Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы



Кіріспе. 3
1. Мектепте биологияны оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту технологиясы. 5
1.1 Ұжымдық оқыту технологиясы 5
1.2 Топты ұйымдастыру ережелері 10
2 Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы 14
2.1 Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру 14
2.2 Шағын топ: анықтамасы, типологиясы, құбылысы 16
3.Тәжірибелік бөлім 23
3.1 6 сыныпта «Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы» тақырыбын оқыту әдістемесі 23
Қортынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
- жалпы түр-пішін;
- нақты түр-пішін.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Зерттеудің мақсаты: Мектепте биологияны оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту әдістемесін түсіндіру.
1. С.Маусымбаева, Ж.Сыдықова. Оқыту үрдісін жетілдіру үшін. /Қазақстан мектебі. № 5-6. 2005.
2. З.Қуандыққызы. Оқытудағы топтық, блоктық және деңгейлік жүйелерді үйлестіру. /Ізденіс. № 11. 2002.
3. Ә.Әмірова. Ұжымдық іс-әрекеттің рөлі. /Қазақстан мектебі. № 10. 2006.
4. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова: Педагогика. Алматы. Дарын. 2004.
5. Педагогика. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Алматы. 2003.
6. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. 2000.
7. И.Ф.Харламов. Педагогика. Минск. 1998.
8. Г.М.Коджаспирова. Педагогика. Москва. Владос. 2003.
9. И.П.Подласый. Педагогика. Москва. Владос. 2003.
10. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992.
11. С.Ерматов. Нарық жағдайындағы ұжымдық оқыту (топтық және гуманистік). /Қазақстан мектебі. №5-6. 2000.
12. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. Москва. Просвещение. 1981.
13. Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіреті күшті. Алматы. Мектеп. 1979.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы
Мазмұны
Кіріспе. 3
1. Мектепте биологияны оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту технологиясы. 5
1.1 Ұжымдық оқыту технологиясы 5
1.2 Топты ұйымдастыру ережелері 10
2 Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы 14
2.1 Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру 14
2.2 Шағын топ: анықтамасы, типологиясы, құбылысы 16
3.Тәжірибелік бөлім 23
3.1 6 сыныпта Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы тақырыбын оқыту әдістемесі 23
Қортынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27

Кіріспе.
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
- жалпы түр-пішін;
- нақты түр-пішін.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы Осал жерлері жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Зерттеудің мақсаты: Мектепте биологияны оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту әдістемесін түсіндіру.
Зерттеудің міндеттері:
1) Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2) Оқушылардың ұжымдық, топтық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру.
Зерттеу болжамы - егер, оқушыларға сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы тақырыбын оқыту келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:
- білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
- сабақ өткізген кезде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
- білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1. Мектепте биологияны оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту технологиясы.

1.1 Ұжымдық оқыту технологиясы

Ұжымдық оқыту технолгиясы - шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше. Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.
Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен әдікер-мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған. А.Г.Ривин негізін салған ұжымдық оқытуды зерттей отырып, оны ары қарай жаңартушылар, ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко оны работа учащихся в парах сменного состава, - дейді. Сондай-ақ ғалым: "Коллективная форма учебных занятий имеет особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия- это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех", - деп анықтама береді.
Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде дәлелдеп келе жатқан ерекшеліктері төмендегідей:
- жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды;
- сөйлеу үрдісінде есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды;
- оқушының бұрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы дами түседі, үнемі жаңғырып отырады;
- жеке тұлғаны дербес жұмыс істеуге, өз бетімен қорытынды жасауға дағдыланады;
- тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;
- өзін-өзі бағалау, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;
- өзін-өзі оқыту, бір-бірін оқыту үрдісі жүреді;
- ауысып келіп отыратын қатары, жұбы арқылы бір мәселе айналасында бүкіл ұжыммен жұмыс істеуге және оны талқылауға мүмкіндігі туады.
- оқушылардың білім мен дағдысы беки түседі, тиянақты білім қамтамасыз етіледі.
Ұжымдық оқыту технологиясын ұлы педагог Я.А.Коменский: "Если нужно - откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учености" - деп маңыздылығын түсіндіреді.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізуде ұжымдық оқытудың төмендегідей жұптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді.

1- кесте - Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі

1. Тұрақты жұп

2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.

3. Вариациялық жұп (ерекше жұп)
1. Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жұпталады.
2. Бір тапсырманы 4 бала төрт бөлімге бөліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін.
3. Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.

Ұстаздың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әртүрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқытуды әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:
І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.
ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.
ІV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болады)
V кезең. Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін, ұғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі көп, тиімді дегенін мұғалім таңдап алады. Осы жұмыстардан соң мұғалім бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін жаңа мақсаттар белгілейді.
Топтың спикері болады, ол "координатор" деп те аталады. Мұғалім оны да дайындайды, координаторлар да ауысып отырады. Координаторлар ең алдымен мұғалімнің де, достарының да көмекшісі қызметін атқарады. Олардың өз қызметін толық түсінуі әрі ұжымды жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек-нұсқау берудің тиімділігі бар.

1. Көмек-нұсқау

* тапсырманың мақсатқа жету, жетпеуі, сәттілігі
өзіңнің де ұйымдастырушылық қабілетіңе байланысты.
* топтың әр мүшесімен достық қарым-қатынаста бол. Ескертулеріңді байыппен, орнықты етіп жаса.
* єділетті бол, іс-әрекетің қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын.
* uзімшіл болма. "Менікі" ғана дұрыс деген қорытынды жасама.
көмекші, ақылшы бола біл. Достарыңның жауабын көңіл қойып тыңда, керекті жерінде ғана пікір қос.

Жұп мүшелеріне де осындай нұсқау ұсынып, қалай жұмыс істеу керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі.
Ұжымдық оқытудың бір түрі - топтық жұмыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстар тұрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, мұғалім нұсқауымен де кіре алады. Мұғалім оқушылардың қабілеті, іскерлігі, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жұмыстың басты тиімділігі: берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді.
- пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға қатыса алады.
- зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.
Топтық жұмыста мұғалім тарапынан нақты нұсқау беріледі. Топ спикері белгіленеді. Топ жұмысы жемісті болу үшін мұғалім оқушылар арасындағы бірлікке ерекше көңіл бөледі. Сынып неше топқа бөлінсе де, олар бір ғана проблема шешу айналасында ізденеді. Мысалы, "Қараш-қараш оқиғасындағы етістіктердің орны" деген проблема - барлық топтың шешетін тапсырмасы. Әр топқа әңгімені тарау-тарауға бөліп беру- мақсатқа жетудің тиімді тәсілі. Әр топ өздеріне ұсынған оқиғалардан сын есімді іздейді, мақсатқа жету айналасында еңбектенеді. Топтық жұмыстан соң спикерлер өз тобымен микро-сабақтар (шағын сабақтар) өтеді. Оған барлық топ қатысып, мәселені талқылауға, сұрақ қоюға араласады. Бір-бірінің жұмысын талдау, бағалауда ауысып отыру топ арасында жүріп отырады. Ал топ ішіндегі оқушылар өз-өзіне, бір-біріне баға қоя алады, оған еркіндік беріледі. Олардың жұмысына, жауабына, тапсырманы орындауына спикер сараптама жүргізеді, талдау береді. Топ мүшелерін ауыстырып отыру, керегінде оны өзгертпеу тапсырмалар ауқымына, күрделілігі мен жеңіліне байланысты болады. Кейде тапсырма топтағы оқушылар санына қарай жеке-жеке бөлініп беріледі. Әрқайсысы өз жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға салады. Жұмысын аяқтаған бала қай топқа барып өз нәтижесін ортаға салады, оған еркіндік беріледі. Уақытты үнемдеу, қайталаулар арқылы еске ұстау, тыңғылықты білім алу үрдісі жүреді. Ең бастысы, оқушылар өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы ізденеді, оқу еңбегіне бірдей қатысады.
Жұптық жұмыстардың тағы бір түрі - еркін жұптар арасындағы, яғни өзгеріп, ауысып келіп отыратын жұптар жұмысы, оның технологиясы төмендегідей: тапсырма бәріне ортақ беріледі. Әрқайсысы оны жеке-жеке орындайды да, өзі қалаған баламен жұптасып, тапсырмасын ортаға салады. Ары қарай басқа баламен жұптасып, жұмысын жалғастырады. Жұптағы екінші бала да осы тәсілмен бірнеше баламен жұмыс істейді. Әр бала өз жұмыстарын ғана ортаға салмайды, екінші баланың да жұмысын тыңдайды, танысады.
Осы жұптасқан балалар енді басқа балалармен де жұптасып жұмыс істейді. Бұл жұмыстың ұтымдылығы: бір баланың жұмысына бірнеше бала пікір айтады, бағалайды, жетістігі, кемшілігі туралы талдау жасайды. Қайталап сөйлесу, пікірлесу, ойларын еркін жеткізуге, тілдерін жаттықтыруға, білімін жан-жақты толықтыруға ықпал етеді.
Ұжымдық оқытуға негізделген жұптық жұмыстың бір түрі - вариациялық (ерекше) жұптар жұмысы. Оның технологиясы - топтағы балалардың әрқайсысы берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, оқушылар жеке-жеке өз жұмыстарын кезектесе отырып ортаға салады. Біреуі айтып жатқанда, қалғандары тыңдайды, жазба жұмыс болса, жазғандарын оқиды. Бір-біріне сұрақ қояды, ол сұраққа жауап бере алмаса, топтағы басқа балалар жауап береді. Бұл жұмыс әсіресе оқушының ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін бірлікте қарастыра отырып тіл дамытуда тиімді болып келеді.
Вариациялық жұптар жұмысы көбінде оқушылардың өз сезімі, қабылдауы, әсерін тәжірибеде пайдалана білу мақсатына бағытталады. Балалардың жеке бас ерекшелігі, ынтасы, оқуға деген қарым-қатынасына байланысты ұжымдық оқыту технологиясын дамытып, өзгертіп жүргізуге болады. Ұжымдық оқыту технологиясы туралы ғалымдар зерттеулері баршылық. Бірақ бірде-бірі оны пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіне пайдалану жолдарын сөз етпейді, теориясын ғана ортаға салады. Оның теориясын меңгере отырып, тәжірибеге пайдаланудың өзіне шығармашылық іскерлік керек.
Жұптық жұмыстар - оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың өнімді жолы. Осы мақсаттағы жұптық жұмыстың бір моделі төмендегідей болып келеді:
Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау.
Жүру әдістемесі:
Мұғалім тапсырма, сұрақ береді, бала оның жауабын жанындағы балаға айтады. Жұп бір-бірімен сөйлеседі, талдайды, бір келісімге келеді, жұмыстарын қорытындылайды. Осы іс-әрекеттен кейін әр жұп өз жұмыстарын ортаға салып, бүкіл ұжым болып талқылайды. Тіл дамытудың бұл түріндегі сұрақ пен тапсырма іздендіру, зерттеу, проблеманы шешу дәрежесінде болады. Мұғалім оқушын білімін өз беттерімен анализ, синтез, баға деңгейіне көтеру іс-әрекетімен жұмыс істеуге жетелейді.
Сұрақ: Мұғалім сұрақ қояды.
Тыңдау. Оқушылар сұрақты тыңдайды, еске ұстайды, ойланады.
Сөйлеу: Ары қарай жауаптарын бір-біріне айтып сөйлеседі.
Талдау: Жауаптарын талдайды, пікірлеседі.
Келісу: Дау туғызатын мәселелер айналасында біріге отырып келіседі
Қорытынды: Барлығы бір пікірге жүгінеді.
Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамытуда осы модельдің маңызы зор.
Біріншіден, белгілі тәртіп, нақты мақсат, оқушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.
Екіншіден, әдебиет пен қазақ тілінде беріліп жатқан білімді бірлікте қарастыра отырып оқушылардың білімін тереңдетуде, тіл дамытуда өнімді тәсілі болады. Ұжымдық оқытудың, әсіресе оқушылардыңауызекі сөйлеу тілдерін дамытудағы орны ерекше.

1.2 Топты ұйымдастыру ережелері
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте).
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу
Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту.
Топта жұмыс істеу ережелері
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топты құру
::Топтың құрамына кім кіреді?
::Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?
::Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?
::Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?
Топтық жоспарлау
::Не істеу қажет?
::Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?
::Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?
::Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым- қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?
Қызметті жүзеге асыру
::Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?
::Жобаны орындау барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?
::Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?
::Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?
Жоспарды жүзеге асыру
::Топ мүшелері бір-біріне қалай көмектеседі?
::Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?
::Жұмыстың барысы қалай бақыланады?
Топ жұмысын бағалау
::Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?
::Сіздер бір-бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?
::Топта жұмыстың қандай негізгі аспектілері ұтымды орындалды?
::Не орындалмады?
::Одан қандай сабақ алуға болады
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.
Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет. Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Окушылардьщ ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамьпуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөніңде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмекгесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді.
Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіңдік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргзілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89 %-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оку іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздык танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Казіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың ингелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділікгерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы осал жерлер жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекгі дидакгикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдьгқ танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмекгеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті онды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтык мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты Қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекгі позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысыңда пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіңдік және біріккен іс-әркеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
-- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының коғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
-- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
-- іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
-- бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
-- бірыңғай кеңістіктің' болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
-- жалпы нәтижелердің болуы.
Алайда күңделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдык
жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасыңдағы қарым-қатынастың өзіңдік сипаты мен әр алуандығы байқалады.

2 Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы

2.1 Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және де екіншісі - ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?". Бұл еңбек ету процесімнің мәніне айналатын мәселе екенін түсіндім.
Қазіргі оқыту үрдісінде бұрын дайын дүниені беретін мұғалімнің рөлі өзгереді, ол тек өздігінен ізденіп, шешімді де өздері қабылдайтын оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болады.
Топтық жұмыста оқушылардың алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуі дамытатын зерттеушілік және ізденушілік тәсілдер пайдаланылады. Топтық жұмыс барысында тартымды психологиялық ахуал қалыптасады: оқушылардың өз күштеріне деген сенімділіктері артады, танымдық қызығушылық үдейді. Сондықтан да, оқушылардың табысты ұйымдастырылған топтық іс-әрекеті сабақтарда тек тиімді түрде танымдық әрекетті дамытып қана қоймай, ол оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оқушылар ұжымының бірігуіне және дамуына әсері мол.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстың мұғалімдер үшін маңыздылығына тоқталсам, ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінетіні туралы айтылған.
Ж.Пиаженің айтуынша "Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қарым-қатынаста ғана болады". Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым - қатынаста ғана дамиды, тек қарым - қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Биологияны оқытудағы жаңа технологиясының әдістері
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Биологияны оқытуда педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Пәндер