Қазақ әдеби тілі туралы


Кіріспе3
1. Қазақ әдеби тілі туралы4
2. Әдеби тіл нормалары6
3. Әдеби тілдің қоғамдағы жайы8
Қорытынды11
Пайдаланылған әдебиеттер12
КіріспеӘдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші - халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар - бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
1. Қазақ әдеби тілі туралыҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ - көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарында, ғыл. салалары мен іс қағаздарында қолданылатын жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеушілер бастапқы кезде әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп түсінді. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке, әдетте, жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер тәжірибесі негіз болды. Зерттеушілердің кейбірі тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ қасиетінен іздеді. Мұндай көзқарасты ұстанушылар Қазақ әдеби тілі халықтың поэтикалық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазба әдебиетке дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен байланыста қарайды (Қ. Жұмалиев, М. Балақаев) . Зерттеушілердің енді бір тобы Қ. ә. т-нің тарихын 19-ғ-дың 2-жартысынан, алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларымен ұштастырады (Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, т. б. ) . Ғалым Р. Сыздықова 15-18 ғ-лардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері ретінде таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі Қ. ә. т. деп атайды. Қ. ә. т-нің бастау алған кезеңдерін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларымен тығыз байланысты. Бұл ретте қазақ көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері (Орхон-Енисей, Талас жазбалары (5-8 ғ-лар), «Құтадғу білік» (11 ғ. ), «Мұхаббатнама» (14 ғ. ), М. Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрк» (11 ғ. ), «Кодекс куманикус» (13 ғ. ), «Оғызнаме» (14 ғ. ) Қазақ әдеби тілінің бастау алған арнасы болып саналады. Қазақ халқының өз алдына ел болып қалыптасу кезеңіндегі шағатай немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтеуде үлкен рөл атқарды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, кейбір зерттеулерде ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Аталған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, 19 ғ-дың аяғына таман жалпы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Мұсылманша оқыған кейбір ақындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексикалық қорды пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ Қазан төңкерісінен кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл белгілерін бірте-бірте мүлдем ығыстырып шығарды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеушілер тарапынан да 15-18 ғ-лардағы ақын-жыраулар шығармаларының тілін Қ. ә. т-нің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алып, қазіргі оның қалыптасуы 15 ғ-дан басталады деген нақты тұжырым жасалды. Ол кезде (15 ғ. ) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығының құрылуы Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері - жыраулар мен ақындар халық қолданатын тілдік жүйелерді, сөз асылдарын шығармаларына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдебиеті тіл нормаларын қалыптастырды. 15-18 ғ-ларда ауыз әдебиетінің құрылымық жүйесінде тағы бір тармақтың - публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет еткендегі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз, толғауларында мақал-мәтелдер, қанатты сөз толғамдары мен фразеол. тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде игеруі, олардың жаңа сапада жұмсалуы, бөгде тіл белгілерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болды. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ тіл білімінде Қ. ә. т-нің тарихы төрт кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: 1) 15-17 ғ-лар аралығы. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөздер немесе билер сөздері осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері ретінде танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексикалық-граммат. ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мыс., Шалкиіздің «сындыра арқа», «сырт соқпақ», «түнде жүріп түлкі өтер» сияқты сөз тіркестері мен «сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап» тәрізді шыншылдық суреттерді айтуға болады. Сол сияқты астана жұрт, қом су, алаң жұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. 15-17 ғ-лардағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпы халықтық тіл есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шайид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғаны байқалады, бірақ олардың саны, әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда, тым аз. Сол тұстағы граммат. норма мысалы ретінде шығыс септігінің «-дың/-дің» ретінде келуін («Бұл кеткендің қайтпассың»), ілік септігінің «-ым/-ім» тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы «-ғай/-гей» түрінде («қалға қабылан жау тигей ме?») берілуін, екінші жақ бұйрық райдың «-ғыл» түрінде ұшырауын келтіруге болады. 2) 18 ғ-дан 19 ғ-ға дейінгі аралық. Мұндағы әдеби тіл үлгілеріне Бұқар, Тәтіқара жыраулардың шығармалары жатады. Олардағы әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс-салтқа байланысты лексикалық топтар белсенді жұмсалады [«Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар» (Бұқар) ; «Көз болып қой-бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың» (Шал), т. б. ] . Осы уақытта бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып өрісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау өріс алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы тілдерінен алынды. 3) 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың күнделікті өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері көбейді. Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. 19 ғ-дың 2-жартысы Қазақ әдеби тілінің даму бағытының айқындалу (көне жазба әдеби тіл негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдебиеті негізінде ме деген) кезеңі болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Ұлттық жазба тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапада дамуына жол салды. 4) Қазан төңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналып, қоғамның барлық салаларына тегіс қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақталуына, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдында (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада, т. б. ) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикасы жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Қазіргі дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеум. ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін толық өтейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба Қазақ әдеби тілі төрт-бес әдеби стильге бөлінеді. Олар: көркем әдебиет стилі, публицистика немесе газет-журнал стилі, ғыл. әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі.
2. Әдеби тіл нормаларыӘдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста ашылатын ұғымдар.
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән. Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.
Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.
Жеке норма , негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.
Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама - дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.
Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады.
Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.
Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік
бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т. б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді. Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.
3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.
Әдеби тіл - өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады.
3. Әдеби тілдің қоғамдағы жайыӘдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі - адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл - Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады. [1] Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т. б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.
3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.
Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын жасаушы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынаста болады. Адамдардың өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы - тіл. Адам - тілімен адам. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл - қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл- қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.
Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани әдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тіл-қысқасы, өмірдің ұлы қаруы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz