Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін арттыруда оқу-танымдық әрекетті жетілдіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс әрекеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.1 Оқушылардың танымдық іс.әрекеті, танымдық белсенділігі туралы педагогикалық ой.пікірлердің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Танымдық іс әрекет жеке тұлға дамуының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3 Танымдық іс.әрекеттегі белсенділік деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Танымдық іс.әрекетте белсенділікті дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... . 21

2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс.әрекетін арттыруда оқу.танымдық әрекетті жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

2.1 Оқушылардың танымдық іс.әрекеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... 34
2.2 Өздігінен жұмыс істеу . оқушының танымдық іс.әрекет белсенділігін арттыру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.3 Танымдық іс.әрекеттерін арттыру тиімділігі.озық педагогикалық технологияларда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
2.4 Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы ... ... ... .. 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61.64
“ ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет,”—деп Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласының алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттердің мақсаттарын ол “Қазақстан – 2030” еңбегінде былай деп көрсетеді: “Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру”[1].
Қазірдің өзінде білім беру жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер жүзеге асырылуда. Еліміздің саяси-экономикалық даму деңгейінің жоғарылауына байланысты жалпыға бірдей білім беру талаптары да өсуде.
Қазақстан Республиласының “Білім туралы” заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеті былай көрсетілген: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.”
Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдармаларының сапасын арттыру керек. Әсіресе, мектепті жаңа сипат пен санаға ие болып отырған әлеуметтік ортаға нақтылы кіргізу тұжырымдама-сын жан-жақты қарап және іске асыра отырып, қысқа мерзім ішінде білім беруді инфрақұрылым тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін шешу дәл қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып,терең білімді,ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.Танымдық белсенділік- оқушының оқуға , білуге деген ынта-ықыласының ерекше көрінісі.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі-таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы
ілім болып табылады. Бұл теория білім беру мен оқытуды арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі-танымдық белсенділік пен саналылық.
Нормативтік-құқықтық актілер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005 жыл 18 ақпан.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 01.03.2006ж
3. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000ж.
4. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы 1999ж .7маусым
5. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
7. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
8. Абықанова Б., Ілиясов Н. Танымдық белсенділік және дербес Іс -әрекет. – Алматы, // Қазақстан мектебі №4.2004- 37 б.
9. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы.,1991- 115 б.
10. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы, 1996-223 б.
11. Ахметов.С. Бастауыш класта білім берудің тиімділігін арттыру жолдары. Алматы., Рауан, 1994.
12. Әбілқасымова А.Е.Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалып-тастыру. – Алматы, 1994-240 б.
13. Әбиев Ж .Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика. – Алматы – Дарын – 2004 – 189 б.
14. Бабанский Ю., Педагогика. – М., 1988. 23 –тарау.
15. Бегалиева Н. Танымдық іс -әрекет Алматы, // Қазақстан мектебі,№1, 2003ж. – 59 б.
16. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003
17. Едігенова А. Танымдық қызығу ерекшеліктері – Алматы,// Қазақстан мектебі, №10. 2003ж – 48 б.
18. Жанпейісова М.М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. – Алматы ,2001 – 160 б
19. Жарықбаев Қ .Ұстаздық еткен жалықпас.- Алматы, 1987 – 87 б.
20. Жолдыбекова.К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту. //Қазақ тілі мен әдебиеті//., 2003, №11, 976.
21. Жолдыбекова.К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту. //Қазақ тілі мен әдебиеті//., 2004, №5,746.
22. Ильин Т. Педагогика, - М., 1984.
23. Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз. Тараз университеті, 2004.
24. Қоянбаев Б. Ж. Педагогика. – Алматы, “Рауан”, 1992 – 240 б.
25. Морозов Н.Г. Учителю о познавательном процессе. М.,1979.
26. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.
27. Мырзабаев. А .Б Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Қарағанды., 2004.
28. Пазылова Г. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру –Алматы, // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж. –17 б.
29. Рысбекова А. Танымдық қабілетті арттыру шарттары – Алматы,
30. Қазақстан мектебі, №7, 2004ж. – 38 б.
31. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары – Алматы, Мектеп, 1978 – 183 б.
32. Садықов, Тоқмұхамед Сәлменұлы , Әбілқасымова, Алма Есімбекқызы.
33. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері [Мәтін] 2005 жыл
34. Тұрғынбаева. Б. Тренер, доцент, пед. Ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі. Профессиональное развитие из опыта учителей. Алматы., 2004, 43-506.
35. Тұрғынбаева. Б. Тренер, доцент, пед. Ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі. Шығармашылық қабілеттері және дамыту оқыту. Алматы., 1999.
36. Шайзатова. Д. Шығармашылық дамудың, қозғалыстың көзі.//Қазақ тілі мен әдебиеті//, 2003,№12,78-856
37. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности
38. учащихся в учебном процессе. – М., 1979 – 160 ст.
Юркевич В.С.
40. Светлая радость познания – М.,1977 – 110 ст. 40.Игры для интенсивного обучения /Под ред. В.В.Петрусинского. -М.: Педагогика, 1991.
41.Инге Унт. Индивидуализация и дифференциация обучения. М.: Педагогика 1990.
42.Караев Ж.А. Взаимосвзь технологизации и компьютеризации обучения математике. – Алматы, 1999.
43.Караев Ж.А. Технологизация процесса обучения в средней школе // Поиск. 2000.№2. С. 117-126.
44.Караев Ж.А. Педагогические технологии и мониторинг развития учащихся // Матер. Респуб. научно-практической конференции. –Алматы, 1999. С.15-19.
Дидактика средней школы. – М.: Педагогика, 1982.
45.Краевский В.В. Методология педагогического исследования. – Самара, 1994.
46.Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. –Рига, 1995.
47.Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика. Усть-Каменогорск, 1977.
48.Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаева Г., Иманбаева С., Айтмамбетова Б., Бейсенбаева А. Мектептегi тәрбие жұмысының теориясы мен әдiстемесi. - Алматы “РБК” 1999.
49.Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн дамытудың педагогикалық негiздерi- Алматы “Бiлiм” 2001.
50.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы (I том). Құрастырушылар: Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. -Алматы “Рауан” 1994.
51. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы (IIтом). Құрастырушылар: Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. -Алматы “Рауан” 1998.
52.Құсайынов А. К. Қазақ ұлт мектебi адамзаттық мәдениет пен этномәдениеттiң өзара бiрлiгiнде дамиды / Егемен Қазақстан, 2003, 22 ақпан.
53.Кiшiбеков Д. Қазақ менталитетi: кеше, бүгiн, ертең. Алматы “Ғылым” 1999.
54.Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. – Алматы, 1993.
55.Қоянбаев Ж. Балаларды отбасында тәрбиелеу. Алматы, 1977.
56.Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелерi. - Алматы “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2002.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс әрекеттерін қалыптастырудың
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
. 1.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеті, танымдық белсенділігі туралы
педагогикалық ой-пікірлердің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 6
1.2 Танымдық іс әрекет жеке тұлға дамуының негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Танымдық іс-әрекеттегі белсенділік
деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
4. Танымдық іс-әрекетте белсенділікті дамыту жолдары
... ... ... ... ... ... ... . 21

2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін арттыруда оқу-танымдық
әрекетті жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

1. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... 34
2. Өздігінен жұмыс істеу - оқушының танымдық іс-әрекет белсенділігін
арттыру құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 40
3. Танымдық іс-әрекеттерін арттыру тиімділігі-озық педагогикалық
технологияларда
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 48
4. Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы ... ... ... ..
51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
58
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 61-64

Кіріспе

“ ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.
Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет,”—деп Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім
беру саласының алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттердің мақсаттарын
ол “Қазақстан – 2030” еңбегінде былай деп көрсетеді: “Әлемдік білім беру
кеңістігінде ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті мамандар
дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық моделін
қалыптастыру”[1].
Қазірдің өзінде білім беру жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер жүзеге
асырылуда. Еліміздің саяси-экономикалық даму деңгейінің жоғарылауына
байланысты жалпыға бірдей білім беру талаптары да өсуде.
Қазақстан Республиласының “Білім туралы” заңының 8-бабында білім беру
жүйесінің басты міндеті былай көрсетілген: “Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.”
Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп,
педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдармаларының
сапасын арттыру керек. Әсіресе, мектепті жаңа сипат пен санаға ие болып
отырған әлеуметтік ортаға нақтылы кіргізу тұжырымдама-сын жан-жақты қарап
және іске асыра отырып, қысқа мерзім ішінде білім беруді инфрақұрылым
тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін шешу дәл қазіргі уақытта өте маңызды
болып отыр.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті,
саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы
орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдана
отырып,терең білімді,ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық
ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне
ерекше мән берілуде.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.Танымдық
белсенділік- оқушының оқуға , білуге деген ынта-ықыласының ерекше көрінісі.

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі-таным теориясы,
оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы
ілім болып табылады. Бұл теория білім беру мен оқытуды арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту
теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі-танымдық
белсенділік пен саналылық.
Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі-
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушы-лардың алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады Осыдан
келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділкті
қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін,
оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен
кітап оқып,тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Сабақ барысында
оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой
қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік,
байқағыштық,ойлау және сөйлеу дербестігі.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педа-гогикалық
ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті
дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы төрт бағытты бөліп
көрсетуге болады. Олар: әлеуметтік-педагогикалық бағыт, дидактикалық-
әдістемелік бағыт, психологиялық –дидактикалық бағыт және жаңашыл
педагогикалық бағыт. Сократ, Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алған
бұл зерттеулерді кейін Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский,
Ы.Алтынсарин,А.П.Вахтеровтар жалғастырды.
Оқытудың жаңа технологиясы (иноватика, танымдық белсенділікті дамыту,
модуль жүйесі т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп
жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Қазіргі психология және педагогика дәлелдегендей белсенді тұлғаның
дамуы кез-келген әрекетте бола қоймайды, ол тек ұжымдық сипаттағы әрекетте,
шығармашылық элементтері мол, адамның назарын аударатын және сана -сезімді
оятатын, индивиді үшін жеке маңызы бар әрекетте болады.
Педагогикалық үрдісте осы жағдайды іске асыру, психологиялық шарттарды
есепке алмай оның жасалмайтынын, оқу әрекетін ойдағыдай табысты ұйымдастыру
мүмкін болмайтынын білдіреді.
Оқушылардың белсенділігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі қазіргі
кездегі мектеп жұмысының ерекшелігімен білінеді: қоғамдық әлеуметтік
тапсырыспен белсенді, шығармашыл тұлға қалыптастыру және дамыту
қажеттілігімен оқыту міндеттерінің күрделенуі; білім мазмұнының күрделенуі;
қарқынды техникалық прогреске байланысты ғылыми ақпараттың тез жинақталуы
мен дамуы болады.
Бұл оқушыларды оқу-танымдық әрекетте белсенді түрде өзін-өзі
белсендіруге дайындау қажеттілігін тудырады. Осы ерекшеліктердің аясында
дидактика өз назарын оқыту мен оқуды белсендіру мәселелерінде ұстайды. Бұл
жағынан оқу мотивациясы мекемелеріне арналған зерттеулер құнды болып
табылады. Бұл ең алдымен Г.И.Щукина, Л.И.Божович, В.Р.Ильиннің еңбектері.
Авторлар танымдық мүдде мен танымдық қажеттілікті жан-жақты және терең
зерделеген.
Соңғы жылдары оқушының танымдық белсенділігі туралы М.А.Даниловтың,
П.И.Пидикасистыйдың, Н.А.Половникованың және т.б еңбектері жарық көрді.
Оқуды белсендіру теориясы мен практикасын дамытуда оқыту әдістерін
жетілдірумен байланысты зерттеулер зор маңызға ие болып отыр. Ол
А.Н.Алексюктің, Ю.К.Бабанскийдің, М.Н.Скаткиннің зерттеулері. Оқуды
белсендірудің маңызды құралы оқушыларды жалпы оқу біліктілігіне үйрету
болып табылады. Педагогикадағы бұл аспектіні Л.П.Аристова, Т.И.Шамова
әзірлеуде. Олар өз зерттеулерінде оқушылардың оқуын белсендірудің құралдар
жүйесі мен оны қалыптастырудың жолдарын айқындайды.
Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұрған Қазақстанның білім Беру
саласы үшін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қазақ мектептерінде
өзекті мәселеге айналып отыр. Соңғы уақытта білім саласында жүргізіліп
жатқан реформалар ұстаздардың алдына
жаңа міндеттер қойып отыр.Әрбір мұғалім оқу бағдарламасын орындаумен қатар
ғылыми жұмыспен айналысуы қажет.Бұл-бүгінгі күннің талабы. Жалпы білім
беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-
13 жылға ұзартуды,жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен
кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді.
Республиканың мектептерінде 270 мыңдай педагог жұмыс істеп, бүгінгі күн
талабына сәйкес білім сапасын көтеру үшін еңбек етуде.Сондықтан оқушы
тұлғасын оқыту барысында белсендіру мәселесінің өзектілігі менің зерттеу
тақырыбыма негіз болып отыр: “Оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып
оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары”.
Зерттеудің мақсаты: Оқу – тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс әрекеттерін қалыптастырудың теориялық негіздерін жасау және
оның әдістемесін құру.
Зерттеу міндеттері:
1. Танымдық белсенділік ұғымының мазмұнын ашу.
2.Танымдық іс-әрекеттеін арттыру жолдарын талдау.
3.Танымдық іс-әрекет қалыптастыру әдістемесін негіздеу.
Зерттеу нысаны: Мектептің оқу тәрбие процесі .
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс әрететтерін
қалыптастыру процесі.
Ғылыми болжам: Егерде ұтымды оқыту әдістерін, техникалық құралдар, оқыту
формаларын шебер пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін
тудырып, оқуға қызығушылығын арттыруға болады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер қолданылды:
1.Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерді оқу,сараптау,талдау.
2.Бағдарламаларға және оқу-құралдарына талдау жасау.
3.Әңгімелесу,сауалнама,сұхбат.
4.Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу.

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың
теориялық негіздері

. 1.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеті, танымдық белсенділігі, танымдық
ізденімпаздығы туралы педагогикалық ой-пікілердің даму тарихы

Оқушылардың танымдық әрекеті,белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы
туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады.
Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық белсенділігі мен
ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсетті. Оқытуды
күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы
пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде, сонан соң И.Г.Песталлоци мен
А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, А.Дистервег оқыту
барысында баланың ізденімпаздығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса
маңызды құралдарының бірі деп есептейді.
Н.Г.Чернышевский: ”Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам
болғысы келсе, өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуға тиіс”,-деп жазды.
Танымдық іс-әрекетте белсенділік туралы ғалымдар арасында ортақ пікір
қалыптаспады. Бір авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде,
екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
“Танымдық белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана
жұмылдыруына жатқызбаймыз,қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде
қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны мен үрдісіне
көзқарасында, оның білімді және әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде
тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық
мақсаттарға жұмыл-дыруында көрініс табады,”-деп атап көрсетті Т.И. Шамова.
Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетініне сүйене отырып, ол
оның үш деңгейін бөліп көрсетеді: жаңғырту,түсіндіруші белсенділіктер және
белсенділіктің шығармашылық деңгейі.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық мәселе ретінде педагог
В.И.Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттеледі. Танымдық белсенділік
күрделі педагогикалық құбылыс болып табылады, оның мазмұнын тек кешенді
түрде ашу арқылы ғана түсінуге болады.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық
ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті
дамыту идеяларын зерттеу мен талдау негізінде жалпы төрт бағытты атауға
болады.
1. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт - ежелгі дәуірден басталады. Оның
көрнекті өкілдері: Сократ, Платон, Аристотель.Олардың пікірінше, белсенді
ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің алғы шарты болып табылады
және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс-
әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді
игеруде белсенділігі артады.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компонелла еңбектерінде
жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл
азамат тәрбиелеу талабы туындады.
2.Дидактикалық әдістемелік бағыт - Я.А Коменскийдің еңбектерінен
бастау алады. Оның “Ұлы дидактика” еңбегінде жазылған дидактикалық
принциптерін ұсына келіп, оқушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыру және
оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бұл
бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл
Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталлоцидің еңбектерінде көрініс тапты.
3.Психологиялық-дидактикалық бағыт - К.Д.Ушинский, Ы.Алтын-сарин
еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың танымдық әрекеті туралы К.Д.Ушинский
“Өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы-деп
есептеді. К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның
пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ол оқушының білімді игеруі
өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.
4. Жаңашыл педагогикалық бағыт - Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі
қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен
айқындалады.
Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту,
модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде,мультимидия жүйесін қолдану
т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы
білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Ю.К. Бабанский білім берудің оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.И.Махмутов
проблемалық оқыту жүйесін ұсынды.
Оқушының оқу танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының
бірі – оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы
Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, С.Смаилов еңбектері маңызды.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Ол
танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті
орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады.
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет мәселесіне
арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға әкелді:
белсенділік – жек тұлғаның алуан қырлы болмыс – бітімі болып табылады, ол
сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен
өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс
болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.
Оқушылардың оқу –танымдық қызметін арттыру, дұрыс әрі нақты әрекеттер
негізінде іске асады.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1 – дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап,
қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмты-лысымен
сипатталады.Белсенділіктің 1 – дәрежесіндегі көрсеткіш - оқушының бойында
білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2– дәреже -түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге оны
өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану
жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының
бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда
оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3– дәреже - шығармашылық белсенділік – оқушының тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл
дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әралуандығы. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және
күрделі үрдіс, оның барысында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды,
жеке адамның әрекет жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың балаларды
қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат құбылыстарымен
таныстыру қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен
отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді
танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары
жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды. Бала өмірінде 6
жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады.
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп – жетілуіндегі елеулі
өзгерістерімен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс -әрекетінің,
қарым –қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен түсіндіріледі,
өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге
асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы
өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын
нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу
арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) дамиды.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдас-пауымен
ерекшеленеді, сонымен қатар оларда “ білуге құмарлық, әуестік те”
байқалады. Олар өздеріне күнделіті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан
қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш
мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді
тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды,
назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап
етеді.Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық
болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш
болады. Олардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске
оп-оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен
орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму
үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар
заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балаларды бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.
Танымдық іс - әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық
мәселелері жөнінде оқу -әдістемелік, психология – педагогикалық
әдебиеттерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты
бөліп көрсетуге болады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын
танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский,
М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттыруының
тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу
әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова,
М.А.Құдайқұловтардың еңбектері маңызды.

1.2 Танымдық іс әрекет жеке тұлға дамуының негізі.

Әрекет – қоғам мен адам туралы ғылымдардың зерттеу объектісі. Бұл
адам дамуының негізі болып табылады. Кез келген әрекеттің нәтижесінде
бізді қоршаған болмыста өзгерістер болады. Педагогика ғылымында әрекеттің
ролі баланың дамуының негізі ретінде қарастырылады. Баланың қандай әрекет
кезінде белсенді дамитыны ғалымдарды ертеден қызықтырды. Мектепке дейінгі
кезеңде ол – ойын, мектеп кезеңінде – оқу деген пікір қалыптасты. Қоғам
дамуындағы болып жатқан өзгерістерге байланысты соңғы уақытта мұндай
көзқарастарға өзгерістер. Баланы жан- жақты дамыту, оны жеке тұлға ретінде
қоғам өміріне араластыру әрекетінің әр түрін қолдануды талап етеді.
Сондықтан баланың дамуына еңбек, оқу, ойын әрекеттері бірдей әсер етеді.
Педагогикалық үрдісте әрекет мақсаты қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Бұл
ұстаздар үшін бала дамуының қажетті шарты мақсатты айқын түсіну деген сөз.
Оқушы алда тұрған мақсатты түсініп, соған жету үшін әрекет етуі
қажет. Балаға бұл мақсатты ұстаздары түсіндіреді. Оқушыда әрекет барысында
ішкі мотив дамымайынша нәтижеге жету мүмкін емес. Психологиялық –
педагогикалық зерттеулер мақсат пен мотив арасындағы қарама – қайшылықтар
жеке тұлғаның дамуына әсер ететінін көрсетті. Жақсы оқитын оқушылардың
мотивтерінің өзі әртүрлі болады. Оқу – біреуіне еңбек, енді біреуіне
жолдастарымен қарым – қатынас, ол үшінші біреулерге еріксіз айналысатын іс
-әрекет.
Әрекеттің мазмұны да әр түрлі болады: еңбек, танымдық, қоғамдық,
шығармашылық және т.б. Егер әрекет бала үшін жаңалық болса, оның
қызығушылығы да жоғары болады; егер таныс болса, жаңа тапсырмалар оның
шеберлігін арттырады.
Педагогикалық әрекеттің мазмұны бағдарламалармен анықталады. Ол
бағдарламалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, физиалогиялық даму
ерекшеліктеріне негізделген.
Қазіргі психология әрекеттің сапалық құрылымы ретінде – мақсат, іс -
әрекет, іс -әрекет құралдарын қарастырады. Педагогикалық үрдістің талабы –
оқу –тәрбие ісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруы.
Іс -әрекеттің мақсаты педагогикалық үрдісте қоғамдық талаптардың
негізінде қойылады.Бұл оқушыны қоғамдық өмірге үйрету, қоғамға пайда
келтіру деген сөз. Сондықтан мұғалім бұл мақсаттың қоғам үшін маңызды
екенін түсінуі қажет.
Егер бала іс -әрекетінің мақсатын анық түсінбесе, онда оның әрекет
нәтижесі баланың дамуы үшін маңызды болмайды. Баланың ішкі мотиві қоғамдық
талаптармен үндес болуы қажет.Әйтпесе, бала дамуы мен қоғамдық қажеттілік
арасында қайшылықтар туындайды. Бұл өз кезегінде мектептегі оқу –тәрбие
жұмысында қиыншылықтар туғызады.
Кез –келген іс -әрекетті жүзеге асыру үшін оның “құралдарын” білу
қажет.Психологияда ол – тәсілдер, педагогикада ол – дағдылар. Бұл тәсілдер
мен дағдылар арнайы ұйымдастырған үрдістер арқылы жүзеге асады.
Іс-әрекеттің жемісі – оның нәтижесі. Бұл –дамудың, білімнің, дағдының
бала бойындағы көрсеткіші.
Оқушының іс -әрекетке бейімделуіне қажетті жағдайлар:
1.Жалпы әрекет түрлерін ғана емес, сондай –ақ жеке іс -әрекет
түрлерін де кеңінен қолдану.
2.Іс-әрекетті бірте–бірте түрі жағынан да, мазмұны жағынан да
күрделендіру.
3. Іс -әрекет барысында баланың белсенділігі мен дербестігін дамыту.

Педагогикалық үрдіс әрбір әрекеттің психологиялық негізін ескеруі
қажет. Ойын кезінде баланың дербестігі мен шығармашылығын дамытуға баса
назар аударылады. Әрекеттің бұл түрі тек баланы ғана емес, ересек адамның
дамуына да әсер етеді. Оқу үрдісі ойын және еңбек сияқты әрекеттің басқа
түрлерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. К.Д.Ушинский еңбектің
психикалық үрдістерді және адамның рухани дамуына үлкен әсер ететінін атап
көрсеткен. Баланың жан –жақты дамуына оның танымдық белсенділігін арттыру
үлкен жол ашады. Сондықтан біз өз зерттеуімізде, әрекеттің оқу үрдісі
барысындағы белсінділікке әсерін анықтаймыз. Әрекет баланы рухани және
физиологиялық тұрғыдан дамытады. Оны дұрыс ұйымдастыру, қоғам талабына
сай жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біздің қоғамда бұл
міндет жалпыға білім беретін мектептер жүйесіне жүктеліп отыр.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, іс - әрекеттің қалыптасуы
өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік
орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның
кәсіби іс - әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және
тәрбие үрдісі, сондай – ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс
- әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі
үрдіс.Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс - әрекетте оларды бағыттайтын,
тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де
байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс - әрекетте ілгері қарай
басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден
білуге қадам басқанда әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі,
оларды шешу жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі,
ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі болып
отыр. Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік, және
дене күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен
анықталатын білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу – танымдық іс -
әрекетін басқару болып табылады.Оқушының басқару іс - әрекеті өзінің және
оқушының іс - әрекетін жоспарлаудан, оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке
тұлғалық дамуын болжаудан тұрады. Оқытушы өз қызметін шебер ұйымдастыра
отырып, оқушының да танымдық іс - әрекетін өз бетімен жоспарлап, оны
оңтайлы ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін үйретеді.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл
–ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек
адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі, сұрағына
жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл
баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын әрекетімен
байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс
-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7
жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа
адамдар, жаңа орын, іс -әрекеттің жаңа түрі (оқу).
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұ-
ны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық
қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын
өте күрделі процес. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс
-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да
баладағы танымдық қызығудың даму деңгейін тек нақты жасқа байланысты деп те
қарастыруға болмайды.
Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдей
емес қызығу болуы мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәсе-лелер
В.Дорохова, Р.Жданова, Е.Киричук, О.Саулина, Л.Трегубованың жұмыстарында
қарастырылған.
Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі
әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында – ақ оны ашық
түсті заттар, қатты шықан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала
осы тітіркендіргештерді күнделікті үздісіз қабылдайды және оларға қайта
–қайта тілек білдіреді.
Білуге құмарлық –бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін
тануына, оған терең енуіне көмектеседі.Баланың мұндай құмарлығын өзін
қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады.
Балалардың өте ерте балалық шағында “қайда?”, “неге?”, “бұл не?”,
“неліктен?” және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығудың пайда
болуымен байланыстыруға болады.Мұны танымдық қызығудың бастауы десек
болады.
Қызығу өз бетімен пайда болмайды, ол әлеуметтік ортаның, ересектердің
әсерінен пайда болады. Балалардың қызығуы олардың жас және дербес
ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу–тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары
болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез- құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде
дамиды. Әрекеттің баланың дамуы үрдісіндегі маңызы ерекше.
Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып,
бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын
негізгі үлгіні ата –анасынан, мұғалімінен алады. Оның танып –білсем деген
ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту
үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды.
Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы
білуі керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі –
балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана
емес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар,
түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына балалар жауап
күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау
керектігі туады.Балалардың қоғамда алатын орны, қарым –қатынасы, әлеуметтік
өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдауы,
ойлауы, қиялы, тағы басқада көптеген мәселелер ғылымның сан –саласын
тоғыстыратын күрделі әлем.
Балада мектеп жасының белгісі оқуға қызығу қалыптаса бастайды. Осыған
байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен
бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері
қандай болатынын сабаққа қалай қызығатынын жан –жақты білу үшін оқу –тәрбие
жұмысын жақсы ұйымдастырып,оқу үлгерімін арттырудың маңызы зор.Бала оқуға,
сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс -әрекеті сәтті
болады, білімді де сапалы меңгереді. Егер оқу пәніне, тәрбие жұмысына
қызығуы болмаса, онда “ оқудың да, тәрбиенің де” нәтижесі дұрыс болмайтыны
түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап
ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.
Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұға-
лімдер ұжымы. Оқушы оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі,
сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі. Сәтімен меңгерілген білім
қуаныш туғызады. Бала алдымен оқудың мазмұнына, оқудың әдісіне қызыға
бастайды. Әуелі жеке пәнге , кейін бінеше пәнге қызығады. Тұрақты қызығу
ересек және жасөспірім кезінде орнығады.
Мақсатсыз жұмыс – ең қызықсыз жұмыс . Сондықтан да оқушылардың оқуға
қызығуы туындау үшін олардың не істеп және қандай нәтиже алатынын білуі,
сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы аса қажет.
Оқушылар өздерінің қызығуын қанағаттандыру үшін іс -әрекеттің әр түрімен
шұғылданады . Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс -әрекет,
танымдық мүмеіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.
Адамның кез –келген әрекеті белгілі бір себептен туып, нақты
мақсатқа жетуге бағытталған. Оқушы іс -әрекетінің негізгі түрі: оқудың да
өзіне тән мотивтері болады. Егер балалардың іс -әрекетінде мотив
болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін.Мұғалімге және оқушыға тән
мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет.
Демек, қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Оқуға байланысты
негізгі түрткінің бірі – қызығу. Бұл адамды еліктіріп әкететін
ынтазарлық. Оқушы оқуға өзі қызықпаса, оны зорлап оқытуға болмайды.
Балаға барлығы оңай болатын оқу ешбір қызықты болмайды,таным мен қуаныш
әкелмейді.
Бала өзін қызықтыратын құбылысты бақылап, ой елегінен өткізіп,
осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс –әрекет
барысында қызығу өзінен өзі дамиды және баланың ақыл –ойының дамуына әсер
етеді.
Алда тұрған негізгі міндет – бала үшін қызықсызды қызықтыға айнал-дыру
осылай жасағанда ғана оны өзі – ақ орындайтын болады . Қиыншылықты жеңу
балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялатады. Бірақ “қызығу”
түсінігін “ ермек”,”жұбаныш” түсінігімен бірдей қоюға болмайды. Бала
өмірінің негізгі мазмұны – оқу.Бұдан басқа бала еңбекпен, спортпен
айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени мекемелерге барады.
Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты,мазмұнды және қызықты болуы
керек.
Қазіргі уақытта зеттеулердің нәтижесінде “қызығу” түсінігі, оның даму
сатылары нақтыланған, танымдық қажеттіліктер мен қызығулардың
байланысы, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшеліктері ашылған.
Дегенмен, қазіргі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуын
қалыптастыру мәселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді:
қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған
мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу
бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми
деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі
де ықпал етеді.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар
нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуының мынадай
көрсеткіштері байқалады:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына
қарай таңдамалы қатынас;
- білім алуға және оны меңгеруге тырысу;
- таным үрдісі мен танымдық іс -әрекетінің эмоционалдық көрінуі;
- танымдық іс -әрекетте еріктің болуы;
- бос уақытын пайдалана білу сипаты;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және оқуға жағымды қатынасы.
Қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайды қарауды жеңуге көмектеседі.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиыншылықты жеңуге жәрдемдеседі, қол
жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін
қалыптастыру, арттыру, олардан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл
қайраткерлерді тәрбиелеуге көмектеседі. Оқу үрдісіндегі танымдық
қызығушылықтың құндылығы да осында.

1.3 Танымдық іс-әрекеттегі белсенділік деңгейлері

Оқушыларды оқу – танымдық іс- әрекеттерді өз бетінше жүргізу
дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны
жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін- өзі дұрыс басқаруға үйретеді,
білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық- шығармашылық және қарапайым
есептерді шешуде дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше
жетілдіру қабілетін дамытады. Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын
толық түрде қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен
дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін, оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен
қатар дербес танымдық іс- әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.

Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген
тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол
алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс- әрекетін
бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуы керек Танымдық белсенділік деп
мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық- амалдық және процессуалды - жігерлік
бөліктерінен тұратын интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
1.Мотивациялық - тұлғаның бөлік оқушылардың оқу үрдісіне ынталылығын
қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаз-дықтан құралады.
2.Мазмұндық - амалдық бөлік негізгі білім жүйесі мен жаңа
білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер
жүйесінен және оқу-танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
3.Процессуалды- жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік жігердің болуы оны
өзінің дербес іс- әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.

Сурет-1.1 Танымдық белсенділік

.

Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет
атқарады: мотивациялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу танымдық
белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды
және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процесуалды - жігерлік оның
аяқталуын қамтамасыз етеді. Танымдық белсенділіктің қалыптасуының
анықталған сипаттамаларының негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі
үш деңгейге бөлінді: төменгі, орташа, жоғарғы.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық
еместігімен, күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша
тапсырмаларды орындауда өз бетінше жұмыс істеуімен, оқушылардың оқуға
тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.Орташа деңгей білім негізінің
болуы, оқушылардың білімге, өзіндік жұмысқа құштарлығының қалыптасуы,
орта дәрежедегі тапсырманы игеру және оны орындай алу қабілеті
арқылыанықталады. Яғни, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі даму үстінде
деп саналады.
Жоғарғы деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген
қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу-танымдық
белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығымен сипатта-лады. Оқушылардың
оқу үрдісіндегі танымдық іс -әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін не
істеу қажет деген сұраққа С.Жақыпов (Психология познавательной
деятельности. А-1992) өз еңбегінде сабаққа әр түрлі бейнелі
көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық құралдарды
қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс
-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге
төзімділігін арттырудың бірден - бір негізгі тәсілі болып табылады. деп
жауап береді.

Кесте 1.1 Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс -әрекетін дұрыс
қалыптастыру дейгейі
Оқушының оқу Оқушының оқу белсенділігінің сипаты
үрдісіндегі деңгейі
1.Жоғарғы деңгей 1.Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың
(шығармашылық) болуы,құбылыстың маңыздылығына
қызығушылық танытады.
2.Білімін шығармашылық тұрғыдан қолданады,өз
әрекетін бақылайды.
3.Әр түрлі сайыстарға қатысады.
2.Орташа деңгей 1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды,
(эвристикалық) білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.
2.Танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша
немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.
3.Өзіндік жұмысқа қабілеті бар.
Кесте 1.1 –дің жалғасы
3.Төменгі деңгей 1.Танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай
алмайды,танымдық істің қандай да бір түріне
(жаңғыртушы) қабілетінің болмауы.
2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді.
3.Қиыншылықты жеңу ниеті төмен.

Танымдық мүдделер мен танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктері, мотивация
саласының жас ерекшелік динамикасы бір рет мәңгі берілген және оқушыларға
белгілі бір жас аралығында тән болады деп айтуға болмайды. Оқыту мен
тәрбиенің қазіргі заманға сай әдістерін қолдану оқуға деген қатынастың
түрін тереңдетіп, түзетіп немесе тіпті оны өзгерту, оқу әрекетіне оң
тұрақты мотивацияны қалыптастыру мүмкіндігін береді.
Танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктерінің қалыптасуы бірнеше факторларға
тәуелді болады. Ең алдымен, ол әрекеттің өзінің сипатына, оны оқушының
игеру дәрежесіне тәуелді болады. Әрекет объектісінің өзі оқушы үшін белгілі
шамада қызықты болып, қиындықтың түрлі дәрежесіне ие болуы, арнайы
икемдіктер мен дағдыларды игеруді талап етуі мүмкін. Мәселен, тапсырманың
мазмұны қызығушылықты тудыруы мүмкін, ал бұл өздігінен оны орындауға деген
оң түрткін тудырады. Сонымен қатар, ол әбден күш жетерлік және сонымен
бірге қажетті шамадағы ақыл-ой кернеуін талап етуі мүмкін, ал ол да оның
әрекеттерінің түрткілеріне айналады. Қажетті дағдыларды және икемдіктерді
игеру де әрекетке оң қатынастың қалыптасуына, мотивтердің күшеюіне және
белсенділігін арттыруға септігін тигізетін шарттардың бірі болып келеді.
Факторлардың келесі тобы оқытудың әдістеріне қатысты келеді. Оқу
материалын ұсынудың әдісінің өзі баланың әрекетінің оң да, теріс те талап-
тілегін тудыруы мүмкін. Осылайша, оқыту әдістерін танымдық ерекшелікті
қалыптастырудың шарттары ретінде қарастыруға болады.
Факторлардың үшінші тобы танымдық ерекшелік қалыптастырумен тікелей
байланысты оқытудың жағдайларына қатысты болады:-іс-әрекеттің
ұйымдастырушылық жақтары (жарыстың алуан түрлері;- біріккен, бөлінген және
ұжымдық іс-әрекет; - дербес өз бетінше орындау іс-әрекет; -тапсырманың
орындау үдерісіндегі оқушылардың өзара қарым-қатынастар;-өз-өзіне баға
беру; - мұғалімнің талап қою жүйесі және көтермелеу мен жазалау жүйесі және
т.б.).
Оқу іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ әрекеттің тұрақты
мотивтерін сабақта сауатты пайдаланған жағдайда, мұғалім айтарлықтай
табыстарға қол жеткізе алады. Сонымен бірге, окушылар тапсырмаларды
неғұрлым жақсы орындайды, жаңа материалды тез игереді, оқудың мотвиациясы
арта түседі, бастауыш сынып оқушылары ойлаудың теориялық нысанына ие
болады.
Осылайша, жоғарыда айтылғанның негізінде бастауыш сынып оқушысының
танымдық іс-әрекет ерекшеліктерінің негізгі функцияларын анықтауға болады:
психикалық іс-әрекетке ынталандырушы ықпал жасау (баланың рухани күштерін
танымдық міндеттерді шешуге жұмылдырады, психикалық үдерістердің жүру
динамикасына әсер етеді); реттеуші және түрткілік ықпал жасау (дербес,
шығармашылық танымдық іс-әрекетке итермелейді); білімдердің сапасына,
олардың тереңдігі мен кеңдігіне жағымды әсер етеді.
Оқуға, танымдық іс-әрекетке аса жоғары мотивацияга ие бала несімен
ерекшеленеді? Бұл, ең алдымен: басты нәрсені өз бетінше бөле білу, жалпы
заңдылықты байқау және қорытынды жасау қабілеті; - өз іс-әрекеттерін
жүйелі, логикалық түрде негіздеу және оларды бақылай білу қабілеті; - жаңа
жағдайларда, көбіне күрделене түскен, шығармашылық және стандарттан тыс
ыңғай белгілеріне ие жағдайларда білімдерді қолдана білу қабілеті;
-зеректік пен байқағыштық;- ақылдың шексіздігі мен кеңдігі; - басқалардың
көмегін сұрамастан ақиқатқа қол жеткізе білу қабілеті. Мектептердегі
бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет ерекшелігі туралы сөз
қозғай келе, біз баланың игеретін білімнің және оқу үдерісінің қажеттілігін
ұсынуына негізделген танымға деген ішкі қажеттігігін айтамыз. Әрекет пен
ерекшеліктердің мазмұны бір-біріне сәйкес келуі қажет, ал қажетті
ерекшеліктер мен қажеттіліктер оқушыларда тек олардың өз іс-әрекетінің
барысында ғана қалыптаса алады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет ерекшелігін зерттеу,
біздің зерттелетін феноменнің барлық құрылымдық-құрамдаушылары, олардың
әрқайсысына тән мазмұнынмен бірге көрініс табатын критерийлерді тандау
қажеттілігіне әкелді. Қарастырылған құрамдаушылардың -мотивациялық,
-мазмұндық; -іс-әрекеттік негізінде жататын төрт компоненттерді бөліп
қарастырдық және бастауыш мектептерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі бастауыш
сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет ерекшелігін қалыптастырудың үлгісі
жасалып ендірілді.

Кесте 1.2 Бастауыш мектептерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі бастауыш сынып
оқушыларының танымдық іс-әрекет ерекшелігін қалыптастырудың үлгісі
Құрамдаушылар Критерийлер Көрсеткіштер
Мотивациялық Тақым үдерісіне 1. Білім алуға тұрақты ұмтылыс.
оң көзқарас 2. Таным оң көзқарас үдерісіндегі
жағымды эмоциялар.
3. Сүйікті пәнмен айналысу үшін бос
уақытты пайдалану.
4. Оқу әрекетінің барысында
табыстылық сезімін сезіну.
Кесте 1.2-нің жалғасы
Мазмұндық Ойлаудың 1.Оқудың маңыздылығын ұғыну, ой мен
дербестігі және қилялдың жұмысын қажетті шарты
сырттан келетін ретіндегі білімдердің белгілі қорының
көмекке болуы.
сезімталдық; 2.Ақыл-ой қасиеттерінің көмекке
Интеллектуалдық, дамуы (икемділік, сыни көзқарас,
танымдық, төзімділік, логикалық, кендік және
белсенділік және т.с.с.)
танымдық дербестікЗ.Оқушылардың шығармашылығын
ынталандыру (стимулдар: білімдердің
өмірілік-тәжірибелік маңыздылығы,
оқушыға деген сенімділік,
проблема-лық тапсырмалар жүйесі,
жеке үлгі.
4.Қазақ мектептерінің бастауыш сынып
оқушыларының біз зерттеп отырған
қасиетін калыптастыру ісіндегі
ұлттық ерекшеліктерді есепке алу.
Іс-әрекеттік Танымдық іс- І.Игерілген тәсілдер мен
әрекет әдістерді жаңа практикалық және
теориялық міндеттерге белсене
көшіруді жүзеге асыру мүмкіндігін
беретін танымдық дербестік
икемдіктерінің жиынтығы.
2.Дамыта оқыту принциптері мен
проблемалық тапсырмалар жүйесіне
негізделген рационалдық ақыл-ой
жұмысының тәсілдерінің жүйесі.
З.Жұмыстыңалуан түрлеріне нәтижелі
кірісе білу қабілеті:ұжымдық,топтық,
жұптық жеке - шығармашылық,
дер-бестік.
4.Бастауыш сынып оқушыларының
дербесбағалымдық-бағдарлық әрекеті.

Ойлау тәжірибесінің негізінде біз бастауыш қазақ мектебінің танымдық іс-
әрекет ерекшелігінің қалыптасуының үш деңгейін анықтадық:
Жоғарғы деңгей - бұл барлық пәндер бойынша үздік оқитын балалар. Оқу
оларды қызықтырады, себебі оқу үдерісінде олардың білімдері үнемі
толықтырылады және жетілідіріледі. Олар бағдарлама шектеріндегі оқу
материалын жақсы игерген, ал кейде одан артық дәрежеде біледі, белгілі бір
құбылыстың, оқиғаның мәнісіне қызығушылық танытады. Өз жауаптарында бұл
балалар терең білімдерді, жолдастарының жауаптарын толықтыру
және нақтылай түсу қабілетін көрсетеді. Мұндай оқушыларға шағырмашылық
белсенділік тән келеді. Таным үдерісінде олар назарын толығымен іске
шоғырландырады, мұқият келеді, жаңамен танысу оларда қызығушылық қуанышты
тудырады, ал бұл сыртқы белсенділіктен көрініс табады. Проблемалық
тапсырмаларды игерудің жоғарғы (төртінші және үшінші) деңгейі. Бұл балалар
кітап оқығанды жақсы көреді, олардың сүйікті телехабарлары бар. Олар
сыныптың қоғамдық өміріне белсене қатысады, белгілі бір үйірмеге,
факультативке қатысады, жүйелі түрде және белгілі мақсатпен көркем
шығармашылықпен айналысады, бос уақытын сүйікті пәнмен немесе іспен
айналысу үшін пайдаланады.
Орташа деңгей - кейбір пәндер бойынша жақсы және үздік оқитын балалар.
Олар мектепке қызыға барады, бағдарламада көзделген оқу материалын жақсы
игереді, жаңа нәрсені оқу барысында жиі-жиі сұрақ қояды, дегенмен бұл сұрақ
бойынша неғұрлым кең білімдер оларды қызықтырмайды. Жаңамен танысу оларды
қызығуды тудырады, сол себепті негізінен сыртқы белсенділік жоғары келеді.
Проблемалық тапсырмаларды шешудің бірінші және екінші деңгейін игерген.
Мұндай балалар анда-санда, көбіне тек оларға сол сәтте кызықты болатынды
ғана оқиды. Үйірмелер мен факультативтерге қатысады, бірақ мұны көбіне
мақсат түрде емес, жолдасымен бірге болу үшін ғана істейді, сондықтан онша
қайғырусыз өз қызғушылықтары мен үйірмелерді жиі алмастыруы мүмкін.
Төменгі деңгей - қанағаттандырарлықтай оқитын балалар. Бұл топтағы
бастауыш сынып окушыларында білімде жүйелендірілмеген, жауаптар жақсы да,
орташа да, қанағаттандырмайтында да болуы мүмкін. Жаңаның барлығы оларды
онша қызықтырмайды және толғандырмайды, сұрақтарды өте сирек қояды,
тапсырмаларды дайын үлгі бойынша орындауға тырысады. Тек өте қызықты оқу
материалы ғана оларды қызықтыруы мүмкін. Мұндай оқушыларға көңіл қоюдың
тұрақсыздығы тән келеді. Олар аз оқиды, сабақтан тыс уакытта үйірмеге,
немесе факультативке қатысу ниеті анда-санда айда болады, тұрақсыз. Мұндай
балалардың танымдық белсенділігі мақсатты емес. Проблемалық тапсырмаларды
шешудің нөлдік деңгейін игерген. Әдетте, олар мәжбүрлеу бойынша оқиды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең - дайындық
кезеңі, оның барысында біз зерттеліп отырған мәселе бойынша психологиялық-
педагогикалық әдебиетгердің кең ауқымды талдауын жүзеге асырдық, жұмыс
болжамы құрастырылды, мақсаттар мен міндеттер койылған, зерттеу жұмысының
түсініктік аппараты қалыптасқан. Тәжірибенің жоспары ойластырылып,
құрастырылған.
Екінші кезең анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер нәтижесімен
сипатталады. Зертеудің анықтаушы бөлігі бізге оқушылардың танымдық әрекет
ерекшелігінің қалыптасуының шынайы деңгейін олардың танымдық дербестігі мен
танымдық белсенділігінің негізінде анықтау мүмкіндігін берді.
Қалыптастырушы эксперимент барысында біздің әдістеменің бастапқы нұсқасы
сынақтан өтті және қажеті түзетулерден өтті, неғұрлым тиімді тапсырмалар
іріктелді, әдебиеттерді теориялық талдау мен анықтаушы эксперименттің
барысында алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер