Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі Мазмұны

Кіріспе3

1 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану5

1. 1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану5

1. 2 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы. 6

2 Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі11

2. 1 Биология сабағында тірек-сызба пайдалану11

2. 2 Жаңа ақпараттық технологияларды өткізу әдісі17

3 Тәжірибелік бөлім21

1. 1 8. сынып биология курсында «Қан құрамы, қан жасушалары» тақырыбында тірек - сызба технологиясын қолданып сабақ өткізу әдістері21

Қорытынды25

Пайдаланған әдебиеттер26

Кіріспе

Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі - оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1] .

Жаңа XXI ғасырда алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алу қажеттігіне баса назар аударылған.

Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет[1] .

Қарқынды экономикалық интеграция жағдайында іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.

Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңызды да күрделі.
Таным үрдісі - өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным белсенділігін арттыруда химия пәнінің қосар үлесі ерекше[2] . Ал, оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты- проблемалық оқыту.

Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру[4] .
Бұл бітіру жұмысының мақсаты мұғалімдер алдында тұрған жоғарыда аталып өткен міндеттерді химия пәнінің “Атом құрылысы ” тақырыбын тірек-сызба нұсқаларын пайдалану арқылы оқыту барысында 8-ші сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын және білімін арттыру.

Зерттеу нысаны 8-ші сыныпта химия сабағындағы оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.

Зерттеу пәні 8-ші сыныпта тірек-сызба қолдану оқушылардың танымдық, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу орыны Ұржар ауданы Таскескен ауылы Ақамберді атындағы орта мектеп.

Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 46 беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты. Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды одан әрі жетілдіру және биология сабақтарында тірек сызба әдісін пайдалана отырып, білімдерін қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру;

- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері;

-биология пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану;

-жаңа технологияларды өткізу әдісін өткізу;

Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде тірек- сызба әдісімен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады.

Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану 1. 1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану

Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырып, олармен бірлесе индивидульді жұмыстарды ұйымдастыру үшін мұғалім әр бір оқушының білімділігін, қабілетін білуі қажет және де оның (педагогтың) барлық оқушылары өзінің берген тапсырмаларын орындай алатына көз жеткізуі керек. Оқушының қаншалықты өзінің мүмкіндіктерін, фантазиясын жүзеге асыра алатыны оның тек көңіл-күйіне ғана елес, мектепке деген, оқу процесіне, сондай-ақ оның жалпы дамуына байланысты.

Дәстүрлік сабақтар орта дәрежедегі оқушыларға арналған, сондықтан да әлсіз оқушылар үшін берілген материалды ұғыну уақыт жеткіліксіз, ол ең бастысы олардың мүмкіндіктеріне жауап беретін шығармашылығы, жетіспейді.

Сондықтан да сабақтарда, әсіресе биология сабағында жаңа информациялық технологиялар құралдарын қолданған жөн.

Өйткені олар:

  1. Оқушылардың жеке қасиеттерін пайдалануға (диагностика)
  2. Оқылып жатқан дәреже бойынша диференциясын
  3. Қорытынды нәтиже (бақылау, талдау, тексеру) береді.

Ең қарапайым биологияның түсінігі - ол тірі организімдердің тіршілігі мен дамуы туралы ғылым. Мектептерлдегі «биология» пәнінің вербольді дәрежеде (ауызша) оқытылуы зерттелетін объектілер мен құрылыстар туралы дұрыс елестетулерді болдырмайды. Сондықтан да биология пәні мұғалімдерінің тапсырмасы - оқу процесінде көрнекілік құралдарды дұрыс пайдалана білу.

Биологияны оқытқанда көрнекіліктің рөлі зор, оқытудың көрнекілігі- дидактиканың принциптерінің ең маңыздыларының бірі. Нақты - зезімдік тіректің қажеттігін Я. А. Коменский негіздеп, оны К. Д. Ушинский дамытты. Оқушылардың байқағыштығында, назарында, сөйлеуі мен бойлауының дамуында көрнекіліктің орны ерекше.

Қазіргі таңда қоғам ақпараттандырылу барысында. Аппараттандыру адамзат қызметінің барлық сапаларын жаулап алғанын, мұны мен қоса білім беру жүйесінде сенімді түрде айтуға болады.

Биологияны оқыту курсының ақпараттандырылуы жаңа инфиормациялық технологиялардың құралдарының (Ж. И. Т. Қ) енгізідуі, соның ішінде мультимедиялық құралдар қолданылумен жүзеге асырылуда.

А. В Осиннин айтушы бойынша, жаңа технологиялық құралдардың пайда болуы оқыту процесінің формасы мен әдіс-тәсілдерін өзгертуі қажет. Олар оқушыға материалдың мазмұнынан «дискуссияға» (пікір-сайыс) өтуіне, кең мағынада, түсіндірме-иллюстративті оқыту (бейнелеуіш) әдісінен интерактивтіге өтеді[7; 59] .

Компьютерлік мультимедиялық құралдар, әсіресе биология пәнінде оқулықтар мен қағаз тасмалдарынан ерекшеленетін көрнекілікті, интерактивті және т. б. сапарларды қамтамасыз етеді.

1. 2 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы.

Жаңа технологияларды биология сабатарында қолдану оқушы мен оқушы қызметінің қарқындауына мүмкіндік береді; пәнді оқыту саласын арттырады; билогиялық объектілердің өмірлік сиклн бинелеуді, зерттелетін объектілер мен табиғи құбылыстардың ең маңызы сипаттамаларын береді.

Биология сабақтарында мультимедияны пайдаланудың әдістемелік тәсілдері.

Мультимедиялық технолгогиялардың дәстүрлі құралдардан артықшылығы басым: материалды көрнекі түрде бейнелеу, білімді эффект (әсерлі) тексерудің мүмкіндігі, оқушылардың жұмысындағы ұйымдастырылған формаларының көп түрлілігі мен оқытушының әдістемелік тәсілдерді пайдалануы. Көптеген билогиялық процестер күрделілігі мен еркешеленеді. Балалар бейнелік ойлау арқылы обстрактілі қорытынды жасайды, суретсіз өтіп жатқан процесті түсінбейді, құбылысты зерттей алмайды.

Мультимедиялық анимациялық модельдер оқушыға билогиялық процестің өтілу барысын зерделеуге мүмкіндік береді. Интерактивті модульдер өз бетінше процесті құрастыруын, өзінің қатерін өзі жөндеуіне өз бетінше оқуына жол ашады.

Қазіргі таңда қоғам оқушыға оқушылардың жеке маңызды сапасын орттырып, білім жете меңгеруіне таспсырма береді. Білімнің гуманизациялану оқушының әр түрлі жеке қасиеттеріне бағаны қарым-қатынасты көздейді. Білім мақсат ретінде емес, тұлғаны дамудың құралы болып табылады. Бұған жол ашатын ең басты информациялық компьютерлік (ИКТ) технологиялары болып табылады.

Білім жүйесінің ақпараттандырулуы - Қазақстандық білімді модернизациялауға бағытталған приоритетті бағыттардың бірі. Білімді ақпараттандыруды процестер мен бағдарламалық - техникалық құралдардың, информациялардың оқыту процесінде қолданылуы мен өңдеу, тарату, сақтау, жинақтау әдістерінің жүйесі ретінде қарастырылады.

Ақпараттандыру мына төмендегілерді қамтиды:

  • компьютерлендіру-информацияларды іздеу және өңдеу әдістерінің жүзеге асырулу процесі, дамуы.
  • Интелектуалдау-білім мен адамдардың информацияларды қабылдауы мен жасауының даму процесі.
  • Медиатизациялау-информацияларды жинау, сақтау, тарату әдістерін жүзеге асыру процесі.

2. Биология сабағында мультимедияны қолдану әдістемелік нұсқаулары.

Келесі методикалық нұсқауларды қолдануға болад:

  1. Мұғалімнің мультимедияны қолдануы; дауысын өндіріп, оқушыдан процесті түсіндіруін сұрау, кадрды тоқтатып, процестің ары қарай жүруін жалғастыруды сұрау, процесті түсіндіруін сұрау.
  2. Компьютерді оқушының пайдалануы: текстік материалды зерттеген кезінде: таблицаны толтыруға, қысқа конспект жасауына, сұраққа жауап табуға болады.
  3. Білімді тексеру: өзін-өзі тест арқылы тексеру.
  4. Оқушылардың мультимедиялық презинтациямен сөйлеуі сөздік қорын, ойлауын жадын, даматып, ең басты нәрсені бөліп алып нақтылауға үйретіп, логикалық байланыс орнатады.

Пәнді оқытудағы ақпараттандырудың кезеңдері.

  1. Компьютерді жазатын машина ретінде қолдану, оның көмегімен қарапайым дидактикалық материалдар мен сабақ жоспарларын жасау. т. б.
  2. Электронда оқулықтар мен білім беру ресурстарын электронды тасымалдағыштарда олардың иллюстрациялық мүмкіндіктерімен көрнекілік құралдар ретінде пайдалану.
  3. Бағдарламалық ресурстарды Microsoft power Point, Microsofr Publisher, Adobe Phofa shop бағдарламаларының көмегімен өзіндік оқу құралдарын жасау үшін пайдалану
  4. Оқу жобаларын жасау, оқушылардың сабақтан тыс іскерлігін, оқу зерттеу, жұмыстары басшылыққа алу, дистанциялық (қашықтық) олимпиядалар мен конферецияларға қатысу.
  5. Жүйесін іздеу өткен барлық кезеңдерді қамтитын бағалы, толық летодикалық жүйені жасау.

Қазіргі таңда арнайы сақтары бар дайын дискілерді қолдауда, сабақтарды түсінікті және көрнекті ететін өзіндік презентациялар жасвауды үйрендік. Енді, мектептерге жаңа техникалық құралдар келді. Олардың ішінде интерактивті тақта, планшет және тағы да басқалар.

Біздің міндетіміз- бұл техникалық құралдарға сабақ жүйесінде орын табу[9; 79] .

Интерактивті тақтаның көмегімен презентацияларды жариялауға, модельдер жасауға, оқушыларды материалды меңгеру процесінде белсенді түрде қызықтыруға, сабақ барысының өтілуі мен қорнының жақсартуға болады. Интерактивті тақта ресурстардың кең спектілерін қолдануға жол ашады: текстік редакторлар, СД және ДVД, интернет бейнелер, видио-файлдар, дыбыстық файылдар.

Компьютерде бар нәрсенің барлығы интерактивті тақтада көрсетіледі. Тақтада объектілер мен жазулардың орнын ауыстырруға, текстерге түсініктемелер қосуға, суреттер мен диограммаларға өзгерістер енгізуге, негізгі аумақтарын бөліп алып, яғни керекті жерлерді кесіп алып, түстер қосуға болады.

Текстер суреттер немесе графиктерді жасырып, лекцияның түсінндірме сәттерінде көрсетуге болады. .

Интерактивті тақтамен жұмыс оқытушыларға оқушылардың білімін тексеруге, оқушыларды. Пікірталасқа қызықтыруға, жұмыс топпен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтамен жұмыс материалдардың шығармашылық пайдалануын қамтиды. Қажетті файлдар немесе беттерді алдын-ала даярлап, оларды оқу барысында жеткілікті болатынбасқа ресурстарға қосып қою қажет.

Дайындалған текстер, таблицалар, диограммалар, суреттер, музыкалар, карталар, тақырыптық СД-ROM-дар, сондай-ақ гиперсілтемелерді мультимедиялық файылдармен интернет-ресурстарға қосу әдеттегі тақтаға тексті жазу уақытын үнемдейді немесе экраннан, клавиатураға өту уақытын үнемдейді. брлық ресурстарды экранның өзінде тікелей көрсетіп, запистерді келесі сабақтарға сақтап қоюға болады. Алдыңғы сабақтардың файфылдарын ашып, өткен материалдарды қайталауға болады. Беттер экранның бүйірінен эскиздер сияқты орналастырылады, оқушы сабақтың алдыңғы кезеңіне оралып, сабақтың керекті сәттерін қайталай алады. Мұның барлығы сабақты жоспарлауға көмектесіп, сабақтың өтілу барысына ыңғай жасайды.

Жазулар ( запись) жасау мүмкіндігі мәліметтер қосуға, текске сұрақтар жасауға, экранда суреттер енгізуге мүмкіндік береді. Барлық сілтемелерді, ескертпелерді сақтауға, қорғауға басуға болады.

Интерактивті тақтада табиғи объектілер болмаған жағдайда лабороториялық жұмыстарды ұйымдастыруға болады. («Вариациялық қатар мен қисық жасау») тесті, сызбаны немесе суреті интерактивті тақтада ерекшелеп алуға болады. Экран бөлігін қажет жағдайда жасырып, көрсетуге болады «прожектор» құралы экранның белгілі бір аумағын назар аударуға жағдай жасайды.

Объектілерді қырқып алуға, өшіруге, көшіруге, қоюға, өзгертуге немесе қайта қалпына келтіруге болады.

Беттерді кез-келген реттілікпен қарауға болады, яғни сабақ тақырыптарын көрсетіп, суреттер мен тексерді бір беттен екінші бетке алмастыруға болады.

Мұғалімдер үшін интерактивті тақта мен жұмыстың артықшылығы:

  • Мұғалімдерге жаңа материаллды сыныптың ортасында тұрып түсіндіруіне, үлкен аудиторияда жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
  • Сурет салуға кез келген қосымшаның төбесіне жазулар жасауға мүмкіндік береді.
  • Сабақ барысында жасалған жазбаларды, бейнелерді көп уақыт пен күш жұмсамастан сақтауға, жазулар жазуға болады.
  • Оқытушыларға өзара материалдармен алмасуына, қайта пайдалануына болады.
  • Оқытушыларды жаңа оқыту әдістеріне тетелеп, маманы боуына өз жұмысының жол ашады.

Оқушылар үшін артықшылығы

  • сабақты қызықтыра түсіп, мотивацияны дамытады;
  • Ұжымдық жұмысқа қатысуына, жеке қоғамдық дағдылардың ары қарай дамуына мүмкіндік туғызады;
  • Оқушылар материалдың анық, әсерлі динамикалық берілуінің нәтижесінде күрделі сұрақтарды жеңіл қабылдап, өзіне оңай сіңіреді.
  • Оқытудың әр түрлі ситльдерін пайдалануына мүмкіндік туғызады. Оқытушылар нақтылы қажеттіліктеріне қоса отырып, барлық ресурстарды пайдалана алады:
  • Оқушылар әлде қайда шығармашылық жұмыс жасап, өздеріне деген сенімділігі арта бастайды.

Эелкетронды оқулық жас буынның жаңа әдебиеті болып есептелетіні даусыз. Сондай-ақ ал компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және деңгейін бақылау сонымен қатар. Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Осы уақытқа дейін білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабы қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжыту мүмкін емес.

Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы бір тұтас ой-жоқ. Дегенмен біздіңше, электрондық оқулық дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.

Эелектрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай өтілген және оқушының ұмытып қалған материаллдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементтің жанында жазуы болады.

Электрондық оқулық таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіншілік береді. Оқулық көлемінен шығармаай, керек материалды жинатуға болады.

Электрондық оқулықтың ең қажет элементі аудиохабарлар. Мысалы, құсьтардың дауыстарынақарай қандай құс екенін білу, жүрек қағысын байқау.

Бір жағынан, электрондық ақулықты келеңсіз жақтары бар. Бұл психологирялық - педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты[10; 98] .

Электорндық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығуының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беру электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Электрондық оқулық жай оқулыққа қарағанды тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

  • кері байланыста іс - жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
  • жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері бірақ уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты тез табуға мүмикіндік береді;
  • гипер мәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастасы, электондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы тиіс. Осыған байланысты мына дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • электондық оқулықтар курста оқылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауға пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Сонымен, электондық оқулықтың құрамында титул беті, мазмұны, аннатация, оқу материалының толық мазмұны (сызбалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер), тапсырмалар жүйесі, мәтін бөлігін іздеу жүйесі, авторлар жөніндегі мәлімет жжәне бағдарламалармен жұмыс істеу тәсілдері жөненде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.

Биология сабағында электондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыпьтастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады[11; 196] .

2 Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
2. 1 Биология сабағында тірек-сызба пайдалану

Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты - оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша - тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы - тірек-сызбаларды пайдалану қажет.

Оқушының жан-жақты білімді болуы - мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.

Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .

Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :

  1. Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;
  2. Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;
  3. Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;
  4. Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;
  5. Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;
  6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;
  7. Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;
  8. Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.

Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау;
  • міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;
  • жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;
  • берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;
  • дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;
  • оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Адамгершілік мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz