Экожүйенің жіктелуі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Экожүйенің жіктелуі. 4
2. Экожүйелердің энергетикасы. 5
3. Азоттың, фосфордың, көміртегінің айналымдары. 6
4. Экожүйенің гомеостазазы. 9
Қорытынды12
Пайдаланылған әдебиеттер13
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымынэнергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесеэкожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады.
Мақсаты: тірі ағзалар мен табиғи ортаның арақатынасының негізгі принциптері туралы мен адамзат үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары туралы түсінік беру. өмір сүру ортасы туралы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Экожүйенің жіктелуі мен энергетикасы туралы түсінік беру
Экожүйенің гомеостазасы туралы білу
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңестігін бірлесе пайдалануын тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе - заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары, продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек.
Биосфераның негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы. Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі геобиохимиялық процестердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жектелудің көрінісі - экожүйелер, биогеоценоздар және жасанды, табиғи ландшафтар.
Экожүйе (экосистема) жүйе ішіндегі түрлердің көп түрлілігі мен зат айналымын түзейтін, энергия ағымымен қамтамасыз ететін берілген учаскедегі барлық ағзаларда бірлестікті белгілеу үшін пайдаланады. Бұл терминді ғылымға А. Тэнсли (1935ж. ) енгізген. Экожүйелердің негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - олардың әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі - биосфера мен ноосфера. Қарапайым экожүйелер биосфераның ғылыми тұрғысынан бір келкі болып келеді.
Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Экожүйе - ағза мен абиотикалық ортада әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты. Ағзалар беиорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады.
Қоректік байланыстар. Әрбір түр органикалық заттар ыдыраған кезде бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады. Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастап қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген (ағза) түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоректік тізбек мысалдарын кез келген биогеоценоздан көруге болады. Мысалы, кейбір жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ал олардың қиы мен өлекселерін өз кезегінде бунақденелілер, ұсақ ағзалар қорек етеді.
Экожүйелердің жіктелуі. Экологиядлық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.
Құрлық экожүйелер - тундра, тайпа, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.
Тұщы су - ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері.
Теңіз экожүйелері - теңіздер мен ашық мұхит.
Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек[1; 244] .
2. Экожүйелердің энергетикасы.1935жылы атақты биолог Э. Бауэр былай деді: “тірі жүйелер еш уақытта тепе-теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе-теңдікке қарсы жұмыс жасайды . . . ” Бұл принципті тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі деп атайды. Бұл принцип тірі азалардың ашық теңсіздіктегі жүйе екендігін көрсетеді. Олардың өлі жүйелерден ерекшелігі, олар энтропияның төмендеуі бағытында дамиды.
Энергияның бір жақты келуі- табиғаттың маңызды құбылысы. Бұл процесті физика заңдарымен түсіндіруге болады. Бұл заң бойынша энергия бір түрден басқа түріне (қоректің химиялық энергиясы) ауыса алады, бірақ энергия ешуақытта қайтадан жасалмайды.
Термодинамиканың 2-ші заңы бойынша энергия бір түрден екінші түрге айналғанда, яғни жұмыс кезінде энергия жылулық түріне өтіп, қоршаған ортаға таралады. Клеткалар мен органдардың күрделі жұмысы организмнен энергияның шығындалуы арқылы орындалады. Зат айналымның әрбір циклі тірі организмдердің белсенділігіне байланысты, жаңа энергияның қатадан түсуін барлық уақытта талап етеді.
Күн сәулесінің энергиясы. Күн жердегі барлық энергияның бірден бір табиғи көзі, бірақ күн сәулесінің жер бетіне түскен энергияның барлығын организмдер толық пайдалана алмайды. Жасыл өсімдіктерге түсетін күн сәулесі ағынының жартысына жуығы фотосинтез кезінде сіңіріледі және сіңірген энергияның аз бөлігі (1/100-1/10 дейінгі) биохимиялық энергия түрінде жинақталады. Күн энергиясының көп бөлігі булануға жұмсалып, жылу түрінде жоғалады. Сонымен, планетадағы тіршілік тұрақты зат айналым мен күн энергиясының ағынына байланысты.
Биоценоздағы организмдердің іс әрекеттерінің бұзылуы экожүйедегі зат айналымның күрделі өзгерістеріне әкеледі. Бұл топырақ құнарлығының кемуі, төмендеуі, өсімдік өнімінің төмендеуі, жануарлардың өсуі мен өнімнің төмендеуі және табиғи ортаның біртіндеп бұзылуы сияқты экологиялық апаттардың негізгі себептері[2; 456] .
3. Азоттың, фосфордың, көміртегінің айналымдары.Миллиардтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі, планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты. Ағзалардың түрлерінің барлық массасын В. И. Вернадский Жердің тірі заты деп атаған. Тірі заттаың химиялық құрамына өлі табиғатты құрайтын атомдар кіреді, бірақ олар басқаша қатынаста болады. Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтердің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді. Миллиардтаған жылдар барысынла фотосинтездеуші ағзалар күн энергиясының орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады және басқа да органикалық заттар - мұнай, торф т. б. түрінде жиналады. Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жердің дамуының ертедегі кезендерінде атмосферада басқа газдар басым болады: сутегі, метан, аммиак, көмірқышқыл газы оттегіден озон қабаты пайда болды. Бұл газдың молекулалары оттегінің үш атомынан тұрады (О3), ол ультракүлгін сәулелердің молекулалық оттегіне әсер етуі нәтижесінде түзіледі. Тіршіліктің өзі ультракүлгін сәулелердің басым бөлігін ұстап қалатын атмосфераның қорғаныштық қабатын жасады. Қазіргі атмосферадағы көмірқышқыл газының көп бөлігі тірі ағзалардың тыныс алуы немесе органикалық отынның жануы нәтижесінде түзілген. Атмосфералық азот та тіршіліктің нәтижесі, ол бірқатар топырақ бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген. Тірі ағзалардың әсерінен көптеген Жердегі тау жыныстары пайда болды. Ағзалар жекеленген элементтерді қоршаған ортада олардың мөлшерінен анағұрлым көп шамасын тандамалы түрде сіңіріп, өз денесінде жинай алады. Мысалы, көптеген теңіз жануарлары өздерінің қаңқасында кальций, кремний немесе фосфорды жинап, өлгеннен соң су түбінде шөгінді жыныстарды: ізбес тас, бор, фосфориттер т. б. түзеді. Олар органогенді элементтер деп атайды. Тіршіліктің әсерінен құрлықтың бетінде топырақ қабаты қалыптасқан. Топырақтағы минералдық компоненттер, ыдырап жатқан органикалық заттар мен көптеген микро және макроорганизмдердің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, В. И. Вернадский оны ерекше, табиғаттың биокосты заты деп атады. Әлемдік мұхиттың суларында да осындай биокосты заты болады. Тірі ағзалар құрлықтың тау жыныстарының желденуі мен бұзылуында ерекше роль атқарады. Олар өлі органикалық затты негізгі ыдыратушылар. Тіршілік Жердің атмосферасын, мұхиттың суының құрамын өзгертіп, өзен қабатын, топырақ, көптеген жыныстарын жасады. Тау жыныстарының желдену жағдайлары өзгеріп, өсімдіктер жасайтын микроклимат үлкен рол атқара бастайды, Жердің климаты да өзгерді. Тіршілік биосферадағы биологиялық зат айналымын жүзеге асыра отырып, өзінің және адамның тіршілік етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі - атмосфера (көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде - таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т. б. ) болып табылады.
Көміртегінің айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз жылдыққа тең. Осы кезеңде биосферадағы көміртектің жалпы массасы шамамен 4000 Гт. Оның 1000 Гт биомасса үлесіне жатады. Биосферадағы жылдық нетто-биоөнімінің мөлшері көміртекпен есептегенде 90-100 Гт. Осы мөлшерде көміртек дем алу және ыдырау (деструкция) процестерінде де бөлініп отырады. Сонымен, көміртекпен есептегенде биосфера биомассасының жаңару мерзімі 10 жылды құрайды. Көміртек айналымы жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдердегі фотосинтез процесіне атмосфералық көмірқышқыл газын бекітуден басталады. Өсімдіктер бекіткен көміртек бөлігін жануарлар пайдаланып, көмірқышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлардың соңынан топырақта микроорганизмдер ыдырайды, осы ыдырау процестердің нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстарға оралып отырады. Көміртектің белгілі бөлігі ұзақ мерзімде қазанды отын түрлерін (көмір, табиғи газ, мұнай, шымтезек, жаңғыш тақта тас), теңіз су қоймаларында карбонатты жыныстарды (әктас, доломит, т. б. ) түзуге қатысады. Құрлықтағы және мұхит аквоториясындағы көміртек қосылыстарының пайда болатын негізгі көзінің бірі болып жанартаудың атқылауы саналады. Фотосинтез бен органикалық заттардың ыдырауы бірнеше сатыдан өтетін және өте көп экожүйелер мен организмдердің қатысуымен жүзеге асатын болса жалпы биосферада ерекше өте жоғары дәлдікпен олардың теңдіктері ұсталып тұрады. Көмірқышқыл газының атмосферадағы қоры 700 Гт, ал фотосинтез және ыдырау процестері арқылы атмосфераға жылына қайтарылып отыратын массасы 90-100 Гт. Егерде көміртектің атмосферадағы биоталық қайтарылуы тоқтады деп елестететін болсақ, ал фотосинтез бұрынғы қалпында жүріп жататын болса, онда атмосфера толығымен 7-8 жылда көмірқышқыл газынан тазаланып отырар еді. Бірақ-та, әр түрлі белгілі ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі шамалардың ауытқуының шектік деңгейі тұрақты сақталып отырса, атмосфераның газдық құрамы (оның ішінде көмірқышқыл газының мөлшері) аз дегенде 104 жыл бойы тұрақты болып қала берер еді. Бұдан атмосфера үшін көміртектің биотикалық айналымының минималды тұрақтылығы δА = (1-8) /1=0, 999 деп қорытындыға келуге болады. Экожүйедегі көміртек айналымына толық жете сандық талдауды 1990 жылы эколог-ғалым В. Г. Горшков жасаған. Оның геологиялық мәліметтерге сүйенген тұжырымы бойынша, биогенді мүмкін екен. Тіршілікпен сәйкес осы мөлшер шамалардан реттейтін механизм жоқ болғанда, ондаған және жүздеген миллион жылдарда олар шектен шығып кететін еді. Шынында, палеохимиялық және палеоботаникалық мәліметтер бойынша атмосферадағы көміртек мөлшері 105 жыл бойы сақталып келе жатыр. Солай болғандықтан, биосферадағы органикалық заттардың түзілуі мен ыдырау ағысы 10-4, тұйықтылығы 10-3 дәрежедегі дәлдікпен үйлесіп келеді. Демек, корреляция дәлдігі 10-7 -ге тең. В. Г. Горшковтың айтуынша: «Синтез бен ыдыраудың арасындағы осы деңгейдегі дәлдікпен корреляцияның болуы қоршаған ортада биологиялық реттеу бар екенін дәлелдейді, себебі миллиондаған жыл бойы шамалардың осындай дәлдікте болуы кездейсоқ екеніне сенбейтін жағдай». Соңғы жылдары адамның шаруашылық әрекеті, әсіресе, құрамында көміртек болатын отын мен ағашты өте көп мөлшерде жағу арқылы көміртектің айналымына елеулі әсер етті. Ауа райының ғаламдық жылынуына себеп болатын «көшетхана газы» ішінде (метан, озон, фреон, азот оксидтері) көміртек диоксиді бірінші орында тұр (50-55%) .
Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот- фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады . Өсімдіктер мен жануарлардың органикалық азоты Аммиак Аммоний ионы Мочевина Нитриттер Азот тотығы Атмосферадағы бос азот Нитраттар Азот барлық биогенді белоктардың құрылымына кіреді және сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде ең негізгі организмдердің тіршілік әрекетіне қажет элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың өте аз мөлшері ғана биоталық айналымға қатысады.
Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат), сүйек тканіне, дентинге кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа келтіретін энергия және де бұл процеске қатысушы фосфорорганикалық түрден бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма - кезек ауысып отырады. Фосфордың биогеохимиялық циклінің ерекшелігі редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде. Көміртектің, оттектің және азоттың айналымынан тағы да бір айырмашылығы фосфордың циклін тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымымен байланысты процестер қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді, бірінші кезекте антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор тыңайтқыштарымен, жуғыш заттармен ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы себептен бір қатар елдерде фосфоттарды жуғыш заттар құрамына қосуға тиым салынған, оның балама алмастырғыштары қолданылады. Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тежелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металлдарды және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды[3; 89] .
4. Экожүйенің гомеостазазы.Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.
Гомеостаз - ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.
К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.
Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп, өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі. Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымды-ларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.
Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді. Оларға салқын қанды - пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар жөне кейбір омырт-қалылар жатады. Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т. с. с. ) тәуелді болады.
Тіршіліктің тұрақты не еркін формасы жоғары сатылы жануарларға тән. Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді, себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі ай-тарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді. Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Сонымен К. Бернардың айтуынша кез келген жоғары сатылы жануарлардың тіршілігі 2 ортада жүреді: ағзаны қоршаған сыртцы орта және ұлпаларды, мүшелерді қоршаған ішкі ортаК. Бернар ағзаның ішкі ортасы деп ұлпаларды үнемі жуып-шайып тұратын сұйықтықтарды - қан сұйықтығын, лимфа және ұлпа сұйықтықтарын айтқан. Қорыта келгенде ол ағзаньщ ішкі орта тұрақтылығы тіршіліктің тұрақты, еркін фор-масының негізі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz