«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Асыл Нұрсұлтан Байболсынұлы

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құқықтану мамандығының 1 курс студентi 1 курс студенті, бакалавриат, Тараз, Қазақстан

Жетекші: Қыдыралиева Н.

«Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асырылуы

Бұл мақалада «Мәңгілік ел» идеясының маңызы, тәуелсіз елімізге қалай жеткендігінің және осы идеяны жүзеге асыру туралы айтылған.

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда Елбасымыздың еңбегі өте зор. Қазақстан Республикасының осы күнге жетіп келе жатқаны ата - бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан байтақ қазақ жерін қасық қаны қалғанша білекті сыбанып елімізді, жерімізді жаудың қолына бермей, шашау шығармай жан аямай қорғап бізгеаманат етіп бергені. Ендігі мақсатымыз елбасымен бірге мына, біз жастар осы мемлекетті мәңгілік ету. Ата - бабаларымыздың мыңдаған жылдар азаттықты аңсап күнкені еді. Осы азаттыққа жетеміз деп, тәуелсіз ел боламыз деп талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды. Азаттық бізге оңайлықпен келмеді.

“Мәңгілік ел” идеясы сонау VIII ғасырдан бастау алған. Күлтегін батыр өз елінде тасқа қашап мәңгі ел болғысы келген. Сол үшін 30 жыл ат үстінаде жүріп егеулі найза қолға алып тәуелсіздік жолында күрескен. Сол жолда құрбан болған ержүрек азаматтардың бірі. Оның мәңгі елді аңсағаны Күлтегін ескерткішінде тасқа қашалып жазылған. Мәңгілік ел болуды хандарымыз Керей хан мен Жәнібек хан да көздеген. Осы хандардың бастауымен Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының басты идеясы да “Мәңгілік ел” болу еді.

Мәңгілік ел болу сонымен қатар жан алмас тәуелсіздік жолында күрескен батырларымызды атап өтсек Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова және т. б. батырларымыздың ерліктерін атап өтпесе болмайды[1] .

Елбасымыз Нұрсұлтаг Әбішұлы Назарбаев ендігі арманымыз, мақсатымыз ата - бабаларымыз аманат етіп, бабаларымыз мұра етіп қалдырған тәуелсіз, айбынды ірге тасы берік, мықты асқарлы мемлекетімізді “Мәңгілік ел” ету болды деп жариялады. Сол үшін даңғыл нұрлы жол салды, нақтылап, шегелеп 100 қадам бекітті. Сонымен сонау ежелден бастау, бағыт бағдар алған осынау кең байтақ шұрайлы жері бар мемлекетімізді “мәңгілік ел” ету алдағы мақсат. Елбасымыз 2015 жылғы жолдауында осыны айқындап көрсетті. “Мәңгілік ел” құру идеясы жолында жүзеге көптеге реформалар іске асырылып жатыр солардың бірі жүз нақты қадам, нұрлы жол - болашаққа бастар жол, Қазақстан 2050 стратегиясы болып отыр. Ендігі арман мақсатымыз елімізді 30 елдің қатарында көру болып отыр.

«Қазақстан жолы» - Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамддарын ашып көрсетеді. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай - газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді[2] .

Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай әлемдік деңгейге көтерген көрегендігін, қайраткерлігін айқара ашып көрсетеді.

Әр дәуiрдiң өз үнi болу қажет. Ұрпақ бiлу керек. Бұл шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ. Қазақстан өз тәуелсiздiгiн жариялағалы берi қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзiнен - өзi бола салмайды. Оның астарында елдiң моншақтап төгiлген терi, ердiң өлшеусiз жан алысып, жан берiскен ұйқысыз түндерi жатыр. Бiз тәуелсiздiгiмiздi алғанымызбен, әлi қылыштың жүзiнде ғұмыр кешiп келемiз. Сәл абайсыз адымымыз бiздi кез келген сәтте майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда жүріп, Елбасы қаншама ауқымды тірліктер атқарды. Жиырма төрт жыл бұрын қандай едік, бүгін қандаймыз!Бәрін ой елегінен өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін атқара алмай жатқан ісі болса оған ел болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал ел мәртебесіне жұмсаған қажыр - қайраты мен ғаламат табыстары үшін ол кісіні ардақтауға тиістііміз. Бұл берісі адамдық, әрісі елдігімізге сын. Тәуелсіздік алғалы бері атқарылған адам сенбес ғажайыптарды санамалап айтпай - ақ қояйын. Оны елдің бәрі көріп отыр. Шығармада осының бәрін жыр тілімен өрнектедім. Көп дүниелер айтуға оңай. Ал оны қағазға құлату - қиынның қиыны. Оған төгілер көздің майы, жүректің оты қажет.

Тарихымызда қаншама ел тізгінін тартқан тұлғалар халықты ақ жолмен аман алып өткісі келеді. Қаншама қантөгісті бастан кешірді. Енді тәуелсіздікке қолы жетіп, жан - жағына бажайлап қарап тұрған біздің еліміз үшін негізгі тірек - бірлік. Форумның басты мақсаты да бірлік пен ана тілі жайында болды. Өрге қарай өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің әр саладағы білімді жастары бас қосып, мүдделері бір жерден тоқайласты. Тәуелсізлігіміздің шаңырағын шайқалтпай, гүл сияқты аялау қажеттігі және халқымыздың жарқын болашағы жайлы айтылды[3] .

Тарихқа көз жүгіртсек, кезінде ел билеген Абылай да, Кенесары хан да Арқаның төсіне талай мәрте бет бұра берген екен. Сол киелі өлкеде талай тиянақты сөздерін, тоқсан ауыз сөздің төрелігін, тұжырымдары мен шешімдерін, ұрпақ пен болашақтың мәселесін қараған. Қазір де Елордада саяси сауаты ел азаматтары бас қосып, ұлттың шаңырағын биіктетіп отыр. Астананың сұлулығында, тарихында, тіпті ауасында магия бар. Елбасы бізге бәйтеректі бойтұмардай етіп сыйға тартты. Бұның өз аңызы бар. Ертеректе бір батыр бәйтеректің төңірегінде дамылдап жатады. Оянып қараса үлкен бір әбжылан бәйтерекке өрмелеп бара жатыр екен. Бәйтеректің төбесінде киелі құс Самұрықтың алтын жұмыртқасы бар. Батыр бірден жеесін тартып, алдырнасын сілтеп жібереді. Сұрмерген батырдың жебесінен әбжылан сұлап түседі. Осылай әлгі Самұрық пен батырдың арасында достық орнайды. Сол батырды Елбасы деп айтсақ артықтығы жоқ. Елі мен жерін алтын ұядай ғып ұстап, мемлекетіміздің мәртебесін көтерген еңбектері ешқашан ұмытылмайтын ақиқат.

Шерхан Мұртаза ағаның «Елбасы біреу, қалғаны тіреу» дегені де сол секілді дүние. Еліне, тарихына, ұлтының болашағына деген құрметі бар әрбір азамат өз мамандығының білгірі болу керек. Өз ісіне адал азаматтан асқан патриот жоқ.

Тәуелсіздіктің арқасында жүзіміз жарқын. Тек сол Тәуелсіздігімізді сақтап тұру - біздің мәңгілік міндетіміз. Қарапайым тілмен айтқанда, екі қазақ бір - бірін адами тұрғыда сыйлап, құрметтеп бірін - бірі шынайы түсіне білсе, біріне - бірі қол ұшын соза білсе, болашағымыз әбден жарқын болады. Біздің мемлекетіміздің жетістіктерін менсінгісі келмейтіндердің мысы басылады. Біз үшін ұлттық идея да, болашаққа деген бағыт - бағддарымыз да бар. Талай қиян - кесті заманда ұлттың санасын оятқан елміз. Нақты уақытта үлкен қоламтаның астында қызуы қайтпаған, қайта жалындауға талпынып тұрған шоқ секілжіміз. Біздің жүрегіміздегі сонау сақ пен ғұн бабалардың отын ешкім де өшіре алмайды!

Мемлекет басшысының қабылдаған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталғанын атап өтті.

Ұлт жоспарының екінші реформасы - Заңның үстемділігін қамтамасыз ету. Аталған бағыттың маңыздылығы жайында Тараз қалалық сотының судьясы Бауыржан Манкетегі әңгімеленеді.

- Заң үстемдігін қамтамасыз ету реформасының негізгі көздеген мақсаты - сот жүйесінің тйуелсіздігін нығайту, сот төрелігінің тиімділігін арттыру, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сот жұйесін құру болып табылады.

«Мәңгілік ел» идеясымен сабақтасқан бұл реформаның мемлекеттегі татулық пен тұрақтылықты одан әрі дамытуда жоғары маңызға ие.

Біріншіден, Қазақстанның экономикалық қуаты ұдайы өсетіні белгілі. Демек, ұдайы өсетін тауарлы өндірісті қамтамасыз ететіндей базар, рынок қажет. Сондықтан да Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан үшін интеграциялық ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге алып базар да. Кедендік одақ кезінде үш елдің тауар айналымы шамамен 50 пайызға өскен екен. Бұл - кімді де болса қызықтыратын көрсеткіш.

Екіншіден, әзірге Қазақстан экономикасының негізі - шикізат. Қосымша құны жоқ осынау тауарлы өндіріс тасымал шығынын азайтқанда ғана тиімді болмақ.

Демек, Еуразиялық экономикалык одақ арқылы біз тасымал шығынын азайтатын іргедегі алып базарға кол жеткіздік.

Үшіншіден, Қазақстан индустрия жағынан мешеу, КСРО державасының аграрлық шикізаттық аймағы болып келгені ақиқат. Ал капитализмге дендеп енген кез келген ел үшін шикізатқа тәуелділіктен құтылып, қосымша құны мол тауарлы өндіріс жасайтын индустрия керек. Міне, осы индустрияны жасау мақсатында біз «индустриялык-инновациялық бағдарлама» қабылдаған елміз. Осы бағдарлама бойынша бұл күндері біздің елімізде талай-талай дамыған елдердің кәсіпкерлері өз филиалдарын ашқан. Ресей Федерациясы, қалай десек те, бізге қарағанда ғылымы мен индустриясы әлдеқайда озық еді. Міне, осындай жағдайда олар біздің елде өз филиалдарын ашып жатса, Қазақстанға керегі сол емес пе? Айталық, қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығына қажетті толып жатқан техника түрлері шығатын болды. Оны бұрын Белорусия мен Ресейден импорттап, толып жатқан валюталық шығын жасайтынбыз.

Төртіншіден, Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігі нәтижесінде біз салық мөлшерін азайта алған посткеңестік аумақтағы бірден-бір елміз. Айталық, дәл бүгінгі таңда біздің салыктык жүктемеміз Ресейге карағанда 6 пайызға, Белоруссияға қарағанда 9 пайызға жеңіл екен. Индустриялық-инновациялық бағдарламамыз бойынша жұмыс істеп өз филиалдарын ашқысы келген шетелдік инвесторлар үшін қай ел тиімді десек, әрине, ол Қазақстанды таңдар еді. Байлар үшін 6 пайыздық жеңілдік зор маңызға ие. Міне, осы жағынан алғанда соңғы жылдары алыс шетелді былай қойғанда, Еуразиялык экономикалык одаққа мүше қалған екі әріптес мемлекеттің кәсіпорындары Қазақстанда өз өндірістерін ашып жатса, бұл біздің осы түстағы нақты жеңісіміз. Бұл да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көрегендігінің нақты дәлелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Ұлттық сананы қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
Бабаларымыздың арманы
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz