Балабақшадағы балалардың музыкасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Жұмысты ұйымдастырудағы балабақша меңгерушісінің міндеттері4

2. Тәрбиешінің міндеттері6

3. Музыка жетекшісінің атқаратын міндеттері10

Қорытынды13

Пайдаланған әдебиеттер14

Кіріспе

Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Балалар музыкасы - балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка. Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі.

Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады.

Мақсаты: Баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау ;

Міндеттері: Музыка жеткшісінің міндеттері туралы түсінік беру

Балабақшадағы тәрбиешінің міндеттері туралы түсінік беру

1. Жұмысты ұйымдастырудағы балабақша меңгерушісінің міндеттері

Өзінің тәжірибесінде тәрбиеші тұрақты, уақытша, әр жастағы, бейінді және т. б балалар-жасөспірімдер ұжымдарымен қарым - қатынаста болады. Әр ұжымның негізі - ортақ қызығушылық, ортақ мақсаттар, ортақ іс болып табылады.

Әр мектепте бірлестіктің тұрақты түрде істейтін 5 түрі болады, олар тәрбиешіге өзінің мүмкіндіктерін, бірлестік мүшелері және жетекшілерімен жұмыс, ересектер мен балалардың байланыстарын талаптарға сай жүргізу қажеттігін ұсынады.

Бұлар келесідей бірлестіктер :

- сынып - сабақтық - қатаң түрде бірдей жастағылар, міндетті мұғалімдердің басшылығымен оқушылар үшін, бағдарламалар бойынша ұжым ішіндегі жүйе мен орнын анықтайды, қажет жағдайда тәрбиеші тарапынан көмекке жүгіне алатындар;

- факультативті -үйірмелік - әр жастағылар жиналуы мүмкін, оқушылардың еркін таңдауы арқасында құрылады, толығымен ересек жетекшілердің назарында болады, тәрбиешімен байланыста өздерін еркін ұстайды, тәрбиешінің тапсырмасын орындайды;

- Клубтық -сондай әр жастағылар - балаларды тек еркін таңдау арқасында біріктірмейді, сонымен қатар, клубтың ересектері ұсынатын жалпы мақсатқа бірігеді, қоғамға жақын, тәрбиешілер өз жұмыстарында көбінесе олардың бірлестіктеріне жүгіне алады, клубқа жетекші немесе көмекші ретінде кіре алады;

- Қоғамдық-ұйымдастырушылық - мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару формаларының біріндей болады, мысалы, мектеп республикасы, қолөнершілер қаласы, оқушылар кеңесі, т. б. - әр жастағылар, ересектердің белсенді қатысуымен, негізінен - мектеп мұғалімдері, соның ішінде осы бірлестік белсенділерінің ұстазы, көмекшісі ретінде тәрбиешілерді де жатқызуға болады, олар осы бірлестіктер жұмысына тікелей жауап береді;

- Еркін құрылғандар - қоғамдық, олар білім беру мекемелерінің пед. ұжымдарынан тәуелсіз, тек аға тәрбиешілер мен үйлестірушілерге, осы бірлестіктің жетекшілері, ұйымдастырушыларына, көмекшілеріне тәуелді болады,

Мектеп бірлестіктеріндегі тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қызметі осы бірлестіктердің бағытына қарай әр түрлі. Олардың ортақ ісі - жоспар бағдарламасын дайындауға, шаралар өткізуге жәрдемдесу болып табылады.

Балалар ұжымындағы аутивтің іс -әрекеті.

Актив - ұжымның ең шығармашылық, белсенді мүшесі, өздерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсете алатын, ұжым қызметінде алда жүретіндер.

Ұйымдастырушылық қабілеті - бұл жеке тұлғалық қасиет, ол адамға қай істе болмасын жылдам, әрі сенімді істер атқаруға көмектеседі.

Ұйымдастырушы тұлғаның жалпы сапалары:

Құзырлылық - ұйымдастыру талап ететін істі білу қажет;

Белсенділік -практикалық мәселелерді шешу кезінде жылдамдық әрекеті;

Бастамашылық - белсенділіктің ерекше шығармашылығы, идея, ұсыныстар жасай алады;

Көпшіл - басқаларға ашық, қарым-қатынасқа дайын, адамдармен қатынасқа түсу қажеттілігі;

Ой-пікірлілік - құбылыстардың себебін, негізгісін анықтау;

Табандылық - күш -жігерін, табандылығын көрсету, істі аяғына дейін жеткізе білу;

өзін - өзі қадағалау - өз сезімдерін, қиын жағдайларда өз мінезін қадағалау мүмкіндіктері;

жұмыс істеу қабілеттілігі - шыдамдылық, қиын жұмыс істеу мүмкіндігі, ұзақ уақытқа дейін шаршамау;

байқампаздақ - көре білу, есте сақтау мүмкіндіктері;

өздігінен - шешім қабылдауда тәуелсіздік, мәселе шешу кезінде дұрыс жол таба білу, өзіне жауапкершілік алу;

ұйымдастырушылық - қажетті жұмыс кестесіне өзін бағындыра білу, өз қызметін жоспарлау, жинақылық көрсете білу.

2. Тәрбиешінің міндеттері

Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.

Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолыменжасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелену, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қатынас. Атақты педагог Сухомлинский: « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады [2] .

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауакершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек:

Бала қабілеті ашылуы үшін:

1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.

2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.

5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек [3] .

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту;

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;

5. Танымдық үрдісін дамыту;

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту;

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [4] .

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.

Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Тәрбиеші жоғары арнаулы білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, қоғамдық-саяси қызметтерге белсене арласа алатын, педагогикалық ұжымда беделді, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасай алатын тұлға болуы тиіс. Оның ұйымда еңбек ұжымының береке-бірлігін сақтай алуы, бойында іскерлік және дара қасиеттері болуы, шығармашылық ізденісте болуы, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектесуі және әріптестерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал жасай алуы тиіс.

Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдың және рухани байлық үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді. Үлкендердің білімі, еңбегі біздің шаттың өмірімізді ңамтамасыз етіп отырға-нын, өсіресе өзін қоршаған адамдардың: тәрбиешінің, дәрігердің, күтушінің, аспазшының, даяшылардың еңбегін айтып, оларды бағалауды және үлкендерді қалай қүрметтеу, сыйлау керектігін үйретеді. Кейде балалар үлкендерді сыйлау керек екенін біле түрса да, оны орындамайды, себебі бала білімін, тәртібін, іс-әрекетін байланыстыра алмайды, өзін жақсы алып жүргісі келеді, біраң оны қалай орындауды білмейді, ал кейде баланың қызығушылығы сана түрақтылығын басып кетеді, кейде бала сөзі мен ісін бірлікте алып жүре алмайды. Әрине, баланың білімі бірден оның мінез-қүлқы мен тәртібіне айналмайды, оған үзаң уақыт дағдылану, үйрену керек, тәрбиеші осыларды шыдамдылықпен қалыптастырғаны абзал.

3. Музыка жетекшісінің атқаратын міндеттері

«Музыканы тыңдай және оны түсіне білу - эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана белгісі, бұл болмаса сапалы тәрбие беруді елестету мүмкін де емес» деп жазды ұлы педагог В. А. Сухомлинский.

Бүгінгі педагогтік тәжірибеде оны жүзеге асырудың көптеген әдіс-тәсілдері жинақталған. Солардың бірі-балаға эстетикалық тәрбие беру құралы балабақшадағы музыка сабағы. Сабақ барысында бүлдіршіндер музыкалық іс- әрекеттің барлық түрін ойын түрінде өтеді. Баланың сабақ барысында жалығып кетпеуі музыка жетекшісінің шеберлігіне, тәжірибесіне, біліміне өте байланысты. Өмірімізде болып отырған түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр.

Біздің елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар, білімді де білгір азаматтар даярлау - бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын саралай отырып, қәзіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша таныммен жан-жақты білім беру келешектің маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.

Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалар, әдістемелер өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде үлкен өзгерістер енгізіп, болашақ мұғалімдер қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Осыған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша бағдарламалар енгізіліп, оқу-құралдарын жаңаша бағытта қайта құру қажеттігі туындауы заңды құбылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Музыканы оқыту әдістемесі
Музыканың өнер түріндегі маңызы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Балалар театрының түрлері
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz