Анашым-жанашырым



1. Тәрбие сағатының мақсаты
2. Тәрбие сағатының барысы
3. «Еңбекпен тапқан тиын» көрініс
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер, топтастыру әдәсә арқылы ата-анға тән қасиеттер жазылған плакат.
Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
III. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
.................
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Құрмет:
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
................ Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.
Хор:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сабақтың тақырыбы: Анашым-жанашырым
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер, топтастыру әдәсә арқылы ата-анға тән қасиеттер жазылған плакат.
Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
III. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
... ... ... ... .
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Құрмет:
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
... ... ... ... Ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау - елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз - Сіздерді құрметтеу.
Хор:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Мұғалім: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
... ... ... ... Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
... ... ... ... Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
... ... ... . Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
... ... ... . Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
... ... ... . Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
... ... ... ... .. Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).
... ... ... ... .. Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
... ... ... Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол - қорлық.
Мұғалім: Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана - жарық дүниеге әкелуші.
Қарт пен бала әңгімесі көрініс.
Ғалымжан: Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? - дейді.
- Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде, Ата маған сұрақ қойыңызшы - деді бала.
- Балам, үйдің алтын қазығы кім?
- Ата, үйдің алтын қазығы - бала, деді.
- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы - ана.
- Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, аға - қорғанышың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа.
- Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке-деді бала.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол - ана.
- Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
- Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?
- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - дейді бала.
- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.
- Адамның ақылы қайда балаларым, кім айтады екен?
... ... ... ... .. Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
- Адамға ақыл беретін кім балаларым?
... ... ... ... ... Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Өмірде не жетім? - деген сұраққа өзім жауап берейін.
Өмірде жеті жетім бар.
1. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.
2. Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
3. Суы жоқ - құдық жетім.
4. Досы жоқ - жігіт жетм.
5. Шәкіртсіз - ұстаз жетім.
6. Қызы жетесіз болса, ана жетім.
7. Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!
Әумин!
Мұғалім: Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.
... ... ... ... Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі болып ата-ана болып табылады.
... ... ... . Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
... ... ... Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағла оның өмірін ұзартады.
... ... ... Борыш - ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Еңбекпен тапқан тиын көрініс.
Автор: Ертеде шал мен кемпірдің жалғыз ұлы болыпты. Шал бір күні кемпіріне ойнап жүрген баласын көріп: Кемпірім-ау, біздің баланың түрі, сиқы мынау, мен мұрамды кімге қалдырамын?
Кемпір мұны естіп алып баласына әкеңе барып мына тиында апарып бер, өзім еңбекпен таптым де, - дейді.
Баласы: Ата, мен мына тиынды еңббекпен таптым - дейді.
Атасы: Бұл сенің еңбекпен тапқан тиының емес, - деп отқа тастайды. Ерке бала көңіл бөлмей ләңгісін ойнай береді. Шал кемпірін шақырып алып: - Әй, кемпір, кеше ана ұлға ақша берген сен бе? - деп жекіреді.
Кемпір: Шал-ау менде қайдан ақша болсын, әлі зейнетақыалған жоқпыз, - дейді.
Сөйтіп барады да ұлына: Әй, ұлым, сенің кешігі тиыныңның еңбексіз, бекер екенін шал біліп қойды, енді саған мұрасын қалдыруды уайымдап отыр, сен одан да барып жұмыс істеп ақша тап, - дейді. Бала кетпен шауып, құдық қазып ақша табады да әкесіне келіп: (Әкесі ол келгенше домбыра тартып отырады). Әке мен мына тиынды еңбекпен таптым - деп әкесіне береді. Әкесі оны отқа лақтырып жібереді. Оны көрген бала от ішінен тиынын алып:
- Әке, бұл менің еңбекпен тапқан табысым еді, не қылғаныңыз? - дейді. Сонда әкесі баланың енді еңбекпен табыс тапқанына сенді.
- Сендім балам, еңбекпен тапқан екенсің, - деп маңдайынан сүйеді.
Мұғалім: Бала тәрбиесі - бесіктен, - дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
... ... ... .. - Ата-ананы ренжітпе,
Түнде суға барма,
Таңдайыңды қақпа,
Кісіге қарап есінеме,
Дастарқанға қарап жөтелме,
Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,
Нанды баспа,
Табаныңды тартпа,
Қолыңды төбеңе қойма.
Құрмет: - Ошаққа су құйма,
Бас киіммен ойнама,
Бос бесікті тербетпе,
Малды теппе,
Бүйіріңді таянба,
Кешқұрым ұйықтама,
Айға қолыңды шошайтпа,
Үйге жүгіріп кірме,
Біреудің иығын баспа.
Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.

Жастардың үлкен өмірге деген қадамдары
Елімізде тоталитарлық жүйенің қыспағын көрмеген, коммунистік идеологияның шарпуына шалынбаған жаңа жас ұрпақ өсіп келеді. Бұлар - тәуелсіздіктің белбалалары.
Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады.
Осы пікірін Астанада Тәуелсіздік сарайында сайлаудан кейін өзінің Республика Президенті қызметіне кірісу салтанатында тағы да білдірді. Елбасы: сайлауда болашағымыз - жастардың белсенді түрде маған дауыс бергені мені ерекше тебірентеді, деді үлкен мақтаныш сезіммен.

Отаншыл, мемлекетшіл жастардың өсіп келе жатқаны өзін қуанышқа бөлейтінін айрықша сезіммен бөліп айтты. Өйткені жастар сайлауалды ұйымдастыру жұмыстарында да, дауыс беру күндерінде де үлкен белсенділік танытты. Үгіт-насихат жұмыстарына қызу атсалысты. Бұрын жастар дауыс беруге асықпайтын. Күннің екінші жартысында сайлау учаскелеріне келетін. Бұл жолы қарттармен жағаласып, таң сәріден сайлау учаскелеріне ағылды. Өздерінің азаматтық парызын өтеуге асықты. Әсіресе, бірінші рет дауыс беретін тәуелсіздік құрдастары Президенттік сайлауға ерекше ықылас білдірді. Ел басқару ісінен тыс қалмау сезімі жас ұрпақтың бойынан анық байқалды.
Бұл жастардың ұлттық санасының марқайғанынын, саяси мәдениетінін артқандығының нақты көрінісі болды.
Жастар - елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздік белбалалары басатын болады.
Ұрпақтар сабақтастығы - тарихи процесс, обьективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл ұрпақ прагматизмді, тиімділікті, жаңалыққа, инновацияға иек арта келеді. Кешегі күні үлкен бейнетке түсетін, қол күшімен атқарылатын процестерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру
Мұғалім адам жаның инженері
Ана - сарқылмайтын күш
Роза Бағланова
Жанашырлық пен мейірбандық
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Пәндер