6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі



Кіріспе 3
1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану 5
1.1. Оқыту технологиясы ұғымы 5
1.2. Биология пәнінде тірек.сызбаны қолдану әдістемесі 12
1.3. Тірек сызбалары арқылы оқытудың тиімділігі 17
2 Тәжірибелік бөлім 21
2.1 6.сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек.сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Қорытынды 24
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В.С.Гершунский, А.П.Ершов, В.М.Монахов, Е.И.Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю.С.Брановский, Н.В.Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, С.К.Кариев, К.А.Таңатаров, К.З.Халықова тың зерттеулер жүргізді.
Биологияны оқытуды ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын биология сабағында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.
1. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза М., Просвещение, 1980.
2. Шаталов В.Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987.
3. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989.
4 Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы.
5 Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. - №1.
6 Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б
7 Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б
8 Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.96-99 б.
9 ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.
10 Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы //Білім-Образование.-2007.-№5.12-23 б.
11 Н.А. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы. «Даир». 2007.289-б.
12 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана. 2006.
13 Саменова С. Сын негізді аталымдардың танымдық сипаты Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010.-№ 8. 83-88-б.
14 Егеубайұлы А. Білім технологиялары – оқу-тәрбие үрдісінде. Қазақстан мектебі. – 2010. – №12. 14-17-б.
15 Қалапбергенова Б. Инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәсілдері. Қазақстан мектебі. – 2010.-№ 9 53-55-б.
16 Закиров Ғ. Жаңа технология – сапалы білім негізі. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 26-27-б.
17 Ысқақова С. Сыни ойлауға жетелеу. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 39-40-б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
6-сынып биология пәнінен Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану 5
1.1. Оқыту технологиясы ұғымы 5
1.2. Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі 12
1.3. Тірек сызбалары арқылы оқытудың тиімділігі 17
2 Тәжірибелік бөлім 21
2.1 6-сынып биология пәнінен Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі 21
Қорытынды 24
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ...осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В.С.Гершунский, А.П.Ершов, В.М.Монахов, Е.И.Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю.С.Брановский, Н.В.Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, С.К.Кариев, К.А.Таңатаров, К.З.Халықова тың зерттеулер жүргізді.
Биологияны оқытуды ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын биология сабағында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емесСабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланыстыәрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты
Ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
Оқыту технологиясы ұғымын анықтау;
Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологияларын ашып көрсету;
Зерттеу субъектісі: оқушы
Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану
1.1. Оқыту технологиясы ұғымы
Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды.4 Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизация- ластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я. Гальперин, А.Талызина, Ю.К. Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған, - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең - қазіргі кезең, оқыту технология- сына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
Оқыту технологиясы деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич,
У. Куписевич оқыту технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. Біздің - дейді олар, оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді.
Қазіргі кезде 50 - ден артық педагогикалық технологиялар бар.5 Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.). Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: жаңа технологиялар, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, авторлық технология жəне т.б. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.6 Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы[1;25].
Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы. Осы технологияға тоқталып, сипаттама берейік[2;56].
Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары
Оқушы мақсаттары мен құндылықтарының, оның iс-әрекетiнiң бiрiншi рөлiнiң және мұғалiм қызметiнiң оқу процесiн ұйымдастырушы ретiндегi екiншi рөлiнiң басымдылығының парадигмасы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың әр түрлi типтерiнде өз көрiнiсiн тапты. Оқыту мұндай жағдайда оқушының өзiн iс жүзiнде көрсетуіне және оқытылатын пәндердi меңгеру барысында өзiнiң жеке қасиеттерiн дамытуға арналған оқушы мен мұғалiмнiң бiрлескен iс-әрекетi түрiнде түсiндiрiледi.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негiзiнде әрбiр оқушының бiрегей мәнiн және оның оқу өрiсiнiң даралығын тану ниетi жатыр. Мұғалiмнiң рөлi бiлiм беру, бiлiктiлiктер мен дағдыларды сiңiруде ғана емес, оқушы өзiнiң жеке әлеуетiне сүйенетiн және оқытудың тиiстi технологиясын пайдаланатын пайдаланатын тиiстi бiлiм беру ортасын құруда болып табылады.
Оқушы жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм беру жүйесiнiң нақ ортасында тұр, бұл өз кезегiнде педагогикалық процестiң технологиясын ұқыптылықпен жасауды талап етедi. Онда әрбiр оқушының ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi барынша есерiлiп, оның әлеуметтiк мүмкiндiктерiнiң ашылуына және дамуына жағдай жасалуға тиiстi.
Баланың даралық ерекшелiктерiн ескеру қажеттiгi туралы белгiлi кеңес психологтары Л.В.Выготский (баланың жақын маңдағы даму аймағанының теориясы), П.Я.Гальперин (ақыл-ой әрекеттерiн кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы), А.А.Льеонтьев (оқыту психологиясы) және басқа ғалымдар айтқан болатын. Алайда, сыныптық - сабақ беру жүйесiнiң жағдайында, педагогикада авторитарлық стиль үстем болып тұрғанда, бұл иделарды әрбiр оқушыға қолданудың мүмкіндігі болған жоқ.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында мұғалiм оқу процесiнде өзгеше рөлге ие болып, өзгеше функцияны атқарады. Мұның мәнi дәстүрлi оқу жүйесiндегiден титтей де кем емес, бiрақ басқаша. Осыны дұрыс түсiну қажет. Егер дәстүрлi бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм оқулықпен бiрге негiзгi және неғұрлым бiлiктi бiлiм көзі, оның үстіне танымды бақылаушы субъект болатын болса, енді бiлiм берудiң жаңа парадигмасы бойынша мұғалiм оқушылардың дербес белсендi танымдық қызметiн ұйымдастырушы, бiлiктi кеңесшi және көмекшi рөлiнде бой көрсетедi.
Оның кәсiби бiлiктiлiгi оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн бақылауға ғана жұмсалмай, бiлiмдi тану мен қолдануда кездесетiн қиындықтарды бiлiктi iс-әрекеттердiң көмегiмен жеңу үшiн олардың iс-әрекетiн диагностикалауға бағытталуға тиiстi. Бұл рөл дәстүрлi оқытудағыдан гөрi анағұрлым күрделi, сондықтан да мұғалiмнен жоғары шеберлiктi талап етедi.
Бiлiм берудiң жеке тұлғаға бағдарланған мағынасы оқытудың барлық типiне енгiзiлуi мүмкiн. Мысалы, қашықтықтан оқыту өзiнiң негiзiне жеке тұлғаға бағдарлау әдiсiн енгiзсе де, енгiзбесе де болады. Жеке тұлғаға бағдар ұстау - кез келген оқу типi мен түрiнiң өлшемдiк белгiлерiнiң бiрi. Егер адамның (оқушының, мұғалiмнiң) табиғи, жеке бастық және даралық ерекшелiктерi бiлiм беру процесiн жобалау, жүзеге асыру және диагностикалау кезiнде ескерiлсе және оған әсер етуге қабiлеттi болса, бұл оқытудың гуманистiк тұрғыда жеке тұлғаға бағдарлануын бiлдiредi.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бiрi - оқушылар бiлiмiнiң дербес модельдерiн iске асырудың бiр мезгiлде жүргiзiлуi. Бұл үшiн әрбiр оқушыға барлық оқу пәндерiн меңгерудiң өзiндiк бiлiм алу өрiсiн жасау мүмкiндiгi берiледi. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндердi таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдiстерiн, әлемнiң жеке картинасын таңдауға құқылы болады.
Бiлiм берудiң жеке өрiсi - бұл бiлiм берудегi тиiстi iс-әрекет түрлерiн жүзеге асыру арқылы оқушының жеке әлеуетiн iске асыру нәтижесi. Жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм берудi ұйымдастыру оқушылардың мынадай құқықтары мен мiндеттерiн iске асыруды мақсат етедi:
әрбiр оқу курсында, тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсатты таңдау және табу құқығы;
iргелi ұғымдар мен категорияларды өзiндiк түсiну және түсiндiру құқығы; оқытылатын курстар бойынша тоқсанға немесе жылға арналған жеке бiлiм беру бағдарламаларын жасау құқығы;
оқытудың жеке қарқынын, бiлiм беру мiндеттерiн шешудiң нысандары мен әдiстерiн, бақылау, рефлексия тәсiлдерiн таңдау, өзiнiң жеке ерекшелiктерiн бiлудiң негiзiнде өзiнiң iс-әрекетiн өзiндiк бағалау құқығы;
оқытылатын пәндердi, шығармашылық зертханаларды және мектептiң базистiк оқу жоспарына сәйкес таңдау бойынша анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау;
оқу курстарының мазмұнын арттыру (озу және тереңдету); қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау;
әлемнiң жеке картинасы және әрбiр бiлiм саласы бойынша жеке негiзделген ұстаным құқығы.
Оқушының жеке бiлiм алу қызметiнiң негiзгi элементтерi: iс-әрекеттiң мағынасы (мен мұны не үшiн iстеймiн); жеке мақсат қою (таңданарлық нәтиже); iс-әрекет жоспары; жоспарды жүзеге асыру; рефлексия (өзiнiң iс-әрекетiн сезiну); бағалау; мақсатқа түзету енгiзу немесе қайта белгiлеу.
Жеке басқа бағдарланған оқыту өзiнiң мәнi бойынша оқушының интелектуалдық даму деңгейiн, оның осы пән бойынша дайындығын, қабiлетiн ескерiп, саралап оқыту тәсiлiн көздейдi. Бұл тәсiлдi iске асыру үшiн ең алдымен, педагогикалық технология саласындағы басымдықтарды белгiлеп алу қажет.
Педагогикалық инновациялар саласында әр түрлi бағыттардың арасында мыналар қойылған мiндеттерге неғұрлым барабар болып табылады:
"ынтымақтастықта оқыту".
жобалар әдiсi.
әр деңгейлi оқыту.
Бұл технологиялар негiзiнен оқушыларды жеке және саралап оқыту мен тәрбиелеу тәсiлiн көздейдi. Бiз бұл жағдайда қазiргi дидактиканың дамуындағы толып жатқан инновациялық бағыттардың iшiнен осы технологияларды мынадай екi себеп бойынша әдейi таңдап алдық:
Бiрiншiден, қазiргi сыныптық-сабақтың жүйе жағдайларында олар оқу процесiмен көбiрек үйлеседi, базалық деңгейге арналған бiлiм стандартымен және мемлекеттiк бағдарламалармен белгiленген бiлiм мазмұнына қатысы жоқ;
Екiншiден, бұл педагогикалық технологиялар өзiнiң философиялық және психологиялық мәнi жөнiнен ғана емес, сонымен бiрге адамгершiлiк астарлары жөнiнен де iзгi технологиялар ретiнде барлық оқушылардың оқу материалын ойдағыдай меңгеруiн, олардың интелектуалдық дамуын дербестiгiн, мұғалiмге, бiр-бiрiне деген адамшылық қарым-қатынастарын қамтамасыз етедi.
Ынтымақтастықта оқыту
Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту Батыс Германияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде, Жапонияда кеңiнен пайдаланылады. Бұл технологияның негiзгi идеясы - әр түрлi оқу жағдайларындағы оқушылардың белсендi бiрлескен оқу қызметiне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлi болады - бiреулерi мұғалiмнiң айтқандарын бiрден "қағып алады", өздерi кез келген сұраққа дайын; ендi бiреулерi үшiн материалды түсiнуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсiндiрулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкiл сынып алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерiнiң нақты ештеңе түсiнбейтiнiн, сұрақты дұрыс қоя бiлмейтiнiн сезiнбейдi.
Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3-5 адамнан) бiрiктiрiп, оларға ортақ бiр тапсырма берiп, топтағы әрбiр оқушының осы тапсырманы орындаудағы рөлiн түсiндiрсе, онда әркiм өз жұмысының нәтижесi үшiн ғана емес (көбiнесе оларды енжар қалдыратын), бүкiл топтың нәтижесi үшiн жауап бередi. Мұның үлкен мәнi бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенiң мәнiсiн түсiнуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың барлық мүшелерiнiң, бiрiншi кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруiне мүдделi болады. Сөйтiп бiрлесе күш жұмсаудың арқасында әрбiр оқушы материалды өзiне лайықты деңгейде меңгередi. Бұл - ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.
Тәжiрибе бiрге оқудың оңай да қызықты екендiгiн ғана емес, оның әлдеқайда тиiмдi болатындығын да көрсетiп отыр. және оның тиiмдiлiгi оқушылардың академиялық үлгерiмiнен, олардың интелектуалдық дамуынан ғана емес, рухани, адамгершiлiк тұрғысынан жетiлуiнен де көрiнедi. Бiр-бiрiне көмектесу, кез келген проблеманы бiрлесiп шешу, табыстың қуанышын немесе сәтсiздiктiң өкiнiшiн бiрге бөлiсу - күлу, ән салу, өмiрге шаттану сияқты табиғи құбылыстар. Ынтымақтастықта оқытудың басты идеясы - бiрге оқу.
Ынтымақтастықта оқытудың көптеген әр түрлi нұсқалар бар. Мұғалiм өзiнiң iс -әрекетi арқылы бұл нұсқаларды шығармашылықпен түрлендiре алады. Бiрақ ол ынтымақтастықта оқытудың мынадай негiзгi принциптерiн қатаң сақтауы қажет:
* мұғалiм оқушылар тобын сабаққа дейiн, психологиялық үйлесiмдiктi сақтай отырып құрады. Бұл ретте әрбiр топта мықты, орташа және әлсiз оқушы (егер топ үш оқушыдан тұратын болса), қыз бен ұл болуы керек. Егер топ бiрнеше сабақ бойы ұйымшылдықпен ынтымақтастықты жұмыс iстесе, олардың құрамын ауыстырудың қажетi жоқ (бұл базалық топтар деп аталады). Егер жұмыс қандай да бiр себеппен өнбейтiн болса, онда топтың құрамын сабақтан сабаққа ауыстырып көрген жөн;
* топқа бiр тапсырма берiледi, бiрақ оны орындау кезiнде оған қатысушылардың арасында рөлдердi бөлiсу көзделедi (әдетте, рөлдердi оқушылардың өздерi бөлiседi, кейбiр жағдайларда мұғалiмнiң ұсыныс жасауы да мүмкiн);
* бiр оқушының ғана емес, бүкiл топтың жұмысына баға берiледi (яғни бүкiл топқа бiр баға қойылады); бұл жерде оқушылардың бiлiмiне ғана емес, олардың бiрлескен күш-жiгерiне баға қойылатынын ескеру қажет (әркiмнiң өз "деңгейi" бар);
* мұғалiм тапсырмаға жауап беруге тиiстi топтың оқушысын өзi таңдайды. Кейбiр жағдайларда бұл әлсiз оқушы болуы мүмкiн. Егер осы әлсiз оқушы топтың бiрлескен жұмысының нәтижелерiн жан жақты дәлелдеп, басқа топтардың сұрақтарына дәйектi жауап бере алса, онда мақсаттың орындалғаны.
* Ынтымақтастықта оқыту топтағы әрбiр оқушының өзiне тиесiлi деңгейде оқу материалын меңгеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сөйтiп, осындай бiрлескен iс-әрекеттiң арқасында оқушылардың барлығы да дербес рөлге ие болып, жеке жұмыс бөлiгiн алып, жоба қызметiне белсене қатыса алады.
Әркiмнiң жеке қосқан үлесiнен бүкiл жобаның табысы құралады. Бұл оқушыларды белсендi танмдық iс-әрекетке, бiлiм негiздерiн терең меңгеруге және жаңа ақпарат көздерiн iздестiруге талпындырады. Жобалардың, ынтымақтастықта оқытудың әдiстерiн пайдалана бiлу - оқытушының жоғары бiлiктiлiгiнiң, оның прогресшiл оқыту әдiстемесiнiң көрсеткiшi.
Постиндустриялдық қоғамда адамның өзгермелi өмiр жағдайларына бейiмделуiн көздейтiн бұл технологияларды ХХI ғасырдың технологиясына жатқызу тегiн емес.
Жобалар әдiсі
Жобалардың әдiстерiн пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:
1. Iстiң шешiмi үшiн ықпалдастырылған бiлiмдi, зерттеушiлiк iзденiстi қажет ететiн зерттеушiлiк, шығармашылық мәнi бар проблемамiндеттердiң болуы. Мысал үшiн әлемнiң әр түрлi аймақтарындағы демографиялық проблемаларды зерттеудi келтiруге болады. Жер шарының әр түкпiрiнен бiр проблема бойынша репортаждар сериясын жасау; қышықылды жаңбырлардың қоршаған ортаға әсерiнiң проблемасы және басқалар.
2. Ұсынылатын нәтижелердiң практикалық, теориялық, танымдық мәнi. Бұл белгiлi бiр аймақтың демографиялық жағдайы, осы жағдайға әсер ететiн факторлар туралы тиiстi қызмет орындарына жөнелтiлетiн баяндама болуы мүмкiн; мысалы, әлеуметтiк саяси мәнi бар проблемаларды шешудiң мүмкiндiгi туралы ұсыныстар, ұсынымдар, көзқарастар; империялардың ыдырауына әсер ететiн факторларды зерттеу және басқалар.
3. Бұрын әр түрлi салаларда алынған бiлiмдердi ықпалдастыруды көздейтiн оқушылардың дербес (жеке, қосарлы, топтық) iс-әрекеттерi.
4. Жобаның мазмұндық бөлiгiн құрылымдау (кезеңдiк нәтижелердi көрсете отырып).
5. Зерттеу әдiстерiн пайдалану: проблеманы, одан туындайтын зерттеу мiндеттерiн анықтау, оларды шешу гипотезасын ұсыну, зерттеу әдiстерiн талқылау, түпкi нәтижелердi ресiмдеу, алынған деректердi талдау, қорытынды жасау, түзету енгiзу, жобалық қорғау, тұжырымдар (бiрлескен зерттеу барысында "ми шабылуы", "дөңгелек үстел" әдiстерiн, статистикалық әдiстердi, шығармашылық есептердi, тұсау кесерлердi және басқаларды пайдалану).
Жобалардың әдiстерiн қандай да бiр мәнi бар тақырып, бағдарламаның бөлiмi бойынша сабақта да (сабақтар сериясы), сабақтан тыс қызметте де пайдалануға болады.
Әр түрлi деңгейдегi оқыту
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту туралы айта отырып, бiз сонымен бiрге саралап оқытудың әр түрлi нысандары мен түрлерiн естен шығармаймыз. Бiрiншi кезекте бiздi саралап оқытудың, жеке қасиеттер бойынша сырттай саралау, яғни оқушылардың жекеленген пәндерге деген қабiлеттерi бойынша саралап оқыту сияқты түрлерi қызықтырады.
Көбiнесе балалардың мұндай қабiлеттерi жасөспiрiмдер жасында (7-8 сыныпта) байқалады. Сондықтан да егер 7-8 сыныптарда оқушылардың қабiлеттерi мен мүдделерi дәл осы қабiлеттердi одан әрi дамыту тiлегiмен сәйкес келiп жатса, онда оларға мұндай мүмкiндiктi берген жөн. Әңгiме жекелеген пәндер бойынша алдын ала тестiлеудiң негiзiнде әр түрлi деңгейдегi - А, В, С топтарын құру туралы болып отыр. Тереңдетiп оқыту сыныптары емес, топтар. Басқаша айтқанда, балалар өз сыныптарында оқи бередi, бiрақ жекелеген пәндер бойынша сабақтарға олар өз топтарына барады, кiм А тобына, кiм В тобына, кiм С тобына.
Сонымен, математикамен айналысатын және техникалық жоғры оқу орнына бағдар ұстанған оқушы екенiн дайындық деңгейiне сәйкес С тобына (неғұрлым iлгерiрек) немесе В тобына, ал оған қиындық туғызатын тiл пәнi бойынша А тобына түсуi мүмкiн. Бiрақ, өз еркiмен ғана. Егер оқушы өте жоғары нәтижелер көрсетiп, одан да жоғары деңгейдегi басқа топқа өтуге тiлек бiлдiрсе, бүкiл оқу барысында кез келген сәтте сынақтар мен тестiлеу жүйесi iске қосылуы мүмкiн, онда оған мұндай мүмкiндiк берiледi. Осы мақсатпен әр түрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын әзiрлеген кезде барлық топтарда оқытылатын сағаттар саны бірдей бiр тақырыпты ұсынған жөн. С және В топтары оқушыларының жақсы дайындығының арқасында осы тақырыптарды едәуiр тереңдетiп оқытудың мүмкiндiгiн көздеуге болады.
Мұны осы тақырыпқа қосымша материал енгiзу арқылы (шетел тiлiн оқытудағы ауызша сөйлеу мен оқытудың белгiлi бiр тақырыбы бойынша қосымша жағдайлар, табиғи-ғылыми цикл курстарындағы қосымша ұғымдар, т.с.с) немесе бiрқатар өзгеше сипатты күрделi мiндеттердi, зертханалық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды және басқаларды енгiзу арқылы да iске асыруға болады.
Тағы бiр фактордың - бiлiмдi бағалаудың үлкен маңызы бар. Жоғарыда айтқандай, бiз қабылданған оқыту тұжырымдамасына сәйкес, оқушының нәтижелерiн ғана емес, оның ынтасы мен күш жiгерiн бағалауды да әдiлеттi шешiм деп танимыз.
А тобы - бұл мектеп циклының барлық пәндерi бойынша бiлiм стандартымен белгiленген базалық деңгей. Егер оқушы осы стандартта жоспарланған бiлiм, бiлiктiлер мен дағдылар деңгейiне ойдағыдай қол жеткiзсе, онда ол жеткен нәтижелерiне сәйкес тиiстi баға алады. Егер ол бұдан да жоғары бiлiм деңгейiне жетуге ұмтылатын болса (бұл оның қашанда өз таңдауы), онда бiлiмге, бiлiктiлер мен дағдыларға қойылатын өте жоғары талаптарды ескере отырып, оны әдiл бағалауға болады. Үлкен жетiстiктерге жету үшiн оған көп күш-жiгер жұмсауға тура келедi, бiрақ та мұның барлығы оның қабiлет-қарымына сәйкес болуға тиiстi. Мұндай көзқарас, бәрiнен бұрын, балаларды бағаны ғана емес, алған бiлiмдi бағалауға үйретедi.
Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, мұғалiмдер саралап оқыту тәсiлiнiң қажеттiгiн ертеден-ақ сезiнген болатын. Өйткенi, бұл тәсiл бойынша мықты оқушыларды назардан тыс қалдырмай, әркiмнiң және сыныптағы барлық оқушының қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне, олардың психикалық даму ерекшелiктерiне, мiнез-құлқына сәйкес, олардың дамып-жетiлуi үшiн қолайлы жағдайлар жасай отырып, үлгiрiмi төмен оқушыларға көп уақыт бөлуге болады.
Сонымен әр түрлi деңгейдегi оқыту дегенде бiз мынаны түсiнемiз. Оқу-тәрбие процесiн бұлайша ұйымдастыру кезiнде әрбiр оқушының мектеп бағдарламасының жекелеген пәндерi бойынша оқу материалын әр түрлi деңгейде (А,В,С) меңгеру мүмкiндiгi бар, бірақ оқушының iс-әрекетiн бағалаудың өлшемдерi ретiнде оның осы материалды меңгеру, оны шығармашылықпен қолдану жөнiндегi күш-жiгерi есепке алынуы және ол баланың тума қабiлеттерi мен жеке басының ерекшелiктерiне қарай, базалық деңгейден төмен болмауы керек.

1.2. Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі

Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты - оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша - тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Мектеп биология курсында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Тіршіліктану пәні бойынша оқыту әдісі
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Пәндер