Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері



Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады.
Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: «Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша және есеп айрысудың құралдарын шығарады».
Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: «Сонымен, банк-ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі»-
дейді (1)
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзіреттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер,
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері» Алматы, Юрист, 2003 жыл (негізгі заң актілері)

2. М.Н.Хамитов «Банк ісі» лекциялар курсы, Алматы, Экономика, 2003 жыл

3. С.Б.Мақш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы, Қазақ университеті, 2002 жыл

4. С.Б.Мақш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы, ИздатМаркет, 2004 жыл

5. М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер» Алматы, Алматы экономика және статистика институты, 2001 жыл

6. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы, Экономика, 2005 жыл

7. «Банк ісі» оқылым, М., «Қаржы және Статистика», 1998 жыл

8. В.Крылова «Экономикалық теория», Алматы, Аркаим, 2003ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы
мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН:

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын
қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың
орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі.
Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер
оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған
делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын
оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң,
ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады.
Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық
шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін
қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің
атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі
экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:
Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп
айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-
лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше
өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша
және есеп айрысудың құралдарын шығарады.
Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: Сонымен, банк-ақша, несие
институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге
асырылатын төлем айналымының реттеушісі-
дейді (1)
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда
қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек
орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан
туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық,
идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда
мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік
элементтерін өзіреттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер,
кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді.

(1) Банк ісі, М. Қаржы және Статистика, 1998 жыл, 15 және 17 беттер

Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер Интерин-вестбанк,
Крамдсбанк және т.б. болатын.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-ға банктер және банктік
қызмет туралы алғашқы Заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.

І кезең. 1988-1991 жж. мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті
бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер
қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген
қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

ІІ кезең. 1992-1993 жж.-рнубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық
банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісу,
коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық
нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни
айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-
несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен
қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің
қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктер де болды, осыған байланысты келесі реформаны қажет етті.
Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарлама-сына сәйкес
жүргізілді.Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған
шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31
тамызында қабылданған Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банктік
қызмет туралы Қазақстан Республика заңдарын басшылыққа алады.

Үлкейтілген ауқымда банктер-эмиссиялық және коммерциялық банктер
болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара
құқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық дәрежелі болып
табылады. Басқа банктердің барлығы, Қазақстан жағдайында, екінші деңгейлі
банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Ол кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап
банктер болып бөлінеді.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан № 2443, заңдық күші бар
Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банк қызметтері туралы,
жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акцио-нерлік
қоғам болып қалыптасты.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды
тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық
жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты-пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз
қаражатына, қайтарымдық, мерзімділік және төлемдік жағдайларда орналастыру
және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды
жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша
бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операциялардың экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және
оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің
құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері Қазақстан
Республикасы банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық
банктердің айналасын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетінлицензияның
дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар
банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық
қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар
нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицезиядан басқа
Қазақстан Респуьликасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге
асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін
жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік
қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен
өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы
металдармен операциялардыжүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру
мынадай үш кезеңнен тұрады:

1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашуға Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға
өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1. Рұқсат алу үшін беретін өтініш;

2. Құрылтайшылық шарт;

3. Банктің жарғысы;

4. Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

5. Құрылтайшылар туралы мәліметтер;

6. Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы;

7. Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

8. Егер бір немесе одан да көп құрылтайшылар Қазақстан Республикасының
резиденті болмаса, ондай жағдайда ол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік
немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

9. Егер банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк
ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы
туралы аудиторлық қорытынды;

10. Банктің жетекшілік қызметіне тағайцындалатын тұлғалар туралы
мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтердің банк
жүйесінде кемінде-үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл,
банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтердің кемінде-бір
жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;

11. Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы;

12. Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;

13. Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі;

14. Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде банк қызметінің
стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық үш жылға арналған пайда және
зиян туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру
жоспары;

15. Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
16. Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге
құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

17. Басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтінш үш ай әрі кеткенде алты ай
мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін
жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген
күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге
алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің
келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезең, банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен
лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен
бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

18. Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық
банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлімдерді және құрал-жабдықтарды
дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерді қабылдау;

19. Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицезияның мерзімі шектелмейді
және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы
Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар
кіреді:

20. Заңды және жеке тұлғалардың депозиттер қабылдау;

21. Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымдарға
корреспондентттік шот ашып, оларды жүргізу;

22. Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта
санау, айырбастау ауыстыру, сұрыптау, буу-түю және сақтау;

23. Ақша ауыстыру: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;

24. Есептеу операцияларды: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз
міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;

25. Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде банктер-корреспонденттердің
талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;

26. Клирингілік есеп айырысу операциялар: жинау, салыстыру, сұ-рыптау ,
төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге
қатысушылардың таза жайғасымен анықтау;

27. Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;

28. Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздар мен қозға-латын
мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;

29. Банкноттар мен монеттердің, басқа да құнды кассіге жинау және салып
жіберу;

30. Басқа елдердің валюталдарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру.
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
рұқсат қағазы (лицензия) негізінде жүргізеді. Жоғарыда аталған
операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды
жүргізе алады:
31. депозиттік сертификаттар шығару;

32. кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан,
ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;

33. мүліктерді жалджауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берген мүлкіне
меншіктік құқы, шарттар көрсетілген мерзім біткенше сақталады.

34. өзінің меншікті құнді қағазын шығару (акциядан басқа);

35. Факторингтік операциялар: тауарды сатып алушыдан, төлнбей қалу қаупін
өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;

36. Форфейтінгілік операциялар: тауарды сатып алушыдан қарыздық
міндеттемелерін (вексель) сатып алу.

Осы аталған операциялар Қазақстандағы банктер және банк қызметтері
туралы деген түсінік банкілік қызметтер деген ұғыммен араласып кеткен
және кейбіреулері банкілік операциясы деген дәстүрлі түсінікке сәйкес
келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру жайлы ақпарат
Пәндер