Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
- Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары . . . 7
- Авторлық құқықтың пайда болу тарихы . . . 9
- Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі . . . 14
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2. 1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар . . . 22
2. 2 Авторлық құқықықтың субъектілері . . . 26
2. 3 Автордың жеке мүлкі және мүліктік емес құқықтары . . . 28
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
3. 1 Авторлық құқықты қорғау механизмі . . . 32
3. 2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша қорғау . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміз егемендігін алғалы еліміздің, әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты жүріп жатқан көптеген реформалар қоғамдық қатынастардың өзгеруіне алып келді. Ол ең алдымен құқықтық қатынастардың, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласының дамуына және өркендеуіне жол ашты. Сыртқы байланыстарды қалыптастыру үшін, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түсу үшін ең алдымен ішкі ұлттық заң жүйесін орнықтыру, бекемдеп-беріктендіру қажет. Сондықтан Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында « . . . құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялары заңнаманың құқық, әділеттілік, гуманизм идеяларын арқау ете түзілуінде, құқықтық тәртіпті, адам мен азаматттың құқықтары мен бостандықтарын материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепілдіктерін нығайтудың пәрменді құралдарының жасалуынан көрініс табуға тиіс . . . » делінген. [1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың 2005 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында « . . . ең бастысы - Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан әрі дамыта беру . . . », « . . . біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз . . . », ал оны жүзеге асыру үшін « . . . сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту қажет . . . » делінген. [2]
Уақыт өтіп, техника дамыған сайын шығармашылық қызмет нәтижелерін заңсыз өңдеу мен көшіріп көбейту кең орын алып, ол бірінші кезекте авторлардың, содан соң артист-орындаушылар мен фонограмма өндірушілердің мүдделеріне үлкен залал келтірілуде. Шет елдік сарапшылардың қорытындысы бойынша, Қазақстанның музыкалық рыногының өзінде ғана ай сайын 200 мың данаға жуық компакт-дискілер мен бір миллионнан астам аудиокассеталар таратылады екен. Осы тұрғыда, қарақшылық дәрежесі 86%-ды құрайтын болса, сәйкесінше, контрафактілік даналардан түсетін заңсыз түсім 17 миллион АҚШ долларын құрайды. [3; 38-45б]
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып, авторлық құқық аясын азаматтық құқықтық реттеудегі заңнама мен теориялық негіздердің комплекстік және жүйелі анализін жүзеге асыра отырып, осы тұрғыда заңшығарушылық базасы мен оны қолдануды жетілдіре түсуге және аяқтауға мүмкіншілік туындату. Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерінің құқықтық қатынастарға түсуінің құқықтық табиғаты мен құқықтық реттеу қайнар-көздерінің реттелу және пайда болу себептерін анықтау.
Сол себепті, авторлық қатынастардың пайда болу тарихына және осы тұрғыдағы әртүрлі концепциялардың дамуы мен заңнамаларда орын алуына байланысты мәселелер анализін қалыптастыру қажеттілігін жүзеге асырады. Тек осындай дипломдық жұмысты зерттеу барысында ғана аталған құқықтық нысанды қоғамдық қатынастарда тиісті дәрежеде пайдаланбау себептерін және мұндай қиындықтарды болдырмау жолдарын анықтау мүмкін болады. [11, 546б]
Жалпы бүгінгі таңда авторлыққа байланысты кез келген мәселе өте маңызды орын алады. Себебі қазіргі кезде санаткерлік қызметпен айналысатын тұлғалар жетерліктей. Мәселен, қазір бизнес-шоу клубтары немесе өз бетінше заңсыз концерт беруші пысықай әншілер көбейіп барады. Оларды бақылап жатқан ешкім жоқ. Сонымен қатар көшеде немесе базарда біреулер есірткі не қару сатып тұрса, полиция қызметкерлері оларды қылмыскер ретінде бірден ұстайды. Ал, санаткерлік меншік шығармаларын миллиондап сатып жатса да, ондайларға ешкім онша мән бермейді, себебі, заңнамада құқықбұзушылық болатын әрекеттер шеңбері және жауапкершілік белгілеу тәртібі жетік белгіленбеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 3-тармағы 963-бабында, зияткерлік меншік ережелеріне қатысты және «Авторлық құқық» тарауына өз қолданысын тарататын, автордың құқығы ажыратылмайды және берілмейді, тек қана шығармашылық еңбекпен зияткерлік шығармашылық қызметімен нәтижені жасаған тұлғаға тиесілі болуға мүмкін екенін анықтайды. [8] Авторлық құқық идеялар, қағидалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процесстер мен фактілерге өз ықпалын таратпайды. Егер туынды екі немесе бірнеше жеке тұлғалардың бірлескен шығармашылық еңбекпен жасалған болса, олар өз ара тең авторлар болып саналады. Олардың бірдей құқықтары бар. Тең авторлардың әр бірі өз қалауы бойынша онымен жасалған туындының дербес мағынасы бар бөлігін қолдануға құқылы, бағасы олардың арасындағы келісіммен қарастырылмаған. Тең авторларға туындыны толық қолдану құқығы бірлесе жатады. Заңды тұлғалардың соңынан авторлық құқық мойындалмайды, олар заңнамамен көзделген, немесе авторлық келісім-шарт негізінде туындыны қолдануға алғанда тек қана құқық иеленушілер ретінде бола алады. [21, 36 б]
Осы авторлық құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны тіркеу, өзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы басты талап емес. Авторлық құқықтың қолданылу аясына келетін болсақ, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Автордың өзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез келген адам авторлық сыйақы төлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Негізінен авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе өсиет бойынша беріледі. Автордың құқығын қадірлеу және қорғау шараларын одан әрі дамыту, жетілдіру үшін болашақта бірқатар қосымша құжаттарды қабылдаумен сипатталады. Өйткені автор құқығын қорғау - еліміздің мүддесін қорғаумен пара-пар. Қазіргі уақытта автордың құқығын бұзып, оның еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін өзгенің пайдалану жағдайлары әлі толастар емес. Солардың ішінде, әсіресе, авторлық құқық нысандарын пайдалану, музыка саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап шығару ісінде кеңінен етек жайғаны да жасырын емес. Сол себептен де авторлық құқық дегеніміз - бұл жай ғана сөз, жалған жансыз түсінік емес, ол әрбір өнерге құштар адамның, ғалымның, өнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нәтижесі. [17, 312 б]
Жекелеген мемлекеттердің азаматтық, әкімшілік, салықтық және қылмыстық заңнамалармен көзделген жаза түрлері авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланушылар үшін аса үлкен шығын әкелетіндігіне, болашақтағы жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алатындығына күмән туғызады, себебі, олардың заңсыз әрекеттерден алатын түсімі бұл жаза мөлшерінен ондаған, тіптен жүздеген есе асып түседі. Сол себепті, осы салада жаза мөлшерін ұлғайта түсу және халықаралық деңгейде жауапкершілік негіздерін қалыптастыру қажет сияқты.
- АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІАвторлық құқықтың ұғымы және қағидалары
Авторлық құқық - санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар.
Автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға.
Авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.
Дыбыс бейнежазу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп қабылдауға арналып жасалған, өзара байланысты кадрлар серияларынан құралатын туынды.
Деректер базасы - деректер (мақалдар, есептер, фактілер және сол сияқтылар) жиынтығы, ол деректер материалдардың іріктелуі немесе орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылады.
Қайта шығару - туындының немесе фонограмманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда, соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау.
Жазу - дыбыстарды және бейнелерді көп рет қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін белгілі бір материалдық нысанда техникалық құралдардың көмегімен жазу.
Дыбыс бейне-жазу туындыларын дайындаушы - осындай туындының бастамасы және жауапкершілігін соның ішінде материалдық жауапкершілікті мойына алған заңды жеке тұлға.
Санаткерлік меншік - шығармашылық қызметтің обьектендірілген нәтижесіне ие меншік.
Айрықша құқық - автордың немесе сабақтас құқықтар иесінің туындысы, орындаушылықты, фонограмманы хабарды осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.
Орындау - туындыны фонограмманы көрсету, рөлді, әнді, биді орындап, техникалық құралдардың көмегімен көрсету.
Орындаушы - актер, әнші, музыкашы, биші немесе рол ойнайтын ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет пен өнер туындыларын қандай да бір басқа жолмен орындайтын өзге адам сондай-ақ спектакльді қоюшы-режисер.
Контрафактілік даналар - туындының немесе фонограмманың дайындалған немесе таратылған жағдайда авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын даналары.
Айрықша емес құқық - авторлық құқық пен сабақтас құқықтар иесімен бірге бұған автордың тиісті рұқсатын алған басқа адамның осы Заңда белгіленген жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана алатын құқығы.
Авторлық немесе Сабақтас құқықтар иесі - мүліктік құқық берілген жағдайдағы автор немесе орындаушы.
Туындыны жариялау - автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау, эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс- әрекетті жүзеге асыру.
Жариялау - туындыны авторының, фонограмма жасаушысының келісімімен туындының, фонограмманың даналарын көпшіліктің қажеттілігін қанағаттандыру үшін айналысқа шығару.
Эфирге беру - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату, радио немесе теледидар арқылы көпшілікке тарату.
Туындының данасы - туындының кез-келген материалдық нысанда дайындалған көшірмесі.
ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Азаматтық кодекстің 3-бабында : ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары ҚР Азаматтық кодексінің, осы Заң және соларға сәйкес шығарылатын басқа да нармативтік актілерден тұрады.
Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге және қорғауға бағытталған нормалар жиындығы болып табалды. Әртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие, оның мазмұны авторлық құқық («copyright») және автор құқықтары («droit d’ ayter») терминдерімен сипатталады. [16, 86б]
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шет елдік те) айтуынша, кітап басу ісімен және техниканың дамуымен тікелей байланысты XV ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейінен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау кезінде емес, кәсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бәсекелестік алғашқы «әдебиет қарақшыларын» тудырды.
Авторлық құқық алғашында әдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет және басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.
Тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазірде орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Осының нәтижесінде, авторлық құқықтарды өзара қорғауды қамтамасыз ететін көптеген екіжақты халықаралық конвенциялар пайда бола бастады. Бірақ, бұл мәселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.
Авторлық құқықты қорғаудың мазмұны «өнер» адамы мен қоғам мүдделері арасында тепе-теңдікті табу болып табылады. Туындының авторы өз еңбегіне сәйкес түрде тиесілі ақысын алуға құқылы, ал ол ақының көлемі қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктерге қайшы келмеуі тиіс.
Туынды авторлық құқықпен қорғалу үшін, ол оригиналды болуы тиіс. Яғни, туындының идеясы, мазмұны түпкілікті жаңа болуы міндетті емес, ең бастысы, оларды автордың жеткізу нысаны жаңаша болуы тиіс. Әр адам кез-келген затқа өзінің жеке субъективті көзқарасы болғандықтан, туындыны қорғау оның көркемдік сипатына да байланысты емес. [10]
Шығармашылық қызметтің көпшілік туындылары материалдық нысанда өмір сүреді: кітап, суреттер, мүсіндер немесе фотосуреттер. Бірақ, туындылардың кейбір түрлері, мысалға музыка немесе сахналық әрекеттер, олар нота немесе текст түрінде қағаз бетіне түспесе де, түскенге дейін де өмір сүре алады. Яғни, авторлық құқық идеялардың өзін емес, олардың жүзеге асу нысандарын қорғайды.
- Авторлық құқықтың пайда болу тарихы
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Еуропа кітап басу ісімен байланысты XV ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейінен Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Творчестволық еңбек саудаға айналды. Жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бәсекелестік алғашқы «әдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси және әлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иелері XV ғасырдың аяқ шенінде өздеріне ыңғайлы және баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп, реттеп, басқарып отырды.
Еуропадағы алғашқы Заң XVII ғасырда Англияда дүниеге келді. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес әзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енді. Бұл Заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылы қабылданды. [25, 27 б]
Әдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанмен ол 1777 жылы XVI Людовиктің алты пәремнімен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруына және сатуына деген құқық заңдастырылды. Ал 1791және 1793 жылғы деректерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған.
Германияның әртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанмен Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.
Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған деректе автор мен оның мұрагерінің құқы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқығы барын бекітті. Ресейде авторлық құқық туралы тұңғыш Заң 1828 жылы қабылданды. Оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургі А. Н. Островский, А. К. Толстой, И. С. Тургенев, Н. С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н. А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды. [26, 234 б]
Ал бүгінгі заманда санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін жасаған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Содан бері талай өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған ол заңның бүгінгі күш-қуаты орасан. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі қазір әлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, өз елінің рухани қазынасын, ғалым, мен жазушының, суретші мен кино шеберлерінің, т. б. азаматтарының көкірегін жарып шыққан көркем дүниесін, ғылыми жаңалықтарын, өнер табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсетінін олар жақсы біледі. Сондықтан бұл істі дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аяп қалмайды.
«Ақыл ауыс, ырыс - жұғыс» дейді халқымыз. Шынайы көркем туынды, әдеби шығарма, музыка, сурет пен сәулет, талантты әнші, сахна шеберлерінің өнері ешқашанда томаға тұйық қалпында, бір халықтың ғана құшағында қала алмайды. Ел мен елдің байланысы дамыған сайын, олардың өнері де бір-біріне ауысып, рухани қазынасын байытады. Бұл әлімсақтан белгілі жайт. Халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттілігін тудырды. Міне, сондай тұңғыш Заң 1886 жылы қабылданған, әдеби туындылар мен көркем шығармаларды қорғайтын Берн конвенциясы болатын. Қазір бұл заңды 140-қа жуық мемлекет мойындап отыр. Әлемнің 175 елін біріктіріп, үкіметтермен жұмыс жүргізетін және санаткерлік меншікке байланысты жүздеген қоғамдық ұйымдардың мүддесін қоса қорғайтын Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының (WIPO-BOИC) құрылуына да осы заң түрткі болғанын айту ләзім. [16, 125б]
Ғасырлар бойы сынақтан өтіп, ұлттық дәстүр-салтымызға берік енген, даланың дара заңына сүйенген дана халқымыз шебердің қолүздігін, өнердің жол ізгілігін, ұста мен ісмердің маңдай терін мойнына қарыз қылмаған, адал еңбектің ақысын жемеген гой. Айдар тағып атақтамаса да автор құқы -ақиесі дейтін қағида қалып - халықтың қолтанбалы өнер туындыларымен бірег жаралып, жасасып келе жатқанын жоққа шығаруға болмас. Қара қылды қақ жарып, әділ шешімін айтатын билер төрелігіне жүгінсек те осы қағиданың берік ұстанылғанын аңғарар едік.
Ел ауызында жүрген мына бір сөз дау барысында өрбігінемен ақыиесіне қарата айтылған ақиқаттай әсер етер еді. Ертеде…сауып отырған шыбышын баспа бас шақшаға айырбастап, артынан даукестенген екеудің бірі: «Шақшам - шақша емес, арқар мүйіз тақысы еді, Жасауында бергенім қозылы қой ақысы еді…» демеуші ме еді… Осындағы «жасауына бергенім…» деген сөз бүгінгі қаламақы, сыйақы, мүдде деген ұғыммен үндесіп жатқан жоқ па?!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz