бейнелерін береді. Онда аз ойықтармен ағза контуры, мүшелер жүйесі, мүшелер бөліктері бөлініп көрсетіледі. Осындай кестелер ұзақ пайдалануға жарайды, жуып тазалауға жеңіл, бірақ олардың көлемділігіне байланысты сақтау орны кең болуы керек.

2. Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі.

2.1 . Биологияны оқытудағы әдістер
Дидактикалық бірлік (категория) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілерімен анықталатын күрделі құбылыс.
Әдіс (грек тілінен- бағыт, таным тәсілі, зерттеу)- нысанды игеруге бағытталған практикалық және теориялық әрекеттер жолы.
Оқыту әдістері - биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Биологияны оқыту әдістерінің дамуына биология ғылымының және практиканың, әдіснаманың даму бағыттары мен ой-пікірлері, биология әдістемесінің және дидактиканың жетістіктері әсер етеді.
Оқыту әдісі - бұл оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының, ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Ал осы максаттар білім беру мазмұнында іске асса онда білім мазмұнын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жеткізеді. Келтірілген анықтамада әрекеттестік жөнінде тегін айтылмаған, өйткені оқыту әр уакытта оқушы мен мүғалімнің бірлескен әрекетін меңзейді, сондықтан да әдістің өзіндік белгілері бар.
Біріншіден, оқыту әдісі мазмұнның бір құрам бөлігін игеруді және мазмұнын оқу материалында нақты іске асуын ұйғарады.
Екіншіден, ол мазмұн құрам бөлігіне байланысты қандай да бір игеру тәсілін (жолын) ұйымдастырады.
Үшіншіден, ұстаз бен оқушы әрекетінің сипаты қажет. Мынадай мысал келтіруге болады.
Жаңа білімді игеру, жаңа ақпаратты қабылдау, оны түйсіну, содан сол түйсінгенді еске сақтау. Олай болса ең алғашкы әдіс те - қабылдату әдісі, ол әр уақытта түсіндіруден, көрсетуден басталғаны дұрыс. Міне, осы әдіс - түсіндірмелі-көрнекілік (безендірілмелі) деп аталады.
Түсіндірмелі - көрнекілік әдіс, бұл - дайын ақпаратты хабарлау, яғни плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім оқушыларға гүлді өсімдікті немесе қоңызды мүшелерін, бөлшектерін анықтап қарау үшін беруі мүмкін, лекция (дәріс) оқуы мүмкін т.б, Осының бәрі сол бір әдіс - өйткені барлық осы жағдайда да мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әртүрлі жолмен береді.
Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілілерімен қатынастырады, ұғынады, ссте сақтайды да сұраған кезде естігендерін қайталайды, білетінді, танысты еске түсіреді. Түсіндірмелі - көрнекілік әдістің педагогикалық мәні де міне, осында.
Оқытудың қазіргі талаптарында түсіндірмелі - көрнекілік әдістен білімді құрылымдауға көңіл қою талап етіледі: ұстаз оқушыларда оқылатын тақырып элементтерін олардың әуелі жақын байланыстарында, сонан соң қашығырақ байланыстыратында жете түсінуді қалыптастырады.
Білімді қолдану тәсілдерін, жолдарын игеру үшін - нұсқаушы -ойға түсіруші (қайта жаңғыртушы) әдісті пайдалану қажет.
Нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс. Бұл әдісті былай сипаттауға болады, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді (білім немесе әрекет), яғни, істелетін немесе орындалатын жұмыска нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады.
Осы нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеп айтып беру, тәжірибені қайталау сияқты жаттығулармен жүзеге асырылуы- мүмкін. Көбінесс оқулық мәтінін айтып беру басым болады.
Қарастырылған әдістер окушыларды білім, білік, дағдымен (Б.Б.Д) қанықтырады, бірақ оқушыларға жеткілікті, олардың шамасына сәйкес дәрежедегі шығармашылық әрекеттер тәжірибелерін меңгеруге мүмкіндік бермейді. Осы мақсатқа жету үшін эвристикалық (демеу- іздеушілік) зерттеушілік және проблемалық баяндау әдістерін қолдану қажет.
Демеу- іздеушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдісте ұста проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалылығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп (бұл кезде де проблемалық жағдай тудырылады), соңғы нәтижеге оқушының кадамдай, жылжуын, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып (болжам айту не оны тексеру жолдарын ұсынып) ұстаз оқушыны ішнара шешім табуға кірістіреді.
Зерттеушілік әдістің мәні- ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құралы немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі, ойлаудың дәстүрлі еместігі, болжамдар кұру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді тасымалдау т.б.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру әрекет түрлермен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Проблемалық оқыту -дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық
тапсырмалар әртүрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қияз танымдық мотивация қалыптасады.
Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты, белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы қояды; болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну, шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану. Осындай сызбанұсқа біз қарастырып өткен түсіндірмелі-көрнекілік және қайта жаңғыртушы әдістерден негізді айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Проблемалық жағдаятты анықтап, ұстаз оны шешу жолының логикасын ашады, қарама -қайшылықтарды және оның туындау кездерін көрсетеді, сонан соң проблеманы шешудегі әрбір қадамды дәлелдейді.
Оқыту әдістері үш топқа бөлінеді: ауызша (білім көзі біреу сөз), көрнекілік (білім кезі екеу - сөз және көрнекілік) және практикалық (білім көзі үшеу - сөз, оқу нысаны және пәнді практикалық тексеру).
Ауызша әдістер тобына әңгіме, пікірлесу, түсіндіру, дәріс оқу жатады. Бұл жерде мұғалімнің әрекеті сөз жүзінде көрінеді, ал оқушылардың әрекеті тыңдау, ұғыну және ауызша немесе жазбаша жауаптар беру.
Әңгіме әдісі биологияны оқытуда жиі қолданылатын ауызша әдістің түрі. Пікірлесу пікір алмасу тұрғысында болатын сұрақ- жауап түрінде оқу материалын талдау, оған мүғалім мен оқушы қатысады. Пікірлесудің мақсатты бағытталғандығы мәнін ашу үшін алынатын нақты сұрақпен анықталады, оған оқушылар білімдері пайдаланылады. Пікірлесу белгілі бір қорытындымен тұжырыммен аяқталады.
Пікірлесуді оқу материалын қайталау үшін, сабақ соңында білімді бекіту үшін, жаңа сабақтың басында оқушыларды жаңа мәліметтерді қабылдауға ыңғайлау үшін қолданады. Сабақ барысында ұстаз пікірлесуге қосатын сұрақтарын күрделендіруі қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу
Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Пәндер