Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . 5Фразеология ғылымы туралы түсініктер . . . 5Аударма теориясы мен оның түрлері . . . 15Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық тіркестер және олардың орналасу тәртібі . . . 23
- АДАМДЫ СИПАТТАЙТЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ . . . 28Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің аудармасы және оның тәсілдері . . . 28Адамның жағымды қасиеттерін сипаттайтын фразеологизмдер . . . 33Адамның жағымсыз қасиеттерін сипаттайтын фразеологизмдер . . . 36Адамның бейтарап қасиеттерін сипаттайтын фразеологизмдер . . . 46Көркем шығармаларда кездесетін адамды сипаттайтын фразеологизмдердің анализі (Theodore Dreiser «Sister Carrie» және «The Trilogy of Desire» (Теодор Драйзердің «Сестра Керри» және «Трилогия желания») романдары негізінде) . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Түрлі көңіл - күй адам өмірінің ажырамас қасиеті ретінде тілдік құбылыстардың әр саласында кеңінен танылып отырады. Соңғы уақытта тілдік материалдарды талдаудың басты, маңызды бағыттарының ішінде адамдық фактордың тілдегі орнын зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Адамдық фактордың астарында адамға қатысты бүкіл мазмұн, яғни адамның ішкі өмірі, жан-дүниесі, сондай-ақ оның қылығы мен эмоциясы да қаралады.
Мемлекеттер арасындағы байланыс әртүрлі ұлттық мәдениеттерге жататын келіссөзге қатысушылардың бірін-бірі адекватты түрде түсінетініне байланысты күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық қатынастар арқылы орнатылуда. Ағылшындар мен қазақтардың өмірге деген көзқарасын түсінудің бір мүмкіндігі тілдерді меңгеруді тең дәрежеге қою, ал нақты жадайда бұл адамның мінез-құлқын білдіретін сын есімді фразеологиялық бірліктер болып табылады.
Әр тілдің фразеологиялық бірлігі әлемнің жалпы бейнесін құруда шешуші рөл атқарады. Әлемді фразеологиялық жүйеге негізделген тіл бейнесі арқылы, ұлттық және логико-психологиялық және жеке лингвистикалық негізге сүйене отырылып танылады.
Қазіргі күнде фразеологияның дамуының жоғары деңгейі және ауызекі лексикаға деген қызығушылықтың артуы осы заманғы авторлардың көркем әдебиетінде, апталық басылымдарда және көркем фильмдерде тілдің көкейкестілігі ескеріліп, белгілі бір аспектілерде олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары көрініс табады.
Әртүрлі тілдердің фразеологиялық жүйелерін салыстыра отырып оқу, фразеологияның жалпы теориясын құрастыру және зерттеліп отырған тілдердің жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгеру барысында үлкен рөл атқарады.
Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: ағылшын және қазақ тілдеріндегі адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің салыстырмалы-салғастырмалы анализі мен кешенді оқып білу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - екі тілдегі адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі адамға қатысты фразеологизмдердің қазақ тілінде қаншалықты маңызды екенін және оның бір тілден екінші тілге аударылу кезінде қандай деңгейде ерекшеленетінін, қандай тілдік категориялармен байланысты екенін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің құрамын зерттеу. Берілген фразеологиялық бірліктердің жүйелік-грамматикалық классификациясын келтіру;
- Зерттеліп жатқан тілде семантикалық деңгейде адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді салыстыру және талдау.
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің уәждемелік жігін ашу арқылы екі халық мәдениетінің, ұлттық сананың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсету;
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерді Когнитивті лингвистиканың ұстанымдарына сүйене отырып талдап, оларды «жағымды», «жағымсыз», «бейтарап» көнцептілеріне бөліп зерттеу.
- Көркем шығармада кездесетін адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктерін анықтау және олардың сол тілдегі халықтың ішкі ұлттық мәдени маңызын ашу.
Зерттеу мәліметтері ретінде адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі және оны зерттеу мақсатында Теодор Драйзердің «Сестра Керри» және «Трилогия желания» романдары қолданылды.
Зерттеу объектісі: ағылшын тіліндегі адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің қазақ тіліне аудару мәселесі.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы - бұл қолданылған мәліметтер мен зерттеу қорытындыларын ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесінде, лексикологияда, стилистикада және аударма теориясы мен тәжірибесінде пайдалануға болады.
Жұмыстың жаңалығы адамды сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің қолданылуы;
- фразеологиялық бірліктер жүйесінде жиі қолданылатын адамды сипаттайтын фразеологизмдерді зерттелуі мен олардың компоненттерінің анықталуы;
- "Адам" макроконцептісіне жататын фразеологиялық теңеулер «жағымды»-«жағымсыз», «бейтарап» оппозициялық микроконцептілерге бөлініп қарастырылып, олардың мағына қалыптасуындағы ерекшеліктері анықталды;
- Алғаш рет ағылшын және қазақ халықтарының ұлттық дүниетанымының фразеологиялық теңеулерде көрініс тапқан басты танымдық концептілер аймағы, олардың фразеологиялық теңеулердегі көрініс-мазмұны айқындалып, оның қырлары сарапталды.
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және 49 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
- Фразеология ғылымы туралы түсініктер
Фразеология - тілдегі фразеологизмдерді немесе фразеологиялық бірліктерді (ФБ) зерттейтін ғылыми пән. Фразеологизм дегеніміз семантикалы біртұтас тұрақты сөз тіркестері. «Фразеология» термині бір жағынан, тіл білімінің бөлімін білдіретін болса, екінші жағынан, белгілі бір тілдегі барлық тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы.
Фразеология тұрақты сөз кешенін зерттейтін ғылым ретінде XVIII ғасырда пайда болды. Фразеология теориясының негізі А. А. Потебнидің, М. М. Срезневскийдің, А. А. Шахматованың және Ф. Ф. Фортунованың еңбектерінде қаланған болатын. Сондай-ақ, фразеологияның дамуына үлкен үлес қосқан француз лингвисті Ш. Бали (1865-1947) болды. Батысеуропалық және амермкалық тіл білімінде фразеология жеке сала ретінде қаралмайды. Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл білімінің жеке саласы ретінде -фразеология мәселесі 20-40 жылдардың өзінде Е. Д. Поливанованың, С. И. Абакумованың, Л. А. Булаховскийдің оқу-методолиялық әдебиетінде қарастырылды. Сөйтіп, фразеологияның басты мәселелерін, мақсаттарын, міндеттері мен проблемаларын алғашқы болып тұжырымдаған академик В. В. Виноградовтың іргелі еңбектерінен кейін 20 ғасырдың 40 жылдарында ғана ол лингвистикалық пән ретінде дами бастады [1, 61б. ] . Оның жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып бөлінсе, Шанский бұған фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады [2, 42б. ] . Е. Д. Поливанованың «фразеология» болашақта тіл білімінде (фонетика, морфология және т. б. сияқты) тұрақты ұстанымға ие болады» деген ойы қазірде шындыққа ұласты [1, 61б. ] . Қазақ фразеологизмдерінің бірегей зерттеушісі, ғалым І. Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі арнаға - фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес), фразеологиялық тіркестерге бөледі. Сонымен қоса, фразеологиялық орамдардың мақал-мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте отырып мақал-мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады [3, 218б. ] .
50-ші жылдары негізінен фразеологизмнің сөз бен сөз тіркестерінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарына көп көңіл бөлінді; фразеология мәселесі негізінен оның критерилерін анықтаумен және басты классификациясын айқындауммен шектелген болатын. 50-ші жылдардың аяқ кезінен бастап, фразеология мәселесіне жүйелі әдістеме пайда болды, тілдің құрылымды бірлігі ретінде фразеологизмдерді бейнелеумен байланысты әртүрлі сұрақтар қарастырылды (А. И. Смирницкий, О. С. Ахманова) . Фразеологияның дамуында 60-70-ші жылдар тілдік деректердің жүйелік-деңгейлік идеясына сүйене отырып жасаған фразеология объектілерін зерттейтін фразеологиялық әдістердің өзіндік қарқынды құрастырулармен (В. Л. Архангельский, Н. Н. Амосова, В. П. Жуков, А. В. Кунин, М. Т. Тагиев), фразеологиялық құрамды жүйелі ұйымдастыруды оқып білумен (И. И. Чернышёва, Н. М. Шанский), оның дамуымен (В. Н. Мокиенко, Ф. Н. Попов, А. И. Федоров) ерекшеленеді. Фразеологизмдердің семантикасына, және оның заттық аспектісіне (В. Н. Телия), оның динамикасында сөзжасауға (С. Г. Гаврин, Ю. А. Гвоздарев), сөз компоненттерінің байланысу белгілеріне (М. М. Копыленко, З. Д. Попова), фразеологиялық құрамды салыстырмалы-типологиялық тұрыдан оқуға (Ю. Ю. Авалиани, Л. И. Розейзон), сондай-ақ, сөздіктердегі фразеологизмдерді түсіндіруді құрастыруға үлкен мән берілді (А. М. Бабкин, А. И. Молотков) .
Ағылшын филологиялық ғылымында фразеологиялық мәселе арнайы зерттеу пәні ретінде тек 20 ғасырда ғана енгізілді (Whiting B. J., 1932, Weinreich U., 1969, Frazer B., 1970, Makkai A., 1972, Loevenberg I., 1975) . Тарихта фразеологиялық ғылымның пайда болуы және қазіргі кездегі орны біздің еліміздегі және шет елдердегі, көптеген монографиялардың, мақалалардың және ғылыми, докторлық, кандидаттық зерттеу жұмыстарының жарыққа келуімен байланысты (Амосова Н. Н., 1963, Архангельский В. Л., 1966, жуков В. П., 1967, 1986, Кунин А. В., 1970, 1986, Назарян А. Г., 1987, Телия В. Н., 1968 және басқалары) .
Тіл білімінің бөлімі ретінде фразеология пәні фразеологизмдердің белгілерін категориялы түрде зерттеу негізінде фразеологияның негізгі белгілері айқындап, олардың ерекше тілдік бірлік ретіндегі мәселесін шешеді, сонымен қоса тілдегі фразеологизмдердің қолдану заңдылықтары мен олардың пайда болуын анықтайды. Фразеологияны қанша ғалымдар зерттесе де жеріне жеткізе зерттелген ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп.
Фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеуді оның анықтамасынан бастаған жөн.
«Фразеологиялық бірлік» түсінігіне берілген көптеген анықтамалар бар. А. В. Куниннің ойы бойынша, фразеологилық бірлік - бұл толықтай немесе жартылай қайта қарастырылған мағынасы бар тұрақты лексемалардың байланысы [4, 160б. ] .
«Фразеологиялық мағына» термині 1964 жылы А. В. Кунин мен В. Л. Архангельский ұсынған болатын. Лингвистикалық категория ретінде фразеологиялық мағынаның бар болуы фразеологияны зерттеушілер арасында талқылануда. Эквиваленттік теориясына қатысты лексико-семантикалық жағынан аланда сөзден еш айырмасы жоқ, алайда қай жағынан алмасақ та сөздің лексикалық мағынасы іспеттес болғандықтан фразеологиялық бірлікке лексикалық мағына таңылады.
Фразеологиялық мағынаның жақтастарының ойы бойынша, фразеологизмдерде лексикалық мағынаның бар екендігін мойындау сөйлем құрылысын толықтай елемеуге әкеледі [5, 307б. ] . Сөздің фразеологиялық мағынасы лексикалық мағынасынан заттарды, құбылыстарды, қоршаған орта сипатын бейнелеудегі өзгешелігімен, өз мағынасын дәлелдеудегі айрықшылықтарымен, фразеологизмнің толық мағынасын құрастыру барысындағы компоненттердің рөлімен ерекшеленеді.
Фразеологизмдер белгілерді анықтайтын тілдік бірліктер болып табылады. Көптеген фразеологтардың зерттеулері қай белгінің маңызды екендігіне байланысты - ал бұған байланысты көптеген көзқарастар бар - фразеология шекарасы бірде кеңейіп, бірде тарылғандығын көрсетті. Ең басты, дифференциалды белгі ретінде: басқа тілдерге аударылмайтындығы (Л. А. Булаховский, А. А. Реформатский), бейнелілігі (А. И. Ефимов, Ю. Р. Гепнер), даяр қалпында жұмсалуы (Н. М. Шанский, С. Г. Гаврин, Л. И. Ройзензон), лексемалар мен семемалардың тіркесуі (М. М. Копыленко), компонентішілік байланыс (В. Л. Архангельский), идиоматикалығы (А. И. Смирницкий), номинацияның (есім атауының) толықтығы (И. С. Торопцев), лексикалық бөлінбеушілігі (Е. А. Иванникова) және т. б. [6, 34б. ] .
А. И. Молотков фразеологизмнің басты категориалдық белгілері ретінде лексикалық мағынаны, компоненттік құрам және грамматикалық мағынаны ұсынады. А. М. Бабкин болса, мағыналық біртұтастық, сөздердің тұрақты тіркесуі, екі ойлы мағына, экспрессивті-эмоционалды мәнерлілік фразеологизмге тән деп көрсетеді [7, 26б. ] .
Зерттеушілердің көзқарастарының әртүрлі болуының себебін фразеологиялық бірліктің категориалды тілдік бірлік ретіндегі қиындығымен түсіндіруге болады. Осыған қарамастан ғалымдардың зерттеулерінде кездесетін ұқсастықтар да бар.
Фразеологиялық бірліктерге тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: тұрақтылық белгісі, даяр қалпында қайталану белгісі және мағыналық тұтастық белгісі [6, 5б. ] .
Тұрақтылық - бүтіннің бөлшектер ретінде ұғынылатын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) құралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді [8, 168б. ] . В. П. Жуков «тұрақтылық» және «даяр қалпында қайталану» белгілерін салыстыра отырып зерттейді, олар бір-біріне жақын болғанмен бірдей емес. Және барлық тұрақты тілдік бірліктер даяр қалпында қайталанбайды, және барлық даяр қалпында қайталанатын бірліктер тұрақты болып табылмайды [6, 6б. ] . Фразеологиялық оралым құрамы компоненттілігінің тұрақтылығы, фразеологиялық бірліктердің ауқымының кеңеюіне байланысты компоненттердің түрленуі арқылы көрсетілуі оның қозғалыштығымен диалектикалық қарама-қарсылықта болады [9, 3б. ] .
А. В. Кунин тұрақтылық белгісін кешенді түрде қарастырады. Фразеологиялық бірліктердің тұрақтылығы негізінде, олардың элементтерінің өзгермейтіндігін бөліп көрсете отырып, ол фразеологиялық тұрақтылықтың 5 түрін ұсынады: қолдану тұрақтылығы, яғни, фразеологизм бөлек құрылым емес тілдік бірлік екендігін көрсетеді, құрылымды-семантикалық тұрақтылық (ФБ кем дегенде екі сөзден тұрады, типтік мағынасы жоқ құрылым болып табылады), семантикалық және лексикалық тұрақтылық, сондай-ақ фразеологиялық бірліктердің компоненттерінің орнының толық өзгертілмейтіндігін айқындайтын синтаксистік тұрақтылық [4, 6-8б. ] . Сонымен, тұрақтылық - бұл абсолютті өзгерілмеушілік емес, тұрақты сөз тіркесін әртүрлі күйде айтуға болатын, бірақ мағынасы өзгермейтін жағдайда ғана трансформацияның түрленуінің шектелуі [10, 559б. ] .
Фразеологиялық бірліктің даяр қалпында қайталану белгісі, қарым-қатынас барысында, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас бірлік ретінде жұмсалады. Фразеологиялық оралымның бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда, ашық-айқын көрінеді [11, 171б. ] . Сонымен, фразеологиялық оралымның даяр қалпын сақтай отыра қолдану белгісі оны сөзбен жақындастырады да, еркін сөз тіркестерінен ажыратады. Фразеологиялық оралымға тән белгілер бірден екі бағытта қызмет етеді деуіміз де осыдан. Фразеологиялық оралым - сөйлеу кезінде құрастырылмайтын, өзінің даяр тұрған қалпын сақтай отыра жұмсалатын біртұтас бірлік, ал еркін сөз тіркесі - сөйлеу кезінде белгілі бір үлгілер бойынша құрастырылатын, осыған орай, сөйлеушінің тілдің белгілі бір заңдарына сәйкестендіріп, өзінше құрастыруына көнетін синтаксистік бірлік. Даяр қалпы қайталану белгісі сөз бен фразеологиялық оралымға бірдей қатысты барлық басқа белгілерді, атап айтқанда, фразеологиялық оралымның (сондай-ақ, сөздің) құрамы мен құрылымының тұрақтылық белгісі мен мағыналық тұтастық белгісін ашып айқындайды [8, 168б. ] .
Фразеологизмнің тағы бір универсалды белгілерінің бірі мағыналық тұтастық белгісі. Мағыналық тұтастық адам санасындағы шынайылықты және олардың арасындағы байланысты орнату негізінде ойдағы объектілердің ерекшеліктерін танып білудің бір тәсілі болып табылады [12, 132б. ] . А. В. Кунин мағыналық тұтастықтың екі типін көрсетеді: жай және күрделі. «Қазіргі ағылшын тілінің фразеологиясы курсы» атты кітабында ол былай деп жазады: «жай мағыналық тұтастық прототипі болып табылатын еркін сөз тіркестері немесе сөйлемдер арқылы фразеологиялық бірлік пайда болады» [12, 143б. ] . Оның ойынша, күрделі мағыналық тұтастық жай мағыналық тұтастыққа қарағанда «шиеленістіретін фактор» болып табылады [12, 147б. ] .
Метафора мен метонимия мағыналық тұтастықтың басты түрлері болып табылады.
Екі түсініктің белгілерінің ұқсастығына негізделген контекстуальды мағына мен заттық-логикалық мағынаның қарым-қатынасы метафора деп аталады. Метафораның болуы үшін екі түрлі мағынаны беретін сөзді тіркесу мүшелері нақтылап көрсететін контекст қажет [13, 125б. ] . А. И. Гальперин: «метафора - сөздердің жаңа мағынасы мен жаңа сөздердің пайда болуына әкелетін жол болып табылады. Бұл процесс басқа да процестердегі сияқты сөздердің мағынасының өзгеруі - лексикология саласы болып табылады. Бірақ бұл процесте орталық деңгей бар. Әлі жаңа мағына жоқ, бірақ оның қолдануы әдетке айналып кеткен» [13, 126б. ] . В. В. Виноградов метафораға «дүниеге деген көзқарастың жекелігін бекіту акті, жеке изоляцияның актi» деп сипаттама береді. Метфорада қатаң белгіленген әлемді қабылдаудағы жеке тенденциялары бар жекеленген субъект кенеттен пайда болады [14, 89б. ] . В. Н. Телияның айтуы бойынша жаңа сөздерді жасау құралы ретінде метафораның өнімді болуы үшін метафораға тән параметр - оның матрицалығы маңызды рөл атқарады. Таңдаудың қандай түрі болмасын адамның өзінің практикалық тәжірибесінде кездесетін көзқарасы бойынша, немесе кеңістікте қабылданатын объектер бойынша анықтау қабілеттілігі метафора үшін негіз болып табылады [15, 136б. ] .
В. П. Жуков, фразеологиялық бірліктің компоненттерінің деактуализациялануы көп жағдайларда еркін сөз тіркестерінің метафоралық қайта қаралуы - метафоризация объектісін тудырады деп санайды. Еркін сөз тіркесін метафоризациялау барысында жалпылама-астарлы мағыналы фразеологизм туады, және осындай фразеологизмнің құрамындағы компоненттерінде астарлы мағына болмайды [6, 8б. ] .
Метафораның негізінде жасалған бейне тұрақты, басқаша айтқанда фразеологияға бейнелік метафора тән. Бірақ, метафораның оның екінші функциясы болып табылатын номинацияға өтуі үшін, Н. Д. Арутюновтың тұжырымдамасы бойынша, семантикалық екі жобалылығын жоққа шығарады, яғни ең соңында метафораның жойылуына әкеліп соғады [16, 58б. ] .
Сондай-ақ, фразеологиялық бірліктің түбінде метонимиялық қайта қарастыру болуы мүмкін.
Метонимия лингвистикада әртүрлі жолдармен анықталады. Кейбір лингвистер метонимияны атауларды ұғымдардың шектестігі бойынша алмастыру деп анықтаса, басқалары метонимияны кең түрде қарастырып, оны екі ұғымның арасында бар болатын қатынастар бойынша заттың бір атауын екінші атпен алмастырады деп анықтайды. Екінші анықтаманың кеңдігі сонша, ол бір ұғымды әртүрлі жағдайларда басқа ұғыммен алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, мысалы, салдарды себеппен алмастыру немесе толық бөлікпен, немесе нақты абстрактіні бұл анықтамаға алмастыруды метонимияға теңестіруге болады [13, 130б. ] . А. И. Гальперин метонимияны «заттардың арасындағы нақты байланысты анықтауға негізделген лексикалық мағыналардың екі типтерінің - заттық-логикалық және контекстік қарым-қатынасы» деп атады [13, 130б. ] .
Фразеологиялық қайта қарастыруды түсінудегі басты нәрсе, фразеологиялық номинацияны түсіну болып табылады.
Номинация - бұл «тiл элементтерiнiң жанында олармен белгіленген объекттермен ара қатыста болатын аттың процесі және нәтижесi» [17, 30б. ] . Фразеологиялық номинация екілік жанама номинация бола отырып, біліктілік процесімен қиындатылған. Бұл барлық фразеологиялық бірліктердің нақты прагматикалық потенциал алып жүретіндігіне әкеледі [18, 8б. ] . В. Н. Телидің ойы бойынша, тілде «осы тілдегі жүйе үшін заңды болатын атаудың әдістері және ондағы жетіспейтін атау септікті құралдарды толықтыратын осындай екілік атаулар бекітіледі» [15, 129б. ] . Ономасиологиялық процесс теориясы фразеологизациялау тетігінің екі негізгі бағытын танып біледі. Бірінші бағыт бойынша, фразеономинацияның пайда болуы фразеологиялық бірліктің жиі қолданатын даяр қалпында қайталануына дейін жылдар бойы созылатын, біртіндеген және ақырын процесс болып табылады. Екінші бағыт бойынша, бұл процесс тез, бір сәттілік, адам миының жұмыс істеуі заттануға, дыбыстық қауызда кейбір бүтіндей мазмұнға қатысты фразеобірігудің тұрақтануына әкеледі.
Фразеологиялық мағынаны түсінуде қайта қарастырумен, тұрақтылықпен және даяр күйінде қабылдаумен бірге оның ішкі формасы түсінігі маңызды рөл атқарады.
Еркін сөз тіркестерінің өзара әрекеттесуі негізінде қайта қаралған фразеологизм арқылы фразеологиялық бірліктің смантикалық жүйесінде өмір сүретін және көп жағдайларда оның семантикалық эволюциясын алдын ала анықтайтын фразеологизмнің ішкі түрі, ішкі формасы пайда болады. Тура сондай лексикалық құрамдағы еркін сөз тіркестеріне бекітіле алатын ішкі түрі тек фразеологизмдерге ғана тән. О. Б. Латиннің ойы бойынша, ішкі түр екілік номинация мақсаты үшін кейбiр маңызды байланысты жасауға немесе байланыс жүйесін жіберуге (бүтіндік ахуалға) бағытталған, ол сонымен бірге санада ойдағы байланыстардың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа ішкі формамен білдірілетін типтелген ахуал өзінде нақтылы бүтiндiк бағытына бекітілген осы қоғамдағы тарихи даму процесінде қоғамдық тәжірибемен істеп шығарылған алдыңғы ұрпақтардың жеке санасын алып жүредi [19, 137б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz