Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар


Кіріспе3
1 Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар5
1. 1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы5
1. 2 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары7
2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі12
2. 1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде12
2. 2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - оқушыларды жан - жақты24
қалыптастырудың формасы ретінде24
3. Тәжірибелік бөлім31
3. 1 "Табиғатты қорғау" тақырыбында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі31
Қорытынды34
Пайдаланған әдебиеттер35
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Оқушыларды қоршаған орта туралы білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз курстық жұмысымда оқушыларды өлкетануға, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап, төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін туристік сабақтың әдістемесін ұсынып отырмын.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- сабақ бағадарламасы бойынша әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету;
- өз аймағы туралы, оның табиғаты, өсімдіктері, жануарлары жайлы білімдерін тереңдету;
- оқушылардың табиғи орта және табиғат компоненттерінің орналасуы туралы түсінігін дамыту;
- биология пәнін оқуға қызығушылығын ояту.
Курстық жұмыстың болжамы. Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Күтілетін нәтиже.
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға әртүрлі тақырыпта, сабақтан тыс сабақтар туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық және ғылыми мәліметтер жинау, ақпараттарды салыстыру, талдау, тұжырымдау.
Жұмыстың пәні: биологияны оқыту әдістемесі.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар 1. 1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызыОқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сабақтан тыс жұмыстарға барлық оқушылар қатысуы қажет. Мұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы мұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді[1; 56] .
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыруына болады:
1) әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады.
2) барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әр түрлі болуы мүмкін.
Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты биология пәнінен міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстар санын жетілдіріп отыру керек.
Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы зоология, топырақтану, ботаника, океанология, агрономия және т. б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Оқушыны алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және биолог-саяхатшылар туралы әңгімелер қызықтырады, олар ботаникалық ашылулар жайлы толығырақ білгілері келеді. Жоғары сынып оқушылары ботаника және агрономия, әлемдік фермерлік іс сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар баланы сабақтан тыс жүмыстарға еліктіре түседі.
Оқушылардың биологиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады.
Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т. б. қорғауға көмектеседі.
Сабақтан тыс танымжорықтар оқушылардың биология пәні бойынша білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс жұмыстарда оқушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Ал танымжорықтарға оқушыларды мейлінше түгел тартуға тырысу қажет. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстыра отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі.
1. 2 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдарыБиология пәнінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей болады:
1. Ауызша. әдіс (вербальды) : лекция, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәрістер, әңгімелесу, сұхбаттасуды ғалымдар, экспедиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар жұмысшылары көмегімен де өткізуге болады.
2. Практикалык әдіс оқушылар тобымен немесе жалғыз оқушымен, практикалық сабақ үстінде жүзеге қолданады. Оқушы бұл сабақта өздігінен биологиялық материалдар, лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, оларды камеральды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді.
3. Бақылау әдісін оқу барысында, табиғат құбылыстары сияқты, адамның шаруашылық әрекеті ретінде де қолдануға болады.
4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс - бақылауға қиын табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында қодданылады. Мысалы, өсімдіктер түрінің пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер т. б. Тәжірибені алдын ала дайындап, оқушылар сосын оның нәтижелерін талқылайды.
5. Конструкциялар мен модельдеу - биологиялық процесстердің мәнін түсінуге қажет құралдар мен аспаптар моделін жасауға мүмкіндік береді.
6. Таныжорықтық әдіс-объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді.
7. Объектіні оқу әдісі - оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс биологиялық әлемді зерттеудің әртүрлі сатыларында қолданылады: зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында, қорытынды жасауда.
Сабақтан тыс жұмыстар күнделікті сабақтан өзінің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрлері, жүргізу әдістер ерекшелігімен сипатталады. Бұндай тыс жұмыстарда оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.
Бұндай жұмыстар оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға көмектеседі, яғни өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, шығармашылық, биологиялық ойлау қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, байқампаздығын арттырады.
Танымжорықтар жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Танымжорық сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т. б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Танымжорық түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Биология пәнінің бағдарламасы бойынша күз және көктем мезгілдерінде оқу танымжорықтарын өткізу керек. Өсімдіктану курсы бойынша (8 сыныпта) - төрт рет табиғатта, ал жануартану курсы бойынша (9 сыныпта) - бір экскурсия - жергілікті қорықтар мен ұлттық бақтарда жүргізіледі. Биологиялық танымжорық - бұл мектептегі оқу-тәрбиелік процестің бір түрі, оны өткізу, мұғалімге сабақ жүргізумен бірдей[2; 56] .
Танымжорық кезінде оқушыларда ботаникалық, зоологиялық түсініктердің негіздері болып келетін, табиғи объектілер мен құбылыстар туралы нақты елестетулер қалыптасады. Туған жер мысалында ботканикалық білімдер арқылы Жердің жасыл қабықшасындағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен процесстерді түсіндіруге болады. Сондықтан, бұл жерде танымжорықтың ролі өте маңызды болып саналады.
Табиғатта танымжорық кезінде оқушыларда көптеген біліктіліктер қалыптасады, біріншіден, бақылау жүргізу, биологиялық объекті мен адам шаруашылығын талдау. Жергілікті жер мысалында, оқушылар, табиғи компоненттердің тығыз байланысын және олардың табиғи аймақтық кешендерге бірігетінін түсінеді. Табиғи компоненттер байланыстар арқылы пайда болатын кешендердің құрылуын, табиғи-аймақтық кешендердің заңдылық негізі ретіндегі тұтастығын түсінеді. Бір компоненттің өзгеруі екінші компоненттің өзгеруіне әкеп соғады, бұл кезде қайта орнына келмес процесс пайда болу мүмкін. Танымжорық барысында, сондай-ақ, жергілікті материал арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге болады. Өнеркәсіпке барған кезде, оқушылар сол саладағы процесімен, өндірістің ұйымдастыру және тиімділігін көтеру жолымен танысады.
Сонымен, оқу танымжорықтары оқушылардың биологиялық білім жүйесіндегі бекіту әдістерінің негізгі саласы болып келеді.
Оқушыларды танымжорыққа сабақ кезінде дайындайды. Оларды теориялық және практикалық түрінде дайындап ұйымдастыру керек.
Оқушылардың теориялық дайындалуы, танымжорық кезінде, практикада немесе бір жағдайда пайдаланатын кейбір ботаникалық және зоологиялық түсініктерді қайталау.
Практикалық дайындалу деген - оқушылардың танымжорық кезінде, оның бағдарламасы бойынша орындалатын кейбір жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы деген - мұғалім оқушыларға экскурсияның тақырыбы мен жоспарын айтады, сыныпты 6-7 оқушыдан бірнеше бригадаға бөледі, бригадирді тағайындайды, керекті заттардың тізімін, уақытын, жиналу орнын, қандай киім және қалай киіну керектігін т. б. айтады.
Танымжорықтың жақсы өтуі оның ұйымдастырылуымен байланысты, оны келесі жоспар арқылы жүргізуге болады:
а) әңгімелесу (кіріспе) ; (табиғатта әңгімені мұғалім жүргізеді, өнеркәсіпте - сол жердегі әкімшілік) ;
б) танымжорық маршруты бойынша тапсырмаларды орындау;
в) қорытынды жасау.
Танымжорықтан кейін әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша мұғалімге жазбаша түрінде есеп береді. Есеп ішінде танымжорық тақырыбын, мақсатын, тақырыптың маңызын ашып көрсетеді.
Бұл жұмыстардың барлығы биологияны оқытудағы өлкетану принципін енгізуге көмектесетін көрнекілік құралдар қорын толықтырады.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар биология пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [3; 36] .
Биология пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте биологияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде биологиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, биологиялық кештер, ойлан - тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Мектептердегі «Жас химик» қабырға газеті де бір сарынды, көшірме рөлін атқарып келеді, өйткені онда пайдаланған материалдар көбінесе ғылыми кітаптардан, газеттер мен журналдардан сөзбе - сөз көшіріле салады.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде биология апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, биологиялық ойындар, жарыс кештері, т. б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік биологиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.
Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты.
Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы болды.
Мектептерде биология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс жұмыстар биология пәнін саналы меңгеруге негізделген.
Сыныптан тыс биологиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату арқылы биологиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі ғылыми тұрғыдан тұжырымдала бастады. Олар биология тарихынан баяндамалар дайындап, жергілікті биология өндірісіне топсеруен жасаумен айналысқан.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың басты негіздерін шешу жөніндегі алғашқы жұмыстар Москва қаласында №110 мектептің мұғалімі Л. И. Розинаның еңбектерінен байқалады. Ол академик Н. Д. Зелинскийдің басшылығымен ұйымдасқан биология қоғамының жұмысын жинақтап, қортындылайды. Л. И. Розинаның іс - тәжірибесі қалалық мектептердің жағдайына негізделіп жазылғандықтан, селолық мектептердің жағдайына аса қолайлы болмады. Осыған орай Л. И. Розинаның ұсынған қондырғылары барлық мектептер үшін шешімін таппаған кездейсоқ қорытындылар екені сыналады. Дегенмен бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіруде мұғалімдерге көп көмегін тигізді[4; 59] .
«Орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар және оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау » деген тақырыпта П. Н. Карелин өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап жазды. Ол өз еңбегінде сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың және оны өткізудің түрлері мен әдістерін әңгіме етеді. Болашақ мұғалімдерді биология пәніне байланысты сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері сөз болды.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың оқу - тәрбиелік рөліне, ұйымдастыру принциптеріне баса назар аударған. Дегенмен бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі 2. 1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz