Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты. 4
2. Тұрақты даму белгілері, принциптері және міндеттері мен критерилері. 5
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер10
Тақырыптың өзектілігі.
Экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Тұрақты даму дегеніміз -қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, келесі ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтындай даму. БҰҰ анықтамасы бойынша тұрақты даму дегеніміз-экономиканың дамуы барсында қазіргі қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі. Тұрақты даму - экономиканың даму қарқындылығы деген сөз емес, ол табиғат ресурстарды бұрынғыша шексіз өндіріп, шексіз пайдалана бермей, біздің қоршаған табиғи ортаға ұқыппен қарап, байлықтарын ысырапсыз, халықтардың әл-ауқат деңгейін жоғарылату бағытында жаңа технологияларды қолдану арқылы дамуы деген сөз.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму»дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан) . 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Мақсаты: «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы, тұрақты даму факторлары: Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография туралы білімдер беру.
Міндеттері :
- Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаттарын білу;
- Тұрақты даму белгілері, принциптері және міндеттерін білу
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан) . 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Тұрақты даму стратегиясының принциптері:
- Саяси құқықтық-демократиялық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік;
-экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімділігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәдени құндылықтардың жеткілікті болуы;
-экологиялық-табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын, азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстар өндіру, пайдаланудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру, табиғат қорғаудыңәкімшілік, экономикалық, құқықтық негіздерін жетілдіру;
-әлеуметтік-аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелеріндамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық;
-халықаралық-бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу;
-ақпараттық-ғылым мен техниканың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетті ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту, дамыту;
- глобальды ойлап-локальды әрекет ету; -техногенді әсерлердің күшеюі мен адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің артуына байланысты экологиялық болжаулардың дәлдігін жоғарылату принципі;
-экономикалық даму мақсаттарына бағытталған іс - шараларды алдыңғы кезекте жүзеге асыру принципі.
Ұстанымдары: 1983 жылы БҰҰ бас хатшысы Морис Стронгтың бастамасымен қоршаған ортан және даму жөніндегі халықаралық комиссия құрылды. Комиссияның негізгі ұстанымдары: 1. 2000 ж дейін және одан әрі қарай кезеңдерге тұрақты дамуды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау саласында стратегия дайындау. 2. Әлеуметтік дамудың әр түрлі саласында экологиялық мәселелерді шешу үшін ынтымақтастық орнату. 3. Ғаламдық экологиялық мәселелерді түсіндіру, оны шешуге көмектесуі.
1. Саяси-құқықтық-демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік жатады.
2. экономикалық- меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәденикт құндылықтарынығ жеткілікті болуы.
3. Экологиялық- табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру. 4. Әлеуметтік- аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелерін дамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық жасау.
5. Халықаралық - бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастыққа халықаралық, демократиялық құқықтық прицип негізінде қызмет ету.
6. Ақпараттық - ғылым мен технологиялардың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқара аралық арқылы ақпарат тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетін ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолданып кеңейтіп дамыту[1; 123] .
2. Тұрақты даму белгілері, принциптері және міндеттері мен критерилері.Тұрақты даму принциптері Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың «Өсу шегінде» атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған.
1. Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру.
2. Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын-ала жоспарлау керек. Оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек.
3. Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгі деңгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.
4. Жаңартылатын ресурстардың бұзылуының алдын-алу. Топырақ құнарлылығы, жер үсті және жер асты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек.
5. Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану.
6. Физикалық капитал мен халық санының артуын баяулату және қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарастырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек.
Тұрақты дамуға өту үшін жоғарыда аталған принциптерді өмірде кеңінен қолдану керек. Тұрақты дамуға жету және экологиялық дағдарыстан шығудың жолдарын іздейтін, жаңа идеялары бар мектеп оқушыларынан бастап, саясаткерлер, экономистер, экологтар, дәрігерлер, заңгерлер ат салысу керек.
Тұрақты дамудың кең таралған формуласы:
ТД=Экология+Экономика+Социум
Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі кеңістіктің бірігуінің нәтижесінде пайда болды: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
Тұжырымдаманың маңызды кезеңі тұтыну құрылымын өзгерту, яғни мұнда басты рөлді тұтынушылар атқарады. Экологиялық таза өнім және экологиялық таза ортада мекен етуде тұтынушылар құқығын қолдау әлемдік қауымдастықтағы стандарттарға сәйкес болуы керек. Тұрақты даму идеясы адам құқығын нығайтуды, қазіргі және болашақ ұрпақтың табиғатпен үйлесімді байланысқа түсуіне негіз қалайды. 14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі:
Дайындық кезеңі(2007-2009жж) -қоғамдық, саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу, экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау.
Бірінші кезең (2010-2012жж) -ҚР дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз ету.
Екінші кезең(2013-2018жж) -ҚР адамдарының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуы, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға байланысты шығындарды барынша азайту және елдің экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру.
Үшінші кезең(2019-2024жж) -тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу.
Концепция міндеттері:
1. Пайдаланған ресурстарды пайдалану тиімділігін 2012 жылға қарай 37%, 2018 жылы 43 %, 2024 ж - 58% арттыру. Бұл көрсеткішті арттыру қалай жүзеге асырылады? Ең алдымен экономиканы диверсификациялау, жоғары технологияларын өңдеу саласын дамыту, өндіріс пен тұтынудың жаңа технологиялық моделін енгізу.
2. Демографиялық салада қазіргі кездегі туушылық көрсеткішін сақтай отырып, халықтың өмір сүру көрсеткішінің деңгейін жоғарылату. 2011 ж- 68 жасқа, 2018ж -70 жасқа, 2024 ж-73 жасқа дейін, жалпы алғанда тууылым көрсеткініш 1000 адамға шаққанда 18-22 деғгейінде сақтап қалу. Бұл мақсатқа жету үшін не істеу керек? Ең алдымен қауіпсіздік деңгейін көтеру. Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізу, халқыт сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету, жол-көлік, тұрмыстық жіне тромбатизмді азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізу және тамақтанудың денсаулыққа пайдалы стандарттарын жүзеге асыру.
3. экологиялық тұрақтылықтың көрсеткіштерін жоғарылату. 2012ж-10%, 2018ж-15%, 2024ж-25%. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен, аймақтық даму процесіне экожүйелік әдістерді енгізу, барлық өндірістік және энергетикалық ныщандардың тұрақты дамуы үшін арнайы кретилерийлерді белгілеу, шөлдену, шөлейттенумен күрес шаралары, қоршаған ортаны қорғаудың барынша тиімді экономикалық механизмін енгізу, «Тарихи ластаушылар» проблемасын шешу.
4. саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін ең алдымен тұрақты даму идеяларын қолдаушы күштерді бір ортаға біріктіру, Қазақстанда тұрақты дамудың халықаралық аймағын құру, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға толық және белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.
ҚР тұрақты дамуының тұжырымдамасы мен мақсаттары
Тұжырымдамасы:
1. Адамның экономикалық қамтамасыз ету және табиғи ортаның қажеттілігін ескере отырып сақтау.
2. Тұрақты дамудың негізі-ғаламдық ресурстарды және экономикалық патенцияға ұқыпты қарау.
3. Кедейшілкке қарсы күрес, кедей топтардың материалдық экономикалық қажеттіліктерін негде шешу.
4. Табиғатты пайдалану қаржы жұмсау технологиялық даму, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек.
Мақсаттары:
1. Саяси-құқықтық-демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік жатады.
2. экономикалық- меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәденикт құндылықтарынығ жеткілікті болуы.
3. Экологиялық- табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz