Xviii ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси жағдайы


Кіріспе2
1. XVIII ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және ішкі саяси жағдайы. 3
2. XVIII ғ. басындағы Ресей мен Қазақстан4
3. Қазақстанның Ресей құрамына енуінің бастапқы сатысы4
4 Абылайдың әскери басқару қызметі. 6
Қорытынды7
Пайдаланылған әдебиеттер8
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі.
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж. ) және Астрахань (1556 ж. ) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді.
Мақсаты. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан, Шымкент, Алматы және Ұлы жүз аумағындағы басқа да қалалар мен мекендерді ашық түрде басып алу Қазақстанды Ресейге бағындыру процесін аяқтады. Қазақ жерлері Ресей меншігіне айналды.
Міндеттері
1. XVIII ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және ішкі саяси жағдайы.1. XVIII ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және ішкі саяси жағдайы
2. XVIII ғ. басындағы Ресей мен Қазақстан
3. Қазақстанның Ресей құрамына енуінің бастапқы сатысы
4 Абылайдың әскери басқару қызметі
Қазан (1552), Астрахань(1556) хандықтарын және Еділ бойы халықтарын жаулап алған соң, Ресей қазақ жеріне көз тікті. Өйткені қазақ даласы Ресей үшін Азия елдерін бағындыруға жол ашатын қақпа еді. Қазақстанға табан тіреу мақсатымен экспедициялар жіберіліп, әскері бекіністер салынды.
Қазақ жерлерін Ресейге қосуда Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) белсенділік танытты. Ол ең алдымен жеке басының қамын көздеп, Ресейге сүйене отырып бүкіл қазақ жүздеріне өз билігін жүргізбек болды. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж. ) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілхайырханнын мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.
1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.
Осылайша Кіші жүз және Орта жүз қазақтары өздерінің ең жақсы жайылымдарынан айырылды.
ХVІІІ ғасырда Ресейдің отарлық әкімшілігі қазақ жеріне тереңдеп ене бастады және қазақ қоғамының экономикалық негізін шайқалтты. Бұл қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресіне әкелді. Күрес сонымен бірге патша үкіметінің құйыршықтарына айналған кейбір қазақ билеушілеріне де қарсы бағытталды. 18 ғ. басында Ресей империясы Петр I оңтүстікке «қиыршық алтын» шығатын жерлерді іздеуге арнайы әскери экспедициялар жібереді. Бірақ бұл экспедициялар сәтсіз аяқталды, сондықтан да Ресей үкіметі бейбіт дипломатиялық жолмен байланыс жасауға көшеді.
Ресей дипломатиясы қазақ-орыс қатынастарының жүргізілуіне жағдай жасады. Осы кезде қазақ ханы Тәукенің атына хат жіберіп, онда негізінен дауласқан сұрақтарды келісім арқылы шешу жолдары көрсетілген. ХVШғ. басында қазақ-орыс қатынастарында Бекболат Әшекеев және Байдәулет Буриевтің басшылығымен Қайып ханның елшілігі 1716 ж. қыркүйегінде, 1716 ж. қазанында Никита Белоусовтың басшылығымен елшілігі, 1717 ж. аяғында Б. Брянцевтың елшілігі, 1718 ж. қазанында Шабу және Баһадур басшылығымен елшіліктер қазақ-орыс қатынастарының жақындауына әкелді.
2. XVIII ғ. басындағы Ресей мен ҚазақстанXVIII ғ. 20-жылдарында қазақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап және одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар мен қалмақтармен күресуге әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1730 ж. Ресейге елшілік жібереді.
Әбілқайыр ханның бірінші жіберген елшілігі нәтижесіз болды, сондықтан да екінші рет елшілік жібереді. Себептері: біріншіден, оны қазақ ортасында ешкімнің елемеуі, екіншіден, ол Орта Азия территориясында, осымен қатар, қазақ коғамында өзінін позициясын бекітуді ойлады. А. Тевкелев басқарған Кіші жүздің Ресейге қосылуы (1731-1732) жайындағы елшілік миссиясы аяқталғаннан кейін «орыс бодандығында қазақтарды ұстау және оларды басқару» жөніндегі жоспар жасалынды, сонымен қатар башқұрт жерлерін бекіту, сауда қатынастарын жүргізу үшін Орынбор қаласын салуды жоспарлады. Осы уақытта Ресей мен Қазақстанның арасында сауда байланыстар жасауға қолайлы жағдайлар жасала бастады. Қазақ ұлыстарына Ресей саудасы үлкен қажеттілік еді. Түркістан - Ташкент өңірінен айрылған қазақтың көшпелі ұлыстары үшін рынок аса қажет болды.
XVIII ғ. 40-жылдардың аяғында Орынборда 150 лавкалары және қоймалары бар тастан үйлер салынды, ал 1754 жылы қазақтарға және азиялық көпестерге арналған күзде, қыста және жазда сауда жасайтын арнайы орындар салынды. Сонымен қатар, бұған ұқсас сауда орындары Семей, Жәміш, Троицк жерлерінде де салынды. Бұл тұрақтар алғашқыда бекініс ретінде салынып, кейіннен Ресей мен Қазақстанның арасында сауда орталықтарына айналды. 1738 ж. орыс-азиат саудасының есу қар қышы байқалады.
Қазақстанның экономикасында Семей, Орск (Жаманкала), Гурьев (Үйшік), Орал (Теке), Қызылжар бекінісі маңызды рөл атқарды. Орта-азиялық және Шығыс Түркістанның көпестері көп мөлшерде мақта-маталар, ыдыстар, көкөністер, кілемдер, қару-жарақ, нан және күріш әкеліп отырды. Көшпелілердің отырықшылыққа көше бастауына сауданың дамуы себеп болды. Енді кешпелілер қалалардан және елді мекендердегі сауда орталықтарға, жәрмеңкелерге жақын кешіп бағыт ала бастады. Қазақтардың материалдық мәдениеті дамып ауырлай түсті - Жердің тарылуы, бекініс шептері, соғыс кесірінен қазақ шаруашылығында күрт мал саны азайып кетті, ол көшпеліліктің құлдырауына әкеп соқтырды.
3. Қазақстанның Ресей құрамына енуінің бастапқы сатысыХУШ ғ. басы орыс мемлекетінің нығаюының және империялық кезеңге етудің басы болып саналады. Ол XVIII ғ. 20-жылдарында бастау алған қазақ хандығымен белсенді саяси байланыстардың дамумен сипатталады. Жоңғарлардың шабуылынан кейін (1717-1718 жж. және 1723-1725 жж. ) қазақтың көп теге тайпалары ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Көптеген тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы калмақ, башқұрт елдерімен қоныстас болды. 1726 ж. Кіші жүз езінің шекаралық келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елшілік жібереді. Екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де аса пайдалы екендігі Петр I заманында-ақ белгілі болды.
1730 ж. маусымда Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Иоанновнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Сейіт құл Қайдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған хат жеткізуші елшілікті 1730 жылы қыркүйекте Петербургке жібереді. Осы уақытта Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Қабардин княжествосы, Грузия енген болатын. Ресей Әбілқайырдың елшілерін құрмет көрсетіп және сыйлықтар сыйлап қарсы алады. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және оның қарамағындағы қазақ ұлысына Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
Қазақстанға Әбілқайыр ханнан ант алуға Шет ездер коллегиясының аудармашысы А. Тевкелев басшылығымен елшілік келеді. 1731 жылы А. Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Осы жерде қазақ билеуін ілерінің арасында бодандыққа көшу туралы бірліктің жоқтығы байқалды. Билердің және сұлтандардың көпшілігі «орыс боданды» туралы естігілері де келмеді. Бірақ Тевкелев табын руынан шыққан Бөкенбай батырың және оның күйеу баласы Есет батырға арқа сүйеді. Нәтижесінде 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, Бекенбай және Есет батырлар бодандықта қабылдап, ант береді. Осылайша, Ресейге Кіші жүздің қосылуы басталды. 1732 жылы 24 қарашада А. Тевкелев елшілігі кері қайтады. Қазақстанның Ресейге қосылуы қиын жағдайлармен басталды және бейбіт тур де жүріп, XIX ғ. 50-60 ж. әскери-соғыс шаралары арқылы аяқталды. Сонымен бұл процесс бір жарық ғасырға созылды деп айта аламыз.
XVIII г. 30-ж. ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе Орга жүзге қысым керсе те бастады. Орта жүз ешкімге тәуелді болмай, ез еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да (1822 Сібір қазақтарының жарғысына дейін) Орта жүз тәуелсіз болып қала берді. 1822 жылы белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен
“Сібір қырғыздары туралы жарғы” жасалды. Оның басты міндеті Қазақстандағы тəуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына қосып алу болды. Осы мақсатпен Орта жүз жерлерінде хандық билік жойылып, сыртқы округтер ұйымдастырылды. Олардың басына “округтік приказдар” қойылды. Приказдарды аға сұлтандар басқаруға тиіс болды. Оларға заседательдер ретінде 2 “құрметті қырғыз” жəне 2 орыс тағайындалды.
Аға сұлтан сұлтандар жиналысында 2 жылға сайланды. Заседательдер де сол мерзімге тағайындалды. Аға сұлтанға “Ресей қызметінің майоры” деген əскери атақ берілді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін олардың “орыс дворянына лайық” деген диплом сұрауға құқығы болды. Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Əрбір округтің қатаң межеленген жері болды. Бұл округтің тұрғындары басқа округтің жеріне жергілікті бастықтың арнайы рұқсатынсыз өте алмайтын еді. Өз бетімен өтіп кетудің қандайы болсын қатаң жазаланды. Болыстардың басында болыстық ағамандар тұрды, олар патша өкіметіне шын берілген сұлтандар мен билерден сайланды. Болыстарды басқаратын сұлтандар мен билер 12 класты шенеуніктерге теңестірілді. Болыс 10-12 ауылдан тұрды, оларды ағаман билер басқарды. Əр ауылда 50- ден 70-ке дейін шаңырақ болды. Орта жүздегі хандық билік осы Жарғы бойынша таратылды. Ал 1824 жылы “Орынбор қырғыздарының жарғысы” бойынша Кіші жүздегі хандық билік те жойылып, Батыс Қазақстан даласы билеуші сұлтандар басқарған үш алқапқа - батыс, орта жəне шығыс алқаптарға бөлінді. Халық алдында олардың салмағын арттыру үшін əрбір билеуші сұлтанға алтын қылыш, ту, қызмет дəрежесі көрсетілген грамота берілді.
4 Абылайдың әскери басқару қызметі. ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz