Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, қолданылуының тағайындалуы мен реті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі
СӨЖ
Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, қолданылуының тағайындалуы мен реті
Курс:
Топ:
Орындаған:
Қабылдаған:
Көкшетау 2016
Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, қолданылуының тағайындалуы мен реті
13. 06. 2000 жылдан Қазақстан Республикасы Азаматтық Қорғанысты енгізу және ұйымдастыру бойынша нұсқаулығында және 25. 04. 2000 жылдан Азаматтық Қорғанысты құру нұсқаулығында, 7. 05. 1997 жылғы «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.
АҚ күштері мыналардан тұрады:
- ҚР АҚ әскери бөлімдерінен
- АҚ аумақтық құрылымдарынан
- АҚ объектілер құрылымынан
- ТЖ және АҚ қызметтерініңм құрылуынан
- оперативті-құтқару отрядтарынан (РОСО, ОСО)
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) - мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т. б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау, т. б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т. б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады
Үкіметтің шешімі бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде ҚР білім министрлігі, РҚ ІІМ әскери бөлімдері жұмылдырылуы мүмкін.
АҚ құрылуы облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік формасына тәуелсіз ұйымдарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады.
Аумақтық құрылымдар әкімдердің шешімімен құрылады.
Объектілі құрылымдар АҚ ұйымдарының бастықтарының бұйрығымен құрылады.
Барлық АҚ құрастырудың базасы объектілер болып саналады.
АҚ жалпы саны, құрылымы және құрылыс саны тұрғындарға сенімді қорғанысты қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттіліктен және орындалған тапсырманың көлемі мен сипаттамасын қарастыру арқылы, адам ресурстарының, қажетті мамандар, техникалар және жергілікті жағдайлардың болуынан туындайды.
Жер сілкінісіне зардап шеккен аймақтар үшін АҚ құрылымы бір құтқарушы 10 жергілікті адам санына сәйкес есептеледі; су тасқынымен, өртпен зардап шеккен өндірістік аймақтарда - бір құтқарушы 15-20 жергілікті адам санына есептеледі.
АҚ құрылымы тағайындалуы бойынша мыналарға бөлінеді:
Негізгі құрылымдар:
- барлау
- құтқару
- медициналық
- инженерлік
- инженерліккеқарама-қарсы
- өртке қарсы
- апаттық-техникалық
- РХҚ (радиациялық-химиялық қорғау)
Қамтамасыз ететін құрылым:
- байланыс
- материалды-техникалық қамту
- транспорттық
- қоғамдық тәртіп қорғанысы
- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау
- басқалары
Бейбітшілік уақыттағы ТЖ әсерлерін жою үшін АҚ құрылымдарының санынан және штаттық мамандандырылған құрыламдардан үнемі дайындықтағы шұғыл әрекет жасау отряды құрылады.
Бір шұғыл әрекет жасау отрядының саны:
- облыс - 150 адамнан аса
- қала - 100 адамнан аса
- аудан - 50 адамнан аса
АҚ құрылымының дайындығының максимальді мүмкін уақыты ұсынылады:
- 2 сағаттан аз - шұғыл әрекет жасау отряды үшін
- 4 сағаттан аз - негізгі құтқару құрылымдары үшін
- 6 сағаттан аз - басқа да құрылымдар үшін
АҚ құрылымы еңбекке жарамды еркектер және әйелдермен жасақталады, мыналардан басқасы:
- 1, 2, 3 топ мүгедектері
- Жүкті әйелдер
- 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер
- Соғыс уақытысында - мобильдік хаттамасы бар әскери міндеттілер
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
• әр қоғамдағы ең басты және бағалысы - адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту - негізгі мақсат. Адамды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
• халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
• халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
• төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
• зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
• апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
• зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
• төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
• өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
• адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz