Дидактика. Дәріс курсы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Дидактика пәні және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Педагогикалық технологиялар және педагогикалық жобалау ... ... ...11
Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі
білім мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Оқыту процесінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Оқу мотивтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Оқыту заңдылықтары және принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Мектептегі оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
Оқыту құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке
алу және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс.әрекетінің
ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
ҚЫСҚАША СӨЗДІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..97
ТЕСТІЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті мамандар қажет.
Дидактика болашақ мамандарды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен қаруландырады, педагогикалық ойлауды қалыптастырады, шығармашылық қабілетін, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік пен дағдыны дамытады.
Дидактиканы оқытудың мақсаты: «Педагогика және психология» мамандығы бойынша болашақ мамандарға оқытудың теориялық негіздерін ашып көрсету.
Дидактиканы оқытудың міндеттері:
жоғарыда аталған мамандық бойынша болашақ мамандарды оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтары және қағидаларымен, білім беру мазмұнымен таныстыру, оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары мен құралдары, білім алушылардың ойлау әрекетін белсенділендіретін тәсілдерімен таныстыру.
Дидактиканы оқу барысында студент келесі білімдерді меңгеруі
керек:
- оқыту процесінің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары мен заңдылықтарын:
а) оқытудың әдіснамалық негіздерін білуі;
ә) жетекші педагогикалық теорияларды, дидактиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын білуі;
б) педагогикалық теория мен мектеп практикасының өзара диалектикалық байланысын білуі;
в) таным теориясын білуі;
г) оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұны, формасы және әдістерін; оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын бақылау және бағалауды білуі;
д) жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін білуі.

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мұханбетжанова Ә.
Молдағалиев Б.
Ерниязов О.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мұханбетжанова Ә.
Молдағалиев Б.
Ерниязов О.

ДИДАКТИКА

Дәріс курсы

Орал-2005

ББК 88.8я73
ISBN 9965-748-03-9
М

Мұханбетжанова Ә., Молдағалиев Б., Ерниязов О.

Дидактика. Дәріс курсы. Орал, 2005. – 104 бет.

Дидактика болашақ мамандарды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен
қаруландырады, оларда педагогикалық ойлауды қалыптастырады, шығармашылық
қабілетін педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік
пен дағдыны дамытады.
Дидактиканы оқытудың мақсаты: Педагогика және психология мамандығы
бойынша болашақ мамандарға оқытудың теориялық негіздерін ашып көрсету.
Дәріс курсы Педагогика және психология мамандығының типтик оқу
бағдарламасына сәйкес жазылған.
Дәріс курсы оқытушылар, аспиранттар, магистранттар мен студенттерге
арналған.

ББК 88.8я73
ISBN 9965-748-03-9
М

© М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің
баспа бөлімі, 2005ж.
К І Р І С П Е

Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер
енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер
Педагогика және психология мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын
қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік
технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың
деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері
айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты
жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. Қазіргі кезеңде білім
беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және
практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің
өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің
қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен
алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті
мамандар қажет.
Дидактика болашақ мамандарды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен
қаруландырады, педагогикалық ойлауды қалыптастырады, шығармашылық
қабілетін, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік
пен дағдыны дамытады.
Дидактиканы оқытудың мақсаты: Педагогика және психология мамандығы
бойынша болашақ мамандарға оқытудың теориялық негіздерін ашып көрсету.
Дидактиканы оқытудың міндеттері:
жоғарыда аталған мамандық бойынша болашақ мамандарды оқыту процесінің
әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтары және қағидаларымен,
білім беру мазмұнымен таныстыру, оқытудың жоспарланған мақсаты мен
міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары
мен құралдары, білім алушылардың ойлау әрекетін белсенділендіретін
тәсілдерімен таныстыру.
Дидактиканы оқу барысында студент келесі білімдерді меңгеруі
керек:
- оқыту процесінің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары мен
заңдылықтарын:
а) оқытудың әдіснамалық негіздерін білуі;
ә) жетекші педагогикалық теорияларды, дидактиканың негізгі категориялары
мен ұғымдарын білуі;
б) педагогикалық теория мен мектеп практикасының өзара диалектикалық
байланысын білуі;
в) таным теориясын білуі;
г) оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұны, формасы және
әдістерін; оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын бақылау және
бағалауды білуі;
д) жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін білуі.

Бірінші тақырып

Дидактика пәні және міндеттері

Жоспары:
1. Дидактика туралы түсінік.
2. Дидактиканың негізгі категориялары немесе ұғымдары.
3. Дидактикалық заңдылықтар.
4. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы.

1. Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім
берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім
берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың
білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ
берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика – теориялық және сонымен қатар нормативті – қолданбалы
ғылым. Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы
процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен
заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының
үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер
оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім
мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту
әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-
қолданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл
функциялардың бірлігінде дидактика – бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі,
оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
2. Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру
(преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың
мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсатын жүзеге асырудағы
ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды
қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие
болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен
оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-
әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру – оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің,
іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
3. Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика
ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген
факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын
шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің
қандайда бір болымын болжайды.
Дидактиканың заңдарының бір бөлігі динамикалыққа жатады. Онда
объектінің бастапқы жағдайы оның әрі қарай өзгеруін бірмәнді анықтайды.
Дидактикалық заңдылықтардың ерекшелігін сабақ беру, оқу және білім беру
мазмұнының арасындағы тәуелділік сипаттайды. Дидактикалық заңдылықтар
жекелеген оқу пәндерінің мазмұнына тәуелсіз. Негізгі дидактикалық
заңдылықтар: оқытудың әлеуметтік сұранысқа және қоғамдық жағдайға
тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-қалыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты,
оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген
мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі
т.б.
Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әр
түрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі), жүйелілік
(сабақ берудің, оқудың және білім мазмұнының бірлігі), эволюциялық
(оқушылардың жасына және даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің
құрымының өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені
сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.
4. Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми
айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын дидактика немесе сабақ
беру өнері деп атаған еді.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде
жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды.
Ол Ұлы дидактика (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын
қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным,
бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және
т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік
принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген
оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу
жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік
бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын,
қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци
біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін
және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды.
ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім
берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы
(Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті –
оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы
(оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен
қаруландыру).
ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамытып оқытудың дидактикалық негізін
салып, дәлірек айтқанда жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге және
т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді.
Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын
алған.
ХІХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені
К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және
физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің
біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және
айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және
бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін
қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының
сұрақтарына жауап берді.
Оқыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлес қосты. Оның оқытудың
мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық
зерттеулерге жаңа бағыт берді.
А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды
тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды.
Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық
және тәрбиелеушілік функиясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді –
шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие
эмоционалдық-құндылықтық қатынас. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды
зерттеулер жүргізілді.
Өткеннің дидактиктерінің оқушылардың білімді белсенді меңгеру керек
деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде
олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу арқылы өз жалғасын
тапты.
Осы бағытта дидактиктер және психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер,
А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық оқыту концепциясын жасады.
Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың
мәселелері зерттелінді.
Дидактика үшін оқыту психологиясы (Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім
мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі.
Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың
(Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде.

Бақылау сұрақтары
1. Дидактика дегеніміз не?
2. Дидактиканың мәні.
3. Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.
4. Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама
беріңіз.
5. Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде?
6. Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.
7. Дидактиканың дамуына үлес қосқан қандай көрнекті педагогтарды, олардың
қандай еңбектерін білесіз?
8. Дидактиканың даму тарихы.
9. Сыныптық-сабақтық жүйенің негізін салған кім?

Әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003. -368 бет.
2. Афонина Г.М. Педагогика. Ростов-на-дону. 2002.
3. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
4. Қоянбаев Р:М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1991.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
6. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.
7. Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
8. ОконьВ. Введение в общую дидактику. М., 1990.
9. Подласый И.П. Педагогика .М., 1996.
10. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.
11. Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
1) Дидактиканың негізгі категорияларының өзара байланысынын кесте түрінде
көрсет.
2) Дидактиканың даму тарихы бойынша кесте құрастыр (уақыты, педагогтардың
ат-жөні, еңбектері, негізгі идеялары т.б.).
3) Педагогика ғылымындағы дидактиканың орны мен функцияларын анықта.
4) Мұғалімге дидактика не үшін қажет? Өз жауаптарыңызды аргументтеңіз.
5) Қазіргі кезеңдегі дидактиканың дамуы.

Реферат тақырыптары
1. Ғылымның қазіргі даму кезеңіндегі дидактика пәні және оның мақсаттары.
2. Қазіргі дидактикадағы оқыту және даму мәселелері.
3. Дидактикалық немесе оқыту жүйелері.
4. Көрнекті педагогтардың дидактиканың дамуына қосқан үлесі.
5. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы.
6. Қазақстанда дидактиканың дамуы. Репрессияға ұшыраған педагогтар.
7. Р.Г.Лемберг, А.И.Сембаевтың дидактикалық көзқарастары.
8. Я.А.Коменскийдің дидактиканың дамуына қосқан үлес.

Екінші тақырып

Педагогикалық технологиялар және педагогикалық жобалау

Жоспары:
1. Педагогикалық технология туралы түсінік.
2. Педагогикалық технологияның мақсаты және оларды жүйелеу.
3. Дамыта оқыту технологиясы.

1. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу
әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-
түнкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Мектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек
инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді
емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа
идеяларды, технологияларды қолдану.
Осыған орай, технология, білім беру технологиясы ұғымдарын
қарастыру қажет.
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек
тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің
жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте
қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.
Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға
комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім
беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және
корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің
процестік жүйесі.
Білім беру технологиясына кіретіндер:
• Мақсаттық бағытталғандық;
• Сүйенетін ғылыми идеялары;
• Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;
• Нәтижені бағалаудың өлшемдері;
• Нәтижесі;
• Қолданудағы шектеуліктер.
Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай
деген сұраққа Г.К.Селевко технологияда процессуалдық, сандық және
есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және
вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді.
Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген егер (егер
талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т.б.) дегендердің болмауымен
айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология
құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына
кіреді.
Технология – бұл белгілі бір шығармашылықта қолданылатын тәсілдер
жиынтығы. Педагогикалық технология оқытудағы құру, қолдану, анықтау сияқты
процестердің жүйелі моделі. Педагогикалық технология түсінігі 3 аспектімен
белгіленеді:
1. Ғылыми педагогикалық технология – педагогика ғылымдарының бір бөлігі.
Көзделген мақсатқа жету жолындағы мазмұны оқыту әдәсі мен проекторлық
педагогикалық процесі.
2. Бейнелеу процесі – мазмұны мен көзделген мақсатқа жету және оның
нәтижесін оқыту.
3. Әрекет процесі – технологиялық процестердің әрекеті инструментальдық
және метадологиялық педагогикалық орта әрекеті.
Педагогикалық технологияның ғылыми сатылық 3 деңгейі бар:
1. Бүкіл педагогикалық деңгей. Бұған ортақ педагогикалық технология
жатады. Педагогикалық технология бір мағыналық педагогикалық жүйеде
оған мақсат жиынтығы, амал мен тәсілді оқыту, объект және субъект
процестері жатады.
2. Модульдық деңгей. Оқу тәрбие процесі дидактикалық және тәрбиелік
тапсырманың жеке шешімі.ол функциональдық элементпен олардың
арсындағы логикалық қарым-қатынасты зерттейді.
3. Жүйелік педагогикалық технология – барлық жағынан төмендегі
системаларды игеру керек. Басқармалық, диаграмалық жоспарлау, оқу
процесін жасау, коррекциялық жұмыстар

2. Г.Селевконың, Т.Шамованың т.б. еңбектеріне сүйене отырып негізгі
оқыту технологияларын көрсетуге болады:
• дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы П.М.Эрдниев;
• тиімді сабақтар жүйесі негізіндегі технология А.Окунев, Н.Палтышев;
• дамыта оқыту технологиясы Л.С.Выготский, В.Занков, В.Давыдов;
• оқытудың модульдік технологиясы В.Монахов;
• проблемалық оқыту технологиясы М.Махмутов;
• тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы В.Шаталов;
• түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы С.Лысенкова;
• деңгейлік саралап оқыту технологиясы Н.Гузик;
• ойындық оқыту технологиясы;
• жекелеп оқытудың технологиялары И.Унт, В.Шадриков;
• түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту технологиясы;
• дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы;
• М.Монтессори технологиясы;
• еркін еңбек технологиясы С.Френе;
• Вальдорф педагогикасы;
• оқытудың компьютерлік технологиясы.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-
әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы
заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам
білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.
Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технология жасалып, мектеп
практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, профессор Ж.А. Қараевтің жұмыстарын
еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген оқытуды дербестендіру
мен деңгейлік диференциялдау, білім беруді демократияландыру мен
ізгілендіру.
3. ХVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесiнiң негiзгi
қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн, қабiлеттерiн дамыту олардың
бiлiмге деген құштарлығын оятып, лаулата түседi делiнген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту
идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жасауға әрекет етедi.
Дамыта оқыту ұлы немiс педагогы А. Дистервегтің әйгiлi “Немiс
мұғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылылық” (Руководство к образованию
немецких учителей) атты еңбегiнің де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту
деп ол баланың бiлiм алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.
“Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн
iзденуге жетелейдi” - деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерiнде
бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мєселелерiне ерекше
тоқталып, арнайы әдiстеме жасаған.
“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлi деңгейiн, типтерiн
(Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да
психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А.
Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., iс-әрекет теориясының
психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерiнде жан-
жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екi iлгерi
эксперимент жасалып, оның бiрiн Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екiншiсiн
Л. В. Занков басқарады.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және
Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін
оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол
оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).
Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік
жолмен емес, арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты теориялық іс-
әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар.
Олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте
қолданылады.
Жақын даму аймағы. Көрнекті психолог Л.С.Выготский (1896-1934)
оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың актуалдық
аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Актуалды даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал
ересектермен ынтымақта істей алатыны – жақын даму аймағы. Мысалы, баланың
сөйлей алуы актуалды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала
мектепке келген күннен бастап жақын даму аймағында, дәлірек айтқанда
баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл
тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.А.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер
мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады.
Тақтаға сөйлем, оның астына шартты белгісі жазылады.
Жақын даму зонасында жұмыс жасаған В.Ф.Шаталов әлі өтпеген
ережемен есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап
бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталайын деп
тұрған жер. Мұғалім осы жерде жұмыс істеп оқушыға тапсырма, әдістемелік
нұсқау береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің
көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі
мақсат – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсаттың оқыту мазмұнын
іріктеуге, педагогикалық процессті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп Мақсатқа
жеттік пе? - деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада
диагностика арқылы анықталған мақсат дейді. Диагностика арқылы
оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады,
нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі
жоспарланады.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму зонасында жұмыс істеуі керек. Ол
оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, образдар туғызушы, баланың
кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің жақын
даму аймағы бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу.
• Теориялық білімнің жетекші ролі. Теорияны құрғақ жаттамай ондағы мәнді
байланыстарды, заңдылықтарды ашу.
• Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы.
• Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің
субьектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа
не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен қалай
өзгердім деген сұрақтарға өзіжауап береді.
• Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай
бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай, ғылым, әдебиет,
өнер туындыларынан білім беріледі. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға
дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен
жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын
білімнің салмағы көп.

Бақылау сұрақтары
1. Технология және білім беру технологиясы ұғымдарына түсінік бер.
2. Білім беру технологиясына не кіреді?
3. Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай?
4. Г.Селевконың, Т.Шамованың оқыту технологияларын көрсет.
5. Педагогикалық технологиялардың классификациясын көрсет.
6. Дамыта оқыту жөнінде не білесің?
7. Жақын даму аймағы деген не?

Әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003. -368 бет.
2. Афонина Г.М. Педагогика. Ростов-на-дону. 2002.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.,1989.
4. Ильина Т.И. Педагогическая технология. М.,1984.
5. Қазақстанның жаңа буын оқулықтары бойынша алдыңғы қатарлы
тәжірибелер 1-4 сынып.Алматы, 2000.
4. Қабдықайырұлы Қ., В.М.Монахов, Л.Н.Оразбекова, Т.Ә. Әлдібаева.
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. Алматы, 1999.
5. Махмутов М.М. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы, 1981.
6. Мировые образовательные технологии: основные тенденции, проблемы
адаптации и эффективность Материалы респ. Науч. –метод. Конф. 25-26
апреля, Усть-Каменогорск,1997.
7. Педагогическая технология Сост. Н.Е. Щуркова. М., 1992.
8. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.
9. Тұрғынбаева Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Алматы, 1997.

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
1) Ғылымдағы оқыту тұжырымдамасы.
2) Педагогикалық технологияларды жүйелеп, кесте түрінде көрсет.
3) Модульдік оқыту мәні.
4) С.Н.Лысенкованың авторлық педагогикалық технологиясы.
5) Ойындық технология. Оларды кесте түрінде жіктеп көрсет.

Реферат тақырыптары
1. Шетелдік және Ресейлік әдебиеттердегі педагогикалық технология
ұғымы.
2. Бағдарламалап оқытудың негізгі принциптері және артықшылықтары.
3. Қашықтықта оқыту мәні.
4. Дамыта оқыту технологиясы.
5. Р.Шнайнердің Вальдорф педагогикасы.
6. Этнопедагогикалық технологиялар.
7. Интегративті оқыту технологиясы.

Үшінші тақырып

Қазақстан Республикасы мектептеріндегі білім мазмұны

Жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні..
2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы және білім мазмұнына
қойылатын жалпы талаптар.
4. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.
5. Оқулыққа қойылатын талаптар.

1. Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек
деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу
мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және
дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың
белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін
қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім;
білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды
қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық
мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны
категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері,
белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы
алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу
тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары
көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік
тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады.
Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге
асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы
мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді
таңдау мәселесінің орны ерекше.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп
көрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген,
құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат
мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін
мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми
білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде
оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы,
мінезі қалыптасады.
Білім мазмұны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру
тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын
тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен
сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.
Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті
зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып
отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман
талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге
келтіріледі.
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты
істеліп жатқан көптеп саналады. Солардың бірі Қазақстан Республикасы жалпы
білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы.
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері,
білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім мазмұнының құрамы және
құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының
обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық
ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын
жаңартудың негізгі көзі болуы тиіс.
Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің көбеюіне
байланысты пәндердің өздері жаңа бөліктерге бөліне бастады. Бірақ, қазір
оқу пәндерінің одан әрі көбеюі және дифференциациялануы (бөлшектенуі)
жағдайды мүлде қиындатуы мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу
пәндерін негізгі идея төңірегіне интеграциялауға (біріктіру) көшті.
Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген адаптированная
білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-
әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас,
оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің
мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды
қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы өз орнын
анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты,
құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.
Білім мазмұнының қайнар көзі – материалдық және рухани мәдениетте
бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік
тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім олардың түрлерінің жиынтығы индивидте
қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте
бағытталғандығын анықтайды; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру
тәжірибесі оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады,
олардың функциясы жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту
болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі,
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі оның функциясы – мәдениетті әрі қарай
дамыту; шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне деген эмоционалдық-құндылықтық
қатынастың тәжірибесі.
2. Білім мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне
төмендегілер жатады:
• ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте
берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы;
• әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан
туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;
• тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім
салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі
ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы;
• жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді
адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу
курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.
• мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және
берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі
ретінде өмірмен байланыстылық принципі;
• меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын
жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік
мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде,
танымдық процесстер де өте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.
• оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің
оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің
кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі.
Білім мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдары: бүкіл элементтерінің және
бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және
процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге
асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім
мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.
Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың негізінде оқу
пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:
1. Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса назар аудармай,
оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті дамытуға күш салу керек болды.
Бұл теорияның өкілдері пәндерді екі топқа бөлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі,
әдебиет, математика, жаңа тілдердің грамматикасы; 2) биология, география,
физика, химия және т.б. Формальдық білім беру теориясына сәйкесті
Ресейдің, Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының оқу
жоспарлары құрылды.
2. Материалдық білім беру теориясы ХҮІІІғ.аяғы білім мазмұнын тандаудың
негізгі критериясы ретінде оның пайдалылығын, қоғамның өміріне қажеттігін
қойды. Материалдық білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын
құруға негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға, жаңа
шетел тілдеріне, коммерциялық іске көп орын берілді.
3. ҚР Білім туралы заңында 1999ж. білім беру мазмұнына жалпы
талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға
үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.
Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:
• дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі
мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;
• ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың
тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып
табылатын рухани адамгершілік байлықты;
өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға,
әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар
жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға.
Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне
гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция,
әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық
технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің
шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жатады.
Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани
жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа
модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді.
Гуманитаризация (латынша humanitarys - адамға қажетті) бұл ол кім
немесе кім болғысы келетініне қарамастан барлық адамға қажетті білім,
біліктіліктерді меңгертуге бағытталған білім мазмұнының жалпы бағыты.
Мысалы, олардың ішінен ана тілін, әдебиетін, тарих, өлкетануды атап
көрсетуге болады.
Білім мазмұнын гуманизациялауға тек қана гуманитарлық емес,сонымен
бірге жеке тұлғаны қалыптастыруға көп ықпалын тигізетін мектепте оқылатын
басқа да пәндерді кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Білім мазмұнын
қалыптастыруда адам мен табиғаттың байланысын, адамдар арасында гуманды
қарым-қатынасты қалыптастыруда зор ықпалын тигізетін гуманитарлық және
жаратылыстану пәндерінің тең болуының, математика, биология, техникалық
пәндерді адам жөніндегі білімдермен толықтырудың маңызы зор.Гуманистік
бағыттағы мазмұнды игеру ойлаудың гуманистік типінің, тұлғалық бағытты
дүниеге көзқарасты қалыптастыруда өмірдегі мәселелерге оптимистік
көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Білім мазмұнын гуманизациялауда балалардың
өзін тануына, өз мінез-құлқын реттеуге және өз іс-әрекетін ұйымдастыру
дағдыларын меңгертуге ықпалын тигізетін тілдік және әдебиеттік білімнің,
эстетикалық тәрбиенің адамтану курстарының маңызы зор.
Білім мазмұнын дифференциялауды түрлі топтарды тиімді оқытуға жағдай
жасау мақсатында жаңа пәндерді одан әрі бөлшектеу емес, керісінше белгілі
деңгейде біріктіру деп түсінуге болады.
Әрбір адамның білім мазмұнын игеруде белгілі мақсаттар болады, әрбір
баланың қабілеттері, мүмкіндіктері, өмірлік жоспарлары әртүрлі. Біреулері
гуманитарлық профильді таңдаса, енді біреулері жаратылыстану-математика
немесе көркем суретті таңдайды. Біреулері бір пәнді тереңдетіп оқыса, енді
біреулері жай ғана шолып өтеді. Білім мазмұнын әрбір деңгейге сай,
оқушылардың мүмкіндіктері мен сұраныстарына сай дифференциациялау керек.
Интеграция – жеке оқу пәндерінің, бөліктерінің арасындағы мәнді
байланыстарды анықтау негізінде тұтастың қалыптасу үрдісі және нәтижесі.
Интеграцияның мақсаты білім бөліктерін біріктіру болып табылатын білімді
ұйымдастыру үрдісінің негізінде болады. Интеграция түрлі деңгейлерден
көрініс табады: пәнішілік – жеке оқу пәніндегі негізгі ядро төңірегіне
білім мазмұнын жинақтау, пәнаралық - өзара “туыс” оқу пәндерінің әдістері
немесе ортақ принциптері негізінде.
Қазіргі мектептедегі пәнаралық интеграция негізінде пайда болған
интеграцияланған курстардың, жүйеленген білімді, біліктіліктерді, іс-әрекет
және ойлау тәсілдерін қалыптастыруда орны ерекше.
Экологизация идеясы қазіргі мектептегі барлық пәндердің білім
мазмұнына тікелей қатысы бар. Қазіргі уақытта адамзат бүкіләлемдік
эқологиялық катастрофа шегінде тұр. Егер білім мазмұнына оны тоқтату немесе
болдырмау идеясын кіргізбесе, егер адамзат мәдениетін табиғат пен адам
арасындағы үйлесімділік ретінде игермесе барлық білім,
біліктіліктердің түкке пайдаға аспай қалуы мүмкін. Соған орай қазір
көптеген елдерде білім мазмұнын экологизациялау принципі басты орында тұр.
Әлемдік және ұлттық мұраларды мақсатты пайдалану оқыту мақсаты ұлы
еліміздің патриотты, азаматты тәрбиелеу мақсатымен бірігетін мектептердегі
білім беруді қайта құруды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мектепте оқытылатын білім
көлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет тәсілдерін, динамикалық және
көрнекі образдық модельдерді пайдалануды , материалды беруді жетілдіруді
мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.
Шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру бұл толыққанды, көпкомпонентті
білім мазмұнының және оның негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі.
Білім мазмұнын жасау білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандартына негізделеді. ҚР әрбір білім беру деңгейі бойынша білімнің
мазмұнына мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары белгіленді. Әрбір пәннің
мазмұны екі бөлімнен тұрады: инвариантты өзгермейтін және вариативті
бөліктен, яғни ол жүйелі жанартылып, қайта қаралып отырылады.

4. Білім берудің мемлекеттік стандарты базалық оқу жоспарын да
қамтылған,ол оқу жылдарына қарай мазмұндық толтыру және оның құрылымы
туралы ұғым береді.
Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар,
яғни, оқужоспарлары, оқу бағдарламалары, сонымен бірге оқулықтар және оқу
құралдары жасалады.
Жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспарын,
бағдарламаларын, оқулықтарды түпкілікті жаңарту талап етіледі. Осыған орай,
соңғы жылдары, яғни, 1993-1994 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін
мектептің оқу жоспарына жаңа пәндер енгізілді. Алдағы уақытта бастауыш
сыныптарға да информатиканы енгізу жұмыстары жүргізілмекші.
Жалпы білім беретін мектептердің өтпелі базистік оқу жоспарында толық
жүктеме екі деңгейге бөлінеді: тұрақты және жылжымалы.
Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің
барлық типтерінде бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке мектеп т.с.с.
оқылады.
Жылжымалы бөлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен
қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол
таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.
Жылжымалы бөлім бойынша таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете
оқылатын пәндерге беріледі.
Жеке пәнді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқыуға
арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін 1993-1994 оқу жылында
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жасаған.Сол жоспарлардың
барлығын мектептің ерекшелігін ескере отырып, тереңдете оқитын пәнді
педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ұйымдастырады.
Оқу жоспары – бұл мыналарды анықтайтын құжат: оқу жылының ұзақтығын,
каникулдердің және тоқсандардың мерзімін; мектепте оқылатын пәндердің толық
тізімін; оқу жылына қарай пәндерді бөлу, әрбір сыныпта оқылатын пәндерге
сағат санын болу; әрбір пәнді оқуға аптасына бөлінген сағат санын. Оқу
жоспарында қоғам қабылдаған тәрбие мұраты, белгіленген мақсаттар, білім
мазмұнын қалыптастырудың тұжырымдамасы көрініс тапқан. Оқу жоспарында екі
компонент бөлінеді: мемлекеттік және өңірлік. Базистік оқу жоспары – оқу
жоспарының әр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт
болатын жаңа типті құжат.
Көптеген елдерде пәндердің арасындағы арақатынас мынадай:
гуманитарлық блок 40-46%, жаратылыстану – математикалық 30-35%,
жаратылыстану 7-11%, сауықтыру-еңбектік 16-20%.
Оқу жоспарының негізінде пәндер бойынша оқу бағдарламалары құрылады.
Оқу бағдарламасына енетіндер: түсініктеме хат, онда пәнді оқудың
мақсаттары, білім мен іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың
формалары мен әдістері т.б.; оқылатын жадығаттардың тақырыптық мазмұны;
тақырыптарға бөлінген сағаттар; білім мазмұнының негізгі элементтерінің
тізімі; пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нұсқаулары; оқу жабдықтарының
және көрнекі құралдарының тізімі; ұсынылатын әдебиет тізімі.
Білім беру мазмұны оқу әдебиетінде толық ашылады. Оған жататындар:
мектеп оқулықтары, көмекші құрал, анықтамалықтар, қосымша оқуға арналған
кітаптар, атластар, карталар, есептердің және жаттығулардың жинақтары,
басылған негіздегі дәптерлер және т.б.
5. Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• оқулықтың жадығаттары қазіргі ғылымның деңгейіне сай болуы керек;
• оқулықтың мазмұны, тараулардың орналасуы сол пәннің бағдарламасына сай
болу керек;
• оқулықтағы материалдың баяндалуы логикалылығымен, қатарландыруымен
ерекшеленеді;
• оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - теория мен практиканың
байланысы ұстанымын үнемі жүзеге асырып отыру болып табылады;
• еске сақтауға тиісті анықтамалар қорытындылар тұжырымдамалар т.б.
оқулықта бөлініп көрсетіледі;
• оқулықтар жақсы безендірілуге тиісті, ойластырылған және мұқият таңдалған
иллюстрациялармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Оқулыққа қойылатын гигиеналық талаптар: оқу жадығатының дұрыс
мөлшері, әріптерінің анықтығы, шрифтінің размерлері т.б.
Қазіргі жақсы оқулықтар өзінде оқулықты ғылым негіздерін жүйелі
баяндау, жұмыс кітабы, дәптер сұрақтар, тапсырмалар, оқу жадығаттарының
жинағы, құжаттар, әдеби мәтіндер және анықтамалық терминологиялық
сөздік, таблицалар т.б. сияқты өзара тығыз байланысты элементтерді
ұштастырады.
Оқулықтың оқу құралынан айырмашылығы ол бағдарламаға сәйкес жазылады,
ал оқу құралы бағдарламадан тыс жадығаттарды қамтиды. Оқу құралдарына
оқулыққа қойылатын талаптарды да қояды.
Дәстүрлі оқулықтармен бірге электрондық оқу жадығаттары пайдалана
бастады: видеодискалар, видеокассеталар.

Бақылау сұрақтары
1. Білім және оның мазмұны туралы түсінік бер.
2. Білім мазмұнының көздерін ата.
3. Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды көрсет.
4. Оқу жоспары дегеніміз не?
5. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
6. Оқулық дегеніміз не?
7. Оқу құралы дегеніміз не?
8. Оқулыққа қойылатын талаптарды ата.
9. Оқу жоспары неше компоненттен тұрады?
10. Оқу мазмұны неде және қалай көрініс табады?

Әдебиеттер:
І.
1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы,
1998.
2. Қазақстан Республикасының ″Білім туралы″ заңы . Қазақстан мұғалімі. 25
ақпан 1998.
3. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Алматы,
1997.
4. Қазақстан Республика азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-
құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан. 1995.
5. Қазақтан Республикасының білім беру туралы заңы. Егеменді Қазақстан. 18
қаңтар, 1999.
6. Қазақстан Республикасы конституциясы. Алматы, 1995.
7. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.
Қазақстан мұғалімі. 12 қыркүйек, 1995.
8. Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы.Алматы, 1995.
9. Қазастан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы ,
1994.
10. Қазақстан Республикасындағы этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы.
Алматы, 1996.
II.

1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003. -368 бет.
2. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1993.
4. Педагогика .Курс лекций. А., 2003.
5. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.
6. Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.
7. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.
8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
9. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.
10.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
11.Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
1) Қазіргі мектепте оқытылатын ғылымдарды таңдау критериилерін көрсететін
кесте құрастыр.
2) Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына талдау жаса.
3) Оқу жоспарлары типтерінің кестесін құрастыр және жалпы орта мектептің
базистік оқу жоспарына талдау жаса.
4) Ғылым мен оқу пәнінің сәйкестігін сипаттайтын кесте дайында.

Реферат тақырыптары
1. Қазіргі даму кезеңіндегі қазақстандық мектептердің білім мазмұнының
мәселелері.
2. Жалпы білім беру мазмұнын таңдау принциптері мен критериилері.
3. Жалпы орта білім беру мазмұны.
4. ҚР Білім туралы заңы.
5. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білімнің өзара байланысы.

Төртінші тақырып

Оқыту процесінің мәні

Жоспары:
1. Оқыту процесінің мәні және оның функциялары.
2. Оқытудың түрлері.
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері.
4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары.
5. Көрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.

1. Оқыту – қоғамдық қатынастарды, қоғамдық сананы, мәдениетті және
өнімді еңбек тәжірибесін, қоршаған ортаны белсенді өзгерту және қорғау
туралы білімді ересектерің мақсатты бағытталған, ұйымдасқан, жүйелі түрде
беруі және оны өсіп келе жатқан ұрпақтың меңгеруі. Ол ұрпақтың
сабақтастығын, қоғамның толықтай қызмет етуін және тұлғаның дамуының
сәйкесті деңгейін қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылар адамзаттың
қоғамдық-тарихи тәжірибесінен белгілі бір жақтарын меңгереді:
идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, әдебиет және өнер, жалпы және
денелік мәдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының
негізін салады.
Оқытудың ғылыми танымнан айырмашылығы бар. Ғылыми зерттеу адамзатқа
белгісіз білімді ашып берсе, оқушы адамзатқа белгілі тек өзіне белгісіз
білімдер жүейсін меңгереді.
Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті ретінде екі өзара
байланысты процеске бөлінеді: сабақ беру мұғалімнің іс-әрекеті ретінде және
оқу оқушының іс-әрекеті ретінде. Мұғалім қоғамның мүддесін көздейді, ол
оқушы меңгеруге тиісті адамзаттың тәжірибесін өзінде алып жүргенге іспетті.
Сабақ беру бірнеше жақтың қосындысы болады: мұғалімнің өз пәнін білуі,
оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білу іскерлігі, қазіргі оқыту
әдістерін білуі, оқушының танымдық мүмкіншілігін, оның ақыл-ой дамуының
терең түсінуін, шәкірттің тұлғалық белгілерін қалыптастырудың жолдарын
білуі. Оқу – белсенді танымдық процесс, онда оқушының ақыл-күштері,
мінезінің моральдық және еріктік белгілері, тұлғаның белгілері және
темпераменті қалыптасып, көрініс табады.
Оқыту өзіне үш функцияны енгізеді: білім берушілік білімдерді меңгеру
процесі, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, дамытушылық
оқушыларды психикалық және денелік дамыту, тәрбиелеушілік оқу іс-әрекеті
оқушыны тәрбиелейді, онда патриоттық, адамгершілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты туралы ақпарат
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Өзбек әдебиеті
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Бастауыш сатыдағы оқу үрдісінің теориялық және практикалық негіздері
Студенттің өзіндік жұмысы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Пәндер