Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Кіріспе 3
1 Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 5
1.1 Оқу.тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту 5
1.2 Оқу.тәжірибе учаскесінің оку.тәрбиелік маңызы 10
2 Тәжәрибелік бөлім 14
2.1 Мектеп оқу. тәжірибе телімінде жеміс.жидек ағаштарын отырғызу 14
2.2 6.сынып биология пәнінен "Ағаштар және буталарды отырғызудың мерзімі тәсілдері" тақырыбында мектепте участогінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 24

Тақырыптың өзектілігі. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.

1. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
2. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
3. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
4. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
5. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
6. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.
7. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.
8. Д. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогика коллледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.
9. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы «Алматы ақшамы 1992 ж 24 ақпан.
10. О. Мұсабеков «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.
11. Т. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж.
12. Жануар терминiнiң құрылымдық моделi-жануартану пәнi мазмұнын компьютермен оқыту тұрғысынан айқындау негiзi // Ізденiс. – Алматы, 2003. – № 3. – 131–136 бб. (А. Әмiрбекұлымен авторлық бірлестікте).
13 Дидактикалық бiрлiктi iрiлендiру технологиясын жануартану пәнiн оқытуда пайдалану / Ун-т «Кайнар». – Алматы, 2005. – № 3/2. – 65–66 бб.
14 Жаратылыстану пәндеріндегі зертханалық жұмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері // Хабаршы. Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ. – Алматы, 2008. – № 4. – 170–174 бб. (Л. Жайдақбаевамен авторлық бірлестікте).
15 Абкии Г. П. Методика решения задач по химии. — М.: Просвещение, 1971.
16 Аркавепко Л. Н., Гапонцев В. Л., Велоусова О. А. Для чего классифицировать расчетные задачи // Химия в школе, 1995, № 3. С. 60.
17 Архангельская О. В. Решение задач. Чем проще, тем изящнее // Химия в школе, 1998. С. 46.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 5
1.1 Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту 5
1.2 Оқу-тәжірибе учаскесінің оку-тәрбиелік маңызы 10
2 Тәжәрибелік бөлім 14
2.1 Мектеп оқу- тәжірибе телімінде жеміс-жидек ағаштарын отырғызу 14
2.2 6-сынып биология пәнінен "Ағаштар және буталарды отырғызудың мерзімі тәсілдері" тақырыбында мектепте участогінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.
Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының ғылыми негізі екенін көрсетуЗерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында тірі табиғат материалдарын қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде тірі табиғат материалдарын пайдалану арқылы оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
1 Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
1.1 Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту
Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз -- көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді.
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
1) Күнделік дәптері.
2) Тіркеу журналы.
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:
1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.
6. Экономикалық білім беріледі.
7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.
Ауылшаруашылығы тәжірибелеріне тән ерекшеліктер
Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.
Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.
Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық) деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру керек.
1 - сурет Оқу- тәжірибе алаңының жоспары
Тәжірибе жасау арқылы - зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.
Мектеп жанындағы тәжірибелік - машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.
Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің - еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.
Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.
Бақылау - қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.
Тәжірибені қоюға кірісе отырып ерте құрастырылған жоспарға сәйкес учаскені нұсқаулар мен қайталануларға бөлдік. Біздер Қызылорда мектептерінде тәжірибелер жүргізу кезінде олардағы қайталанушылықтар саны мынадай екенін анықтадық.
1 кесте - Мектептердегі тәжірибелердің қайталану көрсеткіші
Мектептер саны
Барлық жүргізілген тәжірибелер
Тәжірибенің қайталануы %-бен
Біреу
Екеу
үшеу
3-ден артық
12
42
56,9
23
18
2,1
Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде жүргізіледі.
Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар аудардық.
Қызылорда облысы оқу-тәжірибе учаскелерінде жыл сайын үш тәжірибеден аса жүргізіледі, осы уақыт ішінде бұл тәжірибелердің ішінен шамамен орташа 14%-ның нәтижесі болмайды, өйткені өсімдіктерге күтім жасау кестесі, өнім есебі бұзылады, бақылаулар жүйелі түрде жүргізілмейді.
Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:
- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;
- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей болуы тиіс, яғни ғылыми-зерттеулер қағидасы - бірдей айырмашылық қағидасы сақталуы тиіс;
- тәжірибе бақылаумен салыстырылады;
- тәжірибе нұсқаларын анықтау. Орта және төмен жастағы оқушылар үшін тәжірибені екі нұсқада: тәжірибе - бақылау қойған тиімді. Өте шынайы болуы үшін тәжірибені кем дегенде екі қайтара жүргізу керек;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінің орналасуын, көрсететін, тәжірибе сызбасын алдын-ала белгілейді;
- жұмыстарды жүргізу түрлері мен мерзімдерін көрсетумен дәл агротехникалық жоспарды әзірлеу;
- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінде өсімдіктерге жүйелі түрде фенологиялық бақылаулар жүргізу, қажетті өлшеулер мен есеп жүргізу, жазулар, суреттер, фотосуреттер түрінде бекіту;
- тәжірибе және бақылау учаскелерінде себу, күтім, өнім жинауды бір мезгілде, кесте бойынша жүргізу;
- әрбір тәжірибе барлық вегетациялық кезеңге нақты топқа бекітіледі;
- түрлі топтардың жүргізген барлық тәжірибелерімен барлық сынып оқушыларын таныстыру. Мұғалім ұйымдастырған ағымдағы бақылау жолымен және қорытынды сабақта жүзеге асырылады.
Мектеп жаны учаскелеріндегі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың биологиялық-экологиялық білімін қалыптастыруға үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың қызметі барысында практика мен тәжірибелік жұмысқа үлкен орын беріледі. Білімді меңгеру барысында фактілер мен көріністерді ұғымдар, пікірлер, ой тұжырымдары жүйесіне жалпы жинақтау болып табылады.
Осыған байланысты фактілерді "ой елегінен өткізу" кезеңі түбегейлі маңыз алады. Оқушылар тек жинақтау негізінде фактілерді ұғына, олардың мазмұнын сапалы және берік меңгере алады.
Бұл үдеріс тәжірибені қою кезінде айтарлықтай жеңілдетіледі.
Мектеп дамуының осы кезеңінде, дамытып оқытудың маңыздылығын арттыру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралдарының бірі ретінде учаскедегі тәжірибе жұмысы идеясы ерекше назарға ие болады.
2- кесте - Тәжірибе жасаудың маңыздылығын анықтау
Оқушылардың ғылымға деген көзқарасының көрінісі
Бақылау сыныптары
Тәжірибе сыныптары
Ойын білдіру ниеті
102
250
Мысал келтіру әрекеті
28
57
Қорытынды жасауға ұмтылысы
20
49
Танымдық сұрақтар саны
18
46
Теріс факторлар: алаңдаулар
48
13
Бақылау сыныптарда оқу материалы тәжірибелерді қоюсыз, ал тәжірибелік сыныптарда тәжірибе жұмыстары негізінде түсіндірілді. Тәжірибелік сыныптардағы сабақтарда оқушылардың танымдық белсенділігі екі есеге артты.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелер мен бақылаулардың оқушыларға берік, түсінікті биологиялық-экологиялық білім алуына көмектесетінін зерттеу нәтижелері көрсетті. Тәжірибе жұмысы міндетті түрде оқушылардың тәжірибені түсініп меңгеруімен жүйеде жүргізілуі тиіс. Бұл жұмысты жүргізу биология мен ауылшаруашылығы еңбегі курстарының байланысын жүзеге асыруға ықпал ететін әдістемелік шарттардың бірі болып табылады. Оқушыларда олар үшін мүмкін болатын ағзалық немесе жасушалық деңгейде физиологиялық құбылыстарды түсіндіруге ұмтылысты дамыту керек.
1.2 Оқу-тәжірибе учаскесінің оку-тәрбиелік маңызы
Оқушыларды логикалық тұрғыда қүрылған, айқын, нақты жоспарлармен жүмыс істеу, икем дағдыларын қалыптастыру қажет. Бүл мәселені іске асыру үшін оқу-тәжірибе учаскесінде көлемді педагогикалық мүмкіншіліктер баршылық. Алғашқы -кезекте, оқу -тәжірибе учаскесін, ондағы егістік жөне отырғызу жүмьтстарын педагогикалық түрғыдан ойластырылған, үйымдастыру және жоспарлау жүмыстары түр. Оқушылар мектен учаскесінде жүмыс істей отырьш, өздерінің биология пәнедерінен алған білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарларды бақылау нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді. Сонымен қатар ауыл-шаруашылық өсімдіктерін агрономиялық өңдеу әдістерімен және жа - нуарларды күту әдістерімен танысады. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүмыс орындау барысында оқушыларды үйымдастырушылық, үжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап-күту дағдылары қальштасып тәрбиеленеді.
Оқу тәжірибе учаскесінде өсімдіктану, жануартану, тіршіліктану иәндерінен сабак еткізіледі. Көктемде, күзде арнайы бағдарламалар бойынша практикалык сабақтар, жазғы, күзгі, көктемгі бақылаулар мен тожірибелер жүргізіледі. Сабақатан тыс орындалатын жүмыстардың барысында жануартану, осімдіктану пәндерінен сабақтарда үлестірілетін және көрсетілетін материалдар дайындалады. Учаскеде жас натуралистер үйірмесі жүмыс істейді жене мектеп көлеміндегі кластан тыс откізілетін іс-шаралар үйымдастырылады: Ал - тын күз, қүстар күні, Бау-бақша күні мерекелері, кормелер, ата-аналар үшін топ серуендер т.б. жүмыстар.
Осындай әдістермен биологияны оқытуды ауыл-шаруашылық практикасымен үштастырып тәрбиелеу жүмыстарын жүзеге асыруға болады.
Мектеп учаскелерінде мектепте оқытылатын осімдіктер болуы тиіс: дала, бау-бақша, жеміс-жидек, мөдени және жабайы өсетін өсімдіктер. Соған сәйкес арнайы учаскелер болады. Атап айтсақ: дала өсімдіктері, көкөніс, жеміс-жидек, өсемдік, билогиялық, зоологиялық бөлімдер.
Әрбір мектепте учаскенің ауданы, пішімі, үйлесімі түрліше болғанымен жоғарыда айтылған бөлімдердің болуы шарт.
Әр бөлімде есімдіктер мен тәжірибе жүргізуге орын бөліиеді. Әр түрлі бөлім өсімдіктерін бір коллекцияға және бір тәжірибе бөліміне араластыруға болмайды.
Дала өсімдіктері бөлімі
Бұл бөлім екіге бөлінеді: коллекциялық және тәжірибе бөліктері болып.
Коллекциялъщ бөлікті жолдар арқылы ені 2-4м үзына бойы созылған тік тертбүрышты жерлерге бөледі. Ол жерлерді өз кезегінде әрқайсысы 1,2 немесе 4м2 тіктөртбүрышты бөліктерге беледі. Бүл бөліктерге белгілі ретпен мәдени өсімдіктердің түрлерін, іріктемелерін егеді. І-ші бөлікке астық түқымдастарын (сүлы, арпа, бидай, қара бидай, тары, жүгері, күріш, сорго); ІІ-ші бөлікке бүршақ түқымдастары (ас бүршақ, үрме бүршақ, жасымық ,соя т.б.) және азық жем-шөп өсімдіктері (жоңқышқа, беде, ат қонақ, кара-бас шалғын, түбі бос шөп т.б.) ІІІ-ші бөлікке тоқыма өнеркәсібіне пайдаланатын өсімдіктер (кендір, кенеи, қалақай) және майлы өсімдіктер (күнбағыс, май кене, қыша, жер жаңғақ, мақсары т.б.) IV-ші бөліке-айдалатын (картоп, қызылша, турнепс т.б.) V-ші бөлікке эфирлік жөне дәрілік (анис, тмин, жалбыз, ішлериаіпі, шайқурай т.б.) мәдени всімдіктер іріктемелері мси түрлері өсіріледі.
Коллекция бөлімінің жалғасы тәжірибелік бөлімнен үштасады. Мысалы: асқабақ түқымдас осімдіктерге қойылатын тәжірибені І-ші бөлікке қарама-қарсы бөлікте жүргізеді және ол бірінші бөліктің жалғасы болыи табылады. Осылайша егістік бөлімінде 6-егістік айналымы шығады. Бүл жағдай топырақтың күнарлылығын сақтау мақсатында жүргізілетін агро-техникалық шара.
Егістік бөлімінде VI-VII-класс оқу материалы-нық мазмүнына сай мынадай тәжірибелер қойылуы мүмкін:
1.І-ші бөлімде: бидайды егудің тиімді тәсілдерін анықтау; егістен мол түсім алу; жаздық бидайдың даму фазалары; топырақ қүнарлылығын анықтау.
2..Ұзынталшықты мақта мен зығыр өсіріп жақсы өнім алу.
3. Жоңышқа, қарабас шалғын т.б. өсімдіктерді егіп, топырақтың қүрылымын жақсарту.
4. Картоптың жер асты түйінектерін алу; қопсытудың әсерін анықтау.
Картопты кобейту жолдары; картоитың жоғары түсімін алу.
V-ші бөлікте: жабайы есетін дәрілік шөптерді жерсіндіру; эфирлік өсімдіктердің вегетативтік көбеюі; эфирлік есімдіктердің түсімін жоғарылату.
Оқу тәжірибелік учаскесінде кейбір мектептерде көгершін ұяларын орналастырады. Көгершіндердің алу - ан түрлері жануартану, тәнтану, тіршіліктану пөндерінен бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу үшін қажетті.
Практикалық жұмыстар, тәжірибелер жүргізу үшін үй қояндары (тордың ішінде), тауыястао (воль - ер л ерде) өсіріледі.
Жануарлардың осімдіктермен тікелій байланысын анықтау үшін, өсімдіктердің әртүрлі бөлімдерін пайдаланады.
Көкөніс бөлімінде инсеқтарийлердс кейбір ауыл-шаруашылығының зиянкестеріне бақылаулар жүргізіледі.
Ол сияқты жеміс-жидек бөлімінде де дәкеден тіккен қапшықтар мен ілінген инсектарийлерде жеміс ағаштарының зиянкестерін бақылаулар жүргізіледі. Тоған орналасқан бөлімінде гидралар, үлулар, балықтарды көбейтеді. Жануарлар бүрышында бақаларды, қүрбақаны, кесірткелер мен жыландарды қоныс-тандырады.Метеорология станциясын өсімдіктер биологиясы бөліміне немесе егістік-өсімдіктер бөліміне орна-ластырады.
Учаскені жабдықтау
Барлық жүйедегі отырғызу жүмыстарын жүзеге асыру үшін 0,25 тен 0,5га жер ауданы қажет. Шағын учаскенің жүмысын үйымдастырын, үқыпты үстау, жүмыстар жүргізу жеңіл болады.
Учаскеде топсеруен, сабақ өткізу үшін түпкілікті жолдар болуы шарты: ортаңғы жолдың өлшемі көлденеңі 1,5-2 м ал бүйіржолдың көлденеңі 1-1,5 м. Жолдарды шаған тастармен немесе кірпіштің үсақта-рымен жақсылап таитап, үстіне қүм сеуіп екі шетіне қарай ыддилатып тегістейді.
Бұл жағдай топ серуенді күзде, көктемде өткізуге ыңғайландырады. Учаскедегі сабақтар өткізу үшін, бір жерден екінші жерге оңай ауыстырылатын орындықтар жасау керек.
Учаскеде төбесі жабылған бөлім болғаны дүрыс. Жаңбыр кезінде оқушылар жабынның астына тығылады, күзде жабын үстінде өсімдіктерді кептіреді.
Оқу-тәжірибе учаскесінде күрал-саймандар сақталатың шағын сарай болуы қажет.
Учаске әр-түрлі белімдермен біртүтас жүйелілікті көрсстеді. Жоспарлау кезінде оқушыларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz