Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1. 1 ҚР Қылмыстық заңы бойынша жаза ұғымы . . . 6
1. 2 Жаза мақсаты . . . 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢЫНЫҢ ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
2. 1 Жаза жүйесінің жалпы сипаттамасы . . . 25
2. 2 Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерінің түсінігі . . . 29
2. 3 Бас бостандығынан айырумен байланысты жаза түрлерінің түсінігі және жаза тағайындаудағы арнайы мәселелер . . . 41
3 ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ЖАЗА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАҚЫНДАСУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
3. 1 Шет мемлекеттердегі жаза тағайындау ерекшелігі . . . 51
3. 2 Қылмыстық құқық жүйелерінің жақындасу тенденциялары . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ . . . 63
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бір ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, эканомикалық, рухани шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады. Сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтанда біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп санамайды. Бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда атап өткен ұйымдастырушылық, тәрбие қоғам мүшелернің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз. Жалпы, қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі - жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа саладарындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматгар мүддесіне үлкен зиян келтіреді. Міне, жаза қолданудағы мақсат пен оның жүйесін айқындау диплом жұмысымды жазуға негіз болып отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жазаның мазмұнын ашу және шет елдердің заңнамаларындағы жазамен салыстырып мысалдар келтіріп теориялық анықтамасының мәнін ашу болып табылады.
Зерттеу нысанасы мен пән і. Дипломдық жұмысты жазу кезінде қазақстандық қылмыстық заңнамалардағы жаза түсінігінің анықтамалары алынды. Ториялық мысылдармен толықтырылды.
Жұмыстың териялық және әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазу барысында А. Н. Ағыбаев., З. А. Астемиров., Н. О. Дулатбеков., Н. С. Лейкин., И. И. Карпецтің және тағы басқа авторлардың еңбектері басшылыққа алынды.
Жалпы жаза мақсаты болып адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының түтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау болады. Міне осы аталған жаза оның мақсаты мен жүйесі туралы негізгі бөлімде қарастырмақпын.
1 ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1. 1 ҚР Қылмыстық заңы бойынша жаза ұғымы
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК кабылданғанға дейінгі қылмыстық - заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір- бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз -қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеггік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмүн бар. Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықгама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықгары мен бостандықгарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. (38-бап) [1. 13] .
Бұл аныктамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмысты жасаған адамға мемлекеттік ерікті орган - сот ғана үкім негізінде қолдана алады. Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбурлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады. Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорыңдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті. Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды. Жазаньң орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ыкпал ету шараларының жазадан айырмашылығы сол олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады. [2. 183] .
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды. Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықгық түсінік.
Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жазаға тән ерекшелік міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген құқыктарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл салғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке түру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, көсіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде кұралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі) . Бұрынғы ҚК-терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру».
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқыктық және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК-тің 13-бабы) . Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді (ҚК-тің 48-бабы) [1. 17] .
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол - қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді. Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі) .
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы) . Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қоддану қызметінде маңызы зор.
Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықгай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талаиты елемеу -заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру - жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі - арнайы аддын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады. Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады». Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) соттадғанды тузеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты) ;
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты) .
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс. Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру - жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған кылмыстың нәтижесінде екінші адамға катысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған. [3. 183] .
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен занды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді.
Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады. Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметгік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдыңда (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық кауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді.
Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі максатына қол жеткізу мүмкін емес. Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады.
Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік канағаттанғандық сезіммен кабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жокқа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты -сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді. Қылмыс жасаған адамға занды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиетгерді жою. Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа кылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік - пайдалы қасиеттер етіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдык тәртіпті сақтау, т. б.
Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе - түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды. Түзеу процесі аддын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады. Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлі тәсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қодданылуға тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған. Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес. Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты.
Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жазықсыз катаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатан жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты - арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да - сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады. Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады, Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады. Қылмыстық занда белгіленген жазалар жүйесіңде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет койылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау кұралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметгі пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынғын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін. Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін занда қатаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің «а» тармағы) . Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады [4. 102] . Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау. Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы - мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау.
Жазамен қоркыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тоскдуыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды кылмыс жасаудан сақтандырады. Жазанын жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты кылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайыңдауында, үшіншіден - тағайындалған жазаның орындалу процесінде болып табылады.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей кол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақ-тандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз.
Қазақстан Республикасы Конститутциясы барлық адам заң мен сот алдында тең, шешімді де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның, бұзылуын tinty де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс.
Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, жаза тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі керек.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері, жаза тағайындау қағидалары, жазаны жеке даралаудың аспектілері, сонымен қоса Қылмыстық кодекстің 4 таруында көзделген іргелі мәселелер- қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, қылмыстардың қайталануы жағдайында, қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау мәселелері үлкен тақырыптың желісіне айналды.
Сөзіміз жалаң шықпас үшін сот тәжірибесінен алынған дерек- дәйектерге ерекше көңіл бөлінді, орын берілді. Жаза тағайындаудағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, бірнеше облыстық соттардың және аудандық соттардың осы мәселе жөніндегі сот тәжірибесі зерттеліп отырды.
Қылмыстық құқық теориясында жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қағидалары мен ережелерін анықтауда әлі бірізділік жоқ. Қарастырылып отырған мәселелер барысында аталмыш терминологиялар төмендегідей тәртіппен түзіледі:
Жалпы негіздер - мән- мағынасы бойынша барлығынан шамалыдан дегенді білдіретін жалпылама ұғым. Ол өз құрамында қасыбір қарастырылып отырған құбылыстың барлық негізгі белгілерін қамтуды мүлде мақсат тұтпайды.
Оның міндеті- зерттеліп отырған мәселенің барынша айқын сипаттарын ашып көрсету.
Қылмыстық кодекстің құрлымы заң шығарушының қылмыстық-құқықтық реттеу пәніне деген қарым- қатынасын оңтайлы және жан- жақты түсінікті түрде келтіруге орай құрылуы себепті заңда жаза тағайындаудың нақтылы қағидалары мен ережелері емес, нақ осы жалпы негіздер айшықталған. Мұның алғашқы мәмілелері ғылыми зерттеулерге негізделген ғылыми объектілері болып табылады, олар өз кезегінде іс жүзінде қолдану үшін теориялық база құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz