Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері



Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады (46,47).
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері

1 бөлім. Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық
негіздері

1. Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері

Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық
парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде
гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда
экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның
қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің
өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті
элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері
өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа
экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында –
экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін
бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық
шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың
ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен,
өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің
әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің
тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды
жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа
кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның
мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі
құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды
және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады (46,47).
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде
басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның
экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді
шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің
негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі
металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану
және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің
жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол
атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың
әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір
өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты
жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл
аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске
асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен
ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп,
ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де
сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын
жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі
онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде
бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша
себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің
экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі
өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы
кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың
тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында
біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде
әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті
тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық
өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда
тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ
істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен
екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен
тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген
көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік
және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында
әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша
қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі.
Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын
болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың
басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын
жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет
ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен
шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ВНП құруда әлеуметтік сфераның
үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын
болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең
өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр
өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан
тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз
ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер
ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық
шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде
пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс”
кезеңінде жүзеге асырылады (66). Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің
циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың
және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық
экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады.
Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың
біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту
дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде
қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны
пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және
экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін
болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды
экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық
қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен,
жұмыста (66, 161 бет) экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын,
осы проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл
категорияға анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-
техникалық саясаттың сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы
мәселені қояды. Ф. М. Дінішев (46, 55 бет) экономикалық өсі мен
белсенділіктің ауытқуларын экономиканың технологиялық құрылымының
жаңартылуымен және техника-экономикалық даму бағыттарының өзгертілуімен
байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес,
барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне
негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар
жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру
керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда
технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық
басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды
өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы
белсенді ,ылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу
шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті
түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың
анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа
қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі
аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың,
құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі мен
материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-қайшылықты
шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады.
Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың
ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген
технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық
тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және
тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан
өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП - ның төңкерістік кезеңінің негізгі
мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде,
салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық
өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты
технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында
салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес
салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр мешина жасау;
үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия
және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау,
автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының
өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке
сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар
мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген,
алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға әзірше
баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын
құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының
қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен
жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды бөлудің
орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық
механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-
қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар
уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойыладыдеп
болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар
реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана
тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-
мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи)
тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану
тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық
механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен
белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден,
мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және
дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген
технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы
тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және
оларды әр тараптандыру тиімді.
Орталық Қазақстанның және Ұлыбританияның, Германияның, АҚШ-тың тоқырау
аудандарының проблемаларының ұқсастығына қарамастан, біздің пікірімізше,
Жапонияның соғыстан кейінгі тәжірибесі бұдан да құнды, Жапония өнеркәсіптік
өндірісті қалпына келтіру және өзінің әлемдік экономикалық ірі мемлекет
статусын қайтару проблемаларымен соқтығысты, сондай-ақ 80-ші жылдарда
аймақтық “өсу полюстерін” құрудағы Жапонияның тәжірибесі де құнды. Бұл
бағдарламалары – мақсаттық ыңғай және өнеркәсіптің инновауиялық түрленуі
есебінен жасалған болатын.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық
араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика
моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде
қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға
қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге
атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат
болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар,
қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы
геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің
пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ
мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу
үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде,
инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала
ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай
жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т.
б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру,
басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру
түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат
қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық
өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа
халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық
өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру
болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін
құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның
ішінде әртараптандыру негізінде;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті.
Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптікөндірісті көтеруді шешу үшін
селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
1. Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды,
жабдықтаушы-салаларды есепке алумен);
2. Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы – салаларды
және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған
сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен;
3. Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері.
Алдын-ала жасалған тұжырымдар негізінде қолдаудың потенциалды
объектілерінің санына, көбінесе, кен-өндіру және металлургия өнеркәсібі
үшін жабдықтар шығаратын, машина жасау кешенінің жеке салаларын, экспортқа
өнім шығаратын салаларды жатқызу тиімді.
Қанағаттандырылмаған тұтынушылар сұранысына бағдар-ланған салаларды
қолдау (азық-түлік, тұрғын үй және т. с. с.), оңтайландыруға тұрғындар
қаражатының материалдық өндірісін тартуды қамтамасыз ететін болады.
Сонымен, жаңа тұжырым – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы
үшін жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл ең алдымен оның әлеуметтік
және экономикалық проблемаларын шешудегі басымдықты болжайды. Оған салық
саясаты ынталандыратын, жеңілдікті несиелер қызмет етуге шақырылған.
Мемлекеттің шектелген экономикалық мүмкіндіктері жағдайларында барлық
салаларды ресурстармен және қаражатпен қамтамасыз ету қиын. Сондықтан
тұтынушылар рыногын дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру үшін күрделі
салымдар түрінде тұтыну сферасына бірінші кезекте бөлу керек.
Бұл міндет өте күрделі, қиын, едәуір уақытты талап етеді, сонымен
бірге шамадан тыс қымбат тұрады. Әрине, мұндай қайта құру өзіндік мақсат
бола алмайды, ол ұзақ мерзімді даму механизмдерінің бірі ретінде болады.
Бұл мақсаттардың қандайекендігіне оларға қол жеткізу механизмдерін таңдау
да байланысты болады. Мақсаттардың өздері дамудың мұндай немесе басқа
тұжырымдамасының аясында қалыптасу керек. Таңдалған жүйеге, мақсаттарға
байланысты экономиканы құрылымдық қайта құрудың масштабтарын, қарқындары
мен негізгі бағыттарын анықтау керек.
Проблеманың тура осындай қойылымының қажеттігі, халық шаруашылығын
құрылымдық қайта құрудың кешені міндетті шешуге арналғанымен себептелген.
Аймақтың халық шаруашылығын қайта құрудың кешенді сипаты, экономиканың
жеке салалары мен сфераларының қайта ұйымдастырылуы және жаңартылуы олардың
өзара байланысында жүргізілуі керектігінен тұрады. Экономиканың құрылымдық
ығысулары олар пайдаланған сәйкес құрылымдар мен механизмдері бұзу жолымен
ғана емес, сонымен бірге психологиялық тосқауылды жеңу жолымен, яғни әрбір
адамның, өндірістік ұжымның немесе аймақтың өзінің экономикалық берекесі
туралы дербес түрде қамқорлық етуі керектігін түсінумен, бөлу қатынастарын
біртіндеп жоюмен қоса жүру керек.
Қайта құру мәселесін бөлек қалада және облыста шешуге тырысу қате
болар еді. Оны тек аймақтың аясында ғана шешу тиімді. Мұндай тұтас аймақтық
–кешенді ыңғайдың объективті қажеттілігін түсінбеумен жиі кездесуге
болатындықтан, бұған ерекше назар аудару керек. Өзара қызығушылық негізінде
келісілген республиканың тең құқықты екі субъектілерінің өзара әрекеттесуі
аймақ экономикасының құрылымын табысты түрлендірудің және аймақтық
әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің
абсолюттік қажетті шарттарының бірі болып табылады деп айтқан дұрыс болар
еді.
Қазіргі уақытта аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму
тұжырымдамалары әзірше жоқ. Алайда, экономикалық өсудің экстенсивті
факторларын басым пайдаланумен байланысты, қолданылып жүрген даму
бағыттарын сақтаудың дәстүрлі жолымен аймақтық экономиканың дамуы мүмкін
еместігі анық. Осыған байланысты аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму
тұжырымдамасының дамудың принциптік және траекториясына, мақсаттардың жаңа
жүйесінің қойылымына, ең алдымен қарқында факторлардың пайдаланылуына
көзделуі керектігі бір мағыналы. Бұл тұжырымдама аймақтық әлеуметтік-
экономикалық басымдықтардың барлық жүйесінің түпкілікті өзгерістерімен
тығыз байланысқан, ал бұл аймақта терең батыл өзгерістердің жүргізілуі
керектігін білдіреді.
Жоғарыда баяндалғанды есепке алумен аймақ дамуының стратегиялық
мақсаттарын қалыптастыруға болады. Олардың қойылымы аймақ дамуының асты
бағыттарын, республикада қазір жүріп жатқан реформалар аясында экономика
құрылымының оларға сәйкес келетін өзгерістердің анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық мақсаттардың республиканың мүдделерімен, мақсаттарымен және
басымдықтарымен байланысы екі негізгі себеп бойынша болуы қажет.
Біріншіден, аймақ қандай экономикалық дербестікке қол жеткізсе де, ол жалпы
мемлекеттік халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып қалады және аймақ
аралық еңбекті бөлу аясында ғана қалыпты жұмыс істей алады. Екіншіден,
дамудың дәстүрліжолымен баратынына немесе постиндустриялық жолға өте
бастауына байланыссыз, ол барлық республикасының ресурстарына сүйене отырып
және оның мүдделері мен мұқтаждықтарына бағдар ала отырып, табысты дами
және жұмыс істей алады.
Біздің аймақ экономикасының барлық құрылымдық қайта құрылуы оның
индустриялық аймаққа жүйелі айналуына бағытталу керек.
Сәйкес түрде, аса терең батыл өзгеріс таралған таптаурыннан дереу бас
тартумен байланысты болу керек, ол бойынша егер аймақ экономикасында
өнеркәсіптің үлесі ұдайы өсетін болса, онда оны индустрияландыру деңгейі
жоғарылайды.
Индустрияландыру әрбір қоғамды дамытуда қажетті кезең болып табылады.
Осы процестің нәтижелері бойынша елдер индустриялық емес, жартылай
индустриялық, индустриялық және постиндустриялық болып жіктеледі. Берілген
жіктелу жұмысты зерттеудің түрі болып табылмайды, ал экономиканы құрылымдық
түрлендіруді талдау үшін қызмет атқарады, сондықтан ұсынылған топтастыру
аяқталғандықты білдірмейді.
Индустрияландыру процесінің мәні экономиканы өнеркәсіптік
түрлендіруден тұрады:
ірі масштабты өңдеуші өнеркәсіпті құрудан және салалар арасындағы
байланыстар жүйесін қалыптастырудан;
ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Халықаралық сауданың жан-жақты жүйесі
Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен эволюциясы
Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Нарықтық экономика туралы
Пәндер