Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі


Жоспар

Кіріспе

1. Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі

2. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптастыру және даму кезеңі

3. Экология ғылымының өрлеу кезеңі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.

Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған еддерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.

Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.

Өткен кезендердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.

Мақсаты :

Биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Міндеттері :

  • популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу,
  • экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу,
  • индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
1. Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология, геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік деп ерекшелеуге болады. Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалақ және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр. Биоэкологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология: -аутэкология(особьтар және организмдер экологиясы) ;
-дэмэкология(популияциялар экологиясы) ;
- эйдэкология(түрлер экологиясы) ;
-синэкология(қауымдастықтар экологиясы) ;
- биогеоценология(экожүйелер туралы ілім) ;
- ғаламдық экология болып бөлінеді.
Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларын сәйкес биоэкологияны:
микроорганизмдер экологиясы;
саңырауқұлақтар экологиясы;

өсімдіктер экологиясы;

жануарлар экологиясы деп бөледі.

Жалпы экология (экзоэкология) - тірі материяның жоғары: организм, популияция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық экология сияқты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жаңа бөлімі эндоэкология зерттейді. XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт - геоэкология дами бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда. Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және әлеуметтік экология болып табылады. Адам экологиясы - кешенді антропожүйе мен биосфераның бір біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтік экология - қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді. 1974 жылы американдық эколог Барри Колемонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтырып экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады:

1. Табиғатта бәрі өзара байланысты.

2. Мәңгілік ешнәрсе жоқ.

3. Табиғаттың талғамы күшті.

4. Өздігінен ештеңе болмайды.

Экология - биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Ікезең. Биоэкологиялык зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдын аяқ шенін камтиды. Мəселен, К. Линей (1707-1788), Ж Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас 71741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е. Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уəлиханов (1835-1865), т. б. экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу жəне даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т. б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен əлеуметтік, экономикалық жағдайлар жəне проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы жəне адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дəрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дəрежесінің жоғары болуына ықпал ету
Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі - табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық - ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару аса күрделі үрдіс, өйткені мұнда табиғи және қоғамдық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.
Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір - бірімен тығыз байланысты. Әсіресе жоғарыда айтылған экология саласындағы еңбектің қоғамдық сипатына байланысты басқарудың барлық әдістері үйлесімді, кешенді қолдануы тиіс, сонда ғана ол нәтижелі болады.
Әкімшілік басқару жүйесі - табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектерін белгілеуге басым назар аударылады.
Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.
2 . Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т. б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдеріменбайланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т. б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т. б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті. Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т. б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ. Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектеріменқатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың"Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А. Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т. б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды. Аристотель шәкірті Т. Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді. XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К. Ф. Рульенің, Н. А. Северцевтің, А. Н. Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч. Дарвин, В. В. Докучаев, В. И. Вернадский, В. Н. Сукачев, Н. Ф. Реймерстің үлесі жоғары болды. Экология ғылымының даму кезеңдері: І кезеңде (1707-1924 жж. ) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты; ІІ кезеңде (1924-1980 жж. ) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті; ІІІ кезеңде (1980-2000 жж. ) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті. Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді. «Экология» гректің oicos - үй және logos - ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым. «Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған. Экологияның зерттеу әдістері: 1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады. 2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы - «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы - «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді. Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды. Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді. Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады. Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан - 2030″ Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу. Екінші кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру. Yшінші кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет: климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту; биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу; экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту; Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу; су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу; табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Қойылған міндеттерді шешуге: Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру; табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру; қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл; экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы; қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді) ; өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары) ; шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Бастауыш сыныптарға жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Экология ғылымы - дүниеге көзқарас
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологияның даму тарихы мен кезеңдері
Экология ғылымы және оның міндеттері
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz