6-сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
КІРІСПЕ 3
1. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі 5
1.1 Танымжорық биологиядан оқу.тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде 5
1.2 Танымжорықтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары 8
2. 6.сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері 15
2.1 Табиғатқа кешенді танымжорық кезінде ойын элементтерін қолдану 15
2.2 Биологиялық танымжорықтарға қойылатын дидактикалық талаптар 20
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сыныпта «Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы» тақырыбында танымжорық сабақтарны өткізу әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Биологияны оқыту танымжорықтарсыз мүмкін емес. Алғашында сыныптан және мектептен тыс оқытудың міндетті емес формаларының бірі ретінде пайда болған биологиялық танымжорықтар, уақыт өте келе білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде танымжорықтар оқу-тәрбие процесінің негізгі тірегі болып табылады.
Биологияны оқыту кезінде танымжорықтарды пайдалану әдістемесін зерттеуде А.Я.Герд, В.В.Половцев, К.П. Ягодовский, В.А. Герд, В.Е. Райков, Н.М. Верзилин, В.М.Корсунская, И.Д. Зверев, И.И.Полянский және басқа биолог-әдіскерлер өлшеусіз үлес қосты.
Танымжорықтарды биологияны оқыту процесіне енгізуді жүздеген жылдар бойы мұғалімдер өздерінің мақсаттары ретінде қарастырып келді. Нәтижесінде, танымжорықтарды пайдалану мұғалімдерге білімді меңгерту барысында ғана емес, оқушыларға да білімді игеруде таптырмас дидактикалық құралға айналды. Танымжорықтар аса мол танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Табиғатта кешенді танымжорықтарды жүргізу және ұйымдастыру әдістері» деп аталады және биологияны оқыту процесінде кешенді танымжорықтарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері мен тиімді әдістерін қарастырады.
Тақырыптың өзектілігі. Биология, география және экология секілді пәндерді оқыту барысында танымжорықтар ұйымдастырудың негізгі мақсаты көрнекілік білім беріп қана қоймай, балаларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам-табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы табиғатпен байланысты проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың қоршаған ортаны тану білімін қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек.

1 Арбит А.Е. Луговьер Д.А.Фотография и киносьемка в путешествий. - М., 1988
2 Әлімқұлова Р. Өсімдіктану. - Алматы, 1995.
3 Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.
4 Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.
5 Богоявленская А.Е. Активные формы и методы обучения биологии. – М.: Просвещение, 1996.
6 Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе. - М. 2003.
7 Верзилин Н.М, Корсунская В.М. Габаев Я. И. Пути оптимизации эколого-природоохранительного образования студентов в педвузе. В. Кн.: Проблемы экологического образования и воспитания в средней школе. Таллин, 1980. Герцен А. Н. Собр. Соч. М.: АН СССР, 1966. Т. 2. 33-36 с.
8 Гонобалин Н.Ф. Политико-идейный аспект подготовки будущих учитилей. - Москва, 1972. - 218 с.
9 Грин Н., Стаут У. Биология в 3-хтомах. - М.,1990.
10 Груздева. А. Факультатив «Родной край»//Новые аспекты экологического образования в школах Ленинграда. – Л., 1991 . – С. 15-26.
11 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. – 415 бет.
12 Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. - Алматы, 1989.
13 Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.
14 Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе (пособие для учителей). - Москва, Просвещение, 1984. - 164 с.
15 Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика прөподавания. - Алматы, 1998.
16 Ишкина И.Ф. Биология. Поурочные планы. – Волгоград, 2002.
17 Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.

6-сыныпқа арналған Өсімдіктану пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі 5
1.1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде 5
1.2 Танымжорықтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары 8
2. 6-сыныпқа арналған Өсімдіктану пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері 15
2.1 Табиғатқа кешенді танымжорық кезінде ойын элементтерін қолдану 15
2.2 Биологиялық танымжорықтарға қойылатын дидактикалық талаптар 20
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сыныпта Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы тақырыбында танымжорық сабақтарны өткізу әдістемесі 26
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 29
КІРІСПЕ
Биологияны оқыту танымжорықтарсыз мүмкін емес. Алғашында сыныптан және мектептен тыс оқытудың міндетті емес формаларының бірі ретінде пайда болған биологиялық танымжорықтар, уақыт өте келе білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде танымжорықтар оқу-тәрбие процесінің негізгі тірегі болып табылады.
Биологияны оқыту кезінде танымжорықтарды пайдалану әдістемесін зерттеуде А.Я.Герд, В.В.Половцев, К.П. Ягодовский, В.А. Герд, В.Е. Райков, Н.М. Верзилин, В.М.Корсунская, И.Д. Зверев, И.И.Полянский және басқа биолог-әдіскерлер өлшеусіз үлес қосты.
Танымжорықтарды биологияны оқыту процесіне енгізуді жүздеген жылдар бойы мұғалімдер өздерінің мақсаттары ретінде қарастырып келді. Нәтижесінде, танымжорықтарды пайдалану мұғалімдерге білімді меңгерту барысында ғана емес, оқушыларға да білімді игеруде таптырмас дидактикалық құралға айналды. Танымжорықтар аса мол танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы Табиғатта кешенді танымжорықтарды жүргізу және ұйымдастыру әдістері деп аталады және биологияны оқыту процесінде кешенді танымжорықтарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері мен тиімді әдістерін қарастырады.
Тақырыптың өзектілігі. Биология, география және экология секілді пәндерді оқыту барысында танымжорықтар ұйымдастырудың негізгі мақсаты көрнекілік білім беріп қана қоймай, балаларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам-табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы табиғатпен байланысты проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың қоршаған ортаны тану білімін қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының қоршаған орта туралы біілмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдөниетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру, тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм, топырақ, жер қыртысы экологиясы, химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер енгізілуіне басты назар аударуылуда.
Мақсаты:
сабақ бағадарламасы бойынша әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру.
танымжорық барысында қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау.
Міндеттері:
оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету;
өз аймағы туралы, оның табиғаты, өсімдіктері, жануарлары жайлы білімдерін тереңдету;
оқушылардың табиғи орта және табиғат компоненттерінің орналасуы туралы түсінігін дамыту;
биология пәнін оқуға қызығушылығын ояту.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық және ғылыми мәліметтер жинау, ақпараттарды салыстыру, талдау, тұжырымдау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі
1.1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде
Әр кезеңдерде танымжорық термині әр түрлі мазмұнға ие болып келді. Анықтамалардың әртүрлілігі оған әртүрлі мазмұн беріп отырды. Осыған байланысты танымжорыққа деген көзқарастар да ерекшелене түсті. Бірақ, танымжорыққа деген көзқарас қана емес, танымжорықтың өзі де қоғам тіршілігінің құбылысы ретінде өзгерді. Танымжорық ісінің көрнекті зерттеуші мамандары танымжорықтың негізгі белгілеріне мыналарды жатқызды:
1. Саяхаттылық және қозғалғыштық (И. М. Греве).
2. Қозғалғыштық және локалды белгі, яғни нысандарды олардың табиғи шығу орнында зерттеу (Б. Е. Райков).
3. Мазмұндылық (Н. П. Анциферов).
4. Нысандарды олардың табиғи жағдайында зерттеу (И. А. Гейнике).
Танымжорық сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Танымжорық маршруттарының күрделі жағдайдын, түрлі нұсқасын қамтитын өлкенің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің - мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.
Оқытуды танымжорық жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе танымжорық деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Танымжорықтың бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі - ілеспелі танымжорық деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі - қорытынды танымжорық. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Танымжорық сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім танымжорық болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:
танымжорық барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
маршруты, қамтитын нысанасы;
танымжорыққа қажетті құрал-жабдықтар;
танымжорық барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
танымжорық қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа танымжорық жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды.
Мектепте танымжорықтарды ұйымдастыру қажеттігі туралы алғашқы пікірді айтқан педагогтардың бірі Александр Яковлевич Герд болатын. Ол өз еңбектерімен жаратылыстануды оқытудың ғылыми әдістемесінің негізін қалады.
А.Я Герд өз жұмысында жаратылыстануды оқыту мүмкіндігінше табиғатта, бақта, орманда, алаң немесе батпақта басталуы қажет деп атап көрсетті. Бұл сөздер революцияға дейін және одан кейін де көптеген прогресшіл мұғалімдердің ұраны болып келді. Танымжорық кезінде өлкені табиғатын тануға негізделген оқу-тәрбие жұмыстарынан А.Я Герд танымдық іс-әрекетті дамытудың тамаша мүмкіндіктерін көре білді.
А.Я Гердтің Пәндік сабақтар атты бірінші жеке әдістемесінде оқу процесінің бөлігі және білім беру әдісі ретінде сабақтар мен танымжорықтар жоспарлары құрылған.
Оқыту жұмысының танымжорық формасына Учитель журналы баса назар аударды.
1861 ж. Н.Волокитин өзінің Табиғатсүйгіштердің жорық ережелері атты мақаласында орманда демалуды ғана емес, табиғат тіршілігін тануды да ұсынды. Д.Н Кайгородов та өзінің орман және жазықтық өсімдіктері туралы танымал мақалаларында осындай кеңестер берді.
1900 жылдан бастап Ресейде ботаникалық журналдар шыға бастады. Оларда өсімдіктердің әр жыл мезгілдеріндегі сипаттамалары ұсынылып отырды.
В 1901 жылы Мәскеуде биология пәні оқытушысының алғашқы кітабы жарық көрді. Ол кітапта оқушыларға табиғатта өзіндік жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулар берілді және анықтама карточкалар құрастырылды.
Осы жылы танымжорықтар орыс мектептерінде жаратылыстануды оқытудың міндетті формасы ретінде енгізілді. Айта кету керек, бұл кезеңде танымжорықтар ұйымдастыру әдісіне жаппай беалыс байқалды. Орта мектептерде биологияны оқыту әдістемесін жетілдіру ісімен танымал биологтар мен әдіскерлер А.Я Герд, М. П. Варавва, В.В Половцев, И.И Полянский, В.А Кожевников, А. Григорьев, К.П. Ягодовский, Б. В. Игнатьев, В.Зеленский айналысты.
Күз - көптеген oқyшылар мен олардың ата-аналарының жақсы көретін жыл мезгiлi eкeнi анық. Сондықтан олар күзде орманға жиi барады. Күзде орман нелiктен ұнайды деген сұpaққa оқушылар күзде орман өте көріктi, саңырауқұлақтар мен әр түрлi түсті күзгi гүл шоғын жинауға болады деп жауап бередi.
Одан кейiн оқушылар ағаштарды қарап, олардың аттарын атайды, ағаш, бұта және шөптесiн өсiмдiктерiнiң айрықша белгiлерiн анықтайды, қайың мен шетеннiң жапырағын қарағай мен шыршаның қылқандарымен салыстырады. Мұғалім қылқан да жапырақ, бiрақ қайың мен шетендiкiнен басқаша eкeнiн дәлелдейді. Сондықтан ағаштардың бiразы қылқан жапырақты, басқалары жапырақты ағаштар деп аталады. Гүлдейтiн өсiмдiктер аз қалған, дегенмен олар әлi де кездеседi. Олардың iшiнен дәрiлiк түймедағы мен мыңжапырақты табуға болады. Оқушылардан демалуға аялдағанда танымжорық кезінде қандай болмасын бір құрт-құмырсқа, құс, аң көздеріне түспеді ме деп сұрап отыруға болады.
Танымжорық соңында оқушылар, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне үлкен өзгерістер болды, тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасында өзара байланыс бар: күз түскеннен кейін күн салқындады, шөп солып қалды, жапырақтар сарғайып, түсті, құрт-құмырсқа жоғалды, құстар жылы жаққа ұшып кетті деген қорытынды жасайды. Қайтар жолда жергілікті тұрғындардың бақшаларынан көкөністі қалай жинап жатқанын бақылауға болады.
Танымжорықтарда жинаған материалды: бұтақ, қабық, бүр, жапырақтарды сыныпқа әкеліп, сабақтан кейін олардан жинақтарды, қолдан әр түрлі заттар жасау да маңызды.
Бұл танымжорықтың міндеті - жануарлар мен өсімдіктерде қыста болатын өзгерістер жайында оқушылардың нақтылы түсініктерін қалыптастыру, қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу, айналасындағы әсемдікті көре білуге үйрету. Табиғатқа шығару алдында оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігі және транспорт пен көшеде өздерін ұстау тәртібі ескертіледі. Оқушылар ағаш отырғызу тек жаз бен күзде ғана емес, қыста да жүрiп жатқанын байқайды.
Танымжорық оқушылардың білімді игеруіне көмегін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Таным жорықәлуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар этикалық адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру мен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы өсімдік ортасымен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге үйретеді.
Танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың қурап қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы осылар жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін, өсімдіктерді қорғау керек екендігін түсіндіріп беру тиімді болады. Мысалы, мектептің іші мен сыртын қамқорлыққа алған көшелер шағын бұта өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарын жинау, бау - бақшаның зиянкес жәндіктерімен күрес, шөптерден тазарту, қосымша азықтандыру, жасақтардың жұмысына қатысу, мектеп маңын және көшедегі лас қоқыстарды, ағаштардың жапырақтарын жинау, туған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескерткіштерін қамқорлыққа алу және т.б.
Белгілі педагог әдіскер К. Г. Ягодовский ХХ ғасырдың басында танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынады, ал "танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету" деді.
Танымжорық кезінде оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйретеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық-этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, олардың денешынықтыруға еңбекке баулып, сабақта өтілетін экологиялық материялдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғатқа таныжорық оқушыларға білім берудің, бірден - бір табиғи жолы. Мұғалім танымжорық арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Танымжорықтың барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне маральдық номлар мен мінез құлық ережелеріне көзқарасы қалыптасады.
Оқушыларға танымжорық барысында қосымша педагогикалық психологиялық тәрбие беру мақсатында "ботаникалық соқпақтың" да өзіндік орны бар. Ботаникалық соқпақтың танымдық тәрбиелік және ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Баланы өзіндік ортасымен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге үйретеді. Ботаникалық соқпақ өтетін аймақ алдын - ала жан - жақты тексеріліп, ондағы өсімдік жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әр - бір оқушының бойында өсімдіктерге деген сүйеніші болуы тиіс, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Әрбір ботаникалық соқпақ оқушының қызығатын, әрі қимайтын орнына айналуы тиіс. Ботаникалық соқпақтың ұзындығы 1,5 - 2 шақырымнан аспаған жөн. Егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Ботаникалық соқпақтың өтетін жер өсімдіктері бақыланады. Ботаникалық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөліну керек. Әр бір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілуі керек.
Ботаникалық соқпақтың оқушыларға пайдасы:
пәннен алған білімін толықтыруға әсер етеді;
тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы ботаникалық соқпақ кезіндегі алған іс тәжрибесіне сүйенуіне мүмкіндік алады;
табиғат пен айналадағы өсімдік ортасымен қарым - қатынас қалыптасады;
оқушыларда өсімдік жемісін күтіп баптау жөнінде оларды пайдалану туралы түсініктер қалыптасады.
1.2 Танымжорықтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары
Мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі осы уақытқа дейін орталықтандырылмаған. Соның нәтижесінде ғылыми жүйелілік сақталмай, экологиялық материалдар жалпылама сипат алуда. Қазірге дейін экологиялық білім берудің теориялық мәселелері өріс алуда. Онда 1990 жылы шыққан Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау туралы Заңындағы қағидаға сәйкес алға қойған проблемеларды басшылыққа ала отырып шешуге ұмтылады. Басты мақсат - көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Болашақ ұстаздар экология ғылымын меңгерумен қатар төмендегідей мәселелерді шешуге ұмтылғандары жөн.[1]
1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап, оның себебіне
талдау.
2. Кез келген экологиялық жағдайдың себебін ашып, оны жоюдың, қалпына келтірудің жолын ашу.
3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.
4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы өкімет заңдары мен
қаулыларын білу.
Қазір экология жөнінде көптеген пікірлер, тұжырымдамалар мен теориялар бар. Осыған орай ғылымның барлық салаларын экологияландыру терминін көбірек қолданудамыз.Экология-адамзат баласымен айналадағы орта арасындағы қарым қатынастан туған биология ғылымының көрнекті салаларының бірі.[1,2]
Жер шарының қандай бөлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідей экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмайсыз. Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи палигоны болғаны рас. Атом, сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде өткізілді. Әлемге әйгілі Семей, Ақтөбе, Маңғышлақ, Атырау, Орал, Қарағанды, Жезқазған атом полигондары радиациялық фонды күннен күнге қиындата түсті. Бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар ең шұрайлы жеріне орналасты. Бұрын соңды болмаған бұл жағдай адамзат баласының, сондай-ақ, биосферада тіршілік ететін барлық жан-жануарлардың ағзасына мутациялық өзгерістерді туғызды. Адамдар арасына мөлшерден көп қауіпті ісіктер мен неше түрлі дерттердің таралуына себепші болды. Адамдардың мезгілсіз өмірден кетуіне әкеп соқты.
Семей атом полигонында өткізілген 646 сынақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.
Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері әбден меңдеген. Кейінгі жылдары радиациялық экология термині пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым саласының бірі. Адамзат баласының айналадағы ортасында көбейген экологиялық фактордың ең бастысы иондаушы радиация. Ионданушы радиацияның негізгі қайнар көзі табиғи радиоактивті элементтер мен жасанды радиоактивті элементтер. Жасанды радионуклеидтердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеген адамдар өте аз. Олардың туғызатын қатерлі ісіктері жөнінде Қазақстан алдыңғы қатарда келеді.[3]
Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді.Осыған орай Қазақ мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек күттірмейтін проблема. Эколог маман кадрлар дайындауға материалдық техникалық база жасау қажет. Неше түрлі компьтерлік есептеу аппараттарын монтаждап, оларды іске қосып, айналадағы ортаның химиялық құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімдіжолы сауатты және саналы мамандар дайындау экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейіигі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы "Балаларды табиғатпен таныстыру" бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат -- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау -- экологиялык тәрбие жұмысымен үштастырылды.
Экологиялық тәрбие -- жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
* табиғаттағы әр түрлі окцғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;
* мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ак, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
* табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
* табиғатпен тілдесу, әсемдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау -- бакылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, колға үйрету мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
* тәжірибе жасау-бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабактасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
* тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге диалогқа қатысу;
* табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
* бақылау -- өз бетінше танымдык іс-әрекеттерін дамытумен бірге
табиғат туралы жәие табиғаттағы адамдардын іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
* табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді
тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал ететн іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
Табиғатты корғау - ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті орындауды борышым деп білсе, табиғат артық ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.
Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Сол арқылы еліміз халық шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестілігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралған. Одан соң ол Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Ол бағыттар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда (1997), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында (1997), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім бағдарламасында (1999) қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қораға өскен шөп, бау-бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді. Содан біртіндеп табиғаттың сыртқы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына саламатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары - экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, т.б.
Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т.б.). Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, экологиялық білім беретін пәндердің (география, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады.
Биология сабағында экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі. Биология сабағында экологиялық тәрбие берудің негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың, туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгiзуде экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң формалары мен әдiс-тәсiлдерi айқындалып, оларды iс жүзiне асыруда тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi шығарылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады. Қорытындылай келе биология сабағында жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудiң теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерiне негiзделген тұжырымдар мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі, оқушыларды таңдаған тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарға үйрету [26].
2. 6-сыныпқа арналған Өсімдіктану пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
2.1 Табиғатқа кешенді танымжорық кезінде ойын элементтерін қолдану
Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz