Маршруттау алгоритмдері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 NGN желісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 NGN мультисервисті желілерді құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Қаланың қолданыстағы NGN желісінің талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Дейкстра әдісі бойынша NGN желісін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3 ҚАУІПСІЗДІК ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Телекоммуникация және мәліметтерді тарату әлемі жылдамдық қорына қарқынды сұраныстың өсіп кележатқанымен соқтығысады. Бұл қарқын негізінде Internet желісін пайдаланушыларының көбеюімен, халықаралық байланыс операторларының өзара әрекеттесуімен және берілетін мәліметтер көлемінің көбеюімен байланысты. Бұнымен әр түрлі қызмет көрсетуді дамыту үшін, оған сәйкес келетін байланыс желісі және оның көліктік инфрақұрылымы керек. Дүниежүзілік телекоммуникациялық одақ келесі ұрпақ желісін құру нәтижесіне келді. Ол – NGN деп аталады. NGN – ның ерекше қасиеті оның шексіз қызмет түрлерінің мүмкіндіктері.
Заманауи байланыс нарығына сәйкес операторлар өткен жылдар желілеріне қатысты конвергенцияның барлық қиындықтарын айналып қолайлы мүмкіндіктерге ие және технологиялар қорындағы келесі дәуір желісіне тікелей өтетіндей деңгейде. Бұл желі NGN (ағыл. Next Generation Network— келесі дәуір желісі) деп аталады. NGN – желілерді құру технологиясы – берілгендерді тасымалдау және дыбыс сервистер қызметін жасауға арналған. Ол қазіргі кезде кездесетін бірнеше шектеулер және тосқауларды алады, және бұл оның экономикалық өнімділігін анықтайды.
NGN— ядросы сөйлесуді, берілгендерді және мультимедияны тасымалдау қызметінің толық немесе жартылай интеграциясын қолдайтын ІР тірек желісі болып табылатын байланыстың мультисервистік желісі. Қазіргі кезде каналдар коммутациясындағы дәстүрлі желілерден пакеттер коммутациясындағы (NGN ) желілерге өту байланыс операторларына өзекті мәселе болып отыр. ІР-коммуникация облысындағы перспективті жасаулар келесі дәуір желілерінің дамытуда бар қосылуларды сақтайтын және телефон қатынамдарының (сымды, оптикалы, сымсыз (WiMAX, WiFi) желілердің) кез келген желісінің үздіксіз жұмысын қамтитын кешенді шешімін жасаумен байланысты.
1. Бакланов И. Г. NGN: принципы построения и организации / под ред. Чернышова Ю.Н. – Эко-Трендз М.; 2008. - 400 б.
2. Лагутин В.С., Степанов С.Н. Телетрафик мультисервисных сетей связи. – Радио связь –М.; 2003. - 362 б.
3. Шаров В. Базовые технологии мультисервисных сетей, ж. Сети и телекоммуникации – М.; 2006. – 336 б.
4. Семенов В.В. Сети связи следующего поколения - С. Петербург, 2005.– 236 б.
5. Гольдштейн Б.С., Орлов О.П., Ошев А.Т., Соколов Н.А. Модернизация сетей доступа в эпоху NGN, ж. Вестник связи.-2003. – 268 б.
6. Кучерявый А.Е., Гильченок Л. З. Сеть магистральных коммутаторов для модернизации сетей связи общего пользования. Электросвязь.- 2002. – 301 б.
7. Функциональные требования к оборудованию SoftSwitch, планируемого к применению на сетях связи ОАО «Связьинвест» - М.; 2003.
8. Средства технических телематических служб. Протокол SIP. Общие технические требования – М.; 2003.
9. Шнепс-Шнеппе М.А. Архитектура OSA/Parlay как реализация NGN. Вестник связи.-2003.
10. Шельгов В.И. Siemens представляет NGN-решения. – ж. Сети и системы связи. - 2003.
11. Описание системы U-SYS® Гибкий коммутатор (Softswitch) SoftX3000 Техническое руководство. Huawei Technologies U-SYS.
12. Гольдштейн Б.С., Орлов О.П., Ошев А.Т., Соколов Н.А. Цифровизация ГТС и построение мультисервисной сети, ж. Вестник связи.- 2003.
13. Шварцман В.О., Выбор технологии передачи и коммутации в мультисервисных сетях на основе оптических кабелей. – Электросвязь, 2003.
14. Технические требования к оборудованию Softswitch и Mediagateway. Huawei Technologies U-SYS.
15. Ершов В.А., Кузнецов Н.А. Мультисервисныe телекоммуникационные сети. –М.;изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2003.
16. Гольдштеин А.Б. Устройства управления мультисервисными сетями: Softswitch.
17. Белов С.В., Ильницкая А.В. Безопасность жизнедеятельности. Учебник для вузов. – М.; Высш. шк., 1999.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
0.1 NGN желісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
0.2 NGN мультисервисті желілерді құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1 БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
0.1 Қаланың қолданыстағы NGN желісінің талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
0.2 Дейкстра әдісі бойынша NGN желісін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 19
1 ҚАУІПСІЗДІК ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Телекоммуникация және мәліметтерді тарату әлемі жылдамдық қорына қарқынды сұраныстың өсіп кележатқанымен соқтығысады. Бұл қарқын негізінде Internet желісін пайдаланушыларының көбеюімен, халықаралық байланыс операторларының өзара әрекеттесуімен және берілетін мәліметтер көлемінің көбеюімен байланысты. Бұнымен әр түрлі қызмет көрсетуді дамыту үшін, оған сәйкес келетін байланыс желісі және оның көліктік инфрақұрылымы керек. Дүниежүзілік телекоммуникациялық одақ келесі ұрпақ желісін құру нәтижесіне келді. Ол - NGN деп аталады. NGN - ның ерекше қасиеті оның шексіз қызмет түрлерінің мүмкіндіктері.
Заманауи байланыс нарығына сәйкес операторлар өткен жылдар желілеріне қатысты конвергенцияның барлық қиындықтарын айналып қолайлы мүмкіндіктерге ие және технологиялар қорындағы келесі дәуір желісіне тікелей өтетіндей деңгейде. Бұл желі NGN (ағыл. Next Generation Network -- келесі дәуір желісі) деп аталады. NGN - желілерді құру технологиясы - берілгендерді тасымалдау және дыбыс сервистер қызметін жасауға арналған. Ол қазіргі кезде кездесетін бірнеше шектеулер және тосқауларды алады, және бұл оның экономикалық өнімділігін анықтайды.
NGN -- ядросы сөйлесуді, берілгендерді және мультимедияны тасымалдау қызметінің толық немесе жартылай интеграциясын қолдайтын ІР тірек желісі болып табылатын байланыстың мультисервистік желісі. Қазіргі кезде каналдар коммутациясындағы дәстүрлі желілерден пакеттер коммутациясындағы (NGN ) желілерге өту байланыс операторларына өзекті мәселе болып отыр. ІР-коммуникация облысындағы перспективті жасаулар келесі дәуір желілерінің дамытуда бар қосылуларды сақтайтын және телефон қатынамдарының (сымды, оптикалы, сымсыз (WiMAX, WiFi) желілердің) кез келген желісінің үздіксіз жұмысын қамтитын кешенді шешімін жасаумен байланысты.
NGN концепцияларының осы уақытқа дейінгі қолданылған желілік инфраструктуралардан басты ерекшелігі қағидалы басқа функционалдік модельге өту болып табылады. Классикалық ЖҚТф - та негізгі функционалдық элементтері болып қол жеткізу түйіндері және әртүрлі деңгейдегі коммутация түйіндері болып табылады. Сонымен қатар коммутация түйінінің құрылғысы бір уақытта бірнеше операцияларды орындауға тура келді, олар: қолданыстағы ақпарат ағынын коммутациялау, қызмет көрсету және шақыруды өңдеу. Классикалық ЖҚТф өркендеуі біріншіден ISDN технологиясының шығуымен қолданыстағы ақпараттың ағынын коммутациялау және сигналдауды өңдеу функциясын бірнешеге бөлді. Шешімнің шыға салысымен, сигналдаудың транзитінің белгіленген пункттері (STP) сияқты жаңа функционалды элементтер пайда болды, ал сигнал желісінің топологиясы коммутация желісінің топологиясынан ерекшеленді. Бір шетінен сигнал желісі хабар сигналы транзитінің сұрақтарын шеше бастады, бірақ ISUP деңгейінің ақпараттарын өңдеу, сонымен қатар коммутацияны басқару, коммутация жүйесінде шешілді.
NGN келесі дәуір желісі дәстүрлі телефондық желілерде тіркелген архитектуралық шектеулерді жеңу үшін жасалған. Бұл қайта ұйымдастыру есебiнен желілік архитектураға жетедi, қызметтерді басқарудың жаңа деңгейi телефония мен ақпараттық технологиялардың араласуы және ашық хаттамалардың қолдануы. Сондай-ақ бұл желілерден абоненттер және операторлар үшін қолайлы жаңа қызметтерді қолдауды күтеді. Жаңа желілер өз құрамына пайдаланушылардың әртүрлі талаптарын қанағаттандыратын қажетті барлық компоненттерді ендіреді.
NGN желілері -- берілгендер трафигі сөйлесу трафигінен маңызды, ал компьютерлер телефоннан маңызды болған кездегі цифрлік байланыстың даму деңгейінде пайда болған техникалық шешім.
Қызмет және қызметтерді басқару деңгейінің басты қызметі болып байланыстың классикалық желілерін сонымен қатар мультисервисті желілер секілді желілер арқылы қолданушылардың арасында ақпаратты тарату болып табылады. Транспорттық желі деңгейінде дестелік технологияны қолдану әртүрлі байланыстар үшін ақпаратты жеткізудің бірегей алгоритімін қамтамасыз етеді.

1 NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 NGN желісіне сипаттама

Next Generation Network (NGN) - бұл коммутацияланған дестелер желісі, ол (QOS) қызмет көрсету сапасын ұстанатын телекоммуникациялық қызметтерді кеңжолақты транспорттық технологиялар арқылы жүзеге асырады, қызмет көрсету сапасы да қамтамасыз ететін функционалды қолданатын транспорттық технологиясына байланысты емес.
NGN - Gigabit Ethernet (GE) және MPLS (Multiprotocol Label Switching) технологиялары бойынша құрылады және 10Гбитс жылдамдығына дейін қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Жаңа заман желісі арқылы клиентке дәстүрлі болып кеткен дыбыстық телефониядан бастап толыққанды бейне конференц байланысына дейін қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынуға болады. Осымен қоса, клиент жоғарғы сапалы дәстүрлі байланыс қызметінен басқа көптеген артықшылыққа ие болады, олардың ішінде байланысқа кеткен шығынмен қызмет көрсетуді минимизациялау, бұл біріңғай бірегей мультисервисті ортаны құру арқылы қол жеткізіледі, ИТ- инфрақұрылымын басқару шығынын минимизациялау, масштабты корпоративті желі құру мүмкіндігін, өз желісі мен оны ресурстармен қамтамасыз ететін оператор желісін орынды басқару, көрсеткен қызметтерді басқару үшін біріңғай вебинтерфейсті ұйымдастыру мүмкіндігі.
NGN жаңа заманының желісінің дәстүрлі телефониядан басты артықшылығы, байланыстың кең қызметінен басқа, ақпараттың үлкен жылдамдықпен берілуі, мобилділігі (мекен жайына қарамастан қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алуы), индивидуалдылығы (қызметтер уақытта керек мөлшерде және контент форматында рұқсат етіледі), қол жетімділік (тиімді баға қолданылатын құрылғы типін таңдауда тиімді үйлеседі, NGN желісі әр түрлі байланыс желісін біріктіруге мүмкіндік береді.
NGN желісі үшін ерекшеліктер тән, бұл оны телекоммуникационды жүйенің жаңа класына бөлшектейді:
* ақпараттың барлық түрімен алмасу үшін коммуникациямен тасымалдаудың дестелі технологиясын қолдану;
* функционалды бағытталған телефонды станциялардан айырмашылығы бар архетиктурасы бағытталған коммутация жүйесін қолдану;
* кең жолақты рұқсаттың мүмкіншілігін қамтамасыз ету және Triple-play services трафик түріне мультисервистік қызмет көрсету;
* WEB технологиялар арқылы эксплуатациялық басқарудың функциясын жүзеге асыру.
NGN арқылы ақпаратты десте түрінде тасымалдау IP (Internet Рrotocol) протоколдарға негізделген. Бірақ NGN құрылым идеологиясы интернет желісі құрылған принциптерден айтарлықтай айырмашылықтарға ие. Біріншіден, алдына ала берілген қызмет көрсетуді (QoS-quality of service) бөліп алу керек. Бұл көрсеткіштер IP желісі арқылы сапалы телефонды байланысты қамтамасыз ету үшін анықтала бастады. VоIP (Voice over IP) қызметі IP телефония атымен бізге белгілі.

1 - сурет. NGN - келешек ұрпақтың желісі

NGN - электр байланыс желісінің дамуы жайлы толығымен өзгертетін төңкерістік көзқарасты шешім болып табылады. Бұрын даму тек бір жолмен жүретін жеті желі - бір қызмет, дыбысты қызметте - бір желісі, интернетке айрық шалынған рұқсат үшін басқа желі, телевидения үшін - үшінші, ал желілік радио хабарлама үшін - төртінші тағы сол сияқты. NGN осы желілерінің бәрін өзіне жинақтайды, бір каналдан барлық қызметті бір уақытта алуға мүмкіндік береді - дыбыс, ақпарат тасымалдау және бейне хабар.
Сөйтіп, кейінгі заманның байланыс желісі (NGN) - байланыс желілерін құру концепциясы, ол шексіз қызмет көрсету аясың қамтамасыз ету және оларды басқару, персонализациялау және де желілік шешімдерді унификациялау арқылы жаңа қызметтерді құру, ол өз тарабында бөлшектенген коммутациялы бірегей транспорттық желіні жүзеге асыруды болжау, қызмет көрсету функциясын соңғы желілік байланымға шығару және дәстүрлі байланыс желілерімен интеграциялау.
Барлығын қоса келгенде, NGN - бұл гетерогенді мульти қызмет көрсетуші желі. Ол барлық түрдегі медиатрафика мен шексіз түрдегі телекоммуникациялық қызметтерді жүзеге асыра қоймай, оған қоса оларды түрлендіру, қызметтерді қосу, тарификацияны бөлу - барлығы сапа сәйкестігіне сай келеді.
Көліктік деңгейде мұндай желі толық байланысты инфрақұрылымды әр түрлі түрдегі дестелік мәліметтерді құруды қамтамасыз етеді. Ол қызмет көрсету сапасына (QOS) көмек береді. Дәстүрлі желілердегі арнаны парадигмаға сәйкес NGN- да идеологиялық ауани жеке желілерге өту қолға алынуда.(VPN). Олар соңғы тұтынушыға қызмет көрсетуді, жеткізуді IP хаттамасының жоғарысында қамтамасыз етеді.
OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінде NGN желісі әмбебап көліктік ортада - (VoIP) телефония дестесінен интерактивті телевиденияға және Web- қызметке дейін сервисті құрудың мыңдаған мүмкіншіліктерін ашады. Келесі буын желісі қолданушының орналасқан жеріне және оның қолданып отырған интерфейсіне (Ethernet, xDSL, Wi-Fi және т. б.) тәуелсіз қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді. Демек, кез келген қызмет көрсету желінің кез келген нүктесінде жасалған, кез келген тұтынушыға қол жеткізе алады.
Бірыңғай әмбебап ортаға көшу экономика жағынан тиімді. ОКС- 7 сигнализациясын қоса, бірыңғай көліктік желілерді салу, дауыстық трафиктерді беру үшін және мәліметтер трафигі коммутация дестесінің негізінде магистральді байланыс арналарын салуда шығындарын азайтады.
NGN желілерінің сәулеті мультисервистік қызмет көрсету желілері ұйымдастыруды мақсат етеді. Олар аймақтық және магистральді деңгейінен тұрады (аймақааралық құраушыларды санағанда). Аймақтық деңгейінде мультисервистік желілер абоненттерді қосу мен оларға көліктік және қолданбалы (Value Added Services) қызметтерін ұсынады . Одан басқа ол инф ракоммуникациялық басқа аймақтық желілермен түйісе алады. Магистральді деңгейде NGN айқын транзитті, конвергентті трафикке жауап береді. Ол аймақтық сегменттерден алынады. Бұл жерде NGN-ның басты сәулетшілік айырмашылығы ол - берілу және дестелерді бағдарлаушы және көліктік инфрақұрылымның негізгі элементтері (арналар, комутатор, бағдарлауыш, ретқақпа) физикалық және логикалық түрде қондырғылармен шақыруларды басқару механизмдерімен және қызметтерге қол жеткізу алшақтатылған.
Тәжірибе жүзінде бүгінгі таңда, бірыңғай әмбебап инфрақұрылым орнына желілермен қатар дестелік технологияға негізделген арналарды комутациялау желілері жұмыс істеуде және әлі де көп жұмыс істейді. Олар классикалық телефондық қызметтерді ұсынады. Олардың бірнеше артықшылықтары бар, олар тұрақты пайда түсіреді және осы сенімді интерфейстермен уақытпен тексерілген жүйе арқылы ұйымдастырылады. Осылардың арқасында тағы да бірнеше жылдар параллельді желілер жүзінде жұмыс істеуге тура келеді. Олар әр технологияларға негізделген.
Осылайша, келесі буын NGN - желілерін еңгізу кезінде, гибридті желі жұмыс істейтін болады. Онда арналарды коммутациялау жүйелері дестелік жүйелермен бірге қызмет атқаратын болады. Демек, осы технологияларды физикалық деңгейде емес және де ұйымдастыру деңгейінде, қызметті ұсыну деңгейінде тығыз байланыспен қамтамасыз ету керек. Мұнде байланыс желілерін құру қажет, олар үздіксіз ұйымдастырудан үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету керек және клиент шақыруын бір ережемен өндеуді және сұралған деңгейдегі қызмет көрсету сапасын сапалы түрде қалай көліктеу қызметі жүріп жатыр және қандай қондырғы арқылы қызмет көрсетуін тәуелсіз орындалады.

1.2 NGN мультисервисті желілерді құру принциптері

Мультисервисті желі құрудың бірнеше нұсқасы бар. Олардың бірі гомогенді инфрақұрылымды қарастырады - бұл бірігуге қарастырылмаған желі толығымен дестелі бөліктенетін және коммутацияланатын дестелі регионалды байланыс желісі немесе байланысқа негізделген желісі (АТМ тәрізді). Осы айтылған архитектуралардың біреуі де жекеленген түрде мультисервисті желіні құруда тұтунышыларды қанағаттандыру мүмкіндіктері жоқ, бұл жергілікті есептеуіш және аймақты байланыс желілері үшін экономикалық және функционалдық талаптарын айырмашылығынан болып тұр. Кең аймаққа таралатын мультисервисті желінің ядросы болуы қажет - аймақтық байланыс желісі, перифериялі жергілікті есептеуіш желілермен айналған.
Қолданбалы деңгей логикалық және физикалық траспортты деңгейден бөлінген, бұл әр түрлі желі сегменттерін бір бірінен тәуелсіз дамытуға мүмкіндік береді. Әр түрлі қызметтер үшін (телефонды байланыс, электронды коммерция, сұраныс бойынша бейңе тасымалдау және тағы басқа) әр түрлі серверлер жауап береді, олар транспорттық деңгейден бөлінген. Жаңа қызметті енгізу үшін бар болғаны, траспорттық деңгейде желінің барлық тұтынушыларына тиімді болатын жаңа серверді енгізу.
Тұтынушыларды NGN-ге енгізу әр түрлі технологиялар негізінде құрылған инерфейс арқылы жүзеге асады. NGN желісіне қосылу кең жолақты интерфейс арқылы тиімдірек болуына қарамастан, барлық тұтынушыларға қолданылған құрылысынан тәуелсіз, әмбебап рұқсат беріледі.
NGN желісінің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары:
* NGN желісі пайданың жаңа көзі болып табылатын, ерекше қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді;
* қызметтер дестесін ұсыну мүмкіндігі;
* шығынның төмендеуі;
* стандартты ашық интерфейстер;
* жаңа қызметтерді енгізу мүмкіндігі;
* желіге қызмет көрсету мен монтаж жеңілдігі;
* жоғарғы масштабталуы;
* әр түрлі өндірушілердің құрылғыларын қолдану;
* қолданудың арзандығы, бұл желілік ресурсты тиімді пайдалану;
* толық байланыстылық.
Қазіргі кездегі NGN жүйесінің архетиктурасы. Архетиктурасына байланысты NGN желісін 4 деңгейге бөлуге болады:
* рұқсат деңгей;
* транспорттық деңгей;
* коммутацияны басқару және мәлімет беру деңгейі;
* қызмет және қызметтерді басқару деңгейі.
Рұқсат деңгейі тұтынушыларға желі ресурстарына рұқсатты қамтамасыз етеді.
Транспорттық деңгейдің міндеті: коммутация және тұтынушылардың мәліметтерін кіршіксіз берілуін қамтамасыз ету.
Коммутацияны басқару және мәлімет беру деңгейінің басты міндеті: дабылдың мәліметтерін өндеу, шақыруларды маршруттау және ағымдарды басқару болып табылады.
Қызмет және қызметтерді басқару деңгейі қызметтердің логикасын басқаруды қамтамасыз етеді және келесі қызметтерді атқарады:
* инфокоммуникациялық қызметтерді көрсету;
* қызметтерді басқару;
* жаңа қызметтерді құрастыру және енгізу;
* әр түрлі қызметтердің бірге істеуі.
NGN технологиясының ерекшелігі болып, транспорттық және коммутацияны басқару деңгейлерінің арасындағы ашық интерфейстер. Бұл ерекшелікті классикалық АТС құрылғысында қарастыратын болса, ол станцияның құрылғысын функционалды блоктарға бөліп тастағанмен бірдей. Бұл жағдайда бір блок дабылды өңдеуді , шақыруларды маршруттауды, статистикалық мәліметтерді жинауды іске асырса, ал келесі блок (немесе блоктар тобы ) тасымалдаушы каналдың коммутациясын қамтамасыз етеді. Блоктар арасындағы байланыс стандартталған протоколдар арқылы жүзеге асады. Желі архитектурасы 1.2 - суретте көрсетілген.
2 - сурет. NGN желісінің архитектурасы

Бұл суреттен дестелерді тасымалдау және маршруттау, сондай-ақ транспорттық инфраструктураның негізгі элементтері (арналар, маршрутизаторлар, коммутаторлар, шлюздер) физикалық және логикалық тұрғыдан шақыруды басқару және қызметтерге рұқсат беретін қондырғылар мен құрылғылардан тәуелсіз, бұл NGN архетиктурасының басты ерекшелігі екенін байқауға болады. Келесі ұрпақ желісі бір платформаны қолдап, ұялы байланыс пен қалыптасқан байланыс үшін ортақ ядроға ие болады. Ағында абонент ортақ қызмет жиынына ие болады: СТОП-қа да, IP телефонияға да ұялы желі үшін де. Олардың біреуі - бір оператордан басқасына ауысқанда нөмірдің сақталуы болып табылады.

2 БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАЛДАУЫ
2.1 Қаланың қолданыстағы NGN желісінің талдануы

Ақмола ОТД-сы АҚ Қазақтелеком филиалы болып табылады. Көкшетау қаласы административті орталық және Ақмола облысындағы ең ірі қала болып табылады. Қаланың халық саны 146933 адамды құрайды.
Көкшетау қаласындағы ҚТО Қазақтелеком желісінің жалпы жағдайы:
* жалпы лайықталған сыйымдылық - 46998 нөмір;
* жалпы пайдаланыстағы сиымдылық - 42669 нөмір,сиымдылықты қолдану пайызы - 91%;
* бос сиымдылық - 4329 нөмір.
Көкшетау қаласының қазіргі сұлбасында 22 АТС, олардың ішінде бір АТСКУ және 20 электрондық станция пайдаланады. Атап айтқанда: 3 тірек станциялары мен шығарушы 7 S-12, 9 М-200 станциялары және 1 Definity. АТС-ң құрылған және қолданыстағы сыйымдылықтары туралы 10.01.2010ж. көрсеткіштері бойынша мәліметтер 1.2-кестеде (Қосымша А) келтірілген.
Телефон тығыздығы 100 адамға 19,6 бірлікті құрайды. Желіде алты цифрлы нөмірлеу жүйесі қолданылады. Қолданыстағы Көкшетау қаласының сұлбасы қосымша В-да көрсетілген.
Қазақтелеком акционерлік қоғамын стратегиялық дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған негізгі бағдарлам асында NGN желісін құру мынадай міндеттер шешті:
* дестелік тарату ортасы бар телекоммуникациялар желісін конвергенциялауды, деректер берудің дестелік желісі бойынша қалааралық және халықаралық телефон трафигін өткізу мен бағыттауды, телефондық және пакеттік желілер арасындағы сигналдау хаттамаларын тарату мен өңдеуді;
* әртүрлі топологиялық тұрақты және жалғанатын арналар ұйым- дастыруды;
* VPN корпоративтік желілерін ұйымдастыруды;
* қызмет көрсету сапасының әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етуді;
* желінің сенімділігін қамтамасыз етуді.

3 - сурет. Қолданыстағы Көкшетау қаласының NGN желісі

2005-2006 жылдар - дестелік жалғанатын келесі ұрпақ (NGN) желісін құрудың бастапқы кезеңі болды. Барлық облыс орталықтарында Metro Ethernet желілері құрылысын салу жобаларын және IPMPLS технологиясы бойынша деректер берудің магистралдық тасымалдау желісі құрылысын салу жобасын іске асырылды. Қоғам филиалдарында мультисервистік шешімдерге негізделген қатынау желісін дамыту жобаларын жүзеге асыру, бұл жеке тұлғалар үшін баршаға ADSL-дан бастап корпоративтік VPN-ға дейін жаңа қызметтер көрсетуді республика көлемінде өсіре беруге мүмкіндік туғызды.
Бірінші кезең IP желісі бойынша дауыс таратудың қажетті сапасын, NGN желісі жұмыс істеуінің ақпараттық қауіпсіздігін, биллингтік шағын жүйелердің сертификатталуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ NGN барлық элементтерін әкімшілік басқару мәселелерін шешуге бағытталды.
NGN - дестелер коммутация технологиясын қолданатын, деректер, бейнелер және сөздерді таратуға арналған, көпмақсаттық әмбебап желі.
NGN желісі ашық және реттелген сәулетпен сипатталады, онда қызметтер шақырумен басқару фунцияларынан бөлінген, ал шақырумен басқару фунциялары тасымалдау функцияларынан бөлінген. Ашық хаттамалардың және интерфейстердің арқасында көптген қызметтерді оперативті және иілгішті көрсету, ал абоненттерге жүйелік жабдығының құрылымынан және тасымалдау қызметтерінің терминалдарының түрлерінен тәуелсіз, өздерінің қалауынша қызметті ықтималдау мүмкіндігі беріледі. Дестелі коммутациялы тіректі желі телефондық желінің интеграциясын, деректерді тарату желісін және кабелдік теледидар (КТД) желісін жылдамдатуды рұқсат етеді. Тәуелсіз желілік басқару деңгейінде шақырумен басқарудың негізгі функциялары бағдарламалы түрде жүзеге асады, шақыруды маршруттауды, басқаруды бақылауды және сигнализацияның әсерлесуін қоса, осылай қолданушылардың керекті қажеттіліктеріне тасымалдау қызметтерін және басқару хаттамаларын ықтималдауға рұқсат беріледі. NGN жүйесі PSTN жүйесімен, PLMN ортақ қолданыстағы жер үстіндегі ұялы байланысымен, 3G 3-ші ұрпақты ұялы байланыстың желісімен, IN интелектуалды желімен, Internet желісімен және тағы басқа желілермен жүйеаралық медиашлюздер, медиашлюздер жалғау жолдары және сигнализация медиашлюздер арқылы өзара қатынасады. Кәдімгі қолданушылар NGN желісіне рұқсатты терминалды жабдықтар, ол дестелі коммутациялы жүйелері бойынша дауыстық ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді және мультимедиялық терминалдар арқылы қол жеткізеді. Корпоративті қолданушылардың желіге қосылуы (MG) медиашлюздері және интегралды рұқсат құрылғылары (IAD) арқылы іске асырылады, олар дауыстық байланыс, деректерді тарату және бейнеақпарат қызметтерін әртүрлі қолданушыларының талаптарына толық сәйкесті.
NGN желілерін Көкшетау қаласында орнатқандағы мақсаты мен міндеттері:
* "мультисервистік", қызмет технологияларының транспортты технологияларынан кедергісіз өту;
* "кең жолақтылық", ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы маршруттау хаттамалары
CISCOIOS командаларын орындау үшін желі
Cisco құрылғыларын конфигурациялаудың негіздері
Python тілінде бағдарламалау
Қорғалған виртуалды канал
Виртуалды жадыны басқару
Виртуалды желілер
Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар
Қазіргі заманғы контакт-центрдің функцияларына талдау жасау
Пайдаланушылардың телефондары арасында дауыстық ақпаратты екі жақты беру қызметтері
Пәндер