Оғызнама



1. Оғызнама
2. Қорқыт Ата кітабы
3. Дастанның нұсқалары
4. Дастанның жазылу тарихы
Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре-и Түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. «Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. «Оғызнаманы» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді:
1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар);
2. Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеум. өмірі туралы деректер);
3. Оғыз елінің көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады.
«Оғызнама» – тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Оғызнама
Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. Оғызнаманың екі нұсқасы бар: бірі - көне ұйғыр әрпімен 13 - 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі - араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі - Шежіре-и тарахима, (Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі - Шежіре-и Түрк (Түркі шежіресі). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. Оғызнамада батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. Оғызнаманы ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді:
1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар);
2. Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеум. өмірі туралы деректер);
3. Оғыз елінің көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады.
Оғызнама - тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі
Қорқыт Ата кітабы
Қорқыт Ата кітабы ("Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан") - қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма "Деде Горгуд" (Баку, 1950), "Книга моего деда Коркута" (М. - Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі `'Қорқыт Ата кітабында" қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан - оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. " Қорқыт Ата ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті Қазақстан тарихының дерек көзі
Оғыз мелекеті
Оғыз мемлекеті
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Көне түріктердің жазба мәдениеті
Орта ғасыр мәдениеті туралы
Қорқыт ата кітабы туралы ақпарат
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Ежелгі Оғыз мемлекеті
Ғұндардың көшпелік мәдениеті
Пәндер