Психология ғылымының даму тарихы


Жоспар
І Кіріспе
Психология ғылымының даму тарихы
ІІ Негізгі бөлім
- Ежелгі психология
- Орта ғасырлардағы жан туралы ғылым.
- Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.
- Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.
ІІІ Қорытынды.
Психология ғылымының адам өміріндегі маңызы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Психология ғылымының даму тарихы
Ерте замандардан бастап адам бадасынық назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүнйенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негіз-делген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі - қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі - қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. ХШ ғасырда денені баскарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосулып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден - өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы ніегіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамныгі бойында өттің не қан құрамынңң басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) Ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3) Шырынның басымдылығы - қимыл-козғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп саңайды.
Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынаң, табиғи - ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.
Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындары психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірілше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын менгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан Іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдагі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық - діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551-479 жж. ) есімімен байланыстыру Оның іргесін өзі қалаған мектебі коифудияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары - туа берілетін қасиет Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын - сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене тусуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.
Ежелгі психология
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардын күнделікті сан алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез-құлық сипаттарының өзара айырмашылықтарынан тұратындығы белгілі болған. Осындай ұғым-түсініктерде адамның жаны тәнімен бірге болады деп саналған. Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салтсананың дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша «анима» - жан деген сөзден шыққан) деп аталады.
Ежелгі грек жұртының руламалары - Гераклит (б. з. д. VI ғ. ), Демокрит б. з. д. V р. ) жан табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат зақына ынғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім-психиканы адам танінің қызметі деген бірыңғай матеряалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427- 347 жж. ) жан-мәңгілік нәрсе, ол елмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көз-қарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энци клопедист ғалым Аристотель (б. з. д. 384-322 жж. ) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалисгік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзкарасын объективтік шындыққа материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ой-шылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орның тапты. Ежелгі Римнін көрнекті ойшылдары Лукреций (б. з. д. I ғ. ), Гален (б. з. д. II ғ. ) психологияның жан дүннесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470- 399 жж. ) «өзінді өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай-ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының дүниесі жайындары ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы таңданарлық жайт емес.
0рта ғасырлардағы жан туралы ілім
Ежелгі дүииенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі қаусап, тарих сахнасынан кеткен соқ оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сйпаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психихасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына кешті. Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді дегі уағыздалды. Психика туралы ертеден қалыптасқан тәжірибелік зерттеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындары аристотельдік ілім өмірден-шеттетілді.
Алайда, VIII-XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кен қанат жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің әркендеуіне әсер етті. VII ғасырда Халифат мемлекетінің құрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінң таралуы, Халифат астанасы рағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттік орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медидина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау. Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекеңдеген халықтардың төл мәденнетінің, философия мен өзге де ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жана сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), ӘбуАлиибн Сина (Ариценна) (980-1037 жж. ), Ибн Рошд (Аввероэе) (1126- 1198жж. ) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді Араб ғалымы Ибн әл-Хамсам Әлгазен) №65- 1039 жж. ) Иранның медик ғалымы Закария Рази (865- 926 жж. ) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.
Әбу Насыр әл-Фараби сан алуан еңбектер жазып, «Әлемдік екінші- ұстазы» атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қырсырын айып көрсететін "бірнеше шығармалары бар. Солардың ішінде «Ізгі қала турғындары», «Азаматтық саясат, «Мемлекеттік, қайраткерлердің өнегелі сөздері» тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен пеихологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның «Жан туралы» деп аталатын шығармасын жете зерттеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы - шындық фактор.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері мынадай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша - «әл куат әл-газийа») ; түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш-қуаттың әл-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көреетеді. Адам қиялы онын түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс- көруді осы заманғы психология да дол осы мағынада қарастырады. Әл-Фарабидің психология жайындағы мұндай ол жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста - Ибн Сина, ал батыста - Ибн Рушд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды. Ибн Синаның «Медицина қағидасы» дегі аталатын?,, еңбегі, бес жүзжыл бойы жұмыр дүңиенің шартарына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден-бір құрал болды. Ал Ибн Рошдтың ақыл-ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластиканы діккелетіп, дүнне болмысы мен адам туралы жанаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғатын мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оның заңдылығын қандай болса, солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның жаны мен даралығын мәңгілік Деп санау шындыққа сай келмейді дейтін мистикалық ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.
Ибн Синаның көз қарастарындағы тағы бір манызды мәселе- оның жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне кайшы пікірі. Оның анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Алайда, ол бұл мәселенің психрфизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибелік зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық психология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасының табыстарына иек артып, неғұрлым тәжірибеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тажырымдарын ол өзінің «Медицина қағидаларында» кеңінен баяндайды. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдан қарастырылады, Ибн Сина зерттеулеріңде жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және эффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық бағыт еді. Ибн Синаның психологаялық ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді.
Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жаюына елеулі үлес қосты.
Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәкгі өлмей-тіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты, Осы бағытта Фома
Акзинский (1225-1274 жж. ) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзкарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175-1273 жж. ), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292 жж:) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Психологияның даму тарихында орта ғасырлық дәуір таластартысты оқиғаларға толы болды.
Психология ғылымының тарихында XVII ғасырдын алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Еуррпа халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626 жж. ) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда, дүнйенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді дәл тапты. XVII ғасырдағы психологиялық ой-пікірді дамытуда: а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке (же-қе адамға) тән сананы, оның ішкі дүнйесін бақылау арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамнын құмардығы мен аффектті күйлерін, оның өз мінез-құлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар - Декарт (1596- 1650 жж. ), Т. Гоббс (1588-1679 жж. ), Б. Спиноза (1632 - 1677 жж. ), Г. Лейбниц (1646-1716 жж. ), Дж. Локк (1632--1704 жж. ) сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар болды.
XVIII ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И. Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің (1708-1777 хеж. ) зерттеулері оның негізі болып саналды. Күйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етін, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудық дамуында ақыл-параеат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік эерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады: Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамшылық ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы танып білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.
Сонымен, XVIII ғасырдағы прсихофизикалық құбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге қойысып, түрлі психикалық процестердің сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары псиликаның пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті. Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.
Ассоциативтік психология. Ньютон айтқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есімдерін қосарлай айтты дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене продестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіие тұнғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші - ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 жж. ) . Ол психикалық процестердің бірі ассоцнацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің «Адамды бақылау» деген кітабы (1. 749 ж. ) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптегеи психнкалық процестерді жүйке жүйесінің, тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды. Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып: табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер - санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен айтқанда, Гартли теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыды деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы - психологияның даму тарихындағы елеулі кезеннің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің сағаға айналуын Т, Браун (1778-1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж. Ст. Мйлль (1806-1873) сияқты зерттеушілер қолдады. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша - бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар - елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассодиациялар осы екі топтары психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе аркылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz