Кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Кәсіпорынның қаржылық.шаруашылық жағдайын талдаудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.1Қаржылық.шаруашылық қызметінің жағдайын талдау мәнi мен теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2Кәсіпорынның қаржылық.шаруашылық қызметінің жағдайын талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3Кәсіпорынның қаржылық.шаруашылық қызметінің жағдайын талдау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2 «Локомотив» акционерлік қоғамының қаржылық.шаруашылық қызметінің жағдайын талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

2.1 «Локомотив» акционерлік қоғамының қаржылық.экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Кәсіпорын мүлкінің жағдайын және олардың қалыптасу көздерін динамикада талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3 Кәсіпорын балансының өтімділігі дәрежесін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.4 Кәсіпорын табыстылығы көрсеткіштерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

3 «Локомотив» АҚ.ң қаржылық.шаруашылық қызметін жақсарту жолдары..58

3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын интегралдық бағалау және оны арттыру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3.2 Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен маңызы кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды:
− кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
− кәсіпорынның экономикалық қызметін сипаттаушы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
− кәсіпорынның мүліктік жағдайын динамикада зерттеп, баға беру;
− кәсіпорынның қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау, құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
− кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
− кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштеріне баға беру;
− кәсіпорын капиталының айналымдылығын бағалау, яғни іскерлік белсенділігі мен тиімділігін бағалау;
− кәсіпорынның даму перспективасы мен стратегиясына баға беру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, дипломдық жұмыста «Локомотив» акционерлік қоғамының іс тәжірибесінде қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау көрсетіліп отыр.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде «Локомотив» АҚ алынды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметі қаралады.
1. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы. - Алматы. // Егемен Казахстан. 27 қаңтар 2012 жыл
2. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. "Процветание безопасность и улучшение, благосостояния всех казахстанцев", Послание Президента страны народу Казахстана.- Алматы // Казахстанская Правда, 11 сентября 1997
3. Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах» от 10 июня 1998 года// Казахстанская правда, 21 июля 1998.
4. Қалдыбав О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Оқу қуралы. –Алматы: Санат, 1997 – 205 б..
5. К.Ш. Дүйсенбаев., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. - 293 б..
6. ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығы
7. Составление финансовой отчетности. // Бухучет на практике. – 2006. - №12(37). – С. 25-29.
8. Ефимова О.В. Финансовый анализ. Учебное пособие.- Москва, 2008. – 289 с.
9. Русак Н.А. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. – Минск, 2005. – 235 с.
10. Савицская Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности. – Москва, 2004. – 276 с.
11. Финансовые инструменты. МСФО 27 Консолидированная и отдельная финансовая отчетность. // Бухучет на практике. – 2006. - №12(37). – С. 21-27.
12. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Учебное пособие. –Москва: Финансы и статисика, 2009. -192 с.
13. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяиственной деятельности. -2-е изд. - Москва: Финансы и статистика, 2007 – 378 с.
14. Стоянов Е.А., Стоянова Е.С. Экспертная диагностика и аудит финансово-хозяйственного положения предприятия. – Москва: НКЦ «Перспектива», 2002 – 155 с.
15. «Локомотив» АҚ жарғысы. - Астана, 2006. – 65 б.
16. «Локомотив» АҚ-ның атқарылған жұмыс есебі, 2009-2011 жж.
17. «Локомотив» АҚ дамытудың 2009-2011 жылдарға қаржылық есебі.
18. Ковалев В.В. Экономический анализ хозяйственной деятельности. - Москва, 2004. – 296 с.
19. Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. /Бухгалтерский учет. 2009 г., №5.
20. Шеремет А. Д., Сайфуллин Р,С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 2004.
21. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. — Ярославль, 2009.
22. Клейнер Г.Б., Петросян Д.С. Оценка финансового состояния предприятия. /Финансовые и бухгалтерские консультации. Контакт. Инвест Фонд, 2005.
23. Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий..- М.: 2001.
24. Ефимова О.В. Финансовый анализ. Учебное пособие.- Москва, 2008. – 289 с.
25. Палий В.Ф. Содержание и методика анализа. -М.:Журнал «Контроллинг», 2006
26. Малич В.А. Анализ финансовой деятельности предприятия -
С.- Петербург: СПбДНТП, 2002.
27. О банкротстве Закон Республики Казахстан от 07.04.95 г.№217
28. Львов В.С., Фокеев А.С. Программная реализация методики анализа финансового состояния предприятий фирмы «ИНЭК».—М.: Аудит и финансовый анализ. 1996 г., №3.
29. Банкротство: реабилитационные процедуры и ликвидация: Сб. Нормативных документов/сост. Балмуканова С.У. и др. Под.ред. Молоканова А.А. – Алматы: МЧНВП «Гамма», 2007 - 67 с.
30. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. - М.: изд-во «Перспектива», 2003. .
31. Азаев Г.Л. Конкуренция анализ стратегия и практика. – Москва: Центр экономики и маркетинга, 2006. – 208 с.
32. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Учебное пособие. –Москва: Финансы и статисика, 2009. -192 с.
33. Шредер Н.Г. Анализ финансовой отчетности – М.:Альфа-Пресс, 2006
34. Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства, Санкт-Петербург, 2004
35. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001
36. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности предприятия.Алматы, Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010. - 493 б..
37. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
38. «Локомотив» АҚ дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған жоспары.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдаудың теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.1Қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын талдау мәнi мен теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын талдау
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2 Локомотив акционерлік қоғамының қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын
талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .29

2.1 Локомотив акционерлік қоғамының қаржылық-экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Кәсіпорын мүлкінің жағдайын және олардың қалыптасу көздерін динамикада
талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31
2.3 Кәсіпорын балансының өтімділігі дәрежесін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.4 Кәсіпорын табыстылығы көрсеткіштерін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

3 Локомотив АҚ-ң қаржылық-шаруашылық қызметін жақсарту жолдары..58

3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын интегралдық бағалау және оны арттыру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..58
3.2 Кәсіпорынның қаржылық даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.72

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 74

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық
тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат
бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс
табу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты
бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік,
әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау
қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін
шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің
кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы
болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік
табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең
өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен маңызы кәсіпорында қаржы-
шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну болып
табылады. Бұл мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды:
− кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
− кәсіпорынның экономикалық қызметін сипаттаушы негізгі техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
− кәсіпорынның мүліктік жағдайын динамикада зерттеп, баға беру;
− кәсіпорынның қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау,
құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
− кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
− кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштеріне баға беру;
− кәсіпорын капиталының айналымдылығын бағалау, яғни іскерлік
белсенділігі мен тиімділігін бағалау;
− кәсіпорынның даму перспективасы мен стратегиясына баға беру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, дипломдық
жұмыста Локомотив акционерлік қоғамының іс тәжірибесінде қаржы
ресурстарын пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау көрсетіліп отыр.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде Локомотив АҚ алынды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде кәсіпорынның қаржылық
шаруашылық қызметі қаралады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында ақапарт көзі ретінде Локомотив
АҚ-ның жылдық баланстары, табыстар мен шығындар есебі, өзге де қаржылық
есеп беру құжаттары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыста экономикалық талдаудың кең тараған әдістері
тізбектік, абсолютті айырмашылық, коэффициенттер, индекстер әдістері
пайдаланылды. Дипломдық жұмысты талдау барысында аналитикалық әдіс
қолданды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде ҚР заңнамалық
нормативтік материалдары, Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа
жолдауы, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктері жөніндегі еңбектері алынды [1,2,3].
Практикалық бөлімінде талдау жүргізу үшін Локомотив акционерлік қоғамының
2009-2011 жылдарындағы шоғырландырылған қаржылық есебі, компания жарғысы,
алдағы кезең жоспарлары алынды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылардан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, зерттреулердің маңызы
көрсетіліп, негізделген мақсаттары мен міндеттері, әдістері қарастырылған.
Жұмыстың бірінші тарауы үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде
қаржылық жағдайды талдаудың мәні мен мақсаты, кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қарастырылған. Сонымен қатар, екінші
бөлімінде қаржылық жағдайды талдау әдістері қарастырылды. Бірінші тараудың
үшініші бөлімінде қаржылық талдау түрлері, атап айтқанда экспресс-талдау
ашып көрсетілген. Кәсіпорынның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу үшін
міндетті шарттары мен оның қажеттіліктері тілге тиек етіледі. Және
халықаралық есеп беру стандарттары, оларды енгізуге байланысты өзгерістер
жайлы сөз қозғалады. Себебі қазіргі кезде мемлекетіміз халықаралық
стандарттарға сай болу үшін жаңа есеп беру әдістеріне көшті. Бұл тараудың
әрі қарай практикалық бөлімде талдаулар жүргізу үшін маңызы зор.
Жұмыстың екінші тарауы төрт бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде
Локомотив акционерлік қоғамының сипаттамасы, мамандану бағыты, негізгі
экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтер берілген.
Аталған тараудың екінші бөлімінде кәсіпорынның активтері мен олардың
құралу көздері талданған. Оның ішінде баланстың жеке баптары бойынша
(ағымдағы активтер, ұзақ мерзімді активтер, қарыз капиталы және меншікті
капитал) жеке талдаулар жасалынып, компанияның көптеген көрсеткіштеріне
баға берілген. Кәсіпорынның салыстырмалы шамалары, коэффициенттері
есептеліп, олардың теориялық мәндермен сәйкес келуі зерттеліп, кәсіпорынның
қызметіне баға берілген.
Екінші тараудың үшінші бөлімінде кәсіпорын балансының өтімділігі, яғни
ликвиттілігі бағаланған. Ол үшін ең өтімді, тез өтімді, баяу және қиын
өткізілетін активтер мен неғұрлым тез төленуге тиісті міндеттемелер, қысқа
мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, тұрақты міндеттемелер
салыстырылып, олардың арасындағы қатынастың теориялық мәніне сәйкестілігі
анықталды.
Бұл тараудың соңғы бөлімінде кәсіпорын табыстылығына баға берілді. Ол
үшін кәсіпорын табыстылығының абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері
талданып, рентабельділік коэффициенттерін есептеу барысында қорытындылар
жасалынды. Сонымен қатар кәсіпорын капиталының айналымдылығы, іскерлік
белсенділігі мен тиімділігі талданды.
Үшінші тарау да екі бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде
кәсіпорынның банкротқа ұшырау ықтималдығын интегралдық бағалау үшін алғашқы
мәліметтер және стандартталған коэффициенттер матрицасы құрылып,
Альтманның үш факторлы және бес факторлы әдістері көмегімен талдау
жүргізілді.
Үшінші тараудың екінші бөлімінде қаржылық стратегияның мақсаттары
аталып қана қоймай, Локомотив акционерлік қоғамының қаржылық стратегиясы
мен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.
Соңғы тараудың үшінші бөлімінде қазіргі күнгі ауқымды мәселе - күрделі
инвестициялық жобалар қарастырылды. Және күрделі инвестициялық жобаларды
құру принциптері мен оларды қаржыландыру жолдарының жоспары атап айтылды.
Қорытынды бөлімінде талдау барысында көз жеткізілген нәтижелерге,
компанияның экономикалық жағдайына шолу жасалынды.

1 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдаудың теориялық
аспектілері

1.1 Қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын талдау мәнi мен теориялық
негіздері

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен
оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Қаржы ресурстарын кәсiби басқару
қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған
байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi
қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен
капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық
жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу [4].
Кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызмет жағдайы - айналыс үрдісіндегі
капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектiсiнiң нақты
сәттегi өз қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер
жүйесiмен анықталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның
белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық
қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі
үшін қаржы ресурстарынмен қамтамасыз етілуін көрсетеді [5].
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше
талқыланады:
- қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткiлiктi қаржылық
қамтамасыз етiлуi;
- қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем
қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;
- қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi
тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге
үдемелi ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi;
- қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрiнiсi - кәсiпорынның төлем
қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi – бұл субъектiнiң өз
мiндеттемелерiн уақытында өтей алу мүмкiншiлiгi.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді
[4]:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етушi iшкi факторлар:
- кәсiпорынның салалық ерекшелiгi;
- шығарылатын өнiм (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- жарғылық капитал көлемi;
- шығын көлемi, оның ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- мүлiк пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
- кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, т.б.
Сыртқы факторлар:
- мемлекеттегi саяси-экономикалық жағдай;
- төлем қабiлеттi сұраныс пен тұтынушылар табысы;
- салық және несие саясаты;
- құқықтық-нормативтiк база;
- сыртқы-экономикалық байланыстар, т.б..
Қаржылық жағдайды талдау кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызметiн
талдаудың ең соңғы кезеңi. Ол iшкi және сыртқы қаржылық талдау болып
бөлiнедi. Олар бiр-бiрiнен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленедi.
Iшкi қаржылық талдау – бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайын
тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу
механизмiн, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, ал сыртқы қаржылық талдау -
инвестициялау тәуекелiн анықтау мақсатымен субъектiнiң қаржылық жағдайын
талдау.
Кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына жүргiзiлген талдау -
кәсiпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты
ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс. Осыған орай КҚЖ талдаудың
негiзгi мақсаты (міндеттері) келесiлер:
− Кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына уақытында әрi объективтi
баға беру, оның әлсiз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн
оқу;
− Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестілікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
− Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
− Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
− Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
− Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
− Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
− Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
− Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
− Кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi
мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;
− Қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның
қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесiн дайындау;
− Қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже
мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау;
− Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және
қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық-
шаруашылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:
1. Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау
2. Капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау
3. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау
4. Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын
талдау.
Кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп туралы
заң күші бар Жарлығына сәйкес, 2007 жылдан бастап қаржылық есеп беруге
бухгалтерлік есп беру стандарттары жататын. Қазақстанда болып жатқан
реформаларға сәйкес, және халықаралық экономиканың даму үрдісіне сәйкес
Республикамызда құнды қағаздар нарығын, банктік және сақтандыру
қыземттерін, инвестициялық қызметті дамыту жағдайында халықаралық қаржылық
есептілікке көшу логикалық жағынан дұрыс болып есептеледі. Мемлекетте
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу (ХҚЕС) эволюциялық
процесс 1997 жылғы бухгалтерлік есептілікті реформалау, ХҚЕС және БЕС-ті
(бухгалтерлік есеп стандарттары) салыстыру Халықаралық стандарттарға
көшудің біртіндеп жүргендігін көрсетеді [6].
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары (International Finansial
Reporting Standards – IFRS немесе International Accounting Standards –
IAS) немесе МСФО, қаржылық есеп берудің халықаралық деңгейде қабылданған
формалары болып табылады. 2001 жылға дейін БЕС 1-41, одан кейін ХҚЕС 1-7
қабылданды, қазіргі кезде бұл стандарттардың екеуі де қолданылып жүр. Жаңа
стандарттар бойынша қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайы,
қызмет нәтижесі, қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік ұйымның келесі
көрсеткіштері жайында ақпарат беруі тиіс [7]:
- активтер;
- міндеттемелер;
- меншікті капитал;
- негізгі және негізгі емес қызметтен түсетін табыстар мен шығындар туралы
есебі;
- ақша қаражаттары қозғалысы;
- меншікті капиталдағы өзгерістер.
Осы көрсетілген есептілікке сәйкес кәсіпорынның қаржылық жағдайына
нақты талдау жасауға болады. Соңғы үш жыл мерзімінде Қазақстан Республикасы
толығымен ХҚЕС-ке көшу шараларын жүргізуде.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігі ұйымның қаржылық жағдайы туралы
есепті тәуелсіз әрі нақты ұйымдастырылуы тиіс. Қаржылық есептіліктің
айқындылығы келесі қағидаларды қажет етеді:
- ХҚЕС-ке сәйкес крийтерилер бойынша операциялар мен өзге құбылыстардың
нақты мінездемесі болу керек;
- Есептік саясатты таңдай және қолдану ХҚЕС 8 Есептік саясат, есептік
бағалаулардағы өзгерістер және қателер сәйкес жүргізілу керек;
- Есептік саясатты қоса алғанда ақпаратпен қамтамасыз ету нақты әрі
түсінікті болу керек;
- Егер ХҚЕС мағынасын аша алмаған баптар болса, қосымша ақпарат беру.
Ақпарат нақты әрі түсінікті болады, егер есеп беру тголығымен
халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес келсе.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі.
Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық
ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн
пайдалана алады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандарттарында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айыппұлсанкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін
жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік көрсеткіштен аспайды.
Қаржылық есеп берудiң мақсаты – ақпаратты пайдаланушыларды заңды
тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесi мен есептi кезең аралығында
қаржылық жағдайында болған өзгерiстер туралы пайдалы, мәндi, әрi шынайы
ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие
беру шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенiмен,
экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз
ете алмайды. Себебi коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы
пайдаланушылар алуы тиiс қаржылық ақпарат көлемiн шектейдi. Осыған орай
ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есептi негiзгi ақпарат көзi ретiнде
қабылдауы тиiс [8]. Ендi осы есеп түрлерiне тоқталсақ:
Бухгалтерлiк баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл
соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның
мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.
Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар осы кәсiпорынмен
серiктес болу не болмауды негiздейдi, өз салымдарының тәуекелiн анықтайды,
субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды,
т.б. Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, және
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме – бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа
бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру,
жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекерттен бас
тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап
етуге құқығы бар.
Меншікті капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері.
Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлiмнен тұрады (актив баптары
өтiмдiлiк дәрежесi бойынша өтiмдiлiгi төменнен өтiмдiлiгi жоғары баптарға
қарай, ал пассив баптары өтелу мерзiмi кейiнгi төлемдерден жылдам өтелуi
тиiс мiндеттемелерге қарай орналасады):
1. Қысқа мерзiмдi активтер
2. Ұзақ мерзімді активтер
3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
4. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер
5. Меншікті капитал

Сонымен, бухгалтерлiк баланс қаржылық есептiң 3 элементін: активтер,
меншiктi капитал мен мiндеттемелердi қамтиды. Қалған 2 элемент табыстар мен
шығындар - қаржылық есептiң №2 формасында бейнеленедi.

Дегенмен, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына бухгалтерлік
баланс көмегімен баға беру кезінде бухгалтерлік баланстың өзінде белгілі
бір дәрежеде шарттылықтар, қарама-қайшылықтар бар екендігін ескеру қажет.
1. Баланстың шарттылығы:
Баланс белгілі бір мерзімге жасалынады. Осының нәтижесінде
бухгалтерлік баланс екі мерзімдегі фотосурет секілді, біз одан
активтердің, меншікті және заемдық капиталдың қозғалысын емес, тек
өзгерісін ғана байқай аламыз, яғни динамика емес статика көрінеді. Егер
шоттар бойынша қалдықтар салыстырмалы түрде өзгермесе, ол баптар бойынша
ешқандай қозғалыс болмаған секілді болып көрінеді. Бірақ ол олай емес,
мұндай жағдай тек дебеттік және кредиттік айналымдар сомасы бірдей
болғанын көрсетеді, ал бұл айналыстар маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін.
Мысалы, талдау сәтінде ақша қаражаттарының қалдығының сомасы өте аз болсын
делік, сонда тәжірибесі аз талдаушы міндетті түрде кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі төмен деген қорытынды жасайды, себебі кәсіпорын өз
міндеттемелерін ақша қаражаттарымен өтей алмайды. Ал егер баланста ақша
қаражаттарының айналысы көрініс тапса (әдетте, бұл айналыстар сомасы үлкен
болады), қорытынды басқаша болар еді – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі осы
сәтте төмендеген, ал қалған күндері ақша қаражаттарының келіп түсуіне
байланысты төлем қабілеттілік жоғарылауы мүмкіндігін анықтауға болушы еді.
Сол себепті қаржылық талдау барысында мүмкіндігінше жуық уақыт ішіндегі
бірнеше деңгейлерге сүйену қажет.
2. Бухгалтерлік баланстың шектеулілігі:
Бухгалтерлік баланс субъектінің қаржылық-экономикалық жағдайын есепті
кезеңде жалпы бейнелеуге бейімделіп құрастырылған. Ал біз баланста
берілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қай
бөлігі меншікті көздерден, қай бөлігі заемдық қаражаттар есебінен
қаржыландырылғанын көре алмаймыз.
ХКЕС және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде
құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде А қосымшада көрсетілген
көрсеткіштерден тұрады.
Мысалы, баланс активінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің тізімі
келтірілген, ал ол мүліктің қайсы көзден қаржыландырылғанын көре алмаймыз.

Табыстар мен шығындар туралы есеп бухгалтерлiк есептiң №3
стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық
қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс,
негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi (қосымша Б).
Қаржылық есептiң №3 Ақша қаражаттарының қозғалысының есебi
формасында белгiлi кезең аралығындағы кәсiпорын қаражаттарының көздерi мен
осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетiледi. Ол пайдаланушыларды есептi
кезеңде кәсiпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша
қаражаттарының келiп түсуi мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етiп,
кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкiндiк бередi.
Операциялық қызмет – субъектiнiң табыс алудағы негiзгi қызметi .
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу мен сату,
несие беру мен алу.
Қаржылық қызмет – бұл субъектiнiң меншiктi және заемдық капиталының
көлемi мен құрамында өзгерiс тудыратын қызмет түрлерi.
Кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң стратегиялық мiндетi – меншiктi
капиталды көбейту мен кәсiпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз
ету болып табылады [9].

1.2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын талдау
әдістері

Талдаудың маңызды әдіснамалық белгісі болып себепті-тергеулі
байланыстарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипаттама
беруге қабілеттілігі табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар ықпалын
өлшеуді қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның
қорытындыларын негізделген етеді.
Талдауда себепті байланыстарды зерттеу мен өлшеуді индукция және
дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен
себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке
фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады.
Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге
жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция
әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады [10].
Шаруашылық қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір
процесті, әрбір экономикалық құбылысты бір-бірімен өзара байланысты
көптеген элементтердің жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру керек.
Осыдан келіп шығатыны талдаудың тағы бір сипаттамалық белгісі болып
табылатын талдау объектісін зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі.
Жүйелі көзқарас зерттелетін құбылыстар мен процестердің элементтерге
максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен синтезін қарастырады. Сол не
басқа құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп
отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік
қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына
байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ
олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді
аналитиктерден талап ететін шаруашылық қызметті талдаудағы күрделі мәселе
болып табылады.
Элементтерді жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-
қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу
негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің)
мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі
байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып
көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі
компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.
Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың өзара байланысын,
бағыныштылығы мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу
материалдарын жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте
жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде
қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған
факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу, негізгі және шешуші
факторларды ашып көрсету қажет [11].
Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды
әдіснамалық белгісі болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық
құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және
кешенді зерттеу үшін қажетті болып саналатын көрсеткіштер жүйесін өңдеу мен
қолдану табылады.
Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс тиімділігін
арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінен
көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын өңдеу жолымен кәсіпорын
қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу және жалпыландыру, жүйелі,
кешенді зерттеуді көрсетеді.
Шаруашылық қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің
нақты әдістемелерінің қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің
бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді талдау әдістемелері
болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес
келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай
орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді.
Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге
бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық
тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі
салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде
бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме
жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе
зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.
Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша
әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады [12]. Ол мысалы
келесідей жағдайларды қамтиды:
а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;
б) талдау объектілері;
в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;
г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша
кеңестер;
д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;
е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;
ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер
зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);
з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық
құралдар;
к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;
л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып
кетейік:
− аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
− оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер
анықталады:
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады,
аналитикалық жұмыс жоспары құралады.
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық
және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық
нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).
Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың
жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен,
басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және
т.с.с.
Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және
олардың нәтижеге әсері анықталады.
Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және
перспективалы резевтері анықталады.
Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі
факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге
асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.
Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық
қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай
болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде
талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді
қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде
мыналар үшін қолданылады:
- жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру,
жүйелендіру);
- зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
- факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
- өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған
резервтерін есептеу;
- Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;
- Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және
әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.
Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың
ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда
ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа
және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшін кеңінен қолданылады.
Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін
факторларды зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: цептік,
абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық,
компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету
теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция
негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы
экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады (сурет 1).

Сурет 1 - Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері

Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу
объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Ғылыми зерттеудің құралдардың жаңартылуы, талдау жұмысының
тиімділігінің және жарқындылығының негізі болып табылады. Неғұрлым адам
зерттейтін құбылыстың мәнін терең түсінсе, соғұрлым оған нақты зерттеу
әдістері қажет болады. Бұл барлық ғылымдар, салалар үшін қажет. Барлық
ғылымдар салаларында соңғы жылдар ішінде зерттеу әдістемелері нақтылана
түсті. Экономикалық ғылымның аса маңызды құндылығы болып, экономикалық
зерттеулерге математикалық әдістерді қолдану болып табылады. Ол талдауды
одан ары терең әрі дәлді етеді [10].
Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны
тани білді. Қазіргі заманда біз бұл амалды атоматты түрде кейде байқамай
күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына көңіл аударсақ Бәрін
салыстырғанда түсінесін деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық
құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау мен болжауды бағалағанда
қолданатын әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.

Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру – бұл танымның
ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар бұрын зерттелген белгілі
құбылыспен салыстырылады, бұл олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау
мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың
жалпы және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму
тенденциялары мен заңдылықтары анықталады.
Экономикалық талдауда салыстыру барлық есептерді шешуде негізгі немесе
көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке
жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды айта кетейік.
1. Жоспардың орындалу дәрежесін бағалау үшін жоспарлы және нақты
көрсеткіштерді салыстыру.
2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік көрсеткіштерді салыстыру
шығындарды бақылауға және ресурсты сақтаушы технологиясын енгізуге
мүмкіндік береді.
3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар көрсеткіштерімен салыстырып
экономика процесстерінің даму тенденциясын анықтау.
4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін ғылыми жетістіктермен және басқа
кәсіпорындар немесе бөлімшелер жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен
салыстыру қорларды іздеуге қажет.
5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді жеткен нәтижелерді бағалау және
қолданылмаған қорды анықтау үшін аудан, аймақ, облыс бойынша орташа
көрсеткішітерімен салыстыру.
6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау үшін
параллельді және динамикалық қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде
жалпы өнімнің өндірістік колемінің өзгеріс динамикасын, негізгі өндірістік
қор және қайтарым қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің өзара байланысын
дәлелдеуге болады.
7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстыру мақсатымен ең
қолайласын таңдау.
8. қызмет нәтижесін кез келген фактордың өзгерісіне дейін және кейін
салыстыру, факторлар әсерін есептеген кезінде және қорларды есептегенде
қолданылады.
Салыстырудың әр түрін толығырақ қарастырайық.
Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің
бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын қызметінің экономикалық
және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен
салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау
дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді.
Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді
жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар
мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады.
Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді
айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы
нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір
шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв
түрінде қарастыруға болады.
Шаруашылық қызметті талдауда болашақ жоспардың мәліметтерімен осы
немесе басқа көрсеткіштер бойынша жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы аз
емес. Бұндай салыстыру болашақ жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың
орындалу жолын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыстардың
тәжірибесінде бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы:
шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім
өндірісіне қорларды артық шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс
процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын төмендету мен өнім
шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет [13].
Шаруашылық қызметті талдауда алынған нақты нәтижелерді өткен жылғымен
салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы
ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің
даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің
өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.
Келесі түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы
тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек
үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және
одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен
алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатарлы учаскелер,
жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің
жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.
Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау – талдамалы кәсіпорынның
көрсеткіштерін шаруашылықтың бірдей жағдайындағы ең жақсы нәтижелерге ие
басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстыруда жоғары мәнге ие. Мұндай
талдау алдыңғы тәжірибені үйрену мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге
және кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруының қорларын анықтауда маңызды
тәсіл болып табылады.
Талдауда өте жиі зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштері
ортасаладағы мәліметтермен немесе министрлік, топтасу, концерн бойынша
мәліметтермен салыстырылады. Мұндай салыстыру талдалмалы кәсіпорынның
қызметін толық әрі объективті бағалау үшін және оның шаруашылық қызметінің
нәтижелерін анықтайтын жалпы және ерекше факторларды үйрену үшін қажет.
Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдау – да өндіріс мүмкіндіктерін
тиімдірек таңдаумен оны толығырақ пайдалануға мүмкіндік беретін
экономикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру
қолданылады. Әсіресе ол алдыңғы талдауда басқару шешімдері мен жоспарларды
негіздеу кезінде кеңінен қолданылады.
Параллельді және динамикалық қатарларды талдау әртүрлі көрсеткіштер
арасындағы байланыс бағыттары мен формаларын анықтау мен негіздеу үшін
қолданады. Осы мақсатта көрсеткіштердің бірін сипаттайтын сандарды
ұлғаймалы немесе кемімелі ретте орналастыруы керек және осыған байланысты
басқа зерттелетін көрсеткіштердің өзгеруін қарастырады: ұлғая ма, кеми ме
және қандай деңгейде.
Экономикалық талдауды салыстырмалы талдаудың келесі түрлері
ажыратылады: көлденең, тігінен, трендтік, сонымен қатар бір шамалы және көп
шамалы. Көлденең салыстырмалы талдау зерттелетін көрсеткіштердің нақты
деңгейдегі абсолютті және қатысты ауытқуларды базалықтан (жоспарлы, өтке
кезеңдегі, орташа шамалы, ғылыми жетістіктер және алдыңғы тәжірибелі)
анықтау. Тігінен салыстырмалы талдау көмегімен экономикалық процесстер мен
құбылыстардың құрылымы жеке бөліктердің үлес салмағын, бір бүтіннің
бөліктері арасындағы өзара қатынасын (Мысалы: меншікті және қарыздық
капитал, негізгі және айналым капиталы) есептеу жолымен анықталады. Сонымен
қатар сәйкес фактордың өзгерісіне дейінгі және кейінгі олардың шамаларын
салыстыру жолымен нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне факторлар әсерін
зерттейді.
Трендтік талдау динамикалық қатарларды зерттеу барысында, яғни
базистік жыл деңгейіне қатысты бірқатар жылдарға қатысты өсім және өсу
қарқынын зерттеуде қолданылады. Бірөлшемді салыстырмалы талдауда бір
объектіні бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша немесе бірнеше
объектілерді бір көрсеткіш бойынша салыстыру орындалады. Көпөлшемді
салыстырмалы талдау көмегімен көрсеткіштердің үлкен спектрі бойынша бірнеше
кәсіпорындардың (бөлімшелердің) қызметінің нәтижелерін салыстыру
жүргізіледі.
Өндірістік бөлімшелердің, кәсіпорындардың және т.б. шаруашылық
нәтижелерін комплекстік бағалау үшін қолданылатын талдауға керекті
көпөлшемді салыстырулар өзгеше назарды қажет етеді. Бұндай міндет бірнеше
кәсіпорындардың шаруашылығына жинақтаушы салыстырмалы баға беру кезінде
әрдайым тұрады. Бұны жасайтын жоғарғы басқару органдары, сонымен қатар
қаржылық тәуекелділік дәрежесін бағалау үшін инвесторлар.
Шаруашылық қызметінің комплекстік бағасы, өндіріс нәтижелері туралы
жалпылама мәліметтері бар және экономикалық процесстерін анықтайтын жиынтық
көрсеткіштерді зерттеу нәтижесінде алынған, кәсіпорын қызметіннің
мінездемесі болып табылады. Бәріне мәлім, комплекстік бағалау үшін неғұрлым
көбірек көрсеткіштер пайдаланылса, соғұрлым талдау қорытындысы дұрыстырақ
болады. Бірақ бұл мақсатқа байқам ұмтылу қажет, себебі көрсеткіштер санының
өсуі комплекстік бағалаудағы есептеу жұмысын қиындатады және нәтижелігін
түсіреді.
Қазіргі кезде комплекстік бағалау міндеті территориялық жоспарда екі
бағытта шешіледі. Бірінші – бұл жалпылама (синтетикалық) немесе интегралды
көрсеткішті өңдеу. Ол шаруашылық қызметтің салмақтырақ жақтарын іске
асыратын еді. Бұл мақсатқа жету, нәтижесінде бірыңғай көрсеткішті алуды
күтілетінімен қызықтырады. Бұл шаруашылық нәтижелерін бағалау міндетін
автоматты түрде шешеді: бірінші орында ең артық нмесе ең кем көлемді
көрсеткіштері бар кәсіпорын, екінші орында екінші нәтижесі бар кәсіпорын,
т.с.с. Бұндай интегралды көрсеткіш әлі табылмаған, ал көп сандық
зерттеулер оны өңдеудің қиындығын көрсетеді.
Шаруашылық қызметтің қиындығы проблеманы басқа әдіспен де шешуге
мүмкіндік бермейді – жалпылама нәтижелі көрсеткіштер ішінен қандай да бір
көрсеткішті интегралды ретінде таңдап алу. Мысалы, кәсіпорын өнімді өндіру
көлемінің кемуінде конъюктуралық факторлардың көмегімен алынған табыс
сомасы бойынша жоғары нәтиже ала алады. Басқа жағдайды қарастырайық:
кәсіпорын өнімді өндіру жоспарынан артық өндірді, бірақ өнімнің өзіндік
құны ұлғайды да, пайда сомасы кеміді.
Бұл себептен кәсіпорын қызметі нәтижесінің жалпылама бағасы
көрсеткіштердің толық комплексі бойынша жүргізіледі. Осымен байланысты
әдетте міндет күрделене түседі, себебі кәсіпорындар арақатынасы әртүрлі
көрсеткіштер бойынша әртүрлі болады. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша
кәсіпорын бірінші орында, өзіндік құны бойынша – үшінші, ал рентабельділік
деңгейі бойынша – бесінші орында және т.с.с. болды.
Комплекстік бағалаудың басқа бағыты – шаруашылық қызметінің
нәтижелерін бір мағыналы бағалауын комплексті көрсеткіштер негізінде
қамтамасыз ететін есеп процедураларының алгоритмдерін өңдеу.
Бұл міндетті шешу үшін геометриялық орта және т.б. әдістерге
негізделген алгоритмдер кең қолдануда. Бірақ бұл әдістерде маңызды
кешіліктері бар, себебі оларда кейбір көрсеткіштердің салмақтылығына көңіл
қойылмаған. Ең перспективті әдісі, әр кәсіпорын көрсеткіштерінің абсолютті
шамасын ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын-эталон көрсеткіштеріне дейін
олардың жақындық (алшақтық) дәрежесін де есепке алуға мүмкіндік беретін,
аралық әдісіне негізделген, көп өлшемді салыстырмалы талдау әдісін қолдану
әдісі болып табылады. Осымен байланысты салыстырылып отырған кәсіпорындар
координаталарын бірлік ретінде алынған, кәсіпорын-эталонның сәкес
координаталарының үлесінде көрсету қажет.
Талдау жасаған кезінде бі маңызды шартты орындау қажет –
көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажеттілігін, себебі
салыстыруға тек сапалы біртекті шамаларды болады. Сонымен қатар келесі
талаптар орындалу керек:
− көлемді, құнды, сапалы, құрылымдық факторлардың біртұтастығы;
− салыстырылып отырған көрсеткіштердің есептелу мерзім кезеңдерінің
немесе аралықтарының біртұтастығы;
− өндірістің берліген талаптарының салыстырмалылығы;
− көрсеткіштер мен олардың құрамын есептеу әдістемесінің
біртұтастығы.
Талаптардың көбісі бәріне мәлім. Оларды орындау қиыншылықтарды
туғызбайды. Бірақ салыстыруға болиайтындар көзге бірден түсе қоймайды, ал
оған жету нақты күш салуды қажет етеді.
Салыстыру үшін алынған көрсеткіштер әртүрлі уақыт аралығын алатын
болса, онда бұл сәйкессіздікті түзету жолымен оңай жеңуге болады. Егер олар
әртүрлі уақыт кезеңдеріне алынса, онда салыстыруды тек бір көрсеткішті
ауыстыру жолымен ғана ала аламыз.
Көрсеткіштерді салыстыру келесі қатардағы жағдайларды,яғни абсолютті
шаманың орнына орташа және қатысты шамаларды алғанда мүмкін болады. Әртүрлі
шаруашылықтағы абсолютті көрсеткіштерді, мысалы өнім өндірісінің көлемі,
негізгі құралдардың құны, кіріс сомасын олардың жер аумағының есебінсіз
салыстыруға болмайды. Бірақ егер абсолютті көрсеткіштер орнына қатысты
көрсеткіштерді алатын болсақ, мысалы, 100га ауылшаруашылық аумаққа өнім
өндірісі, онда оларды салыстыруға болады.
Кейбір жағдайларда көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету
үшін түзету коэффициенттері қолданылады. Әсіресе көрсеткіштердің
әдістемелік сәйкессіздігіне қатысты көңіл аудару керек. Ол салыстыру
нәтижелерін бұрмалап қана қоймай, тіпті оның мағынасын өзгертіп жіберуі
мүмкін. Мысалы, қор қайтарылымы негізгі қордың барлық сомасымен, негізгі
өндірістік қормен немесе олардың активті бөлігімен есептелінуі мүмкін.
Сондықтан жоспардағы және ағымдағы жылдың есептілігіндегі көрсеткіштерді
есептеу әдістерінің тепе-теңдігін тексермесек зерттелетін көрсеткіштердің
өзгерісінің негізіне оларды есептеу тәсіліне өзгешеліктер енгізілетіндіктен
өткен кезеңдер үшін динамиканың дұрыс емес бағасын беруі мүмкін. Дұрыс
қорытындыны қамтамасыз ету үшін көрсеткіштердің есептеу әдістерінің тепе-
теңдігіне қол жеткізк керек.
Сонымен қатар көрсеткіштерді салыстыру кезінде олардың табиғи-
климаттық шарттары бойынша салыстырмалылығын қаматамасыз ету керек. Әсіресе
ол ауылшаруашылығы үшін өзекті болып табылады. Кәсіпорындардың әртүрлі
табиғи-экономикалық аймақтарда орналасуы өнімнің шығарылуына, тұрақты және
ауыпалы шығындардың деңгейіне, өнімнің еңбек сыйымдылығына үлкен әсерін
тигізеді. Осы фактор бойынша көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз
ету үшін келісілген климаттық және территориялық ерекшеліктеріне кезекті
әсер етуін жоюмен көрсеткіштердің өсу үлесін ерекшелейді.
Сонымен бірге салыстырмалы көрсеткіштер есептелінген обьектілердің
санын мен шығыстардың құрамы бойынша біртекті емес болуын жібермеу керек.
Мысалы, зауыттардың көрсеткіштері мен цехтардың көрсеткіштерін,жалпы және
өткізілген өнімнің өзіндік құнын, кәсіпорынның таза және баланстық
кірістерін салыстыруға болмайды.
Осылай, көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтірудің негізгі әдісі
болып құндық, көлемдік, сапалы және құрылымды факторлардың ықпал етуін
оларды бір базиске келтіру жолымен бейтараптандыру және де орташа және
қатысты шамаларды, түзету коэффициенттерін және қайта есептеуді қолдану
табылады. Ереже бойынша шаруашылық қызметті талдауда зерттелетін
экономикалық құбылыстар орташа және қатысты шамаларда көрсетілетін сандық
айқындылыққа ие болады.
Абсолютті шамалар құбылыстардың сандық өлшемін өлшем бірлігінде,
салмағында, көлемінде, бойында, алаңында,құнында және басқа құбылыстардың
өлшеміне қатыссыз көрсетеді [10].
Қатысты көрсеткіштер басқа уақыт немесе басқа обьект бойынша алынған
зерттелетін құбылыстардың басқа құбылыстардың шамасымен немесе осы құбылыс
шамасымен арасалмағын көрсетеді. Қатысты көрсеткіштер салыстырмалы базаға
қабылданатын бір шаманы басқа шамаға бөлу нәтижесінде алынады. Олар
жоспардың, базистік жылдың, басқа кәсіпорынның мәліметтері болуы мүмкін.
Қатысты көрсеткіштер коэффициенттер (1базада) немесе пайыздар (100 базада)
формасында көрсетіледі.
Шаруашылық қызметті талдауда қатысты шамалардың әртүрлі көрінісі
қолданылады: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар,
үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік.
Қатысты шамалардың жоспарлы тапсырысы ағымдағы жылдың көрсеткіштерінің
жоспарлы деңгейінің өткен жылғы деңгейіне немесе алдыңғы 3-5 жылмен
арақатынасын көрсетеді.
Қатысты шамалардың жоспарды орындауы – бұл көрсіткіштің нақты және
жоспарлы деңгейінің арасындағы арақатынас, көбінесе пайыз түрінде
көрсетіледі.
Көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығында өзгеруін сипаттау үшін
қатысты шамалардың динамикасы қолданылады. Ол ағымдағы жылдың көрсеткішінің
шамасын оның алдыңғы кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) деңгейіне бөлу жолымен
анықталады. Олар өсім қарқындары деп аталады және көбінесе пайыздар немесе
коэффициенттер түрінде көрсетіледі. Қатысты шамалардың динамикасы базистік
және тізбектік болуы мүмкін. Бірінші жағдайда динамикалық қатардың әрбір
келесі деңгейі базистік жылмен салыстырылады, ал келесісінде - әрбір келесі
жыл алдыңғысына қатысты болады.
Құрылым көрсеткіші – ол пайыздар немесе коэффициенттер түрінде
көрсетілетін қатысты үлес бөлігі (үлестік салмақ). Қатысты шамалардың
үйлесімділігі – бір бүтіннің бөліктері арасындағы қатынасты көрсетеді,
мысалы, жұмысшы күші мен машиналары, негізгі өндірістік қорлардың актив
және пассив бөліктері. Қатысты шамалардың қарқындылығы – белгілі бір
кұбылыстың сәйкес салада дамуын, тарату деңгейін сипаттайтын, мысалы,
тұрғындардың науқастық деңгейі, біліктілігі жоғары жұмысшылардың пайызы
аталады. Қатысты шамалардың тиімділігі – ресурстардың немесе шығындардың
тиімділік қатынасы.
Экономикалық жұмыс тәжірибесінде абсолютті және қатысты көрсеткіштер
қатарына орташа шамалар жиі қолданылады. Олар Шаруашылық қызметті талдауда
біртүрлі құбылыстардың белгілі бір белгісіне байланысты сандық жинақтау
сипаттамасы үшін қолданылады. Мысалы, жұмысшылардың орташа жалақысы
жұмысшылардың жиынтығын байқайтын еңбекақының деңгейін жалпылама сипаттау
үщін қолданылады. Орташа шамада зерттелетін құбылыстардың сәйкес белгісі
бойынша жалпы, сипаттамалы, типтік түрлері көрсетіледі. Ол осы белгінің
зерттелетін жиынтығының жалпы өлшемін көрсетеді, яғни бір санмен барлық
обьектілердің жиынтығын сипаттайды. Орташа шаманың көмегімен әртүрлі
обьектілер жиынтығын салыстыруға болады, мысалы, дақылдардың шығымдылық
деңгейі бойынша аудандар, еңбекақы деңгейі бойынша кәсіпорындар және т.б.
Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамалардың әртүрлі үлгісі
қолданылады: орташа арифметикалық (қарапайым және өлшенген), орташа
үйлесімді, орташа геометриялық, орташа хронологиялық, орташа шаршылық және
т.б.
Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамаларды қолданған кезде олар
құбылыстардың жалпы сипаттамасын беретінін ескеру керек. Осы жерде олардың
күші және жетіспеушілігі. Нашар емес болып көрінетін жалпы орташа
көрсеткіштердің артында, нашар жұмыс жасайтын бригадалардың, цехтардың және
басқа щаруашылық бөлімшелердің нәтижелері жасырын тұрады. Орташа
мәліметтерден озат өндірістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қаржылық есептіліктің элементтері
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін, төлем қабілеттілігін және несие қайтару қабілеттілігін талдау
Пәндер