Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы заңды мұрагерліктің негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 4
1 МҰРАГЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР . . . 7
- Мұрагерліктің түсінігі, мәні, негіздері және мұрагерлік қатынастардың қалыптасуының кейбір тарихи қырлары . . . 7
- Мұраның құрамы және субъектілері . . . 16
- Мұраның ашылу уақыты мен орны . . . 29
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 36
- Заңды мұрагерліктің түсінігі, мәні және мұрагерлік жүйесінде алатын орны . . . 36
- Заңды мұрагерліктің және мұраға мұрагерлерді шақырудың кезектілігі . . . 38
- Мүліктің жеке түрлері бойынша заңды мұрагерліктің ерекшеліктері . . . 49
- Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлік кезінде оны басқару . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Мұрагерлік институты қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірінде үлкен рөл атқарады.
Мұрагерлік - қоғамның экономикалық дамуының жемісі. Себебі, қоғам дамуымен мұрагерлік институты қатар дамып келеді. Қазақ тарихы мұрагерлік институтының еуропадан келгендігін көрсете отырып, аталған институттың орнына тарихымызда еншілік институтының болғандығын атап өтеді. Бұл екі институттың ерекшелігі енші адамның тірі кезінде жүзеге асырылатын болса, мұрагерлік адамның қайтыс болуымен байланысты және оның тәртібі өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен бірге өзгеріп отырады. Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алады. Сондықтан, заңнамаларды зерттеп отыру және оның тәжірибеде қолданылуына түйін жасап отыру қажет.
Нарықтық экономиканың қазіргі даму жағдайларында меншік құқығы негізінде азаматқа тиесілі болатын мүлік, не саны, не сапасы, не құрамы бойынша шектелмеген. Азаматтың жеке меншігіндегі анағұрлым бағалы мүлік ретінде -пәтерлер мен тұрғын үйлер, акциялар мен бағалы қағаздар, банкке депозитке салынған ақша және басқа да мүліктер танылды.
Экономикалық жағдайлардың өзгеруі, азаматтардың жеке меншігін бекіту және оны мемлекет тарапынан халықаралық қорғау, мұрагерлік механизмін нақты реттеу қажеттілігін тудырды.
Мұрагерлік құқық адамдардың конституциялық құқығы ретінде қорғалып, оған кепілдік берілетін болды. Сондықтан, сол кезден бастап мұрагерлік құқық өзінің өзектілігін сақтап келеді және өмірдің қарыштап дамып, адамдардың меншігіндегі мүліктің құны мен саны шектелмейтін болғандықтан оның маңызы арта түсуде. Себебі, меншігінде белгілі бір мөлшердегі мүлкі болғанда оны мұраға кімге, қандай үлесте қалдыруға болады деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты мұрагерлік құқық институтынан табуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында да меншікке қатысты бабында мұрагерлік туралы ерекше атап өткен. ҚР Конституциясының 26-бабы 2-тармағында: «Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі», - деп жарияланған [1] . Бұл конституциялық ереже.
Жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарылауына және оның нәтижесінде мүдделігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.
Жалпы, мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Азаматтардың мұра ретінде өтетін мүліктері - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын жеке меншігі. Егер де азамат өлген жағдайға ешкандай өзіні мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Қорыта айтқанда, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етеді, сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланыста ықпалын тигізеді және бекітеді.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің тұрақтанбай, түрлі-түрлі өзгерістерге ұшырауына қазіргі заңдардың жете зерттелмей Парламентке ұсына салу фактілері жиі кездесуде, ал, ондай пісіп жетілмеген заңдар қарапайым жалпы халықты түсінбеушілікке, шатасуға әкеліп соқтыруда.
Сондықтан да, заңды түрде әкеден балаға немесе ең жақын туыстарына мұрагерлік мүлік қалай қалу керек, оның қандай заңды жолдары бар, мұрагерлік калай іске асады деген сұрақтардың туындауы да заңды.
Жалпы қазіргі замаңғы құқықта бірінші орынға заңды мұрагерлікке қарағанда, мұра қалдырушының соңғы еркін анағұрлым нақты орындауға мүмкіндік беретін, мұрагерліктің басымдық берілген түрі ретінде-өсиет бойынша мұрагерлік алға қойылған. Алайда, өмірде өсиет бойынша мұраға ие болуға қарағанда, заң бойынша мұраға ие болу фактісі көптеп кездеседі. Меніңше, мұның бірнеше себебі бар: біріншіден, мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін азаматтардың заң бойынша мұраны бөлісу тәртібі ыңғайлы. Бұл түсінікті де, өйткені мұра қалдырушының ең жақын туысқандары заң бойынша мұрагер болып табылады.
Екіншіден, ажал күтпеген жағдайда келеді, азаматтардың көпшілігі дер кезінде өсиет қалдырып үлгере алмайды; үшіншіден, біреулер өсиет жазып, алдын ала өлім туралы ойлағысы келмейді. Сондықтан, заң бойынша мұраға ие болудағы даулар да жиі кездеседі. Жалпы алғанда, өсиет жазу фактілері өте сирек кездеседі.
Сонымен, біздің елде заңды мұрагерліктің өзектілігі - заңды мұрагерлік мұрагерліктің альтернативті (балама) түрі болып табылатындығына қарамастан, тәжірибе көрсетіп отырғандай, заңды мұрагерлік өсиет бойынша мұрагерлікке қарағанда жиі кездесетінімен түсіндіріледі. Яғни адамдардың аз ғана саны өсиет қалдыру құқығын пайдалануға бел буады. Сондықтан заңды мұрагерлік институтын заңды түрде реттеу, ғылыми зерттеу және талқылау өте қажет.
Қазақстандық заңдық әдебиеттерде мұрагерлік туралы мәселелер Ю. Т. Басин, М. Л. Сарсембаев, Г. А. Жайлин, Э. Шукашева, З. Ш. Рашидова. А. Диденко, Э. Б. Бабанова және басқа да авторлардың еңбегінде қарастырылған.
Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты болып Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды мұрагерліктің құқықтық сипатын кешенді түрде зерттеу табылады.
Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып біз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:
- Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету әдіс-тәсілдері жүйесінде мұрагерліктің жалпы сипаттамасын беру; Заңды мұрагерліктің ерекшеліктерін қарастыру; Заңды мұрагерлік бойынша мұраны алу үшін мұрагерлерді шақыру кезектілігіне және негіздеріне талдау жүргізу; Мүліктің жеке түрлері бойынша заңды мұрагерліктің ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың барысында алдына қойылған мақсаты мен міндеттері, зерттеу логикасы дипломның келесі құрылымын: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрап отыр.
Дипломдық жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың еңбегін пайдалана отырып, солардың ішінен, әсіресе, Сүлейменов М. К., Басин Ю. Г., Климкин С. И., Братусь С. Н., Стамкулов У. М., Төлеуғалиев Ғ. И., Барщевский М. Ю., Власов Ю. Н., Вишневский А. А., Диденко А., Шевченко С., Иоффе О. С., Шершеневич Г. Ф. және басқа заңгер-ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.
- МҰРАГЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРМұрагерліктің түсінігі, мәні, негіздері және мұрагерлік қатынастардың қалыптасуының кейбір тарихи қырлары
Мұрагерлік-қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) -мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік түсінігін анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:
- құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы арқылы өтеді;
- азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
- мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған кездегі заңмен реттеледі.
Мұрагерліктің әмбебап анықтамасы бойынша - мұрагерлік деп қайтыс болған адамның -мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің оның мұрагерлеріне, мұрагерлік құқықтың нормаларына сәйкес ауысуы деп түсінуіміз керек.
Серебровский В. И. осыған байланысты өзінің келесідей анықтамасын берген болатын, яғни мұрагерлік немесе мұрагерлік мирасқорлық деп қайтыс болған адамның мүлкінің басқа түлғаға немесе тұлғаларға-оның мұрагерлеріне-заңмен бекітілген тәртіпте ауысуы [2, 52б. ] . Алайда Серебровский В. И. -ң бұл анықтамасы не ғылыми әдебиетте, не заң шығарушы органдарынан қолдау таппады. Айтылғанға қатысты, бүгінгі күндегі қолданыстағы заңнама бойынша мұрагерлікте, бірінші дәрежелі маңызға ие және заттық құқықтың объектісі ретінде тек қана мүлік емес, сонымен қатар міндеттемелік құқық та ауысатының ескерер болсақ, онда алғашында берілген анықтаманы дұрыс деп есептеуге болады.
Мұрагерліктің түсінігін нақтылай келер болсақ, келесідей мән-жайларды атап өту қажет:
- Мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлерге әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен, егер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ережелерінен өзгеше туындамаса, біріңғай тұтас нәрсе ретінде және бір мерзімде ауысады;
- Мұрагерлерге мұраға қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің ауысуы тікелей Азаматтық кодекспен немесе өзге де заңдармен жол берілмейтін немесе осы құқықтар мен міндеттердің өзіне қайшы келетіндерден өзге барлық құқықтар мен міндеттер ауысады.
Басшылыққа алынатын заңнаманың қолданысы туралы сұрақ ерекше шешіледі. Мұрагерлік туралы дау бойынша істерді қарастырған кезде, мұраның құрамы мен мұрагерлердің тобы, мұраны қабылдау мерзімі мен тәртібі- мұра ашылған күні қолданыста болған заңның нормаларына сәйкес анықталады. Заң шығарушы органның іс-әрекеті бойынша сұрақ ерекше шешіледі және де оларға толығымен сүйену керек.
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?
- Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді
- Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
- Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын білмейтін еді.
Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға мүдделі.
Мұрагерліктің негіздері . Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы мұрагерліктің екі негізін бекітеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1039-бабына сәйкес, мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлік - мұрагерлік құқықтың дербес институттары. Және мұнда ең басты негізге-мұра қалдырушының еркі алынған [3, 8б. ] .
Нақты өмірде заң бойынша мұрагерлік, өсиет бойынша мұрагерлікке қарағанда жиі кездеседі. Біздің азаматтар өсиет жазуға және өз көз-қарасы бойынша мұрагерліктің тәртібін өзгертуге тырыспайды. Бұған себеп жетерлік. Кейбіреулерін мұрагерліктің тиісті нормаларымен бекітілген, қайтыс болғаннан кейін мүлікті тағайындау тәртібі қанағаттандырады. Басқалары болса өсиет жазуға үлгермейді немесе бұл туралы ойланбайды да. Айта кететін жағдай, психологиялық фактор да аз роль ойнамайды. Бірақ негізгі себептерге, біздің ойымызша, заңи еңжарлықты (әрекетсіздікті) және біздің азаматтардың білімінің төмендігін жатқызуға болады.
Заң бойынша мұрагерлік келесідей жағдайларда:
- өсиет болмағанда; өсиет бойынша мұрагер өз мұрасынан бас тартқанда; өсиет бойынша мұрагер лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілсе; егер мүліктің бір бөлігі ғана өсиет етілсе; егер өсиет толығымен немесе бір бөлігі жарамсыз деп танылса (соңғы жағдайда өсиеттік өкім мүліктің қай бөлігіне қатысты жарамсыз деп танылса, мүліктің сол бөлігі ғана мұрагерлікке заң бойынша беріледі) ; өсиет бойынша мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болғанда орын алады.
Нотариаттық және соттық тәжірибеде шекаралық жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, мұра қалдырушы белгілі бір тұлғаға мүліктің тек бір бөлігін ғана өсиет етеді де, екінші (өсиет етілмеген) бір бөлігі мұрагерліктің ережелеріне сәйкес заң бойынша ауысады. Сондықтан өсиет бар болғанда заң бойынша мұрагерліктің ережелері толықтырушы сипатқа ие болады және өсиет етілмеген мүлікке ғана қатысты қолданылады [4, 307б. ] .
Мұрагерлік қатынастардың қалыптасуының кейбір тарихи қырлары.
Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі-мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі.
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік-бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат өлген жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді.
Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына. Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды.
Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.
Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқа да жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасуы мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол үшін мұра қалдыру тәртібін әртүрлі әлеуметтік-экономикалық нысандарда қарастыру керек. Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық-экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат және патриархат кезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып келген.
Матриархаттың бастапқы кезеңінде топтық неке орын алды, онда бір топ ер адамдар бір топ әйелдермен некеге тұрады. Өндірістің негізгі құралдары (жер, аң және балық аулайтын құралдар), сонымен қатар бірге дайындалатын және пайдаланылатын (тұрғын үй, қайық, азық-түлік және т. б) заттар рудың жеке меншігі болып танылды.
Рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет-ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген адамға тиісті болған мүлік жақын тұқымдастарының арасында бөлінді. Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді. Жеке өзі пайдаланылатын құнды заттар олардың иесімен бірге көмілді.
Матриархат кезеңінде жеке меншіктің әр түрлілігі мен мөлшері аз болғандықтан мұрагерлікке ешкім мүдделі болған жоқ.
Патриархат кезеңі бірнеше өндірістік күштердің адамның қызметінің барлық шаруашылық саласында дамумен сипатталады.
Жеке меншіктің ер адамның қолында болған соң, оның отбасы шеңберінде сақтап қалу қажеттігі туды. Сондықтан меншік иесі өлген соң мүлікті тек өзіне жақын адамдар мұрагерлер болғанын дұрыс көрді. Мұрагерлік мүлікті өз баларына қалдыру үшін, меншік иесі некеде туған балалар мұра қалдырушының туған баласы болуы қажет.
Өндірістік қатынастары өзгерген соң мұра қалдыру тәртібіде өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы, мұрагерлердің шеңбрінің тарылуынаалып келді. Матриархат кезеңіндегі мұра қалдыру тәртібі бойынша өлген адамның мүлігі барлық ру мүшелерінің арасында бөлінген болса, патриархаттың алғашқы кезеңінде мұрагерлік-агнаттық тәртіппен ауыстырылды. Өлген адамның мүлкі патриархалды отбасының шегінен шықпай, агнаттар арасында бөлінді. Қалған туыстары мұра ретінде тек агнаттардан ешкім қалмағанда ғана алатын. Агнаттар деп мұра қалдырушының агнатты туыстықтағы тұлғаларды атаған. Агнаттық туысқандарға: отбасы иесін, оның әйелін, олардың ұлдары мен күйеуге шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен оның балалары және де асырап алған тұлғалар кірді.
Рулық қауымдастықтың соңғы кезеңінде өсиет мұра қалдыру институты пайда болды.
Сонымен алғашқы қауымдық құрылыста мұра қалдырудың ешқандай тәртібі болмаған. Қоғамның экономикалық дамуының өнімі мұрагерлік өмірдегі өндіріс құралдарының тәсілдерінде болған өзгерістермен бірге ауысты. Өндірістік күштердің дамуымен тамақтану үшін туыстық негізіндегі бір топқа жиналған тұлғалардың шеңбері тарылды. Сонымен қатар мұрагерлердің де саны азайды. Демек шаруашылық жүргізудің экономикалық негізгі өндіріс құралдарына деген қауымдық меншік болған соң мұрагерлік мүлік өндірістік коллективтің шегінен шықпады [ 5, 23б. ] .
Өндіріс құралдарына деген ортақ меншікті мұра қалдырушы өз еркімен билей алмады. Сондықтан рулық қауымдастыққа өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болмады. Жеке меншік пайда болған соң (Рулық қауымдастықтың соңғы этапында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды.
Құл иеленушілік құрылыста мұрагерліктің орын алуы. Құл иеленушілік қоғам екі негізгі топқа бөлінді: құл иеленушілер және құлдар.
Құлдық құрылыстың экономикалық негізі болып, өндіріс құралдары мен құлдарға деген құл иеленушінің меншігі табылды. Жаңа қоғамдық-экономикалық формацияға өту сол уақытқа өндірістік күштердің өсуі қарқынды болды.
Мемлекетпен бірге құқық пайда болды. Құлдық мемлекеттердің алғашқы заңдары алғашқы қауымдық құрлыстың соңғы кезінде жүзеге асырылатын мұрагерліктің үшінші мұрагерлік тәртіптегі қатынастарды реттеп, бекітті. Сонымен қатар заңдарда мүлік иеленушінің құқықтары, оған өсиет ету құқықтарын беру жолымен ұлғайтылды.
Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте заң мен өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болғанын көруге болады. Мұра қалдырудың жариялылық нысаны ғана рұқсат етілген. Мұра қалдырушы жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Мұра қалдырушы өзінің мүлкін тек заңды мұрагерлерге ғана емес, сондай-ақ басқа тұлғаларға қалдыра алды. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның мүлкі заңды мұрагерлеріне беріледі. Мұрагерлердің бірінші кезегінде мұра қалдырушының балалары тұрады. Мұрагерлік мүлік балаларының арасында тең үлесте бөлінеді. Балалары болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның ағалары мен апалары саналады.
Құл иеленушілік құрылыстағы мұрагерлік қатынастардың толық түрде реттелуі Рим құқығында берілген.
Рим құқығының көне мұрасы болып 12 таблицалық заң болып табылады. Онда патриархаттың соңғы кезеңіндегі мұра қалдырудың тәртібі бекітілген болатын және мұра қалдыру екендігі танылды.
Рим құқығы өсиет бойынша немесе заң бойынша мұра қалдыруды рұқсат етті. Мұра қалдырудың екі түрі де бір уақытта әрекет ете алмады. Өсиет бойынша мұра қалдыру заң бойынша мұра қалдыруды рұқсат етпеді [ 6, 268 б. ] .
Басқа да құл иеленуші мемлекеттерде сияқты Рим құқығы да мұра қалдырудың жария нысанын қарастырады. Мұра қалдырудың мұндай нысаны мұра қалдырушы отбасы мүшелерін мұрагерлік қателіктерінен сақтаған. Өйткені халық жиналысы мұра қалдыруды әділетсіз деп таныса, рұқсат етілмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz