Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
- АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1. 1 Адам саудасы қылмыстарының пайда болу және мен оған қарсы мемлекеттердің әрекеттері . . . 7
1. 2 Адам саудасы қылмыстарынын түсінігі . . . 17 1. 3 Адам саудасы қылмыстарының қылмыстық жіктелуі . . . 23
2. АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
2. 1 Адам саудасы қылмыстарымен күрес саласындағы халықаралық құқықтық аткілер . . . 34 2. 2 Адам саудасы қылмыстары мәселелерін шешудегі халықаралық ұйымдар . . . 37
- АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ҚҰҚЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ АРҚЫЛЫ РЕТТЕЛУI
3. 1 Адам саудасы қылмыстарымен күрес мәселесінде құқықтық саяси қызмет механизмінің жүзеге асуы . . . 43
3. 2 Адам саудасы қылмыстарымен күрес мәселелерін реттеудегі халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынасы және өзара әрекеттесуі . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-құқықтық актілермен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырған тәртіп шарасы болып табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрінісін табады, оған қатысты ешкім ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды. [1, 1б]
Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар - адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі - адам саудасы. [2, 45]
Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді.
Әр жыл сайын дүние жүзі бойынша 4 миллионға жуық адам құлдыққа сатылады. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз - сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т. б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері. Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез-келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан-ақ байқауға болады: біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алды. Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ - «қарбазардың» қызған орталығы деуге болады. Қалыпсыз аймақта адамды ешбір кедергісіз ұрлауға да, осында әкеліп сатуға да болады. Тіпті, «тірі тауарды» өлтіріп тастау да қиын емес. Жұмсартып айтқанда, адам құны арзандаған қоғамда, екі аяқты пенде қорғаныссыз қалып отыр. Бүгінгі күннің ең қатал, ең сұмдық, бірақ даусыз ақиқаты «ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ» формуласы - адам саудалаушылардың қолындағы таптырмас құралға айналды.
Тақырып өзектілігі. 1990 жылдардың бас кезінде пайда болып, бүгінгі уақытта ең шырқау шегіне жеткен адам саудасы әлемде есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейінгі үшінші орында тұр. Әрине, табыстылығы мен таралу шеңбері бойынша мафияның жылдық бюджеті - 7 миллиард АҚШ долларының шамасында. Шындығы да сол, «тірі тауарға» салық төлеудің, инвестиция салудың, тасымалдаудың қажеті жоқ. Жеткізу нүктесіне өз аяғымен барады, қамшының астында жүріп, еңбегін ақтайды. Кеудесінде жаны шыққанша немесе бұғаудан қашып құтылғанша (алайда, мұндай жағдайлар өте сирек) қожайынға өте тірі табыс әкеледі. Өліп қалған жағдайда, құны жоқ. Екінші алданған құл кезекте тұрады.
Шетелдерде үй күтушісі, даяшы, бала бағушы жұмыстары ұсынылады. Қыз-келіншектерге көбіне 500-700 доллар көлемінде жалақы уәде етіледі. Расында, мұның сыртында күштеп жезөкшелікпен айналысу тұр. Ер адамдарды кәсіби біліктілікті аса көп қажет етпейтін жұмыстармен қызықтырады. [3, 42]
Адам саудасымен күрес мәселелері бойынша Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Джон Миллер «адам саудасы - бұл құлдықтың қазіргі нысаны және бүкіләлемдік мәселе» деп басып айтты [4, 58] . Біріккен Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Луиза Арбурдың пікірі бойынша: «Адам саудасы халықаралық қауымдастық күрес жүргізетін адам құқықтары бұзылуының алғашқысы болса да, оның өткен шаққа кеткенін айту әлі ерте. Оны түбімен жою үшін аса үлкен күш салу қажет. Бұған қоса құлдық алуан түрлі нысанда болады. Оның нысандары уақыт өте келе өзгеріп, әлеуметтік-экономикалық және діни мағынасын көрсетеді». Адам саудасы - күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану немесе жағдайдың осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны бақылайтын тұлғаның келісімін алу мақсатында төлемақы немесе олжа түрінде пара беру жолымен пайдалану мақсатында жалдау, тасымалдау, беру, жасырушылық немесе адамды иемденуді білдіреді [5, 34] .
Адам саудасының жолын кесу әзірге мүмкін емес. Қоғам, билік осы қанды бизнестің қауіптілігін сезініп отырған жоқ. Трафикке (адам саудасына) қарсы бағытталған ақпараттық соғыстың тым бәсеңдеп кеткендігін де атап өткен жөн. Шетелде оңай олжа жатпағандығын аңғал жұртымызға айта беру керек. Ақпараттық компанияның әлсіздігі адам саудалаушы трансұлттық қылмыстық топтар үшін де пайдалы, табысты «бизнестерін» өркендетуге еш кедергі жоқ.
Жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып, осы дипломдық жұмыстың негізгі идеясы адам саудасы мен құлдық қылмыстарының қазіргі кездегі құқықтық реттелуін, онымен халықаралық-құқықтық күрес мәселелерін ашып көрсету болып табылады.
Еңбектің әдістемелік негізі. Жұмысты жасау барысында келесідей ғылыми әдістер пайдаланылды: танымды-диалектикалық, тарихи, статистикалық, формалды-заңдық, салыстырмалы талдау және комплекстік көзқарас әдістері.
Осы зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негізін мынадай ғалым-құқықтанушылар, мамандар мен тәжірибешілер құрайды: Е. Б. Мизулина, М. А. Сарсембаев, А. Сыдыкова, Е. Бадикова, Е. Сейдинов, С. А. Алжанкулова, Н. Балабаева, Г. А. Тлегенова, К. А. Токтыбаева, А. И. Милевский, Л. Найденова, А. М. Шабатова, А. Омашева, т. б. Сонымен қатар ғалымдар мен тәжірибешілер тақырып бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар өткізу барысында өз үлесін қосты: Н. М. Абдиров, К. Ж. Балтабаев, К. А. Бегалиев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. И. Қаиржанов, М. Ч. Коғамов, Г. С. Мауленов, А. Х. Мындағұлов, М. С. Нәрікбаев, Е. А. Онғарбаев, және т. б. Зерттеу жұмысының нормативтік құқықтық актілеріне адам саудасы және құлдыққа қарсы ұлттық заңнама ғана емес, халықаралық-құқықтық актілер (Конвенциялар, мемлекеттер арасындағы келісім-шарттар, т. б. ) де кіреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Осы зерттеу жұмысының мақсаты - адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету. Бұл мақсаттан дипломдық жұмыстың нақты міндеттері туындайды:
- адам саудасы қылмыстарына сипаттама беру;
- адам саудасы қылмыстарын түрлер мен нысандарға бөлу;
- адам саудасы қылмыстарының пайда болу себептерін көрсету;
- адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді таңдау;
- адам саудасы қылмыстарымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық.
Зерттеу жұмысының пәні - адам саудасы қылмыстарының пайда болуы, олармен күрес мәселелері, көрсетілген қылмыстың пайда болу себептері.
Зерттеу жұмысының объектісі - адам саудасы қылмыстары.
Дипломдық жұмыстың құрамы . Дипломдық жұмыс Кіріспеден, Негізгі бөлімнен, негізгі бөлім үш тараудан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен Қосымшалардан тұрады.
1. АДАМДЫ САТУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- Адамды сату қылмыстарынын түсінігі және тарихы
Халықаралық дәрежеде біз қылмыстылықтың жаһандануымен қақтығысамыз, ал қоғамдық салттың саласында әр түрлі халыққа, тұрғындар қабаты мен кластарына тән көзқарастардың, әдеттердің, мінез-құлық және тәртіп нормаларының алуандығымен кездесеміз. ХХІ ғасырдың халықаралық қылмыстылығына 3 ерекшелік тән - сандық өсуі, оның ұйымдастырушылық дәрежесінің өсуі, алдында кездескен немесе мүлде кездеспеген қылмыс түрлерінің пайда болуы [6, 30] .
Адам саудасы ерте заманда пайда болған алғашқы қызмет түрі. Ол толықтай саудагердің меншігі болып саналады. Бас бостандығынан айырылып, күштеп қара жұмысқа салынған азамат саудагерге бағынышты, әрі олардың сыртқы бейнесінде белгі болады.
Адам саудасы 90 жылдардың басында пайда болды. КСРО құлап, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің шетелдік ірі мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктері ашылды. Шетелге іс-сапармен бару, қызметке тұру шаралары кеңінен жүзеге асты. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша соңғы екі жыл ішінде адам саудасымен күрес жүргізу істері көбейген. Алматының өзінде 87 мың адам заң бұзған.
Адам саудасы - бұл адам құқықтарын өрескел бұзумен ұштасатын құлдықтың қазіргі заманғы түрі болып табылады.
Халықаралық қылмыс ұйымдарының кірістері көптеген ірі елдердің мемлекеттік бюджетінен асып түседі. Осы ұйымдармен жасалатын ең көп таралған қылмыс түрлеріне есірткінің заңсыз айналымы; қару және оқ-дәрілерді, химиялық және ядролық материалдарды заңсыз жеткізу; ішкі және халықаралық лаңкестік; адам саудасы, соның ішінде әйелдерді және балаларды сату; адам органдарын сату; автомобильдерді ұрлау және жасырын тарату. Ұйымдасқан қылмыс заңды бизнес пен мемлекеттік аппаратқа кіру тенденциясын көрсетеді [7, 31] .
Трансұлттық қылмыстың бір түрі халықаралық сипаттағы қылмыстың бірнеше құрамын біріктіретін адам саудасы болып табылады. Оларға құлдық, құлдарды сату, сондай-ақ әйелдерді сату, балаларды сату және мәжбүрлі еңбек жатады [8, 37] .
Халықаралық қауымдастық құлдарды сатуды халықаралық қылмыс деп таныды. Құлдық пен құлдарды сатумен қатар оларға ұқсас тағы да қылмыстар қатары бар. Ол әйелдерді сату (оның ішінде жезөкшелік, балаларды сату және мәжбүрлі еңбек [9, 26] .
"Адамдарды сату" пайдалану мақсатында адамдарды арбау, тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе күш қолданамын деп қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билігін асыра пайдаланудың немесе жағдайының осалдығын пайдаланудың басқа нысандары арқылы не басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлемдер немесе пайда түрінде параға сатып алу арқылы адамдарды алуды білдіреді. Пайдалануға, кемінде, басқа адамдардың жезөкшелігін пайдаланудың немесе сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық не құлдыққа ұқсас салттар, бағынышты жағдайды немесе дене мүшелерін кесіп алу кіреді [10, 20] .
Қазіргі құлдарды сатудың тигізетін зардаптарының ішінен мыналарды бөліп айтуға болады:
- Ұлттық аспектіде адам саудасы және соның ішінде әйелдер мен балаларды сату дүние жүзінде соншалықты ауыр құбылыс болғаны, оның қауіпсіздікке де, ұлттық генофондқа да қаупі бар.
- Халықаралық аспектіде адам саудасына әсер ететін басты элементтер - бұл ұлты мен азаматтығына қарамастан ұйымдасқан жүйедегі қылмыскерлердің болуы. Мұндай құқықбұзушылық түрінен ешбір мемлекет сақтандырылмаған.
- Психологиялық-құқықтық аспектіде адамды сату басқа себептер ішінде, бірінші кезекте, жәбірленушілердің құқықтық қорғалмағандығынан және заңи дайындалмағандығынан болады. Дүниежүзілік құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың сараптамасы бойынша, құлдықтан қаша алған тұлғалардың аса ауыр мәселелерінің пайда болуын көрсетеді. Ең алдымен, бұл психологиялық мәселе. Тағы бір негативті зардабы - бұл келуші мемлекеттің лауазымды органдары жәбірленушілерге қарсы қылмыс болғаны туралы деректі куәландыруды сұраса, жәбірленушілер бұған өте аз жағдайда келісімін береді [11, 34] .
Қазіргі таңда халықаралық қауымдастықпен қабылданған адамды сату қылмыстарымен күреске бағытталған халықаралық актілер саны біршама. Олардың барлығы да өзара ішкі байланысы бойынша пәндік жалпылау мен жүйелеуді, келіспеушіліктерді жоюды, анықталмаған және қалыс қалған мәселелерді табуды қажет етеді. Сонымен қатар халықаралық актілердің кодификациясы мен ресми жүйеленуі жүргізілмегенін естен шығармау қажет. Сондықтан ең бірінші міндетіміз - адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді таңдау. Таңдау үшін критерийлер ретінде екі өзара байланысты критерийлер алынды:
- халықаралық актілердегі мынадай түсініктердің қолданылуы: «адам саудасы», «құлдарды сату», «балалар саудасы», «құлдық еңбек», «міндетті және күштеу арқылы еңбек» және осылармен мағыналас түсініктер (мәселен, «адамды ұрлау», «заңсыз миграция» және т. б. ) ;
- онда нормативтік ережелердің, яғни бірнеше рет қолдануға арналған жүріп-тұру ережелерінің (тыйым салулар, рұқсат етулер және заңды жауапкершілік) болуы.
Сонымен бұл дипломдық жұмыста база ретінде адамды сатумен күреске бағытталған халықаралық құқықтық актілер қолданылады.
Адамды сатумен күреске бағытталған халықаралық құқық нормаларының пайда болу тарихы құлдарды сату әлеуметтік құбылыс ретінде танылған кездегі уақытқа өз түбірімен кетеді. Құлиеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның құлауы құлдықтың автоматты түрде жойылуына алып келген жоқ. Құлдарды сату модификацияланған түрде өмір сүре берді. Өкінішке орай, олар қазір де «адамзат қоғамының ұяты ретінде, колониализмнің саяси және моральдық кінәлаушылығы, колониялық жүйенің құлауына қарамастан», құлдарды сатудың барлық нысандарына заңи тыйым салынуына қарамастан өмір сүріп келеді.
Ең алғаш рет, нақтырақ айтсақ, африкандық негрлерді сатуға халықаралық дәрежеде 1815 жылғы Вена конгресінің декларациясы құлдарды сатуға тыйым салды. Бұл бағытта келесі қадамды 1818 жылғы Аахендік конгресс жасады, мұнда тек қана негрлерді сатуға тыйым салынбай, сонымен қатар бұл іс-әрекет қылмыс деп жарияланды. Бірақ та бұл екі шешім де ешбір тәжірибелік шарамен бекітілмей, декларациялық болды, сондықтан құлдық та, құлдарды сату да табысты шаруашылық болып қала берді.
Құлдарды сатумен күрес бойынша алғашқы тәжірибелік шаралар Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия мемлекеттерімен жасалған 1847 жылғы Лондон келісім-шартында қабылданған. Осыған сәйкес, құлдарды сату сол кезеңдегі қарақшылықпен тең жазаланып, ал келісуші мемлекеттердің әскери кемелері Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының батыс бөлігі кіретін күдікті деп саналатын белдеу шегінде құлдарды сатумен айналысады деп күдік тудыратын кемелерде тінту жүргізуге құқық берілді. 1862 жылы АҚШ пен Англия арасында күдікті деп саналатын кемелерді өзара тінту туралы келісім жасалды.
1885 жылы 16 мемлекет Берлин конференциясының Бас актісіне қол қойды, онда құлдарды сату халықаралық құқықпен тыйым салынған деп айтылады. Сонымен қатар, мұнда Конго өзенінің аумағын қара түсті құлдарды сату базары ретінде қолдану және оларды тасымалдау кезінде транзиттік жолдарды қолдануға тыйым салынды.
Келесі маңызды акт - бұл 1890 жылғы Брюссель конференциясының Бас актісі, онда құлдарды сатумен күрес жөнінде нақты тәжірибелік шаралардың қабылдануы көзделген. Ең маңыздысы - келісуші мемлекеттер еріксіздердің күштеу арқылы ұсталуы үшін қылмыстық жазаны орнататын заңды қабылдауы. Келісуші мемлекеттер құлдарды сатудың алдын алуға бағытталған арнайы іс-шаралар ұйымдастыруға міндеттенді (құлдар тасымалы жүргізілу мүмкін жолдарды жабу үшін арнайы әскери посттарды бекіту; порттарда сәйкес тәртіп орнату және т. б. ) . Сонымен қатар анықталған аумақтық «күдік тудыратын белдеу» бекітілді, онда Үнді мұхитының батыс бөлігі, Қызыл теңіз және Парсы шығанағы кірді, осы жерлерде, көбінесе, еріксіздерді сату жүргізілді, және келісуші мемлекеттердің әскери кемелері күдік тудыратын кемелерде тінту жүргізуге құқығы болды. Бас акті құлдарды сатумен күрес жөнінде арнайы органдарды құруды көздеді - Құлдарды сату жөніндегі құжаттар мен ақпараттарды жинаумен айналысатын Халықаралық теңіз бюросы (Занзибар қаласы) және осы салада статистикалық ақпарат және заңдармен алмасу бойынша делдал функцияларын атқаратын арнайы бюро (Брюссель қаласы) .
Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер құлдықты толығымен жоюға емес, құлдарды сатудың алдын алуға бағытталды. Тек ХХ ғасырда құлдарды сатуға ғана емес, құлдыққа тыйым салатын халықаралық құқықтық актілер пайда болды. 1890 жылғы Брюссель бас актісін жойған 1919 жылғы Сен-Жермен келісім-шарты келісуші мемлекеттерді құлдарды сату және құлдықты толығымен жоюға барлық үлесін қосуға міндеттейді. Осы саладағы халықаралық құқықтық актілер әрі қарай даму тарихы халықаралық қауымдастықпен тығыз байланысты, алғашында Ұлттар Лигасы шегінде, содан соң Біріккен Ұлттар ұйымында [12, 27] .
Ұлттар Лигасының Кеңесі 1924 жылы 12 маусымда даярланған баяндама негізінде құлдық жөнінде Уақытша комиссия құрды, біраз уақыттан соң Құлдық туралы конвенция қабылданды, 1926 жылы 25 қыркүйекте қол қойылды (КСРО қатысушысы болды) . Бұл конвенция адам саудасымен күреске бағытталған қазіргі халықаралық құқықтың нормалар жүйесінің пайда болуындағы басты қайнар көздерінің бірі ретінде қаралады.
Адам саудасымен күреске бағытталған нормалары бар әрбір халықаралық шарттың құқықтық маңыздылығын бағалау кезінде осы жұмыс
шегінде екі жағдай ескеріледі:
- адам саудасымен күрес саласындағы құқықтық саланың құрылуына әсер ететін категориялық аппарат;
- мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің мазмұны мен көлемі, себебі заңды міндеттемелер оларды орындау барысында нақты шарттық және кәдімгі нормаларға, яғни халықаралық стандарттар ретінде қаралатын нормаларға сүйенеді [13, 26] . И. И. Лукашук пен А. В. Наумов халықаралық стандарттарды «халықаралық қауымдастықпен танылған қажетті талаптар дәрежесі ретінде танылған», нақты жағдайда адам саудасымен күрес саласындағы, адам құқықтарын жүзеге асыруға ұсынылған
стандарттар ретінде анықтайды [14, 30] .
Қазіргі таңда адамды сату қылмыстарымен күреске, оларды жоюға бағытталған келісім-шарттар мен конвенциялар біршама. Оларға мына конвенциялар жатады: 1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдыққа қатысты БҰҰ конвенциясы, 1930 жылғы 28 маусымдағы №29 ХЕҰ-ның мәжбүрлі және міндетті еңбекке қатысты конвенциясы, 1945 жылғы 8 тамыздағы Еуропалық мемлекеттер белдеуіндегі басты әскери қылмыскерлерді жазалау мен соттау үшін Халықаралық әскери трибунал жарғысы, 1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясы, 1949 жылғы 2 желтоқсандағы Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам саудасымен күрес туралы БҰҰ конвенциясы, 1950 жылғы 4 қарашадағы Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенция, 1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен институттарды жою туралы БҰҰ осыма конвенциясы, 1957 жылғы 25 маусымдағы еріксіз еңбекті жою туралы №105 ХЕҰ-ның конвенциясы, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт, 1968 жылғы 26 қарашадағы Әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға талаптың ескіруін қолданбау туралы БҰҰ конвенциясы, 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция, 1979 жылғы 18 желтоқсандағы Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы конвенция, 1989 жылғы 20 қарашадағы Балалар құқығы туралы конвенция, 1990 жылғы 18 желтоқсандағы Барлық еңбек етуші-мигранттар мен олардың жанұя мүшелерін қорғау туралы халықаралық конвенция, 1993 жылғы 29 мамырдағы Шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық және балаларды қорғау туралы конвенция, 1998 жылғы 17 шілдедегі Халықаралық қылмыстық соттың Рим статуты, 1999 жылғы 17 маусымдағы Балалардың еңбегінің ең жаман нысандарының жойылуы бойынша тыйым салу мен тез арадағы шаралар туралы №182 ХЕҰ конвенциясы, 2000 жылғы 25 мамырдағы Балаларды сату, бала жезөкшелігі мен бала порнографиясына қатысты балалар құқығы туралы БҰҰ конвенциясына №2 Қосымша хаттама, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияны толықтыратын адамды сату, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен ескерту туралы №2 Хаттама, және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz