Аударма жайында


Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер
Аударма - өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен қатар ұлтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік, рухани, ғылыми қарым-қатынастың тәрбие -тағылым алмасудың үлгісі. Бүгінгі күні халықтардың өзара достық қарым-қатынасында, олардың бір біріне етене жақындасуың да аударма шығармалардың орны ерекше.
Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.
Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі. Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашылар - тілмаштар болған.
2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады. Түп нұсқаның түрі мен мәтініне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы ресми документтерді аударғанда түп нұсқаны қаз қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі пәндердің терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді. Осыны ескемегендіктің салдары депутаттардың заң шығару барысында көп кесірін тигізіп жүр. Заңның дұрыс аударылмауы көптеген қиындықтар туғызады.
Ал көркем шығармаларды аударғанда бірінші кезекте түп нұсқаның көркемдік - эстетикалық әсерін беру міндетті тұрады.
3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.
Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ:мағлұматтар алмасудың және көпке таратудың, интернет жүйесіне қосылып ақпараттар алудың бірден-бір жолы - аударма жасау.
Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр.
Бір кезде орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский: «Орыс тіліне аударылған шығарма орыс әдебиетінің туындысы . . . » деген болатын. Аударма қызметінің ең басты мақсаты Белинский айтпақшы, халықтардың бір бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттердің гүлденіп өсуі, ақыл-ой өрісінің үлгілері бір халық әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделеді. Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды - қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дүниелік, ол қазақ әдебиетінің төл туындысымен туыстас.
Аударма - әдебиет және бір жанр емес, ол - ана тіліміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.
Аударма өнері -ұлылардың ұстамы.
Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары («Мың бір түн», « Камиламен Дамила» т. б. ) аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.
Шығыс данышпандарының классикалық шығармалары н аударма не назира түрінде(желісін пайдаланып жаңа нұсқа жасау) қазақтың өз мұрасына айналған
Ал орыс әдебиетінің қазақша аударыла бастағанына екі ғасырдай уақыт болды. Он тоғызыншы ғасырдың соңына таман Л. Н. Толстойдың, И. А. Крыловтың, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын қазақшаға аударудың алғашқы үлгісін Абай Құнанбаевпен Ыбырай Алтынсарин жасады.
Аударма тіл ұстартуға, көркем ойды ұштауға, себепші болып келеді. Эпостан эпопеяға дейін көтерілген қазақ әдебиетінің басты-басты шығармалары орыс тіліне аударылуы, орыс тілі арқылы әдебиетіміз дүние жүзіне өріске шықты.
Орыс тіліне аудару - әлі де өте маңызды, әрі өте қиын міндеттердің бірі.
Аударудың бұл саласында көңіл жұбатарлық табыстар аз емес әрине. Атап айтсақ М. Әуезовтің «Абай жолы» трилогиясы - үлкен талаптың иесі атақты жазушы Леонид Соболевтің халқымыздың тарихын, дәстүрін, әдебиетін жақсы білетін және қазақ ойын орыс тіліне өз деңгейінде жеткізуінің арқасында болды. Сондай - ақ Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тері», Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» шығармалары осының дәлелі.
Ойсыз зерсіз жасалған аударма кез келген тіпті жоғары деңгейде жазылған туындының беделін түсіріп жібереді. Оған дәлел: басқасын айтпай-ақ, ұлы Абайды, Шәкәрімді әлемге өз керемет деңгейінде(олар Гёте, Байрон, Пушкин т . б ұлы ақындардан еш бір кем түспейтін даралар ) жеткізе алмай отырғанымыз. Мақатаев, Сейфуллин, Жансүгіров, Байзақовтардың шығармалары неліктен әлем туындыларының қатарына енбей отыр, себебі: аудармалары сапасыз!
Қазіргі кезде мұндай жауапкершілігі мол іспен шұғылданатын азаматтардың алдында тұрған ең басты мақсат - ол көркем аудармаға өнер деп қарау. Мұндай қиын да күрделі іске тілді аз-маз білетін әлдекімнің қолынан келетін іс деп білуден пайда болған, немесе бір жақты лингвистикалық көркем аударма жасау бел алғандық әсерін тигізіп отыр
Осы арада белгілі орыс жазушысы Л. С. Соболевтің мынадай сөзін айта кеткен жөн: «Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, егер сол халықтың тарихын, дәстүрін, негізгі жұмысын, салтын жақсы білсе табиғатын сүйсе, осы халықты сезінсе, онда аударма ісінің нәтижесі де керемет болмақ»
Ал енді аудармашы таланты жоқ немесе кәсіби қабілеті нашар адам болса, онда оның «географиямен» тілді білуінен пайда жоқ.
Ал керісінше, аудармашы талантты, аудармашылығымен не ұлттық топырақты, не ұлттық тілді білмесе түп нұсқаның рухына кінәрат тимей қоймайды.
Мұндайда аудармашыға ауадай қажет үш қағиданы ескеру керек:
- Аудармашыға шығармашылық талант қажет.
- Екі тілді және халық тарихын, тұрмысын, мәдениетін білу қажет
- Аудармашы жазушының даралығын білу қажет.
Ұлы аудармашы болу үшін ұлы ақын, немесе ұлы жазушы болу шарт емес, немесе екі тілде еркін сөйлеп еркін аудару да емес. Аударып отырған шығарманың мазмұнын жүрегімен қабылдап, туған тілдей жазылған тілін сезіне білу керек. Сонда ғана аударма оқырманға аударма емес түпнұсқадай түсінікті әрі жақын болады.
Қазақ әдебиетінің іргесін қалаушы, көркем сөздің көрнекті шебері ақын Абай қазақтың көркем әдебиетін жаңа жолға салуда, оның өркендетіп өсіруде үлкен үлесін қосқан кісі.
Сондықтан да ол өзіне дейінгі ақындарға, өзіне дейінгі әдебиетке көз салады.
Ол кезде қазақ елінде өлеңнің қадірі айтарлықтай емес еді.
Ірі тұқымнан, байлардан, билерден шыққан жастар өлеңге әуестенбейтін, өлеңшілдік күн көру үшін әр сөздің басын қосып айтатын жарапазаны деген ұғымда болатын. Абай төңкеріліс жасады. Ол өлеңді өте қадірледі, өлеңнің таза өлең болуы үшін күресті. Абай мәдениетті ақын, ол шығыc әдебиетін зерттеп, шығыс ақындарының шығармашылығын оқумен бірге Еуропа мәдениетіне де, Еуропа әдебиетіне де сусындаған дана.
Орыстың бай әдебиетін, ірі ақын жазушыларын қазақ халқына таныстырды.
Ол орыстың белгілі жазушылары Толстой, Пушкин, Некрасов, Чернышевский, Лермонтов, Еуропа ақындары Байрон, Гете сынды жазушыларды оқыды.
Ол Пушкиннен, Лермонтовтан, Крыловтан бірнеше аудармалар жасап оларды қазақ әдебиетінің қорына қосты. Әсіресе Абайдың сүйіп аударған ақыны Пушкин болды, оның өлеңмен жазған «Евгений Онегин»романынан, лирикалы өлеңдерінен аударма жасады.
Оларды түсінікті етіп қазақ халқына жеткізіп берді.
Қазақ халқы ең бірінші Пушкинді Абай арқылы таныды.
Аудармашының коммуникативтік қызметі
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz