Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы



Кіріспе 4
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 6
1.1.Сыни ойлау туралы түсінік 6
1.2.СТО технологиясының стратегиялары 8
1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер 10
2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 14
2.1 СТО.ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары 14
2.2 Биолгияда сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқытудың тиімділігі 19
3 Тәжірибелік бөлім 20
3.1 6 сыныпта «Өсімдіктердің жынысты көбеюі мен тозаңдану, ұрықтану» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқыту әдістемесі 20
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 25
Зерттеудің өзектілігі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобанын негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіземіз.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені.
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу – тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты – ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың қызығушылығын дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясыныњ ғылыми теориялық негізін ашу;
1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010.
2 Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.
3 Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.
4 Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы.
5 Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. - №1.
6 Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б
7 Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б
8 Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.96-99 б.
9 ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.
10 Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы //Білім-Образование.-2007.-№5.12-23 б.
24 Н.А. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау» технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы. «Даир». 2007.289-б.
25 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана. 2006.
30 Саменова С. Сын негізді аталымдардың танымдық сипаты Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010.-№ 8. 83-88-б.
31 Егеубайұлы А. Білім технологиялары – оқу-тәрбие үрдісінде. Қазақстан мектебі. – 2010. – №12. 14-17-б.
32 Қалапбергенова Б. Инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәсілдері. Қазақстан мектебі. – 2010.-№ 9 53-55-б.
33 Закиров Ғ. Жаңа технология – сапалы білім негізі. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 26-27-б.
34 Ысқақова С. Сыни ойлауға жетелеу. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 39-40-б.
35 Темірханова Р.Е. Сын тұрғысынан ойлау сабағын өткізу тәжірибемнен. Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – №5 36-40-б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 6
1.1.Сыни ойлау туралы түсінік 6
1.2.СТО технологиясының стратегиялары 8
1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер 10
2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 14
2.1 СТО-ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары 14
2.2 Биолгияда сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқытудың тиімділігі 19
3 Тәжірибелік бөлім 20
3.1 6 сыныпта Өсімдіктердің жынысты көбеюі мен тозаңдану, ұрықтану тақырыбын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқыту әдістемесі 20
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 25

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобанын негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, Сорос Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіземіз.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені.
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу - тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс - тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты - ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың қызығушылығын дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясыныњ ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау;
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын биология сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.

1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1.1.Сыни ойлау туралы түсінік

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау - сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.-қызығушылығын ояту ( көпір жасау, ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
мұғалім оқушы білім
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда
Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр
оқушының жауапкершілігі басым.
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

1.2.СТО технологиясының стратегиялары

Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан-жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан-жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 60-тан астам стратегиялары бар:
Соның ішінде:
1. Топтастыру
2. Венн диаграммасы
3. Ішіне - сыртына
4. Дөңгелек үстел
5. Бес жолды өлен
6. Ой шақыру
7. Ой қозғау
8. Семантикалық карта тағы басқада стратегияларын сабақтарымда пайдаланамын.
Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда Венн диаграммасын, Семантикалық картаны, түртіп алу әдісін, пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, екі түрлі түсініктеме күнделік жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.
Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі денгейінен жоғарғы, терең ойлау денгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы денгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму денгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.
2. Ақыл-ойын дамытады.
3. Шығармашылық белсенділігін арттырады.
4. Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
5. Тіл байлығын жетілдіреді.
6. Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
7. Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.
8. Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдалантып көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар.
Олардың бұрын алған білімін де кенейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.
Сондықтан мұғалім көрнекіліктері көрсеткенде сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Себебі кез келген көрнекі құрал жеке нәрсені көрсетуге арналады. Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Қазіргі таңдағы келесі проблемалардың бірі болып табылатын ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып тәлім-тәрбиеге пайдаландым.
Көрнекіліктің оқушыға берері.
1.Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.
2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.
3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.
4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Көрнекі оқыту - ақыл-ойын, логикалық ойлауыл дамыту.
Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті менгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.
Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды.
Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік корларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.
Еліміздінң ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағыдыры ұстаздардың қолында - деп, елбасымыз Нурсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.
Әр бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем бер - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.

1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез - келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 - ден асады.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту - Эвокация Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия.
Эвокация - қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация - оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия - тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс
Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта - жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақ кезеңдеріӘр кезеңде қолданылатын стратегиялар
Қызығушылығын ояту кезең
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру,
Мағынаны тану кезеңі
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру

Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Миға шабуыл стратегиясы - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс - тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). - Барлық пікірлер бір ауыз сөзбен жазылып отырғаны жақсы. - Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады - бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.
Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 - бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, v- білемін, + - білмеймін, - - мен үшін жаңа білім (ақпарат), ? - мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?
Куббизм стратегиясы - Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 - сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі - түсті түрде пайдалануға болады.
RAFT стратегиясы - Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен бөлме өсімдігімін деген сияқты. т.с.с
Венн диаграммасы стратегиясы - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Геометриялық фигуралар стратегиясы - бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: Микроскопты ойлап тапқан кім?
Жалпақ сұрақтар - сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал - мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: - қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)
Т кестесі стратегиясы - Мақсаты: қарама - қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс - тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.
Тірек сөздер стратегиясы - Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы - БББ - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап - оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы - тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары көп әрі қолдануға ыңғайлы, жеңіл, тиімді. Іс - тәжірибе көрсеткендей СТО - технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік Мені дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі.
Жекеден жалпыға
Дифференциалдықтан сенімділікке
Интуициядан логикаға
Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.

2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

2.1 СТО-ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Жобалық оқыту технологиялары
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Банктік ААЖ
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Пәндер