Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары

1 Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары
1.1 Зақымдану ошақтарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру
1.2 Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері
Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады. Өткізілген тақырыптың игерілгендігін тексеру мақсатында жетекші келесі сұрақтарды қояды:
1. ҚБҚЖ жүргізудің мақсаттары қандай? (күтілетін жауап: адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету; құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі жасайтын аварияларды және зақымдануларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау)
2. Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай? (күтілетін жауап: АҚҚ қозғалыс бағытына және жұмыс учаскелеріне барлау жүргізу; жұмыстардың жүргізілу аумақтарында және оларға жақындау аумақтарындағы өрттерді жою және сөндіру; зақымдалғандарды іздеу және оларды қираған, от құшағына оранған, газданған үй мен ғимарттардан шығарып алу және құтқару, қираған, үйіндіге айналған ғимараттарды аршып алу және онда қалған адамдарды құтқару, сонымен қатар қираған қорғаныс имараттарына ауа беру, уланған және жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, халықты қауіпті аумақтардан (қатты уланған немесе су алып кеткен аудандардан) қауіпсіз (азырақ зақымдалған) аумақтарға немесе таза аумақтарға аулаққа апару, адамдарды және олардың киімдерін, аумақты және құрылыстар мен техниканы санитарлық залалсыздандыру)
3. Құтқару жұмыстарын жүргізудің мазмұны қалай? (күтілетін жауап тізбектік жолдарды құру және өту жолындағы, зақымдану учаскелеріндегі кедергілерді алу; газ, энергетикалық, және басқа да желілердегі аварияларды жою, адамдарға қауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жүргізу аумақтарына кедергі келтіретін ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, зақымдалған қорғаныс имараттарын қалпына келтіру және жөндеу)
Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады:
- уақытша өткелдерді жабдықтау;
- құлаған жасырыну имараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;
- адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару;
- жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;
- ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;
- тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.

Өткелдер құрамалар мен техниканың кедергісіз жұмыстардың жүргізілетін аумақтарына өтуі және қажетті маневрлер жасауын, сонымен қатар ол аумақтардан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Өткелдерді жабдықтау кезіндегі негізгі жұмыстар көшелердегі 0,5 метрге дейінгі үйінділерді аршу немесе жер берімен тегістеу, өту жолында кедергі келтіріп тұрған металл және темір - бетон констукцияларды бөлшектеу немесе алып тастау, сонымен қатар жалаңаштанған арматураларды кесу және жою.
Құрылымдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына жету жолдарын инженерлік барлау арқылы анықтайды. Бұл жолдар шама-шарқынша қысқа болуы тиіс, дегенмен барлық жағдайда да құлаған көшелер мен жолдарды тазалайды.
Өтулер магистральды және жанама болуы мүмкін. Магистральды өтулер күштерді зақымдану ошағында жұмыстарды жүргізуге, сонымен қатар сол аумақтардан адамдарды эвакуациялауға жету үшін арналған. Жанама өтулер жұмыс жүргізілетін аумақтарға тікелей өтуі үшін арналады.
Қираған қорғаныс құрылыстарын аршу немесе қазып алу бойынша жұмыстардың құрамына кіру жолдарын қалпына келтіру және жұмыс алаңдарын дайындау, кіру жолдарындағы үйінділерді аршу, қорғаныс имаратының авариялық шығу жолдарының немесе қабырғаларын аршу, қабырғада ойық жасау, есікті ашу немесе есікте ойық жасау. Қорғаныс имараттарын аршу бойынша жұмыстар басталмас бұрын оған ауаның өтуін қамтамасыз ету керек. Аршу бойынша жұмыс ең алдымен авариялық және қосалқы шығу жолдарын үйінділерден тазартудан басталады.
Қираған жасырыну имараттарында қосалқы шығу жолдары болмаған жағдайда шығу жолдары немесе басқа да сыртқа шығуға ыңғайлы жерлерді аршу, сыртқы қабырғалардан сыртқа шығатын ойықтар жасау жұмыстары жүргізіледі.
Жасырыну имараттарының қабырғалардағы ойықтар арқылы компрессорлар, желдеткіштердің көмегімен және басқа да тәсілдер арқылы ауа беріледі.
Қираған үйінділер астынан адамдарды құтқару қысқа уақыттар ішінде қолмен немесе аз механизация құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Зардап шеккендерді жоғарғы қабаттардан құтқару кезінде уақытша басқыштар, траптар және басқа да төменге түсуге ыңғайлы қондырғыларды қолданады. Аса көп қолданылатын жұмыс түрлері:
- ғимараттардың қабырғалары мен қалқаларды зардап шеккендерді шығару үшін жабдықтау;
- үсті мен қапталдарындағы үйінділерді зардап шеккендерді алып шығу үшін ыңғайлы етіп шығару;
- үйінді элементтерін бекіту арқылы жіңішке өту жолын жасау.
Өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар ең алдымен өрттердің күштер мен құралдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына енуіне кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.
Үйінділердегі өрттерді сөндіру келесі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін: су құю, жанып жатқан құрылыстарды бөлшектеу және жану ошақтарын құм, топырақ, шлак және ұсақ бөлшекті қалдықтарды, сынықтарды тастау арқылы сөндіру. Өрттерді сөндіру кезіндегі жұмыстардың аса көп көлемі - қала ғимараттары мен имараттарының орта және аз қираған аумақтарында жүргізіледі.
Ядролық зақымдану ошағында қираған ғимараттардың элементі (қабырғалар, жабындықтар, тізбектер және т.б.) әлі құламаған, бірақ олардың жағдайы кез-келген уақытта бір заттардың әсерімен құлауы мүмкін болған. Сол себепті құтқару жұмыстарын бастамас бұрын ғимарат пен имараттардың жағдайларын мұқият қарап шығып, адамдарға қауіп төндіретін қабырғаларды, жабындықтарды құлату және нығайту арқылы қауіптерді жою іс-шараларын қабылдау керек.
Қабырғаларды (констукцияларды) қирату тростардың көмегімен жүргізіледі, бұл тростардың бір шеті қабырғаға (конструкцияларға) бекітіліп, екінші шеті тракторға, автокөліктер мен жүк көтергіштік шамасы 1 тоннадан кем емес шығырларға бекітіледі. Тростың ұзындығы қабырғаның екі биіктігінен кем болмауы тиіс.
Қабырғаны бекіту олардың құлауы жер төле бөлмелеріндегі және ғимараттардың тереңдетілген бөліктеріндегі, сонымен қатар көрші орналасқан ғимараттар мен құрылыстардағы жасырынушыларға және материалдық құндылықтарға қауіп төндіретін жағдайда жасалады. Қабырғаларды бекіту үшін бұрышқа 45-60 градуста көлденең оналастырылатын тіреулер, сондай-ақ бір жақты кермелер қолданылады.
Тіршілік қамтамасыз ету объектілеріндегі аварияны жоюдағы міндеттердің негізі жасырынушылар жиналған жертөлелер мен жасырыну имараттарының суға кетуі және газдануының алдын алу, сонымен қатар құтқару жұмыстарын табысты орындау үшін кедергі жасауы мүмкін себептерді жою болып табылады.
Келесі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін:
- су құбырлары желісінде - желілердің бұзылған немесе зақымдалған бөліктерін тартпалардың көмегімен қираған бөліктерге жақын жердегі құдықтардан сөндіру, артезиандық скважиналар мен насостық стнацияларды жөндеу және қалпына келтіру; су жабдықтау пункттерін ұйымдастыру және жабдықтау; зақымдану ошағына су беру үшін уақытша насос станцияларын сақталып қалған және уақытша желілер бойынша құру; орындарға жиналған суды суға кету қаупін жою үшін сорғылау;
- канализациялық желілерде - адамдар бар және жасарыну имараттарындағы жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағындық суларды бұру және сорғылау; арналық сулардың жер бетіне шығу орнын да сол мақсатпен төсеу;
- электрлік желілерде - барлық құлаған имараттардың желілерін токтан ажырату; қажет жағдайда елеусіз зақым алған электрлік қуаттандыру көздерін қалпына келтіру; қажет жағдайда уақытша электрлік желілерді төсеу;
- газбен және жылумен қамтамасыз ету желілерінде - бұзылған және қираған бөліктерді қажет жерлерде крандарды, тартпаларды, бұрандаларды жабу арқылы сөндіру; адамдарға қауіп төндіруші авариялардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- зақымдану ошағын химиялық және медициналық барлау;
- ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау;
- адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру;
-ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.
Химиялық барлау зақымдану ошағының шектері мен оларды айналып өту жолдарын анықтап, белгілейді, жердің, ауаның және су көздерінің улану деңгейі мен сипатын белгілейді, ҚЗ аз концентрациясы бар бағыттар мен учаскелерді зақымдалған адамдарды шығару мен эвакуациялау үшін анықтайды. Одан әрі химиялық барлау бөлімшелері зақымдалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Зақымдау ошағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды өткізу
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Транспорттагы төтенше жағдайлар
Зақымдану ошағы
Пәндер