Жаздық біржылдық гүлдер: ақсәуле, алиссум және амарант түрлерінің сипаттамасы мен өсіру әдістері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жаздық гүлдер

Егу жылында олар толық даму цикліне жетеді - гүлдеп және тұқым шығарады, өледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы - жылдың бірнеше айы. Басқа да көптеген гүлді өсімдіктерге қарағанда бір жылдық гүлдену нысандары гүлдері әр түсті және ұзақтығы әр түрлі. Бірінші жылы кейбір гүлді өсімдік жер алқабы ретінде қолданылады. Оларға мыналар жатады: оның отанында көпжылдық болып петуния, вербена, және тағы басқалары.

Бір жылдық гүлдерді сәндік қасиеттеріүшін қолданады сәндік үшін (орнамет), жол жиектері, олар бұйра гүлді және жапырақты бөлінеді.

Ақсәуле , мексикалық агератум немесе көпжылдық агератум (Ageratum mexicfnum Sims. ) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық (Сompositae) шөптесін өсімдіктер туысы. Ол біздің жерде жазық аймақтарында әсемдік ретінде біржылдық болып өсіріледі, ал жабық жерде көпжылдық болып өседі. Сабағы тік, бұтақты, сыртын түк жапқан. Биіктігі 15-60 см. Жапырағы сағақты, пішіні үшбұрыш, төменгі жағы ойма тәрізді. Себеттері домалақ қалың қалқаншаға топталған. Күлтесі ақ, ашық көк, көк -түсті. Еккен соң күннен соң гүлдейді, суық түскенше гүлі солмайды. Жемісі жақсы, ұрығы 4 жылға дейін сақталады, ұрығын наурыз айында жәшікке немесе парникке егеді.

Ақсәуле жылы және ашық жерлерде жақсы өседі. Алакөлеңкеге де шыдамды, бірақ жарық жердегідей мол гүлдемейді. Жеңіл топырақта жақсы өседі. Құрғақшылыққа шыдамды, бірақ мол гүлдесін десеңіз, біркелкі, құрғатып жібермей суғару қажет. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін, ал әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған немесе толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда жұлып тұрған дұрыс.

Биіктігі, жинақы бұталы, мөлшері мен гүлінің түсінде айырмашылығы бар бағбандық белгілі ақсәуленің бірнеше сорттары белгілі. Көгілдір және күлгін түстілері ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады.

Ең қызықты сорттары бар:

Б л у М и н к (Blue Mink) Гүлінің пішіні шағын, бағаналы тәріздес, биіктігі 20-25 см аралығында. Гүлі ірі (1, 5 - 2 см) Көгілдір, күлгін түсті.

Б л у Б о л (Blue Ball) - Гүлінің пішіні шағын, шар тәріздес, биіктігі 15-20 см аралығында. Гүлі ірі (1, 4 - 1, 6 см) қою- күлгін-көгілдір түсті.

Л и т т л Д о р р и т (Littl Dorrit) - Гүлінің пішіні жартышар тәріздес, биіктігі 15-20 см аралығында. Гүлі (0, 8 - 1, 3 см) ашық көк және ақ түсті.

Алиссум, бурачок немесе тасқалағыш ( Alyssum maritimum Lam., syn: A. Maritimum Lam. Var. Benthamii Hort., Lobularia maritime L. ), Шақшагүлділер (Cruciferae) тұқымдасына жатады. Отаны -Оңтүстік Европа. Көпжылдық өсімдік бірақ біржылдық ретінде өсіріледі. Көптеген түрі жұқа, қалың қылшақпен жиналған шағын ақ немесе күлгін гүлді хошиісті биіктігі 10-15 см жинақы төмен немесе жоғары таралған бұта.

Ашық аспан астында, күн шуағымен жақсы өседі. Топырақ таңдамайды, бастысы нәрлі және ылғалдылығы біркелкі болғаны маңызды. Тасты аумақтарда өсуі жаман емес. Күзгі және көктемгі катқақ суықтарға шыдамды болып келеді.

Тұқымының шашылуымен, көшеттері арқылы, көктем мезгілінде ашық жерлерде көбеюі жүзеге асады. Тұқымды жерге тереңірек салып егетін болсақ, жақсы натиже береді. Ал, егер көшеттерін отырғызатын болсақ, 4-6 күні натижесін көре аламыз, көшет отырғызылғаннан кейін 40-50 күн өткен соң гүлдей бастайды және кара суық түскенше гүлдеп тұрады. Қысқартқанды өте жеңіл қабылдап, қайта гүлдей береді.

Жемісін шілде айында береді, ал жемісін жинау кара суық түскенге дейін жүзеге асады. Жинау тәсіліне келсек, ар жемісті бұтақ түбіне тостаған немесе қағаз қойып тұрып, бұтаны сілкіп алады.

Алиссум шетке егілетін жабдық өсімдіктер қатарынан, сондықтан шекараларға, альпілік шекараларға және гүлзарларға қолданылады. Бал кушті иісімен, үлкен және ұзақ уақыт гүлденуімен жоғары бағаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық бидайдың биологиясы, өсіру технологиясы және өнімді сақтау мен өңдеу
Жаздық бидайды өсіру технологиясы және фитосанитарлық оңтайландыру бойынша өндірістік тәжірибе есебі
Қаратөбе ауданының климаттық жағдайы және жаздық бидай дақылының өсіру технологиясы мен ауруларға қарсы күрес жүйесі
Алматы облысында жаздық бидай өсіру технологиясы және оның зиянды нематодтары, кенелері мен кеміргіштері
Ақмола облысы (Шортанды ауданы): табиғи-климаттық жағдайлар, жаздық бидайды өсіру технологиясы және аурулары
Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидай: өсіру технологиясы, климаттық-топырақ жағдайлары және фитосанитарлық қорғау
Жаздық бидайды өсіру технологиясы және маңызды зиянкестер мен оларға қарсы күресу шаралары
БҚО Орал қаласының климаттық жағдайында жаздық бидайды өсіру технологиясы мен зиянкестерге қарсы күресу шаралары
Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайды өсіру технологиясы және негізгі ауруларына қарсы күресу шаралары
Қазақстандағы малазықтық біржылдық дақылдар: түрлері, егу мерзімдері және агротехникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz